Литмир - Электронная Библиотека

Ерекше мейірімді бір Алла!

55.

Мынаны (еске алыңдар):

Сендер айттыңдар Мұсаға:

“Ей, Мұса! Саған сенбейміз,

Көрмейінше Алланың біз жамалын”27,

– деп.

Бірақ найзағай мен ащы дауыс,

Төбеден түсіп жайратты сендерді –

Соған куә болдыңдар өздерің.

56.

Сосын қайта тірілттік

Өліп қалған сендерді,

Бізге шүкір қылар деп.

57.

Кейін көлеңкеледік сендерді бұлттармен

Ризықтадық мәннамен және бөденемен:

“Жақсы аспен тамақтаның

Біз нәсіп еткен сендерге ”, – деп.

Бірақ (айтқанға көнбей),

Олар Бізге зиян ете алмады –

Өз жандарын залалға ұшыратты.

58.

Мынаны еске алындар,

Біздің (сендерге) айтқанымызды:

“Кіріңдер де осы қалаға28

Онда барымен рахаттанып ризықтаныңдар.

Бірақ кірерде қақпасына оның бас иіп:

“Алладан (кешірім) тілеймін” деңдер,

Сонда Біз күнәларынды кешіріп,

Игілердің арттырамыз несібін”, – деп.

59.

Бірақ ауыстырды залымдар,

Өздеріне айтылған сөзді басқаға.

Сонда біз оларға көктен азап тусірдік,

Болғаны үшін бұзақы.

60.

Мынаны еске алыңдар, Мұсаның қалай,

Жұрты үшін су тілегенін,

Сонда Біз:

“Сен асатаяғыңмен жартасты ұр!” – дедік.

Сонда сол жартастан,

Он екі (мөлдір) бұлақ20 атқылады,

Сөйтіп әр тайпа өз суатын белгіледі, -

Жеңдер, ішіңдер, Алла берген несіптен

Бұзақылық қылып жүрмеңдер.

61.

Мынаны еске алыңдар,

Өздерің айтқан:

“Ей, Мұса! Қашанғы жейміз біртағамды,

Жалбарыншы сен Раббыңа,

Бізге жерде өсетін көкөністен берсін деп,

Қияр мен бұршақты, сарымсақты шығарсын”, – деп.

Сонда Мұса айтты оларға:

“Қалайша сендер айырбастап аласыңдар,

Сапалы бұл нәрсені сапасы жоқ нәрсеге?

Бір қалаға30 барсаңдар

Онда қалағандарыңды табасыңдар”, – деп.

Сөйтіп өздеріне Алла ашуын шақырып,

Олар тап болды жоқшылық пен қорлыққа.

Бұның бәрі оларға,

Алла аяттарын жоқка шығарып

Оның пайғамбарларын еш жазықсыз,

өлтіргені үшін31

Қарсы келіп, барлық шектен шыққаны үшін32.

62.

Шындығында (Құранға) иман келтіргендер,

Яһудилер, назорейлер-3 мен сәбейлер34

Аллаға және Ақырет Күніне сенгендер,

Жасап жақсы амалдарды,

Сыйлық алар Алладан,

Оларда еш қорқыныш болмайды,

Әрі олар қайғырмайды.

63.

Мынаны еске алындар:

Біздің сендерден уәде алғанымызды Тауды35

Көтеріп айтканымызды:

“Біз сендерге түсіргенге36 берік болыңдар,

Сендер (ашылған сырды) есте сақтандар,

Сонда бәлкім тақуа боларсыңдар”, – деп.

64.

Бірақ одан кейінде сендер жалтардыңдар,

Соңда Алланың сендерге деген

Қайырымы болмаса,

Әлбетте ұшырар едіңдер зиянға.

65.

Рас, сендер білесіндер,

Сенбінің37 қағидасын бұзғандарды.

Біз айттық оларға: “Маймылға айналындар,

Жиіркенішті, қор болған”, – деп.

66.

Бұл жазаны Біз үлгі қылдық,

Сол елге және ұрпақтарына,

Әрі сақтанғанға өсиет.

67.

Мынаны еске алыңдар,

Мұсаның қалай өз жұртына айтқанын:

“Алла сендерге сиырды бауыздауға38 бұйырды”, – деп.

Сонда олар айтты:

“Бізді мазақ етіп тұрсың ба?” – деп.

Ол айтты: “Алла мені сақтасын,

Ақымақтардан болудан! – деп.

68.

Сонда олар айтты:

“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,

Ол сиыр қандай болуы тиіс”, – деп.

Ол айтты:

“Ол кәрі де емес, жас та емес,

Орта жасар болсын, – деп, -

Алла айтты сендерге,

Ал енді орындандар үкімді”, – деп.

69.

Сонда да олар айтты:

“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,

Ол сиырдың түсі қандай болсын”, – деп.

Мұса айтты: “Ол сарғыш түсті, дағы жоқ

Көрген көзді қуантатын болсын, – деп, -

Алла айтты сендерге”

70.

Олар айтты:

“Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,

Қандай болсын ол сиыр,

Өйткені ұқсас сиыр көп екен,

Тек қалауымен Алланың

Дұрыс тандау жасармыз”, – деп.

71.

(Мұса) айтты оларға: “Ол сиыр

Жер жыртуға, су тасуға жегілмеген,

Теңбілі жоқ оның, болсын кіршіксіз”, – деп.

Сонда олар айггы:

“Міне, енді келтірдің шындықты”, – деп.

Сосын бауыздады сиырды,

Құлықсыз, әрең жүріп орындап.

72.

Мынаны (еске алыңдар), қалай

Сендер өлтіріп болып тірі жанды,

Өзара жанжалдасып тартыстыңдар.

Бір-бірінді “жауыз” деп айыптап,

Сонда құдіретімен Алланың

Жасырғандарың айқын болды.

73.

Біз айттық:

“Сиырдың бір мүшесін алыңдар да,

Өлікті сонымен қағындар”, – деп.

Алла солай тірілтеді өлгенді,

Әрі Өз белгілерін көрсетеді

Сендер ақылға келсін деп.

74.

Енді сол заманнан бері

Қатыгез болып жүректерің қатайды,

Тіпті тас сияқты,

Әлде одан да қаттырақ –

Бірақ тастың да түрі бар:

Кейбірі – бұлақ суын шығарады,

Енді бірі бөлініп өзендерді ағызады.

Алайда тастар арасында, әлбетте,

Алладан қорқып қирайтындары бар.

Әрі Алла бейхабар болып қалмайды,

Жасаған істеріңнен сендердің.

75.

(Әй, мұсылмандар!):

Сендер үміт үзбей жүрсіндер ме,

Олар (үгіттеріңе) сенер деп,

Олардың арасында болған кезде

Алла сөзін естігендер,

Олар оны ұғынып болып

Мағынасын оның (қасақана)

Біле тұра өзгертті.

76.

Мынаны (еске алыңдар):

Имандыларға кездескенде олардың:

“Біз де иман келтірдік”, – деп айтқанын.

Ал өзара оңаша қалғанда:

“Сендерге Алла

(Кітапта) берген шындықты,

Оларға айтуларың керек пе,

Мүмкіндік беріп оларға,

Раббылары алдында дәлелдеуге сендерге.

Соны неге түсінбейсіндер?” – деп.

77.

Қалайша, олар білмегені ме,

Алланың анық білетінін,

Олардың (әдейі) жасырғанын ішінде,

Әрі (арам оймен) ашқанын?

78.

Олардың арасында бар надандары,

Кітаптан мүлдем бейхабар,

Онда өзіне қалағанын ғана көреді,

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «Литрес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

3
{"b":"929105","o":1}