Литмир - Электронная Библиотека

Біз адамгершілікке толы уақытта өмір сүріп жатқанымызға қуанып, бірлесе отырып, орыс тіліндегі «уголовный» термині ағылшын тілінде- гі criminal (crime – қылмыс), ал неміс тіліндегі – Strafe (жаза) терминіне сәйкес келетінін еске түсірдік.Тиісінше, қазақ тіліндегі «қылмыстық» термині «қылмыс» деген сөзден шыққан. Жалпы, біз қай тілді, қай елді алып қарасақ та, қылмыстық процесс өз алдына барлық жерде бірдей мақсат қояды және бірдей функцияға ие – ол қылмысқа қарсы күрес.

Осы жерде Даниял маған негізгі сұрағын қойды, оның жауабы – бұл бүкіл осы кітаптың мазмұны. «Негізінде, қылмыспен Геракл, Робин Гуд, тіпті біздің Алдар Көсе немесе орыс эпостарының кейіпкері Илья Муромец сияқты мифологиялық және әдеби кейіпкерлер күреседі ғой», – деді ол. Алдар Көсе арам және алдамшы байларды жазалайды, ал Илья Бұлбұл-қарақшыны ұстайды. Егер де, жаңа буын кейіпкер- лерін алып қараңыз, онда барлық «супермендер» мен «өрмекшілер», «Америка капитандары» және «мысық әйелдер» қылмыспен күресуде. Сонымен, олардың қызметін «қылмыстық процесс» немесе, кем деген- де, «қылмыстық қудалау» деп атауға бола ма?

«Ешқандай жағдайда!» – дедім мен. «Өткен және қазіргі за- манғы ертегілердің барлық кейіпкерлерінің істері, іс жүзінде, бұл тек тергеусіз сот пен озбырлықтан басқа ештеңе емес»! Алда, біздің диалогтарымызда, түсінікті болу үшін, өзімді жәй Тайыр, ал менің сұх- баттасушымды – Даниял деп атайтын боламын.

ДАНИЯЛ – «Бірақ олар әділеттілік үшін күресіп, қылмыскерлерді жазалайды ғой»!

ТАЙЫР – Өткен ғасырларда бұл эпостар мен ертегілердің тыңда- ушылары мен оқырмандарына ұнаса, ал бүгінде кино көрермендеріне ұнайды. Келісемін. Алайда, бәрін жете түсініп алайық. Міне, даңқты батыр Илья келе жатып, ағашта отырған Бұлбұл-қарақшыны көреді. Со- нымен, ол не істейді?

ДАНИЯЛ – Ол оны әділ жекпе-жекте жеңіп, қапқа салып, Киевке апарады, онда оның басын шабады. Қылмыстық жазадан несі кем?

БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ, БҰЛБҰЛ ҚҰС…

ТАЙЫР – Мына екі мысалды қарастырып көрейік – Илья Муромец және Алдар Көсе, алайда, ертегі емес, қазіргі заманғы құқықтық тұжы- рымдамалар тұрғысынан қарастырайық.

ДАНИЯЛ – Келісемін, бәрі мифологиялық шындықта емес, біздің заманымызда және біздің уақытымызда болып жатыр деп көрейік.

ТАЙЫР – Біріншіден, Ильяға Бұлбұлға шабуыл жасауға, оны қама- уға алуға, еркіне қарсы бір жерге сүйреп апаруға кім рұқсат берді? Ал, одан кейін оны жазалап, өлтіруге кім рұқсат берді?

ДАНИЯЛ – Алайда, ол нағыз қарақшы емес пе? Қаншама жанды құрбан етті.

ТАЙЫР – Оны кім дәлелдеді? Дәлелдер қайда, айғақтар ше? Ысқы- рды ма? Бірақ ысқыру, тіпті ең қатты және жағымсыз болса да, бұл қыл- мыс емес. Ары кетсе, қоғамдық тәртіпті бұзуға жатады.

ДАНИЯЛ – Бірақ, сол жерде, оның ағашының айналасында адамның сүйектері шашылып жатты, ал жол болса қаңырап, арамшөптер басып кеткен және де ол Ильяны қорқытты емес пе?

ТАЙЫР – Ол кімнің сөзінен белгілі болды? Ильяның сөзінен бе? Қисынсыз қарама-қайшылық туралы айтпай-ақ қояйын – жолды арамшөп басып кеткен, демек, оның бойымен ұзақ уақыт ешкім жүрмеген және ол жерде Бұлбұл тонайтындай ешкім болмаған. Және, оны тек сот қана кінәлі деп тани алады, ал, ол сот болмады. Сондықтан, Бұлбұлдың өзі қазіргі заманғы тұжырымдамаларға сәйкес, мәжбүрлі түрмеге қамау, жала жабу және тағы басқа оншақты қылмыс үшін сотқа Ильяның үсті- нен шағым түсіре алатын еді. Ал, осының барлығын Ильяның өзі ойлап тапқан жоқ па?

ДАНИЯЛ – Жақсы адвокатпен ол Ильяны түрмеге қаматып, тіпті одан өтемақы талап ете алар ма еді – гривнамен немесе карбованецпен? Сонда, Илья өзінің заңсыз әрекеттерін жасыру үшін Бұлбұлды өлтірді ме? Мұныңыз жақсы шықты. Ал, Алдар Көсе ше?

ТАЙЫР – Өкінішке орай, қылмыстық заң тұрғысынан Алдар Көсенікі де дұрыс емес. Ия, ол алаяқтарды жазалайды, алайда, заңды жолмен бе? Оның өзі де оларды тонау үшін алаяқтық схемаларын жүзеге асырды! Сондықтан да, ертегі логикасын қазіргі таңда іске асырудың қажеті жоқ!

ДАНИЯЛ – Сонда Сіз әділдік үшін күресудің қажеті жоқ деп ай- тқыңыз келе ме?!

ТАЙЫР – Әрине, күресу керек! Оның үстіне бұл күреске бәріміздің атсалысуымыз керек. Бірақ, әр адамның әділеттілік туралы өз пікірі бар және ол басқалардың түсінігінен өзгеше болуы мүмкін болғандықтан, мұндай күрес үшін нақты ережелер жасау қажет. Әйтпесе, заңды анархия билік ететін болады.

ДАНИЯЛ – Бір сөзбен айтқанда, шектен шыққандық, бассыздық?

ТАЙЫР – Иә, мәселенің мән-жайын жақсы білдіретін осындай термин бар… Менің ойымша, сіз айтқандай, «бассыздықты» болдырмау үшін, заңды терминологиялар пайда болды және оның көмегімен әділет- тілік үшін күрестің барлық қатаң ережелері айтылды.

ДАНИЯЛ – Менің болжауым бойымша, бұл заңдар қазірдің өзінде жазылып қойған.

ТАЙЫР – Әрбір елдің қылмыстық іс жүргізу заңында. Өйткені, қыл- мыстық іс жүргізу мемлекет пайда болғаннан бері бар.

ДАНИЯЛ – Бұрын ешқандай қылмыс болған жоқ деп ойлауға бола- тын шығар?

ТАЙЫР – Әрине, заңды мағынада айтатын болсақ, ондай ұғым болған жоқ. Адамдар кісі өлтіру, тонау және басқа да қорқынышты істер жасады, бірақ оларды тоқтататын заң болған жоқ. Міне сондықтан да әділдік үшін күресушілер..

Адвокатпен сұхбат - img_3.jpeg

ДАНИЯЛ – Алдар Көсе немесе Илья Муромец сияқты әрекет ету- леріне тура келді!

ТАЙЫР – Дұрыс айтасыз! Адамдар әрқашан қылмыс жасаған және, өкінішке орай, жасайды да, мұның бәрі адамның табиғатына тән және, өкінішке орай, мұны мойындауымыз керек. Бірақ, қазір мемлекет құрылғаннан кейін оның негізгі функцияларының бірі қылмыспен күре- су болып табылады. Сондықтан да, мемлекет заңдылық пен құқықтық тәртіпті, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтама- сыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының тұтас жүйесін құрды. Және қандай-да бір қылмыстық әрекетті тергеу жолдарын нақты регла- ментпен белгіледі.

ДАНИЯЛ – Ал, бұл ережелер нақты біржола белгіленді ме?

ТАЙЫР – Әрине, жоқ. Айтпақшы, мен Қазақ КСР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодексімен жұмыс істеп үлгердім, содан кейін 98-де жаңа Қыл- мыстық іс жүргізу кодексі, содан кейін 2014 жылы тағы біреуі қабылдан- ды. Яғни, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл үшінші Қылмыстық іс жүргізу кодексі, оған жыл сайын түзетулер енгізіліп отырады. Біздің айналамыздағы әлем әр минут, секунд сайын өзгеріп жатыр және барған сайын жылдамырақ өзгеретін болады. Сонымен бірге, қоғамда әділет- тілік үшін күресетін ережелер де өзгеруде.

ДАНИЯЛ – Жақсы жағына.

ТАЙЫР – Иә, көп жағдайда жақсы жағына. Бірақ мұнда көп нәрсе өзімізге – осы ережелерді қалай қабылдап, оларды қалай қолданатын- дығымызға байланысты. Өкінішке орай, теория мен практика сәйкес келе бермейді. Мұның өзіндік объективті себептері де бар, оны сұхбат барысында айтып, түсіндіруге тырысамын.

САЙЫСҚА ТҮСУ НЕМЕСЕ АҚТАЛУ?

ДАНИЯЛ – Объективті себептер деп не жайлы айтар едіңіз?

ТАЙЫР – Объективті себептер деп әдетте кез келген нақты адам- ның, яғни субъектінің немесе тіпті осындай «субъектілердің» тобының еркінен немесе кінәсінен емес, кездейсоқ, тарихи, климаттық, геосаяси, экономикалық жағдайларға байланысты туындаған себептерді айтуға болады. Мұнда, атап айтқанда, қылмыстық процестің екі түрлі түрі бар – айыптау және қарсыласу, олар объективті тарихи себептерге байланы- сты туындады.

ДАНИЯЛ – Қарсыласуға түсудің оған қандай қатысы бар екені ту- ралы аздап айта кетесіз бе?

ТАЙЫР – Түсінікті болу үшін Илья Муромецпен мысалды алайық. Ол Бұлбұлды Киевке, князь Владимирдің алдында әкелді емес пе. Бірақ, олар Бұлбұлға Ильяға қарсы талап қою мүмкіндігін берді ме?

ДАНИЯЛ – Жоқ.

ТАЙЫР – Ал, оған ақталуға мүмкіндік берді ме?

ДАНИЯЛ – Жоқ. Өзін қорғау үшін енді-енді ысқырып бастап еді, бірден басын шапты!

ТАЙЫР – Мұндай процесті қарсыласу деп айтуға бола ма?

ДАНИЯЛ – Мұнда қайдағы қарсыласу! Барлығы да Ильяның айып- тауымен құрылған… Сіз негіссіз деп атаған…

ТАЙЫР – Өте дұрыс, өкінішке орай, мұндай жағдай тек ертегіде ғана болмайды. Енді, ертегілерді былай қойып, тарих жайлы байыппен сөз қозғайық. Ежелде, іс жүзінде, қылмыстық іс жүргізудің айыптау түрі ғана болған. Яғни, қылмыстық іс айыптаудың нәтижесінде ғана қозғалған, қазіргі тілмен айтқанда, жәбірленушінің арызымен ғана. Ай- ыптау болмаса, қылмыс та жоқ.

2
{"b":"783969","o":1}