Тайыр Назханов
Адвокатпен сұхбат
Қадірлі тәлімгер, досым және заңгер Кравцов Иван Ивановичтің құрметіне.
АВТОРДАН
Жақында қылмыстық іс жүргізу бойынша бірқатар дәрістер оқуға мүмкіндік туды. Аудиторияның құрамы әр түрлі болды – көбіне жастар, алайда әрқайсысының түрлі деңгейдегі заңдық білімі мен әр түрлі мамандықтары бар. Бірі қазірдің өзінде тәжірибелі адвокат бол- са, бірі сол мамандықты игеруге тырысып жүр, бірі журналист және сот процестері туралы мақалалар жазады, ал, бірі өзі үшін «ұлттық құқық қорғау жүйесінің ерекшеліктерін» түсінуге тырысып жүрген тұлға.
Іс жүзінде осындай «ерекшеліктерге», сонымен қатар күтпеген нәтижелерге тап болған адамдар да болды, кейбіреуі өзін сот әділет- сіздігінің құрбаны деп тапты… Яғни, тыңдаушылардың да уәжі әртүр- лі болды. Сондықтан, маған көбінесе алдын-ала дайындаған дәріс конспектілерін шетке қойып, тыңдаушылармен түсінікті тілде сөйле- суге тура келетін.
Көп ұзамай, артық академизмге ұмтылудың қажеті жоқ екеніне көз жеткіздім, қазіргі уақытта, ең аз ықылас танытудың өзінде «елді жаппай интернеттендірудің» арқасында ҚР ҚІЖК-нің белгілі бір мақа- лаларының заңнамалық ережелері мен нақты тұжырымдарын табу қиынға соқпайды. Менің тыңдаушыларымды оқулықтардан не оқуға болатыны емес, Қазақстан заңдарының «әрпі» мен «рухы» қалай жү- зеге асырылатыны қызықтырды. Олардың маған қойған сұрақтары осыған дәлел бола алады. Сондықтан да, өзімнің «шпаргалкамнан» жиі ауытқып, құқықтық формулалардың белгілі бір тілінен қарапай- ым тілге ауысып отырдым, және дәріс курсының жалпы құрылымын ұстануға тырысқаныммен, кейде өзіме бір тақырыптан екінші тақы- рыпқа «секіруге» ерік беретінмін. Дәрістерден ұласатын қызу әңгіме логикасы осыны талап ететін.
Шынымды айтсам, бұл мені қынжылтпайтын, керісінше қуантатын. Өйткені, танымал ғалымдармен, Құқықтану теоретиктерімен бәсекелес болу менің жоспарыма кірмеген еді. Өзімнің басты міндетімді мүлдем басқаша деп санаймын, ол өз жолын заңгер ретінде бастаған жастарға, өз елінің болашағына мүдделі және немқұрайлы емес Қазақстан азаматтарына қазақстандық қылмыстық іс жүргізу жүйесі, идеалды түрде емес, шын мәнінде қалай жұмыс істейтіні туралы практикалық білім беру.
Сонымен қатар, олармен бұл жүйе қай бағытта даму керектігі тура- лы өз көзқарасыммен бөліскім келді. Оған қоса, түрлі жағдайға байла- нысты әр адам өз еркімен, көбінесе еркінен тыс жүйенің «бұрандасына» айналып, мүлдем жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін.
Оларды «заңды» теңізде жүзетін «көзге көрінбейтін қиындықтар мен рифтер» туралы ескертуге тырыстым. Мұны істеу маған оңайға түсті, өй- ткені «заңды» өмірбаяныма орай сот қылмыстық процестерінің әртүрлі полюстерінде жұмыс істеп, оларды әртүрлі көзқарастардан көре алдым. Сондықтан, менің практикалық тәжірибем тыңдаушылардың дәрістерге деген қызығушылығын қамтамасыз етті деп ойлаймын.
Кейбір аса қызығушылық танытқандар, әңгімені дәріс залынан тыс жерде жалғастыруға тырысып, өздеріне түсініксіз заңнаманың кейбір түрлерін нақты мысалдармен айқындауды сұрағанын қуана атап өткім келеді. Кейде мұндай әңгімелер тұтас бір пікірталасқа айналатын. Мұн- дай пікірталастар өзіме де көп нәрсеге жаңа көзқараспен қарауға мүмкін- дік береді. Айтпақшы, мен жас ұрпақтың, әсіресе арнайы білім алмаған ұрпақтың, өте заңды аңғалдықпен ерекшеленетініне тағы бір рет көз жеткіздім. Сотқа дейінгі тергеу мен сот процесі қалай жүріп жатқандығы туралы, бұл ұрпақ, негізінен, Перри Мейсон туралы телехикаялардан немесе географиялық тұрғыдан бізге жақын, бірақ шындықтан алыс – мәселені өздерінің ерекше дедуктивті қабілеттерімен немесе сиқы- рлы сараптамалық технологиялармен, одан қалса, көбінесе шатырдан секіру мен табельдік қарудан ату көмегімен шешетін Санкт-Петербургтік «оперлардың», прокурорлардың және адвокаттардың тәтті жұмыс күн- дері туралы телехикаяларынан пайымдайды. Мен бұл иллюзияларды кем дегенде ішінара жоққа шығара алдым деп үміттенемін.
Осы дәрістерден тыс әңгімелесу кезінде, кәсіби міндеттеріне қыл- мыстық хроника кіретін жас, бірақ қазірдің өзінде өте танымал қа- зақстандық журналист ерекше қызығушылық танытты. Ол дәрістерді, сонымен бірге біздің сұхбаттарымызды диктофонға жазып отыратын, және дәл осы жазбалар, менің жеке конспектілеріммен қатар, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған кітаптың негізін қалады. Егер са- бақтарымызды диалог түрінде баяндап, оларға тікелей дәрістерден мате- риалдар қоссам, бұқаралық оқырман үшін бұл жақсы және қол жетімді болады деп ойладым.
Журналист, оны Даниял деп атайық, менің сұхбаттасушымның бей- несі ретінде кітапқа енуге сыпайы түрде өз келісімін берді. Дәрістерім мен жазушылық күш-жігерімнің кішігірім жемісі оқырмандарға қы- зықты, әрі пайдалы болады деп шын жүректен үміттенемін.
Сонымен қоса айта кетерім, бұл кітап көптеген адамдардың көме- гінсіз, кеңестері мен қолдауынсыз ешқашан жарық көрмес еді. Ең ал- дымен, менің заңгер болып қалыптасуымның барлық жылдарында жа- нымда болған жұбайым Ғалияға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мәтіннің әдеби өңдеуі және журналист бейнесінің идеясы үшін, Борис Стадничукқа ерекше ризашылығымды білдіремін, онсыз бұл кітап құрғақ және қызықсыз болып шығар еді. Сонымен қатар, ғылыми шолушы Рехсон Светлана Николаевнаға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Әрине, сонымен қатар, осы кітапты басып шығаруыма көмекте- скен Досым Сәтпаевқа үлкен рахмет.
Тайыр Назханов
ПІКІР
Адвокат Тайыр Назхановтың кітабынан алған әсерім туралы бір- неше сөз жазу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Бұл кітап, алғашқы бетінен бастап, барша құқықтық процес әлеміне терең үңіл- гендердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
«Адвокатпен сұхбат» кітабының мазмұны біздің қоғам үшін өте маңызды болып табылатын жас ұрпақтың құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесі мәселесін қозғайды. Тиімді құралдардың бірі – прак- тик-заңгерлермен тікелей диалог, бұл құқықтық білімді алуға ғана емес, сонымен қатар оларды қолдану дағдылары мен икемділікті қалыптасты- руға ықпал етеді. Дәл сол жас, өте ізденімпаз журналистпен сұхбат не- гізінде осы туындының негізгі кенептері құрылды. Сұрақтар мен жауап- тар арқылы автор қылмыстық процестің процессуалдық негіздерін, оның эволюциясы мен қазақстандық іс жүргізу құқығының қазіргі жағдайын ашып айтады. Сотқа дейінгі тергеудің құқық қолдану практикасының «тұзақтары», оның ішінде жасырын тергеу жүргізу жүйесі және осы тұзақтардан шындықты шығару ісіндегі адвокаттық жұмыстың қиын- дықтары қолжетімді түрде баяндалған.
Сот процесінде арнайы білімді пайдалану арқылы мамандар мен сарапшыларды дәлелдеу үдерісіне тарту, олардың қызметінің ерекшелік- тері мен процесске қатысудың қазіргі проблемалары оқырмандарды қы- зықтыратыны сөзсіз.
Кітаптың материалы кез келген оқырман үшін оңай, қолжетімді және түсінікті түрде қабылданады, өйткені негізгі құқықтық білімдер практикасынан қызықты мысалдармен бекітіліп, автормен бірге логи- калық ойлауға және материалды бағалауға мәжбүрлейді.
Қолданыстағы заңнаманы қолданудағы практикалық қиындықтарға қарамастан, бүкіл туындының лейтмотиві құқыққа деген құрмет пен қазақстандық сот төрелігінің адамгершілігі мен әділдігіне деген терең сенімге тәрбиелеу болып табылады.
Авторға деген шексіз құрмет пен оның туындысы үшін ризашылық білдіруші,
С.Н. Рехсон, заң ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласының «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті
БІРІНШІ ТОМ
«АДВОКАТТЫҢ ХИКАЯЛАРЫ»
«ОЛАРДА» ЖӘНЕ «БІЗДЕ». ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС:БҰРЫшТЫҢ ҚАТЫСЫ ЖОҚ!
Даниял бірден балалар ертегілерінде немесе басқа әдеби шығарма- лардан бізге белгілі «оңға барсаң – басыңды жоғалтасың», «басыңмен жауап бересің» және т.б. сияқты сөздерді есіне түсірді. Осылайша, біз «этимологиялық» тұжырым жасадық, қылмыс дегеніміз – орта ғасыр- ларда дәлме-дәл мағынада «баспен жауап беруге» тура келген әрекет, ал қылмыстық процесс дәл кімді «басынан айыруға» болатынын, не болмайтынын анықтап отырған. Бұл бейнелі емес, сөздің тура мағы- насында айтылған және көптеген елдерде осы жақын уақытқа дейін қолданылған жаза. Мысалы, Францияда осы мақсаттарда қолданы- латын арнайы құрылғы-гильотина бірнеше ондаған жыл бұрын ғана қолданылған.