Литмир - Электронная Библиотека

Аллаға серік қоспаңдар.

23.

Ал егер құлымызға

Біз түсіргенге күмән болса.

Онда осындай бір сүрені келтіріңдер,

Қалағандарыңды шақырып!

Егер сөздерің рас болса!

24.

Бірақ оны егер сендер қылмасаңдар,

Ал оны сендер сірә істей алмайсыңдар.

Оттан қорқыңдар – әзірленген кәпірлерге.

Отыны оның болады,

Тастар мен (бұзақы) адамдар.

25.

Иман келтіріп Аллаға,

Ізгі амал істеушілерді шаттандыр.

Кіреді олар Үжмаққа – өзендерді ағызған,

Оларға одан әр кезде ризық бергенде,

Олар айтады:

“Осы біздерге берілген еді ғой бұрын да”, – деп,

Ол сыртынан ғана ұқсас келеді10.

Оларға онда өте пәк жұбайлары бар,

Олар мәңгі онда болады.

26.

Алла тартынбайды мысал келтіруден –

Ол кішкентай ғана маса болсын11,

Мейлі, болсын ең қастерлі жаратылысы.

Ал мұміндер оны біледі,

Ол Раббыларынан (Ақиқат) деп,

Ал қарсы келгендер айтады:

“Алла бұл мысалмен не демек?” – деп.

Алла онымен көбісін салар адасуға,

Және көбісін тура жолға салады,

Тек бұзақыларды жолдан тайдырып.

27.

Аллаға берген уәдесінде тұрмаған,

Біртұтас болуға бұйырылғанды бұзып12,

Жер жүзіне бұзақылықты таратқан,

Рас, алданғандар, міне, солар13.

28.

Сендер қалайша сенбейсіңдер Аллаға?

Өлі едіңдер,

Ол сендерге жан берді14.

Өлтіріп, қайта тірілтеді соңыра.

Сөйтіп, қайта ораласыңдар, Келесіңдер,

Оның алдына тағы да.

29.

Ол – Сол, сендердің мұқтаждарың үшін

Дүниедегі бар нәрсені жаратты

Одан кейін аспанға (жаратуға) көңіл қойды.

Оны жеті қабат көк етіп реттеді.

Алла, расында, әр нәрсені білуші!

30.

Раббың сенің сол кезде періштелерге:

“Мен жерге,

Өз орынбасарымды қоямын”, – деді.

Сонда (періштелер) айтады:

“Олар, онда бұзақылыққа беріліп,

Қанды жерге төгеді,

Сонда да оны қоясың ба?

Ал біз Саған мақтау айтудамыз

әрқашан ұлықтап”, – деп.

Алла оларға:

“Сендер білмегенді, Мен білемін”, – деді.

31.

Алла Адаматаға үйретті,

Әр нәрсенің атауын15.

Одан кейін оларды көрсетіп періштелерге:

“Маған осы нәрселердің

атауларын айтыңдаршы,

(Сөздерің) егер болса рас”, – деді.

32.

Сонда періштелер айтты:

Біз гек Сенің үйреткеніңді ғана білеміз –

Саған мадақ, (Жаратушы Иеміз)!

Расында, Сен бәрін білушісің,

өте данышпансың!” – деп.

33.

Сонда, Алла: “Әй, Адамата!

Оларға мәлімде,

Бұл (нәрселердің) атауларын ”, – деді.

Ол оларды толық атап айтқанда,

Алла айтты оларға:

“Айтпадым ба сендерге,

Көктер мен жердің құпиясын,

білемін деп?

Маған бәрі мәлім сендердің

(Жүректегі) жасырғандарың

Әрі ашық жария қылғандарың” – деп.

34.

Сол сәтте періштелерге біз айттық:

“Адамға сәжде қылыңдар”, – деп.

Сонда бәрі сәжде қылғанда

Тәкаппар Ібіліс16 бас тартты,

Сөйтіп, қарсы келушілерден болды.

35.

Адаматаға айттық Біз сонда:

“Жаннатқа еркін кіріңдер!

Қалағаныңмен ризықтан,

Бірақ бұл ағашқа жолама,

Харам еткен Мен саған,

Жамандыққа ұшыратады”17, – деп.

36.

Бірақ залым Шайтан алдады,

Нығметтерден шығарды.

Алла айтты оларға:

“Шығыңдар сендер Жаннаттан,

Бір-біріңе қас болып,

Жер бетіне түсіңдер,

Сендерге онда ризық бар,

Мен белгілеген сәтке дейін”, – деп.

37.

Кейін Адамата Раббысынан

сөздер үйреніп17а,

Тәубе қылып жалбарынды.

Алла қабыл етті тәубесін!

Өйткені, қабылдаушы тәубені

Ерекше мейірімді бір Алла!

38.

Сонда айттық Біз:

“Шығыңдар сендер бұл жақтан!

Менен хабар келгенде.

Оған ерген адамда,

болмайды қорқыныш сезімі,

Қайғырмайды ешқашан.

39.

Бірақ қарсы келгендерді,

Біздің аяттарды өтірік дегендерді,

Тозақ отына саламыз,

Онда мәңгі қалады олар”, – деп.

40.

Әй, Исраиль ұлдары!

Естеріңе алыңдар, рақымымды сендерге.

Серттеріңде тұрындар18,

Мен де тұрамын уәдемде,

Менен ғана қорқыңдар.

41.

Мен (қазір) түсіргенге19

Растау үшін сендердегіні.

Бойсұнып сеніңдер,

Оған алғашқы қарсы

Келгендерден болмандар,

Менен келген хақ Сөзді,

Аз бағаға сатпаңдар.

Менен ғана қорқындар.

42.

Хақ екенін біле тұра,

Жалған етіп шығармаңдар.

Жасырып қалуға тырыспаңдар.

43.

Ие, болыңдар намазға,

Зекет төлеуін беріңдер,9а,

Әрі бас иіңдер,

Маған бас игендермен бірге20.

44.

Басқаларға игілікті бұйырып,

Ал өздерің оны ұмытасыңдар ма,

Раббы Кітабын құрметтеген бола тұра,

Қалайша түсінбейсіңдер осыны?

45.

Өздеріңе шақырыңдар жәрдемге

Сабыр21 мен намазды.

Расында, намаз ауыр соғады

Тақуалар мен мүміндерден басқаға.

46.

Нақ сенетін Раббысына қайтарына,

Оған (мәңгілікке) оралып.

47.

Әй, Исраиль ұлдары!

Естеріңе алыңдар.

Рақымымды сендерге

Басқа елден үстем еткен.

48.

Әрі қорқыңдар сол күннен –

Ешбір жан болыса алмайтын,

Шапағат кабыл болмайтын,

Әрі (күнәға) бодау алынбайтын,

Ешкімге жәрдем етілмейтін.

49.

Мынаны (еске алындар):

Біз сендерді Перғауыннан

Әрі оның сыбайластыларынан

құтқарғанымызды.

Сендерге соншалықты ұзақ уақыт

Жаман зорлық көрсеткен –

Ер балаларыңды өлтіріп,

Әйелдерді ғана тірі қалдырып,

Сол – сендерге зор сынақ еді Алладан.

50.

Тағы (еске алындар):

Құтқару үшін сендерді,

Біз теңізді қақ жардық

Сөйтіп көздеріңнің алдында

Перғауынды әскерімен батырдық.

51.

Және (еске алындар):

Белгіледік Біз Мұсаға22 қырық түнді,

Ал сендер оның артынан

Бүзауды тәңір қылдыңдар,

Батып сонымен ауыр күнәға.

52.

Сонда біз сендерді кешірдік

Тәубесіне келсін23 деп.

53.

Мынаны (еске алыңдар):

Мұсаға бердік Біз –

Ажырата білуді және Кітапты24,

Тура жолмен сендер жүрсін25 деп.

54.

Мынаны (еске алыңдар), қалай:

Мұса еліне айтты:

“Ей, менің жұртым!

Расында, бұзауды тәңір етумен,

Өздеріңе қастық қылдыңдар.

Ал енді шынайы өкініш түрінде

Тәубе етіңдер, Жаратушы Иелеріңе,

(Бұл күнәларың үшін) өздерің

Өздеріңді өлтіруге тиістісіңдер26,

Сөйтсендер – Жаратушының қасында

Сендер үшін қайыр бар”, – деп

Сонда да Алла қабыл етті тәубені.

Өйткені, қабылдаушы тәубені

2
{"b":"929105","o":1}