Литмир - Электронная Библиотека

Алғашында біздің жер жай ғана тіршілігі жоқ мекен болған, сосын жер ғарышта алып таспен соғысып, олар бірігеді, соның нәтижесінде қазіргі біздің ғаламшар пайда болды, жерге соқтығысқан әлгі тастан су бөлініп, сол су жерге алғашқы тіршілікті сыйлайды. Оны Өмір бұлағы деп атайды.

Өмір бұлағы жердің терең түбінен шығып, одан бөлінген судың әрбір тамшысы осы әлемге тарап, оны тіршілікпен нәрлендіреді, осылайша алғашқы тіршілік қалыптасты.

Жерде тіршілік пайда болғаннан кейін, ұзақ уақыт өте жер бетінде адамдар, мардалар және табураттар пайда болды.

– Мардалар… – деп Батыра Құланды бөліп жіберді, «онда бұл Бабадүрдің кітабында жазылған дүниенің бәрі рас деген сөз» деп ол іштей ойлады.

– Иә, мардалар, егер сұрағың болса соңынан қоясың, қазір маған кедергі жасама, – деп екеуі ағаштардың арасымен кете берді. Батыра қоржынындағы мардалықтың бас сүйегін оған көрсеткісі келді, бірақ Құланның айтқан сөзінен кейін күте тұруды шешті. Кішкене кідіргеннен кейін, Құлан ары қарай өзінің әңгімесін жалғастырды:

– Мыңдаған жылдар бойы олардың ешқайсысы өмір бұлағы жайлы білген емес, білмей-ақ қойса да дұрыс болушы еді. Бірақ ешқандай құпия мәңгі жасырылмайды.

Бір күні аспаннан жерге белгісіз тіршілік иесі құлаған. Әлгі адамға ұқсас белгісіз тіршілік иесі, ғарыштан жаралы күйде жерге келген, оны алғаш адамдар тауып алады, оның жарақаты ауыр болғандықтан, адамдар оны емдей алмайды, сосын өзгеғаламшарлық адамардан оны бір жерге алып баруын сұрайды, ал адамдар оның айтқанын істейді. Сөйтіп адамдар әлгі тіршілік иесін, оның айтуы бойынша, Батыс орман сияқты орманға алып барады, сол жерде адамдар алғаш өмір бұлағын көрді, өзгеғаламшарлық бұлақтың суын іше, сап-сау күйіне қайта келген, мұны адамдар көріп, олар да ішкісі келеді, бірақ өзгеғаламшарлық адамдарға бұлақ суын ішуге болмайтынын айтады, егер ішетін болса, онда бұл әлемнің өлуіне әкеліп соқтырады деген. Ал адамдар одан бұлақтан не үшін су ішкенін сұраған кезде, ол: «Бұл ғаламда сендерден басқа да мыңдаған әлем бар, мен соларды зұлымдықтан қорғауға тиістімін, мен қазір не болмасын өлмеуім керек», – деп жауап қайтарған.

Өзгеғаламшарлық адамдардың сөзсіз бұлақ суын пайдаланатынын түсініп, оларды өлтірмекке оқталады, алайда ол адамдардың жақсылығына жамандықпен жауап қайтарғысы келмейді. Әлі зұлымдықтың не екенін білмеген жандарға оны көрсеткісі келмегендіктен, адамдардың арасынан алты сәбиді таңдап, оларға ерекше күш сыйлап, бұлақтың сақшысы етеді, осылайша алғашқы Сармандар өмірге келеді. Мына сәби – Сарман, – деп Құлан баланы нұсқады.

Өзге ғаламшарлық жерден кетердің алдында адамдар мен мардалардың және табураттардың басшыларының басын қосып, олардың күш біріктіруі керек екендігін айтқан, себебі біздің әлемді құртатын қара күш біздің әлемде жасырынғанын айтады және ешқашан, қандай жағдай болмасын бұлақты өз мақсаттарына пайдаланбауды тапсырған.

Сармандар бұлақты мыңдаған жылдар бойы қорғап келді және олар әрбір үш жүз жыл сайын қайта туылып отырады, олар осы әлемдегі ең күшті жауынгерлер тобы болған, ғасырлар бойы өздеріне артылған тапсырманы бұлжытпай орындаған, тек сендердің хандарың – Тарын билікке келмейінше… Тарын билікке келгеннен кейін барлығы өзгерді, ол өмір бұлағы мен оның қасиеті жайлы естігеннен кейін, оған қол жеткізгісі келеді, ол өлімнен қорыққандығы соншалықты, өлмес үшін қолынан келген барлық іс-әрекетті жасады. Алайда онысыннан түк шықпаған соң, ол өмір бұлағына көз тікті, бірақ оның жолында Сармандар тұрды, ол Сармандарға бірнеше рет қарсы шығып, олардан бұлақты тартып алмақ болады, дегенмен оның бұл іс-әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. Сармандар оған өмір бар жерде – өлім бар, сондықтан осы шындықты қабылдау керектігін айтып, оны босатады.

Бірақ олардың бұл айтқаны оның санасына жетпеген сияқты, ол ұзақ уақыт ізденіп, ақыр соңында Сармандарды – әлемдегі ең күшті жауынгерлердің қалай көзін құрту керектігін түсінеді және ол өз дегеніне жетіп, олардың бәрін қырып салады, алайда ешкім Тарынның Сармандарды қалай және қайтіп көзін құртқандығын білмейді, ешкімнің хабары жоқ. Осылайша ол өмір бұлағын басып алады…

Артынша табураттар мен мардалар және де басқа да нәсілдер біргіп өмір бұлағын азат ету үшін Тарын ханға қарсы шыққан кезде, тым кеш болады, себебі оның сиқыршылары қара сиқырды пайдаланып, өмір бұлағының суынан ажалсыз сарбаздарды жасап шығарады.

– Неге ажалсыз?

– Себебі оларды өлтіру мүмкін емес, олар жарақаттанса жарақаттары әп-сәтте жазылады, тіпті басын шапсаң да оларды тоқтата алмайсың. Осы жайт бүкіл әлемді біріктірді, дегенмен бүкіл әлемнің біріккен әскері ажалсыздардың алдында дәрменсіз күйге түсті. Олардың шамасы Тарынды тоқтатуға жетпеді, Ұлы ұрыста біз жеңіліс таптық.

Тарын хан мардалардан үлкен қауіпті көріп, оларды толықтай жойып жіберу үшін барын салды, бірақ бұл ойын толықтай іске асыра алмады. Тарын мардалардың басым көпшілігін қырғанымен, толықтай қырып үлгермеді, себебі мардалардың ең күшті сиқыршысы, өзінің өмірін құрбандыққа шалып, мардалардың жерінің төбесінде қара сиқырға қарсы үлкен көрінбейтін қорған тастап кетті, әлгі қорғаннан ешқандай қара сиқыр, ешқандай ажалсыз өте алмайды, тек соның арқасында ғана олар аман қалды. Олар өздерін қауіптен құтылдық деп ойлады, алайда бұл ұзақ уақытқа созылған жоқ. Тарын ханның бұлақты пайдалануы әлемдегі тепе-теңдіктің бұзылып, біртіндеп тіршіліктің жойылуына әкеліп соқтырды және барлығы мардалардың жерінде басталды: онда бұрын-соңды болмаған құрғақшылық, дауылдар мен су тасқындары болып, олардың жері ақырындап өмір сүруге жарамайтын күйге түсті. Менің әкемнің айтуы бойынша, олардың жері әлемдегі ең керемет орын болған, ежелде олардың табиғатын Ұлы табиғат деп атаған, себебі онда өте сирек кездесетін жануарлар мен неше түрлі сиқырлы өсімдіктер өскен, алып теңіздер мен алпауыт таулар, шексіз ормандар мен бетін жасыл кілем басқан далалар болған, ал қазір… ал қазір онда өлі топырақтан басқа ештеңе жоқ, – деп Батыраға қарады. – Сендер олардың аймағын Тұманды деп атайсыңдар, адамдардың арасында мыңдаған жыл бұрын онда құбыжықтар келіп, ол аймақты тіршілігі жоқ жерге айналдырған деген аңыз тараған, бірақ мұның бәрі жалған, ондағы тіршіліктің жойылуы бір ғана ханның кесірі және оны тоқтатпасақ, ақыр соңында бүкіл әлем өліп тынады.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

20
{"b":"737653","o":1}