ете білген халық едік. Парасатты болайық Намысымызды аяққа
баспайық, қорламайық. Намыстан айырылу-хайуандыққа көшкенің.
Сондықтан ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді деген сөз
бекер айтылмаған. Осы айтылғандарға мән бер, енжар болма.
Шерхан Мұртаза айтқан екен:
-Мен жауымнан қорықпаймын, көп болса атып кетер. Мен
досымнан қорықпаймын, көп болса сатып кетер. Мен енжарлықтан
қорқамын. Енжарлық қатыгез жауыздан да, сатқын досыңнан да
қауіпті-деген екен.
Өмір кезеңдері
«Өмір деген қызық та,
қиын да, қызығына
малына біл, қиындығынан
қорықпай, қарсы тұра біл.!»
Бұдан бұрын «Өмір деген не?», «Өмірдің әліппесі», «Махаббат,
ақыл және есеп», “Өзіңе өзің есеп бере білесің бе», «Семья- жанұя
өміріндегі әдеп, психология», «Кімге кім», «Ең ,ең, ең қымбаттым не
екен? », «Жылтырағанның бәрі бірдей алтын емес», «Ерлі-зайыпты
өмір сүрү кезеңі», «Әке мен баланың әңгімесі», «Астамшылықтан
аулақ бол !», «Құдайдан қорқу да ақылға сыйымды», «Қатарыңды
қай кезде іздейсің?», Есте сақтайтын ең бір күрделі жағдайлар т.б.
өмірге баайланысты әңгімелерге қалам тартқаным бар еді.
Осылардың бәрі де адам баласының өмірінде кездесіп жатады.
Негізінде адам баласының өмірі мына басты үш кезеңнен тұрса
керек. Олар :
1.дүниеге келу;
2.Тұрмыс құру-некелесу.
3.Қартаю өмір өнегелеріңді кейінгі ұрпаққа насихаттау, ақырында,
өмірден сақи болып аттану.
Алғашқы екеуі жақсы-ақ екен, ал үшіншісі ұнамсыз екен деп
шошыма, ол болатын ақиқат. Жазайын деп отырған әңгіменің мәнісін
бұрын-ақ айтып қойған сияқтымын. Оны білгің келсе,
жазғандырымды парақтауыңа, оқыуыңа тура келеді. Сол кезеңдердің
ішінен екінші кезеңде болған бір көріністен үзіндіге тоқталмақшымын.
Бұл кезең өмірдің ең бір шешек жарып, гүлденген, исі аңқыған,
бақытқа кенелейін деп тұрған, қайтып оралып келмейтін кезі екен-ау
301
дерсің. Сенің дүниеге келуің Аллатағалаға байланысты десек, екінші
соның себепшісі болып отырған әке-шешең дейміз, яғни, екінші
жаратаушың, кешіріңіз, құдайың болса керек.
Тұрмыс құрмақшы құрбылардың екеуінің де әке-шешесі бар.
Тұрмыс құру салты толық қазақша жасалынған: құрбылар бірін-бірі
ұнатқан; құдалар барлық рәсімін мүлтіксіз жасаған.
Той Шымкент қаласында 6\6-2004ж. өтті. Қыз беруші жағы менімен
бауырлас кісі еді. Тойға, қалайда, 4-5 жүздей адам шақырылған-ау.
Солардың ішінде ең жасы үлкені мен екенмін. Бұл кез менің 83-ке
аяқ басқан кезім. «Селдіреп сексеннен асқандар» деген тақырыпта
жазған әңгімемде қарттық тұралы айтқан болатынмын.
Той кешқұрым «Наурыз» тойханасында өтті. Әдеттегідей асаба
тойды бастап та жіберді. Бәрі де сценарий бойынша өтуде. Тілек
айтушылардың алдынғы қатарында маған да кезегі келіп жетті.
Халықтың уақытын алмау керек, қысқа да нұсқа боларлық сөйлеу
керек болды. Сондағы ойыма келіп, тіліме оралғаны:
«ассалаумағаләйкум жиналған қауым!»
Мына бүгін біздер атамыз қазақ дәстүрге айналдырған ата
салтымен қыз ұзату тойына жиналып келіп отырмыз. Нағира
қызымыздың әні-міне дегенше ержеткенін білмей де қалған екенбіз.
«Көрінген таудың қашықтығы жоқ» деген осындайды айтса керек.
Әйгілі ақын Асқар Тоқмағамбетов: «Өз бақытын өзге жақтан іздеген,
үйдегі бір жолаушы ғой қыз деген. Ақ ордасын қиып-тастап кетеді,
жүремін деп ана жүрген ізбенен» деген екен.
Қызымыз өнегелі жанұясы басшысы Нұрғали ініміздің, келініміз
Раһиланың сүт кенжесі болып, аялы алақанында өсті. Сол жанұяның
шешек атып гүлдеген гүлі еді. Ұлды үйлендіру, қызды өз теңіне қосу
ата-ананың парызы болса, бұл да салтанатты түрде атқарылғалы
тұр. Қыз екі елді байланыстыратын басты тұлға десек, екі елдің
құдандалы болуы құтты болсын дейміз! Қызымызға тігетін
отауыңның шаңырығы биік, керегесі мықты болсын, қосағыңмен қоса
ағар, бақытты бол, өсіп-өн, барған еліңе үлгілі, ата-енеңе сыйлы бол
деп айтамыз!»- деп сөзімді аяқтаймын. Ду қол шапалақтау! Той
жасаушы ініміз шапан жауып, қалпағын басыма кигізіп, құрмет
көрсетіп жатыр. Осыдан кейін сөз алған туған-туысқан, жора-жолдас
небір әдемі лебіздерін білдіруде, ән шырқалуда, өлеңмен де арнау
айтылуда. Той аяқталар кезеңі де болды. Құдандалы жек-жаттарға
сөз тиді. Екі жағы да қуанышты. Әрине, қыз беруші жағы, ініміз қатты
толқуда тұрғаны көрінді. Ол солай да болу керек қой. Тағы да
үлкеніміз деп, сөз кезегі, бата-тілек айту ұсынылды. Қосылып жатқан
жас жұбайларға күні бойы айтылып жатқан тілектерге қосарым:
«Аллатағала маған осы жасқа дейін өмір беріп, сендерге ақ тілегімді
айтуға жазған екен, бұған да қуануға болады, Алла қабыл етсін,
періштелердің құлағына шалынсын, жұғысты болсын демекпін:
алдымен, сендерге денсаулық берсін! Мен жасаған жастан да артық
өмір сүріңдер. Мен көрген қиындығымды сендерге бермесін, тек
302
қуанышыммен қызығымды, бақыттылығымды берсін. Мен тоғыз
перзент көріп, оны өсіріп, одан жиырма тоғыз немере, тоғыз шөбере
көріп, өсірген адаммын. Сендер де солай ұрпақ өсіріңдер демекпін.
Құдандалы екі жаққа да осы балалардың қызығын көріңдер, тату-
тәтті жекжат болыңдар демекпін. Біз алтын тойды да өткізген
жанбыз, қосағымызбен бірге тұрып келеміз, махаббатымыз әлі
басылған жоқ, сол сендерге жұғысты болсын! Махаббатарың ұласа
берсін! Қосақтарыңмен қоса ағарыңдар демекпін. Тілегімді Алла
қабыл етсін!-деп аяқтаймын.
Енді осы өмір кезеңдерінің әр кезеңдерінің ішінде бірнешелегенін
атап өтерлік мезгілдер бар. Оны біреу дәстүрге айналдырса,
мысалы, туған күн, екінші біреу жай ғана өткізеді. Ақылға шақсаң,
әсіре қызылға ұрынбаған әбзел ме деймін. Өз жанұяңда ғана еске
алса да жетіп жатады.
Үшінші кезеңде тірісінде мәпелемеген жанды бақилыққа көшкенде
шамадан тыс шашылып өткізуді мен бақи болғанға жасалған сый
демеймін. Ол өз атын мақтаншылықпен өсіруге әрекеттену дер едім.
Мұндай жағдайлар, өмірде болып жатады. Дегенмен, «өлі ырза
болмай, тірі байымайдыны» ұмытуға болмайды. «Атаңа не істесең,
басыңа сол келеді» болады. Мүмкіндігінше, ата – ананың айтып,
жазып кеткен өсиеті болып жатса, іске асыру әбзел.
11/VI – 2004ж.
Қиялдан пайджа болған тылсым Хикая.
«Шыдамдылық та керек
сияқты».
«Соқырдың сорақысы – көңіл
соқырлығы»
(«Адамзаттың асыл
тәжі» II том, 318-б)
17/VI-2004.
Көп нәрсені бастан кешкен біреу «Тайға да алған бір қатын,
танаға да алған бір қатын...» - деген екен. Алғаны ойдан шықты ма,
шықпады ма, ол жағы өз ішінде болса керек. Аспанға шапшыған
ойын сабырға жеңдірсе керек. « Сабыр түбі – сары алтын, шыдаған
жетер мұратқа» мақалын басшылыққа алып, күйзелгеннен гөрі,
шыдап – шыдап, қатарынан қалмай да, озбай да, өмір сүргендердің
алдыңғы тобына араласып, өмір сүрсе керек...
Кілең жүйрік ойын бәйгеден оздыруға тырысқан, шыққан мүйізі
де жоқ екеніне мән бермегенге сырттай қарайтын – ды. Асылының
303
қадірін білмей, онысының жан сұлулығын да байқамады ма екен!? «
Біреудің қаңсығы екіншіге таңсық» деп те айтса керек қазағым.
Сонымен, алтынын мысқа айырбастап, жаңа тапқан мысын ысқылап
жалтыратумен (жағымпаздықпен) өмір сүргендер де бар. Онысын өзі
мақтағанмен, басқа қауымға оның жасанды екені анық – ақ.
Байқағанға кілең ол өзін алдауда, алдануда, алдандыруда. Басқа
халық оның өз бағасын біліп – ақ тұрады. Бірақ ол кездесе қалсаң,
мақтанудан тайынбайды. «өзін - өзі мақтаған өлімнің қара басы»
деген қайда? Қариялық кезеңге де жетті, бірақ оның бойынан кішіге
деген қазақ қауымына бірлік жайлы ұлағатты лебіз шықпайды;
білмеуі мүмкін емес, біледі. Енді оны ол қашан уағыздайды деген ой