Литмир - Электронная Библиотека

ДАНИЯЛ – Менің сиырымды ұрлап кетті делік. Іс басталуы үшін мен біреуді кінәлауым керек, егер күдіктенсем, мысалы көршімді. Ал, кімді кінәлайтынымды білмесем, онда менің сиырым ұрланбаған болып шығады ма?

ТАЙЫР – Жоқ, олай емес. Дәл қазіргідей сиырыңыз ұрланды деп мәлімдей аласыз. Алайда, мұны нақты кім жасағанын дәлелдеп, айып- талушыны өзіңіз сотқа әкелуіңіз керек (ғылымда бұл жеке сот ісі деп ата- лады). Сондықтан да, дәлелдеу ауыртпашылығы айыптаушыға түсетін. Дәл осы адамның сиырыңызды ұрлағанын немесе басқада бір зиян кел- тіргенін дәлелдеуге міндеттісіз. Тәуелсіз тергеу көзделмеген. Судья бір нәрсе жинауға немес істеуге міндетті емес, ол тек Сіз келтірген дәлел- демелерді қарастырып, айыпталушыны тыңдап, содан кейін айыптау немесе ақтау үкімін шығаратын. Және бұл өте әділетті болды, әсіресе Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим сияқты елдерде. Ол жерде, тіпті өзінің көз қарасын қисынды, әрі дәлелді түрде қорғау үшін әр тарап қорғаушы жалдай алатын. Демосфен мен Цицеронның есімдерін естіген боларсыз?

ДАНИЯЛ – Ия, бұлар белгілі саясаткерлер мен шешендер!

ТАЙЫР – Әрине, сөз шешені атағын олар сот отырыстарында қорға- ушы ретінде сөз сөйлеу арқылы иеленді.

ДАНИЯЛ – Яғни, әр қорғаушының сөмкесінде саясаткердің «таяғы» бар ма?

ТАЙЫР – Біз қазір мүлдем басқа әлемде өмір сүріп жатырмыз, алай- да, бүгінде де мұндай мысалдар өте көп. Бірақ, сол кездердің өзінде қар- сыласу формалары пайда бола бастады. Орта ғасырларда оның кейбір формалары сыналып көрілді. Мысалы, Ежелгі Ресейде «алқап» деген формасы болған.

ДАНИЯЛ – Қандай алқап? Бидай алқабы ма? Әлде, қара бидай алқа- бы ма?

ТАЙЫР – Жоқ, «алқап» деп айыптаушы мен айыпталушы қарула- нып шығып, соғысқан алаңды атады. Кім жеңсе, сонікі дұрыс.

ДАНИЯЛ – Демек, олар кінәліні емес, мықтыны анықтаған болып шықты ғой?

ТАЙЫР – Бұл жағдайда Орта ғасыр адамдарының психологиясын ескеру керек. Олар Құдай әрдайым дұрыс адамға көмектеседі деп сенді, бұл дегеніміз кім күшті болса, соның артында Құдай және шындық тұр деген сөз.

ДАНИЯЛ – Мұнда, әрине, қисын бар… Діни.

ТАЙЫР – Ырымшылдық деген дұрысырақ болар. Алайда, бұл логи- каның өзі инквизициялық процестердің логикасынан гөрі жақсы.

ДАНИЯЛ – Дуагерлер мен мыстандарды соттаған кезде ме? Яғни, сол кездегі көріпкелдерді?

ТАЙЫР – Өкінішке орай, тек олар ғана емес, шіркеу догмаларынан сәл ауытқыды деп күдіктенгендердің бәрін.

ДАНИЯЛ – Бұл жағдайда іс жүргізу «ерекшелігі» қандай болды?

ТАЙЫР – Айыпталушыға іс барысына қатысуға көбіне мүмкіндік берілмегендігі.

ДАНИЯЛ – Ол, қалай сонда?

ТАЙЫР – Сиыр мысалына оралайық. Оны ешкім ұрлаған жоқ, ол себепсізден-себепсіз өліп қалды дейік. Ал, Сіз ортағасырлық ырымшыл адам ретінде оған біреу дуа жасады деп миыңызға құйып алдыңыз. Сіз тіпті оның кім екенінде білесіз. Ол өзін дуагермін деп атап жүрген көр- шіңіз. Енді, оның атына шағым жазасыз. Немесе жазбайсыз, өйткені ол кезде көбі сауатсыз болған, сондықтан осындай зұлым адам бар, ол дуалаумен айналысады деп ауызша хабарлайсыз. Ол бейшараны қамауға алып, жоғарыда айтылған инквизиция процесі басталады. Оның үстіне судья тергеушінің, айыптаушының, тіпті қорғаушының функцияларын бір өзі атқарады. Әрине, үкімді де өзі шығарады.

ДАНИЯЛ – Ал керек болса, жақсы жайғасқан екен!

ТАЙЫР – Одан әділдікті күтудің де керегі жоқ. Сонымен қатар, көбі- не айыпталушы өзінің кінәсін мойындауы негізгі және жалғыз дәлел болды.

ДАНИЯЛ – Ортағасырлық Қазақстандағы процесс бұдан өзгеше болды ма?

ТАЙЫР – Иә, және үлкен айырмашылық болды. Осыған дейін еу- ропалық процесс туралы әңгімелестік. Бізде, Қазақстанда, мың жылдан астам уақыт бойы адамдар өздері таңдайтын билер соты болды. Оның үстіне, оның шешімдері дәлме-дәл, бұлжытпай орындалып отырды. Өлім жазасының орнына ақшалай төлем жүйесі қолданылды. Құқық бұзушылық неғұрлым ауыр болса, айыппұлдың құны соғұрлым жоғары болады. Егер іс ауыр болмаса, онда оны тек бір би ғана қарастырды. Ал, егер ауыр болса, онда бес би. Егер де, дауға әр түрлі жүздің өкілдері қатысса, онда билердің саны жиырмаға жетуі мүмкін болды. Тараптар дауға білімі, шешендік шеберлігі және беделі бар қорғаушыларды тарта алды. Өкінішке орай, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, жиырмасыншы-о- тызыншы жылдары билердің соттары, сондай-ақ, басқа да рухани және діни көшбасшылар жойылды, көбінесе тура мағынада. Ал, Екінші дү- ниежүзілік соғыстан кейін кеңестік жазалау сот жүйесіне бейімді кеңес адамы қалыптасты.

ДАНИЯЛ – Түсінікті. Қазақ заңнамасында азаптау немесе басқа да заңсыз әрекеттер болған жоқ. Сталиндік қуғын-сүргін жылдары мой- ындауды қалай алды? Неге десеңіз, көптеген қазақ көшбасшылары шағымдардың кесірінен оққа ұшты. Инквизициялық әдістермен бе?

ТАЙЫР – Өте дұрыс аналогия жасадыңыз. Мәселен, Сталин зама- нындағы саяси процестер, сотқа дейінгі тергеу сатысында да немесе сот процесінде де, осы инквизиторлық қағида бойынша, көбіне жабық режимде және қорғаушының қатысуынсыз өтті. Ал, айыпталушының мойындауы «дәлелдердің патшайымы» деп саналды. Тіпті репрессия жылдары ақылға қонымды ережелер мүлдем болған жоқ деп айтар едім. Мұндай бассыздыққа тіпті ортағасырлық инквизиция да жол бермеген.

ДАНИЯЛ – Ортағасырлық Еуропада инквизиторларының ережелері қандай болды?

ТАЙЫР – Шынымды айтсам, өзіндік ерекшелігі болды. Айып- талушы әйелге еркекке қарағанда аз, ал кедейлерге байларға қарағанда аз сенім артты. Мен айтпасам да, азаптау амалдарының болғанын түсініп отыраған боларсыз. Бірақ, Орта ғасырда бір азаптау әдісін екі рет қол- дануға жол берілмеді.

ДАНИЯЛ – Әйтеуір, бір жақсы жағы бар.

ТАЙЫР – Шындығында, азаптау әдістерін тек «дәлелдер патшайы- мын» алуға жеткілікті болу үшін ғана ойлап тапты. Ал айыпталушы іс жүзінде қылмыстық процестің субъектісі емес, оның объектісі болды.

ДАНИЯЛ – Бұл нені білдіреді?

ТАЙЫР – Ол өзі процеске қатысқанымен, іс жүзінде, тек мойындау алу үшін қолданылған бұйым ретінде ғана болды.

ДАНИЯЛ – Ол бәрін жоққа шығарып, өз нұсқасын ұсына алар еді ғой?

ТАЙЫР – Егер сізді азаптап жатса, оны жасау қиынға соғады. Со- нымен қатар, азаптауды қоспағанда, жауап алу тактиксының өзі ерекше болды. Мәселен, егер дуагерлікпен айыпталған әйел жауап алу кезін- де үндемей, алдына қарап отырса, демек, ол өзін қолдайтын шайтанды көрді, демек, мойындамайды деген сөз.

ДАНИЯЛ – Ал, егер айқайлап, жан жағына қараса ше?

ТАЙЫР – Шайтанды іздеп, шақырып отыр дегенді білдірді. Кінәсін мойындаған жағдайда, әрі қарай азаптамаса да жаны тозаққа емес жан- натқа түсу үшін оны отқа жаққан.

ДАНИЯЛ – Сонымен, ол кезде ақтау үкімінің мүлдем болмағаны ма?

ТАЙЫР – Болды, дегенмен өте сирек. Көп жағдай төрешіге байланы- сты болды. Немесе айыпталушының таныстары мен туысқандарына…

ДАНИЯЛ – Яғни, олар төрешімен қалай «жұмыс істегендеріне» бай- ланысты ма? Мұндай жағдай, қазірде болып тұратын шығар?

ТАЙЫР – Болып тұрады деп айтып жатады. Бірақ, ол кезде кінәнің дәлелдері жеткілікті ма, жоқ па деген шешімді төрешінің өзі қабылдаған. Жазаның бірнеше түрі болды: айыптау, ақтау және «күдікті ретінде қалдыру».

ДАНИЯЛ – Күдікті ретінде қалдыру? Ал, бұл нені білдірді?

ТАЙЫР – Дәлелдер жеткіліксіз, алайда, біз дәл сенің кінәлі екеніңді білеміз дегенді білдірді. Яғни, дәлелдай алмаймыз, сондықтан, әзірге бостандықта жүре тұр.

ДАНИЯЛ – Енді, қателік жасама дегендері ме? Бүгінгі күндегі шарт- ты үкімге ұқсас па?

ТАЙЫР – Жоқ, керісінше, іс дәлелсіз болғандықтан тоқтату.

ДАНИЯЛ – Процестің қарсыласу түрі ежелгі дәуірден басталды деп айттыңыз. Ал, бүгінгі күнде ол нені білдіреді?

ТАЙЫР – Қарсыласу процесі, шын мәнінде, айыптауды одан әрі дамыту болып табылады. Басты айырмашылық, әрине, айыптаушы тараптың әуел бастан артықшылықтарының болуында. Мұнда айып- талушы іс жүзінде барлық басқа қатысушылармен тең құқылы. Барлық сот талқылауы сотта өтеді, яғни айыптаушы да, қорғаушы да – әрқайсысы өздерінің дәлелдерін жинап, сотқа ұсынады, ал судья арбитр ретінде тек адамның кінәлі немесе кінәсіз екендігін бағалайды. Және барлығы мықты, әрі салмақты дәлелдерді кімнің ұсынатындығына байланысты. Біздің уақытымызда тек айыптау процесінің түрі ғана қолданатын ел жоқ. Англосаксон елдерінде қылмыстық процестің дауласу түрі орнаған. Ал, көптеген басқа елдерде аралас түрі.

3
{"b":"783969","o":1}