Литмир - Электронная Библиотека

Мойындаңыз, сіз сатқындармен, «жаман» деп санайтындармен қарым-қатынасты сақтағыңыз келмейді. Өзіңізге деген көзқарас туралы ойланыңыз. Бұл өте маңызды болып табылады. Көбінесе біз бәреуге емес өзімізге сатқын, жау болғандықтан нашар əрекет етеміз, әретеміздің берекесі жоқ. Біз жанымызға (ішімізге) қарауға қорқамыз, ол жерде көргендеріміз бізге мүлдем ұнамауы мүмкін деп күдіктенеміз. Адамдардан өзін білгісі келеді, бірақ шындықтан қорқады, оны өзгертуден, жақсартудан вообще қорқады. Адамның ойлағысы келмейтіні де содан. Өзінің ішінде қандай құбыжықтар жүргенін білмейді. Сіз өзіңіз туралы шындық қорқыныш тудырмайтынын нақты түсінуіңіз керек. Бұл өмірде қорқатын еш нарсе жоқ. Тек Құдайдан ғана қорқыңыз. Басқа адамдарды сыйлаңыз, құрметтеңіз. Қаншалықты сіз ойлап тапқан қорқыныш қорқынышты болса да, Құдайдан басқаның бəрі əлсіз. Шайтан сізді қорқыта немесе ренжіте алмайды, бірақ азғыра алады. Қорқыныш себебі – адамдардың ақиқатты қабылдамауы жəне оны дұрыс түсінбеуі.

ӨЗІҢІЗДІ ТҮСІНУДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Ең қиын жұмыс – өзіңді зерттеу. Өзіңізді дəл қазірден зерттеуді бастаңыз, бұл сізге тек пайда əкеледі. Өз қорқыныштарыңызды түсініп, олардан арыласыз. Басқалардан жақсырақ немесе артағырақ болу туралы ойламаңыз. Себебі салыстыру деструкция. Өзіңізді өзіңіз сияқты жəне өзіңіз қалағандай білуге тырысыңыз.

Жартылай салынған үйді толық аяқтамай жатып кілт тапсыру ақымақтық. Сіз қанша жерден бақытты, бай, шетелде қыдырып жүрсеңіз де, сіз әлі жартылай адамсыз, сізге толық үйді соғып бітуге қосымша жұмыс қажет екенін мойындаңыз. Жартылай шала піскен адамдар толып жүр, бірақ өзін өте ақылды санайды. Өзіңізге олай қарамаңыз. Қазір қандай күйде болсаңыз да, өзіңізге əлі де жұмыс істеу керек екенін түсініңіз. Шыдамды болыңыз, ниетіңізде берік болыңыз, дұрыс шешім қабылдай білуді шынықтырыңыз. Өз қадір-қасиетіне жету, оны сезіну – бұл жеке сезім, бөтен емес. Өзіңізді басқалардың көзқарасы бойынша бағалай отырып, сіз ешқашан өзіңізді жақсы көре алмайсыз. Сіздің өз-өзіңізді түсінбеуіңізге ешкім кінәлі емес, бәрі өзіңізден. Егер сіз өз шынайы бағаңызды білсеңіз, онда сіз барлық адамдардың бағасын, қадір-қасиетін, құнын білесіз. «Шын Ақылды» адам өзін толық біледі. Ол өзінің шынайы өмірге не үшін келгендегі мəнін біледі, барлық адамдар туралы шындықты білмесе де, ақиқат пен өмір заңдылықтарын біледі ж/е соған сай өмір сүреді. Бəрінің өмірге келгендегі мəні бірдей – үлгеру.

Өзіңізді өзіңіз сияқты біліңіз, содан кейін сіз басқаларды олар сияқты білетін боласыз. Өз əлсіздігіңізді ашудан ешқашан қорықпаңыз. Əлсіздікті ең бай, танымал адамдар да бар. Оны анықтау – өзіңізді танудағы алғашқы қадам. Есіңізде болсын: өзіңіз туралы не білсеңіз де, білген əрқашан білмеуден жақсы. Шындық қаншалықты ащы немесе күтпеген болса да, ол əрқашан конструктивті.

Сізге әрдайым жаңа білім қажет. Мен білімнің шегіне жеттім дейтіндер ақымақтық. Өткенннен бас тарту керек деген кезде сеніміңізге қайшы келуі мүмкін. Бірақ ақылды адам əрқашан гауһар үшін көмір кесегін құрбан етуге дайын. Қымбат нәрсені арзан нəрсеге айырбастамаңыз. Бұл қадамды жасауда батылдық танытыңыз, сонда сіз өзін-өзі жетілдіру жолына түсесіз. Өз өмірін өзгерту үшін, ешкімнен де рұқсат сұраудың керегі жоқ. Артық сұрақтар қоймаңыз, сізге таңдау жасау, шешім қабылдау, жоспар құру, әрекет ету жетіп жатыр. Сіз бұл өмірден жанның рухани азығын іздеп табу үшін жеке бостандыққа қол жеткізуіңіз қажет. Ал еркіндік пен бостандықты тек ақиқат бере алады. Міне осы шынайы тəуелсіздік, өзіңді дұрыс түсіну.

СІЗ НЕДЕН БАС ТАРТЫП ЖҮРСІЗ

Өзіңдің неден бас тартып жүргненіңіз жайлы ойланыңыз. Егер сіз өзіңіз туралы шындықты біліп, дұрыс өмір сүруді шынымен шешсеңіз, көптеген адамдар оны ұнатпауы мүмкін, өйткені олар өзінен асып кетуі мүмкін адамнан қорқады. Сіз басқалар кедей өмір сүретіндіктен байлықтан бас тартасыз ба? Сіз миллиондаған адамдар емделмейтін аурулардан зардап шегетіндіктен денсаулығыңыздан бас тартасыз ба? Әрине жоқ, бірақ сіз шын бақытты болудан бас тартасыз, себебі сіздің эгоизміңіз бұл кітапты қабылдағысы келмейді. Өзіңізден бас тартқан нəрсені мұқият ойлаңыз жəне бір нəрсені қалау «жаман» екенін мəңгі ұмытыңыз. Бір нəрсені қалау күнә емес, ақиқатты қаламау қателік.

Өзін-өзі тану жолында біз сөзсіз сүрінеміз. Бірақ қателіктер, сəтсіздіктер, қиындықтар немесе адасулар деп аталатындардың бəрі сіз емес. Дүние үнемі өзгеріп отыратын, уақытша (жалған) жағдайлар екенін түсіну керек, өміріңізде болып жатқан барлық нəрселерден жоғары тұрыңыз, мейлі ол сізді іштей жесе де. Бұл ретте Сіздің Жоғары «Мен» (Құдай) өзгеріссіз қалатынын түсіну өте маңызды. Өткендегі істеген, жасаған амал-әрекеттеріңізге сенбеңіз, сіз одан кешіктіңіз, ол сіздің шынайы болмысыңыз емес, қазірге сеніңіз, себебі бұл сізге беріліп тұрған жаңа мүмкіндіктер.

Сіз спектакльдің (өмір атты ойын) жəне актерлердің (адамдардың) жалған сенімдерін қабылдауға міндетті емессіз. Орта, тағдыр ұсынған рөлді ойнауға да міндетті емессіз. Сіз өз өміріңіздегі рөлді өзіңіз қалыптастыруыңыз керек, дәл өзіңіз армандағандай. Өмір атты ойыннан, ортаның «Құлдық Санасынан» шығыңыз.

Өмір бұл кемені басқару сияқты рульде сіздің орныңызды басқа біреу болмауы керек. Сондықтан орта мен дүниеге, жалған діни түсінікке алданып, арман, мақсаттарыңыздан бас тартпаңыз. Есіңізде болсын: сәтсіздіктің бәрі уақытша.

ЖАЛҒЫЗ БИЛІК – СІЗ ӨЗІҢІЗ

Əр адам – бір мемлекет, әр мемлекеттің билік басында патшасы болады, өз өміріңізде, биліктің басындағы патша тек өзіңізден басқа ешкім емес. Сондықтан абырой, бедел, мәртебе – бәрі өзіңіздің ішіңізде (миыңызда).

Бұрынғы сенімдерді сыни тұрғыдан қайта бағалап, өміріңізді адал түрде қайта қарастыра отырып, бір сəтте сіз өзіңіз үшін жалғыз патша бола алатындығыңызды түсінесіз. Əдетте біз сыртқы жақтан кеңес күтеміз, бірақ іс жүзінде біз не істеу керектігін тек өзіміз білеміз, бірақ бұл басқалардан үйренбеу керек деген сөз емес.

Неліктен кейбір адамдар алдауды оңай жеңе алады деп ешқашан ойламадыңыз ба? Алаяқ ешқашан саналы жəне сау адамның миын айналдыра алмайды. Біздің көпшілігіміз өзімізді қолдануға, пайдалануға неге оңай жол беретінімізді түсіне алмаймыз. Мұның себебі тəуелсіз шешім қабылдай алу құқығынан өз еркімен бас тарту жəне өз өміріне жауап бергісі келмеу. Қабаған итке саусақты беріңіз – олар бүкіл қолыңызды тістейді. Біреуге сіз үшін шешім қабылдауға рұқсат етсеңіз, олар сіздің өміріңізді толықтай басқара бастайды. Адам бақытты болу үшін бүкіл бақытсыздық себебін ұмыту керек, ол үшін сол себептерді емдеу керек.

НЕЛІКТЕН ШЫНДЫҚТЫ ӨЗГЕРТКІҢІЗ КЕЛЕДІ?

Өзгелерді өз қателіктеріне кінəлау оңай, бірақ мұндай ойлау арқылы біз өзіміздің қолдарымыз бен аяқтарымызды шынжырмен байлаймыз, өйткені біз өз еркімізге шек қоямыз. Тағы бір рет қайталаймын: дұрыс ойлау дегеніміз – бізде не істеп жатқанымыз бен кім екеніміздің арасындағы айырмашылықты түсінуді білдіреді, яғни іс-əрекетті орындаушыдан бөлу. Себеп орындаушыда оның салдары амал-əрекеттер. Қайық (орындаушы) суда («күнә» амалдар) болуы керек, ал қайықтың ішінде су болмауы керек. Әйтпесе сіз батасыз, тұншығасыз. Қайық аударылып түсуі да мімкін, себебі қатты толқындар (зұлымдығын таратушы залымдар) бар, олардан да абай болу керек.

Көбінесе біз өзіміз жасайтын жағдайлардың тұңғиығына түсеміз. Бұрыс əрекет жасаймыз, жасай береміз жəне ақыры қайық батады. Бұл адам дүниеден жеңілді деген сөз. Ақиқатты өзгерту мүмкін емес. Бірақ шындықты әлі де өзгертуге болады. Негізі дұрыс тізбек қалай болу керек еді – дұрыс қабылдау, дұрыс ойлау, дұрыс амал-əрекет жасау, тура жолда өзіңіді алып жүру.

Біздің бизнес, мансап, саясат, отбасылық қатынастарда бізге айналамыздағы адамдар көмектеседі деген жаңсақ, қате түсінік қалыптасқан. Сіздің өміріңіз, сіздің ғана проблемаңыз, ол сіздің жеке шаруаңыз, олардың өз проблемасы өздеріне. «Адамдарға көмектеспеу бұл қандай қатыгездік» деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ адам сырттан көмек күтпеуі керек, ол кез-келген проблеманы өзі шешуді үйренуі керек, сонда ғана ол шексіз бақытты, тәуелсіз бола алады.

9
{"b":"743006","o":1}