Литмир - Электронная Библиотека

Сіз бір ойды (ішкі сөзді) үнемі, қайта-қайта еске түсіре берген сайын бейсана сол ойды (ішкі сөзді) тереңірек бекітеді жəне сізде басым сенім мен түсінік қалыптасады, бұл жағдайда «мен ақымақпын, топаспын». Бұл ойлар жиналып, біртіндеп өмірлік ұстаным жүйесіне енеді, содан кейін олар біздің дұрыс деп шешкен əрекеттерімізді анықтай бастайды. Адам басына қуаныш пен қайғы-мұңды осылай шақырады. Пәлені шақыру да, бақытты болу да өте оңай. Кейде оған бір ауыз сөз жеткілікті.

СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ПЕН ЖҰМСАЛҒАН УАҚЫТ АҚТАЛАДЫ

Өзімізден, басқа адамдардан, қандай да бір кітаптан, ең бастысы Жаратушыдан белгілі бір нəтиже күте отырып, біз оны міндетті түрде аламыз. Дəл осылай болатынына алдын-ала сенімді бола отырып, біз белгілі бір жағдайларды (амал-əрекет) жасай бастаймыз немесе үміттерімізді растайтын белгілі бір ақпаратты игере бастаймыз. Жəне олар сөзсіз ақталады. Мұны «ақталу принципі» деп атайды. Енді сіз ішкі диалогтың көмегімен, өзіңіз туралы қалыптасқан ой-пікірді нығайта аласыз жəне оны жақсы немесе нашар жаққа өзгерте аласыз. Таңдау сізде!

«ӨЗ-ӨЗІН СЕНДІРУ» ТҰЙЫҚ ШЕҢБЕРІ

Өзіміздің «Мен» бейнесі (өзім жайлы ой-пікір) біздің əрекеттеріміздің нəтижесіне əсер етеді. Біз əрқашан өзіміз туралы сенім мен түсінікке сəйкес əрекет етеміз. Біз басқаша əрекет ете алмаймыз. Сізге тырысуға болады, бірақ сіз бейсанада қалыптасқан шындықты жеңу үшін көп күш салуыңыз керек. Біз автоматты түрде бейсанада көрсетілген «Мен» əрекеттерін жасаймыз. Бұл өз кезегінде ішкі диалогтың нəтижесі. Ішкі диалог арқылы адам, өз-өзін сендіруден түсінік қалыптастырады. Біз автоматты түрде бейсанаға сəйкес əрекет етеміз, тіпті өз əрекеттеріміздің салдары туралы ойламаймыз. Содан кейін біз бұл əрекетті ішімізде өзімізбен өзіміз талқылай бастаймыз. «Мен дұрыс істедім» немесе «Негізі бар ғой ше… Мен дұрыс істемедім» деп өзіміз туралы ой-пікірді одан да жарқын етіп бекітеміз. Осындай қысқа ойлар (ішкі сөз) арқылы адам өз-өзін сендіреді. Ал енді тұйық шеңбер қалай қалыптасады:

1) «Мен не істеу керек екенін өзім білемін жəне үйретпей-ақ қойыңдар»

2) «Маған басқаның бағасы да, сыны да керек емес»

3) «Мен өз-өзіммен сөйлесетін жынды адам емеспін»

4) «Менің өзіме деген көзқарасым әрқашан дұрыс»

5) «Мен ешқашан сәтсіздікке ұшырамаймын»

6) «Мен кітап оқығым келмейді, маған жұмыс істеп отбасын асырау керек»

Бұл адамның басқаларға айтатын сөзі, яғни сыртқы ортамен қарым-қатынас, ал сол адамның өзіне айтатын сөзі, яғни ішкі қарым-қатынас мүлдем басқаша:

1) «Мен жасай алмадым, қолымнан келмеді»

2) «Әрдайым осылай қателесе беремін»

3) «Неге ештеңе өзгермейді»

4) «Неге менде ғана проблема бар»

5) «Мен қайтадан сəтсіздікке ұшырадым»

6) «Мен шаршадым, ажырасуым керек»

Өзінің немесе өзгенің үміттерін ақтамау арқылы көптеген адамдар бейсанада теріс тəжірибені жинақтайды. Содан кейін мұндай мəлімдемелер оң нəтиже бермейді, керісінше біздің өзімізге деген теріс көзқарасымызды арттырады. Біз өз үміттерімізді тағы бір рет ақтауымыз керек. Үміт ақтау проблема емес, өзіңмен айналысқың келмеу, кітап оқығың келмеу, ойланбау проблема.

ӨЗ ІС-ƏРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ

Өзін-өзі сынау (критика) екіге бөлінеді деструктивті ж/е конструктивті өзін-өзі сынау. Біз өз үміттерімізді ақтамайтын сəттерде өзімізді сынамауға үйренуіміз керек, өйткені деструктивті өзін-өзі сынау бізге көмектеспейді.

Өз іс-əрекеттеріңіздің тиімділігін қалай арттыруға болады? Біріншіден, өсіп тұрған бірінші ағашты кесіңіз, ол өзін-өзі құртуға бағытталған, сынауға, кемсітуге деген ұмтылыс. Өзіңізге айтыңыз: «Болды! Тоқта!» Содан «Бұл Мен емес» деп айтыңыз. Соңында, шешуші сөздерді айтыңыз: «Келесі жолы мен…» Келесі жолы қалай əрекет ететініңізді сипаттап, жазыңыз.

Өзіңіз туралы, өзіңізге деген жағымсыз көзқарас туралы ұмытыңыз. Мен сізді өзіңіздің немесе басқа адамдардың қателіктерін елемеуге шақырмаймын, керісінше қателіктерге бой алдырмауға шақырамын. Өзіңізге: «Келесі жолы мен қателік жасамаймын» деп айтыңыз. Осы тұжырыммен сіз өзіңіздің бейсанаңызбен бірден оң пікір қалыптастырасыз. Теріс тəжірибенің орнына ол болашақта конструктивті көзқарасты есте сақтайды. Өзіңіздің «Мен» деген оң имиджіңізді нығайту немесе теріс болса, оны жақсарту үшін, өз əрекеттеріңіздің қажетті нəтижесін елестетіп, неден аулақ болғыңыз келетіні туралы ойлануды жəне сөйлесуді тоқтатыңыз. Егер сіз өзіңіздің іс-əрекеттеріңіздің нəтижесіне қанағаттансаңыз жəне ақыл-ойдың көтерілуіне тап болсаңыз, онда бұл оң тəжірибені сындарлы, прагматикалық ішкі диалогтың көмегімен бейсана ішінде бекітуге тырысқаныңыз. Өзіңізге: «Мен осындаймын…", «Мен ешкімге ұқсамаймын» деп айтыңыз. Позитивті ішкі тұжырым – бұл өзін-өзі бағалауды арттырудың ең жақсы тəсілі. Оның көмегімен сіз ішкі сыншының (эго) дауысын саналы түрде өшіресіз жəне айналаңыздағы адамдар сізге жүктеуге тырысатын жағымсыз, теріс, негативті пікірлерден өзіңізді қорғайсыз. Оң, жағымды, позитивті сөздерді ішкі диалогтың көмегімен Бейсанаға бекітуге тырысыңыз. Позитивті, адекватты ішкі тұжырым өзіне-өзі әділ баға берудің ең жақсы тəсілі.

СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Отбасыңызда бәрінен «Мен Қандаймын?» деп сұрап көріңісші, әрине батылдығыңыз жетсе, сіз ең бірінші «біртүрлі, не деп жауап береді?» деп ойлайсыз. Бұл стресс тест деп аталады. «Əке (Ана) Мен Қандаймын?» деген сияқты, көп балалар не қорқады, не ұялады, ал әке-шешесі өлсе де баласына ондай сұрақ қоймайды, себебі ол өзінің баласының алдында дәрежесін түсіріп аламын деп ойлайды.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

11
{"b":"743006","o":1}