Литмир - Электронная Библиотека

ТАЙЫР – Сөзсіз. Және де олар заңға сәйкес қатаң түрде жүргізілуі керек.

ДАНИЯЛ – Мүмкін, ол жерде процеске қатысушылардың жеке қа- рым-қатынасы айқын көрінетін шығар?

ТАЙЫР – Әрине, көзбе-көз кездесу жеке қарым-қатынастарды нақты- лау үшін өткізіледі деп ойлау қателік болар еді. Көзбе-көз кездесу, бы- лайша айтқанда, екі адамның айғақтары арасындағы айырмашылықтар, келіспеушіліктер болған жағдайда қажет. Бірақ бұл жерде жеке қатына- стар, ұнату-ұнатпау сияқтылар шынымен де жарыққа шығуы мүмкін деп дұрыс айтасыз. Сондықтан да, оның қатысушыларына көзбе-көз кездесу алдында…

ДАНИЯЛ – Яғни, араларында келіспеушіліктер туындаған адамдарға ма?

ТАЙЫР – Сондықтан да, көзбе-көз кездесу алдында олардан бір- бірін тани ма, жоқ па деген жауап алынады. Егер «иә» деген жауап болса, онда келесі сізді қызықтырған: олар қандай қарым-қатынаста деген сұрақ қойылады?

ДАНИЯЛ – Айғақтардағы сәйкессіздіктер туралы сөз болғандықтан, ең алдымен, қандай да бір дұшпандық қарым-қатынастың, жанжалдың, түсінбеушіліктің бар-жоғын білу керек шығар?

ТАЙЫР – Өкінішке орай, кейбір адамдар, егер олардың «досы» терге- уге түссе, онда бұл онымен есеп айырысудың қолайлы жолы деп санайды. Яғни, оған жала жабу немесе оны ақтайтын жағдайларды жасыру… Содан кейін, көзбе-көз кездесуге қатысушылардың бірінен түсініктемелерін қай- талауды сұрайды.

ДАНИЯЛ – Яғни, ол осыған дейін не айтқанын?

ТАЙЫР – Иә, дұрыс. Егер ол бәрін қайталаса, онда екінші адамға – оның айтқанын растайды ма, растамайды ма, әлде ішінара растайды ма – деген сұрақ қойылады? Оның жауабынан кейін қатысушыларға бір-біріне сұрақтар қою мүмкіндігі беріледі. Содан кейін, бұл құқық – қорғаушыларға да беріледі.

ДАНИЯЛ – Яғни, бір-біріне емес…

ТАЙЫР – Көзбе-көз кездесудің қатысушыларына. Содан кейін терге- ушінің өзі де қатысушыларға сұрақтар қояды. Осымен, көзбе-көз кезде- суі аяқталады. Хаттамаға куәлік бергендердің бәрі қол қояды. Хаттаманы тергеуші растайды. Айтпақшы, көзбе-көз кездесуде жауап алу барысында қорғаушы немесе жауап алынатын адам құжаттарды растайтын жазбаша дәлелдемелер ұсынуға және оларды хаттамаға қоса беруге құқылы, ал тер- геуші бұл құжаттарды іске тігуге міндетті.

ДАНИЯЛ – Ал тергеушіге Тараптар сұрақ қоя алады ма?

ТАЙЫР – Оған өтініш білдіре алады.

ДАНИЯЛ – Ол жауап беруге міндетті ме?

ТАЙЫР – Міндетті. Сондай-ақ, ол сұрақтың іске қатысы жоқ деуге құқылы. Бірақ сұрақты елемеуге құқығы жоқ.

ДАНИЯЛ – Сонда, қалай? Егер ол сұрақты қабылдамаса, бұл оның оны елемегенін білдірмейді ме?

ТАЙЫР – Жеке сөйлесуді ресми жауап алумен немесе көзбе-көз кезде- сумен шатастырмаңыз. Бұл жағдайда әр сөздің заңды мағынасы бар. Сұрақ қойылғандығы туралы құжаттық дәлел болу үшін, тергеуші бұл сұрақты хаттамаға енгізуге міндетті.

ДАНИЯЛ – Бұл не үшін және кімге керек?

ТАЙЫР – Бұл қажет, өйткені адвокат кейіннен тергеушінің іс – әрекеті- не шағымданып, қорғау құқығы бұзылғанын мәлімдеп, тергеушінің осы іске қатысы бар сұрақты «алып тастағанын» дәлелдей алады.

ТІРКЕУ НЕМЕСЕ ТЕРГЕУ?

ДАНИЯЛ – Жалпы, егер мен дұрыс түсінсем, сотқа дейінгі тергеуде қадамды қағазсыз жасауға болмайды. Онсыз іс бастау мүмкін емес пе?

ТАЙЫР – Бұл жерде екі жақты жауап беруге болады. Әрине, «құ- жаттық» тергеу бірінші оны тіркеуден басталады, СДТБТ деп аталады…

ДАНИЯЛ – Ал, бұл аббревиатура нені білдіреді?

ТАЙЫР – Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі. Бірақ, іс жүзінде ол алғашқы шұғыл әрекет деп аталатыннан басталады. Неге дейсіз бе? Есімде, тергеуші болып жұмыс істегенімде, кезекшілікке келетінмін. Мен, жедел уәкіл, сарапшы-криминалист және жүргізуші, бәріміз сол жерде отырып шақыруды күтеміз. Міне, олар бізге осындай бір жерде атыс жарақатының белгілері бар мәйіт табылғанын айтады. Ал, сіздің ойыңызша, тіркеу құжаттарын рәсімдеу үшін мен бірден ІІБ- ға баруым керек пе?

ДАНИЯЛ – Ия, бұл күлкілі. Сонымен қатар, хабарлама жалған бо- лып шығуы мүмкін.

ТАЙЫР – Егер жалған болмаса, уақытты босқа жоғалтпауға одан да көп себеп бар. Қылмыс іздерін бекіту үшін бірінші кезекте қылмыс орнына баруым керек, дұрыс па?

ДАНИЯЛ – Шерлок Холмс айтқандай: «Барлығын таптап тастамай тұрғанда»?

ТАЙЫР – Оқиға орнын тексеруім керек. Егер мәйіт шыныменде болса, онда оны бөлек тексеріп, денесінде жарақат бар-жоғына көз жет- кізіп, денені сот-медициналық сараптамасына жіберуім керек. Ондағы киімді алып, сипаттап, орап, оларды да сараптамаға жіберу қажет, ал егер ондайлар болып жатса, қылмыс куәгерлерінен немесе мәйітті тапқан адамдардан жауап алу керек. Мұның бәрі қылмыстың іздерін шоғыр- ландыруға бағытталған жедел тергеу әрекеттерінің кешені деп аталады.

ДАНИЯЛ – Иә, әрине, бұл қағаз толтырудан гөрі шұғыл іс.

ТАЙЫР – Бірақ, мен сізге дәлелдегенімдей, қағаздар да өте маңыз- ды, оны алда тағы да бірнеше рет дәлелдеймін. Қалай болғанда да, осы шұғыл шаралардан кейін барлық материалдарды кезекші бөлімге бересіз, содан кейін тіркеу жүргізіліп, сотқа дейінгі тергеу басталады. Айтпақшы, олар оны басқа тергеушіге тапсыра алады.

ДАНИЯЛ – Мұндай тәжірибе бұрыннан қалыптасқан ба?

ТАЙЫР – Бұрын «тергеуге дейінгі» тексеру болған. Ол бір айға со- зылатын. Яғни, фактінің өзін ғана бекіту жеткіліксіз болды. Жағдайлар әлі де нақтыланып, тексерілуі керек еді. Қылмыстық іс қозғауға негіздің бар-жоғы анықталатын, егер іс қозғалса, онда сотқа дейінгі тергеу баста- латын еді. Қазір ондай жоқ. Толық тергеу әрекеті басталады, ол туралы біз білмеуіміз де мүмкін.

ДАНИЯЛ – «Біз» дегеніңіз кімдер?

ТАЙЫР – Әрине, тергеу тобын емес, процестің басқа қатысушы- ларын – күдіктіні, оның әлеуетті өкілдерін – қорғаушыларды айтамын. Сондай-ақ, куәгерлер және т.б. Егер ешкім хабардар болмаса, бұл жа- сырын тергеу әрекеттері деп аталады. Қазіргі таңда Қазақстан Респу- бликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде осы жасырын тергеу әрекеттеріне арналған жаңа үлкен бір бөлім бар. Қылмыстық істер бой- ынша өте маңызды айғақтар дәл осының арқасында алынады. Тергеу- дің басталғаны туралы барлық басқа мүдделі тұлғалар тергеушіден кеш біледі, және мұны ол өз пайдасына пайдалана алады.

ДАНИЯЛ – Бұл жақсы ма?

ТАЙЫР – Алда әлі ол туралы айта жатамыз, алайда, өкінішке орай барлық кезде емес.

ИМИТАЦИя. ТЕК МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛҒАНДАР ҮшІН

ДАНИЯЛ – Ал, олардың мәні неде?

ТАЙЫР – Егер қарапайым түрде айтатын болсақ, онда жария тер- геу әрекеті аз-маз ашық түрде жүзеге асырылады – тінтулер, куәлардан, күдіктілерден, жәбірленушілерден жауап алу, көзбе-көз кездесулер және т.б… Ал, тергеу ешкімге хабарламайтын басқа да әрекеттер…

ДАНИЯЛ – Жасырын болып табылады ма?

ТАЙЫР – Сонымен қатар, тергеу оларды жүргізу фактісін өзгелерден мүмкіндігінше мұқият жасыруға тырысады.

ДАНИЯЛ – Мысалы, телефон сөйлесулерін тыңдау деген сияқты ма?

ТАЙЫР – Иә, келіссөздерді қолға түсіру деген сияқты. Қылмыстық әрекеттерді имитациялау жиі қолданылады.

ДАНИЯЛ – Ал, бұл не?

ТАЙЫР – Өзіңіз детективтердің әуесқойы ретінде, «жасырын бүр- кеме жұмыс» дегенді көп естіген боларсыз?

ДАНИЯЛ – Әрине, естідім. Бұл құқық қорғау органдарының қыз- меткері банда немесе мафия қатарына жасырын енуі.

ТАЙЫР – .Немесе басқа қылмыстық қоғамдастыққа. Мұндай операциялар тек кинода ғана бола бермейді. Қылмыскерлер Еуропа- дан есірткі тасымалдаған туралы іс жүргізгем. Заңды қорғаны халық тұтынатын тауарларды жеткізу болды. Бұл тауарлардың ішінде есірт- кі бар құпия орындар болды, олар сұлулық салондары, барлар, түнгі клубтар арқылы таралды. Міне, осы ұйымдасқан топқа жасырын агент енгізілді. Соның арқасында қылмыс ашылды. Онсыз, істің өрбуі екі та- лай еді. Іс ұзаққа созылуы мүмкін еді.

ДАНИЯЛ – Яғни, осы топқа енгізілген қызметкер қылмысты ими- тациялады ма?

ТАЙЫР – Иә, осы есірткі трафигіне қатыстылықты имитациялады.

ДАНИЯЛ – Дегенмен, бұл қауіпті шығар? Леонардо Ди Каприо мен Мэт Дэймонмен бірге ойнаған «Отступники» фильміндегідей. Не- месе, есіңізде ме, Шараповтың «Кездесу орнын өзгерту мүмкін емес» телехикаясындағыдай.

9
{"b":"783969","o":1}