Литмир - Электронная Библиотека

түрлі ел басқару саясатынан жойылып кету дәрежесіне жақындап та

қалған. Қараңызшы, дүниежүзінде бірінші ғалым Аристотель деп

санасақ, екіші ғалым Әбу Әли Әл- Фараби қазақ. Дүниежүзіндегі ең

бай кітапхана Әбу Әли Әл- Фарабидің Отырар қаласында болған.

Ендеше, неге біз көзімізді ашып қарамаймыз, рухымызды неге

жүдетеміз, парасаттылығымызды неге аздырамыз! Бір елмен екінші

елдің жауласуында, соғыс айла- тәсілі- стратегиясында жеңіліске де,

жеңіске де талдау жасалады екен: неге жеңілдік, неліктен жеңдік

дейді екен. Біз де осылай ойлап қарайықшы. Ендеше қазақ деген

халықтың кемшілігі қайсы?

1. Билікке құмармыз. Билік үшін бәрін сарып етіп, жан- тәнімізді

де аямаймыз.

2. Күншіл халықпыз. Керек десеңіз жақынынның да сенен асып

кетуін қаламаймыз, есебін тауып, аяқтан тартамыз, өсірмейміз, қайта

өшіруге алып барамыз.

3. Еліктегіш халықпыз. Қалайда болмасын дұрыс- бұрысына

қарамай, көрінген жаңа санағанымызды қабылдаймыз, тіпті соны

бойымызға сіңіріп аламыз.

4. Жағымпаздыққа құмармыз. Қалайда болмасын тек жақсы

жағымызды көрсетіп, құрдай жорғалаймыз, қолтығына кіріп кетуге

бейімбіз. « Бара бергенше, пара бер» сөзін қолымызға ту етіп

желбірететін халықпыз. Соның салдарынан әділетсіздіктің құлына

айналамыз.

5. Ынсап, Қанағат дегенге мән бермейміз.

6. Жалқаумыз. Еңбектену жолдарын толық меңгермеген

жандарданбыз.

298

7. Дінімізді, ділімізді, тілімізді қадірлі сақтауға толық бет

бұрмаған халықпыз. Бұлардан да басқа кемшіліктеріміз болар, басты

негіздісі осылардың салдары неге алып бара жатқанына ойымды

қағаз бетіне түсіруімді тәуекел етіп отырмын. Оқушым, мен

данышпан емеспін, бірақ өз парасаттылығым қағаз бетіне түсір деп

отыр, сіз оны кешіріңіз.

Бір елде бір қоғамнан саясаты бөлек екінші қоғамға соғыссыз,

қан төгіссіз- ақ, көшуді « Балық басынан шіридіге» жатқызуға

болады: Капиталистік қоғамнан социалистік қоғамға өту,социалистік

қоғамнан қайта құру қоғамға көшу осылай орындалған сияқты.

Әдеттегісінде ел басындағылар түгел өзгерсе, соңында ел

басындағылар толыққа жуық орындарында қалды. Мұны іштен іріген

деуге болады. Енді кімді кінәлар екенбіз Жаңа құрылған қоғамның

құрмақшы елінің түпкі мақсаты, көздегені не екен деген сұрақ туады.

Бұл сұраққа жауап беру қиын сияқты. Жол бастайтын көріпкел

данышпанның жоспары беймәлім. Тек баю- баю. Ескіні өзгертудің

жолы – бөліну, қайта құру: ептілер екі- үштен асау, хан талапайға

салу. Қолы жетпегендерге құрылыстарды бұзып, қирағандарынан

үлес беру. Тағы да аяқталмай қалған, бітуге даяр тұрғандарын арзан

бағамен тағы бөлісу, бұзып керек жерге апарып қайта иелену. Құрал-

саймандарды да есебін тапқан өз үлесіне қарату, талау. Маған не

қалды деп көзі жәудірегендерге купон деген қағаз үлестіру, оны да

сатып беру. Қудан бетер сұм шығып, сол куподарды өзіне аударып ,

мүліктерін өз меншігіне қарату тәсілдері жүрді. Енді аяғына тұрып

келе жатқан ауылшаруашылығымыз бөлшектендірілді «Бөлінгенді

бөрі жеген соң» қайта біріктіруге көшейін деп еді. Ол бола қоймады

бөлінбей тұрғанда, ол шаруашылық мемлекетке пәлендей қарыз

екен, сонысын төлеу керек дегенде, жиналған жұрт орындарынан

тұрып кетті. «Ауылшаруашылық жылы» жарияланып, несие беру

саясаты басталды. Ол несиені алдыру жолында екі ортада жүрген

делдәлдар тағы үлеске ие болуды көздеді. Несиені алушы иесіне ол

сумма жету қиындыққа айналды, тек айту ғана. Бұл эканомикалық

дағдарыс болса, жұмыссыздық салдары қылмыстық іске итермеледі:

Ұрлық, көріне көзге тартып алу, өлтіру сияқтыға ауысты.

Дүниежүзі мәдениеттілікке ауыса бастағанда теледидар деген

пайда болған-ды.Сол телеэкранда бағасы арзан, зияндылығы шаш

етектен көп парасатсыз, әдепсіздік жолдарын үйрететін көрілімдерге

көштік. Бұларды мадақтау көп сериалы көрілімдер деген айдарлы

атымен атадық, көрсетудеміз. Жетіккен елдегі желіккендердің

модасын қабылдаймыз деп, көрсетуге ұялатын тәнімізді қызықтыруға

көштік, жалаңаштана бастадық онымен тынып қоймай, қазақ

халқына жат айтуға ауыз да бармайтын, жас қыздарымыз тәнін

бизнеске айналдырып та жіберді. «Несі бар екен Шет елде бұл

бұрыннан бар»- дегенге құлақ қояйық, еліктеуден ессіздікке көштік.

Бұл газет- журнал бетінде жарияланып та жүр. Осылайша арымызды

аяқпен таптауға көштік, әй дейтін әже, қой дейтін қожасыз болдық.

299

Бұған қоса бұрыннан етек алып үлгерген ес алатын ішімдік, темекі

сияқты шегу, уколмен қанға беру қосылып, тіпті бір күндік өмірді ғана

ойлаушылыққа ауыса бастады, «Но- сыз- кемшіліксіз» жанұя

кездестіру қиынға айналды.

Бұрындары төсек жаңғырықтырғыш еркектерді жексұрын деуші

едік, «Дүние кезек» болып, 2-3 бала тапқан ( Әр байдан) әйелдер

уыздай үйленбеген, өзінен 7-10 кіші жігіттерге үйлену басталды,

ұнатпаса қуып жібере алады оның үй- жайы, машинасы, дүниесі бар.

Сонымен, оңай жолдармен есепті тауып бағыт алғандарды « Жаңа

қазақ» деп те «Крутой» деп те ат қойылды. Оның да естісі бар, есері

бар көпшілігінде, есерлерінде әділетсіздік көп орын ала бастаған

қастандық әрекеттерге көшуге ұласты: «Өлсем де жастығымды ала

өлейтінге» күшті жарылыс жасау, атып кету. Осындай тәртіпсіздікті

жоятындардың ішінен оны қолдаушылар да, тіпті басқару

орындарындағылар да әшкереленуде.

Ақырында пара алу мәселелері басталып мемлекет

басшыларына жетті. Осындайдың боларын мұсылман дінін

орнатушы Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз 1- Хадисінде

айтқанда екен-ау. Білмесеңіз оқыңыз демекпін.

Ынсапсыздық деген тек адам баласында болатын жағдай екені

белгілі. Солай бола тұрса да адам және адамгершілік мәніне түсіне

білсек, адамгершілігі бар адам ынсапты келеді. Ынсапты білмей

қатыгездікпен байыған адамды ешкім де ұнатпаса керек, бір Алла да

оны жақсы демейді. Дүниеге жалаңаш келіп, бұйырса кебін деп

аталатын шүберекті ғана әкетесің, оны да Алла бұйыртса. Сол

сияқты қанағат та жақсы қасиет, қанағаттанусыздық бір жаман

жағдайға душар етеді.

Мақтан сүйетін халықпыз. Сол мақтанудың түбін

ысырапшылдыққа айналдырамыз. Ысырап жасауды Аллатағала да

дұрыс санамайды. Артығың болса, өз мүгедегіңе, өз жарлыңа

ұсынып отырсаң нағыз шын адам болатыныңды біл! Ақырында,

мұсылманбыз дейміз оныңа дау жоқ, бірақ сол мұсылмандық жолын

толық орындап жүргенміз кем де кем. Мұсылмандық жолын сақтау

қағидаларын орындасаң, барлық теріс әрекеттерден сау болар едік.

Тым болмаса жұдырықтай жүрегіңді таза ұстай білсейші.

Дінімізге келсек, қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасын еш

елде теріс көрмесе керек. Нағыз сұлу, адамгершілігі мол, қонақжай,

кісіге қамқоршы, үлкенге ылтипатты халық едік. Бұл да ұмытылып

барады.

Тілді білмеу, ана тілінде сөйлей алмау деген барып тұрған

мәдениетсіздікке жатады. Тілден айырылу – халықтығыңнан,

ұлттығыңнан айрылу, жойылуың. Цыган деп те, долы деп те

жатамыз. Көп емес, азғана халық, үнемі көшіп-қонып жүреді. Мектебі,

арнайы бала-бақша да жоқ, бірақ өз тілін біледі, ұмытпайды,

сөйлейді. Ұялсаңшы, цыган құрлы болмағаның ба!? Қазақ тілі өте

бай, оралымды тіл, оны толық меңгере білуге тырыс. Бір ауыз

300

сөзбен адамның тағдырын да шеше алғандар болған. Тіліңді

қорлағаның - өзіңнің қор болғаның!

Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Мәртебесін-төрі

деп білген, ізеттілігін-келінінен таныған, татулығын-абысынынан

тапқан, қызын-арға,ұлын- нарға балаған, дархандығын-даласымен

өлшеген, өткірлігін-қылышқа, намысын –найзаға теңеген.

Қанатты сөздерін дауға-дәру, жауға-қару, арыздыққа-араша,

татулыққа-тамыр,тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен

99
{"b":"579035","o":1}