26-хаттан 8.10.1945.
12.10.1945. 27-хаттан:
«Жазған сөз жету қиын адамзатқа,
Сен үшін жазылған сөз осы хатқа.
Сағындық, құрбыласың менен сәлем,
Как дела, деніңіз сау саламат па?»
.--. -. - ға 12.03.1946
Қалқам-ай, қапа қылдың жауап бермей,
Жүрмісің қолың тиіп реті келмей.
Жолыңа қарауменен сарғайдым-ау,
Мен жүрмін сол қападан әрең өлмей.
Жүрегім сүйгеннен соң болды дертті,
Өзіңе ертеректе бердім сертті.
283
Соғыста жүргенімде естуші едім,
Көңілім осы жерде саған кетті.
Қабағың соңғы кезде ашылмайды,
Жүрегім сені ойлап басылмайды.
Жауабын қанша күтсем сенен болмай,
Көңілім көтеріліп тасымайды.
Жауаптың болар жерін өзің айттың,
Егерде ойды айтып біз барармыз,
Кідірмей, көп ойланған сені алармыз.
Сондықтан осы бастан айтам саған
Кідіртпей жауабын бер арнап маған.
Кетпесін істің басы қиындыққа,
Ертерек айтпай тұрып біздер оған.
Жазғаным он екі ауыз жұртқа жайма,
Жастық шақ зуылдаған жеткізбейді,
Қабыл ал құрбың сөзі құшақ жай да.
Қазықты қанша қаққан ырғалады,
Жолдасқа айтылмайтын сыр қалады.
Хатымды бұрын жазған айтқаның не?
Сыр шашқан сүйгенінен құр қалады.
Үйіңе барып едім шақырғасын,
Бетіңе қарамадым ұрыспасын.
Шақырған себебі еді сыр білуге
Деп ойладым кеткесін тырыспасын.
Түскенде көзің көзге жайдарлы бол.
Ашу-дұшпан, ақыл-дос деген бар ғой
Түсінсең, қалқатайым, айтарым сол.
Бар ойың әкеңді ойлады ақылың,
Шаршама жолдан шығып, жарқыным.
Сопда да жастық шағың есіңде ме,
Жан жолдас туысқаннан жақының.
Хат жазсам қолым менің іркілмейді.
Осымен өлеңімді қысқарттым мен,
Демегін ақырғы сөз бұл бітпейді.
Жазамын өлеңімді гүлге арнап,
Атыңды атамастан гүлге балап.
Жазғанды оқымастан ішің білер,
Жүргенім анда – санда сырттан қарап.
21/III-46.
Атыңа қалам алып жазамын хат,
Алмаңыз ойыңызға қайдағы жат,
Арнаған құрбың хатын оқығанда,
Ақ жүзің күлімдеген болар ма шат.
Иіліп қолыңдағы саусақтарың,
Икемге келесің бе жан сақтарым.
284
Именіп аузыңыздан сүйгізсеңіз,
Иріліп құшағыңа алшақтармын.
Жүрмісің сау-саламат қалқам айнам,
Жарықсың қараңғыда туған айдан.
Жарылқап жолығатын күн болар ма?
Жан сәулем жолығасың әлде қайдан?
Асылым артық едің атқан таңнан,
Ақылың табылмайды мұнша жаннан.
Аулыңа әдейі іздеп мен барайын,
Ардақты қалқам сені сағынғаннан.
Назарым түсіп еді өзіңізге.
Нанғаным осыншама сөзіңізге.
Наушадай сұлу денең көрінгенде,
Неғылып көз түспеген көзіңізге.
Жазылды атың, асыл затым тауып оқы, көңілге тоқы. Жазушы
өзім, көрген көзің, есіңде бар ма айтқан сөзің? Соққан жүрек,
ұстасқан білек, қосылар кешікпей тілек. Саусағың бестен, шығарма
естен, сөйлескен түнді, қосылған үнді, қайыр хош сау бол
жолыққанша енді.
22/III-46.
Сарғайып таң атқандай,
Аңсап жарды жатқандай.
Ғасыр өтпес осылай
Ықшамдап сүй жасқанбай.
Ниетің жақсы басқадан
Деген жерден қашпаған.
Ықыласпен сүйгенді ал,
Қапада бол ма, қалқажан!
23/III-46
Көктем келді күлімдеп масайраған,
Жер бетіне күлімдеп гүл жайнаған.
Еңбек еткен жастар да қимылдауда,
Колхозшы жүр егісте қос айдаған.
Қыздар сұлу көрінген қызыл – ала,
Қызықты өмір сүру бара-бара.
Жігіттер, қадамыңды қаршылай бас,
Уақыт сендер үшін келді жаңа.
Қыздар шашын тарайды жылтылдайды,
Күлкісі қандай жақсы сыңқылдайды.
Белінен құшақтасаң сүйген жардың,
Наз қылып әлде неге ыңқылдайды.
Біреулер жүр жастықты біле алмай ма?
Білсе де қызғанумен көре алмай ма?
285
Араға екі жастың су құюмен
Шарбану әлде сені бай алмай ма?
Қарағым, сыртың бүтін, ішің түтін,
Алдымен, үйде жүріп, өзің күтін.
Түтінге шашаларсың, бұлығарсың,
Шашалмай осы бастан алдын тұтын.
_ ._._._._._._._._, өз басыңды өзің биле,
Жолдасың мақтағанмен сөзіне име.
Достығы дұшпандықтан оза алмас,
Сүйгеннен қалып қойып, жанып күйме!
Көктемде кім күлмейді, кім жүрмейді,
Ғашығын құшақ жайып кім сүймейді,
Біреудің айтқанына сен ермесең,
Шәуілдеп қайта – қайта ол үрмейді.
27/III-46
Үш рет сүйдімдағы қолдан қыстым,
Талаптан Бәйгеқұмның жолын тостым,
Шаршағанның барлығы естен шығып,
Жол үстінде сырласып көңіл қостым.
Шаршағаным көргенде ойдан қалды,
Аузыңнан сүйгенімде шөлім қанды.
Сөйлесіп екі сағат тұрсамдағы,
Артыңнан қарай-қарай көзім талды.
Жұмыстан соңғы уақта шаршағаның,
Көргің келіп сүйгенді аңсағаның,
Айтпасаң да білдіреді бет ажарың
Қуанып сөз таппастай тамсанғаның.
14/IV-46
Ойлаймын жатсам-тұрсам қалқам сені,
Сендағы ойлайсың ба сәулем мені,
Ұйқтасам өне бойы түсімдесің,
Көріңдің таусылмастай алтын кені.
Ояндым таң сарғайып атқанда,
Қасымда жоқ екенсің жатқанда.
Ыстық бетің бетіме келіп тиді,
Күн шығар деп ойладым батқанда.
Күндей болып көріндің дәл көзіме,
Шын айтамын құлағың сал сөзіме.
Күндіз күн, түнде айдай жарқырайсың,
Сүйгенім сұлу болдың сен өзіме.
Қарай – қарай сыртыңнан көзім талды,
Талса да ойыныңа мейірім қанды.
Сүйгендіктен бойыңнан мін таппадым,
Жүрегіме жазылмас ауру салдың.
286
Шын ғашық көңілімді налындырма,
Отпенен суға салып жалындырма.
Жастықта налығаным жаман болар,
Сүйгенге сөз таппастай қарап тұрма.
Артында үй ішіңе қарасармын,
Өзіңмен ойнап күлсем жарасармын.
Дегенде осы уақытта жас емессің,
Құрбыңның еңбегімен санасарсың.
18/IV – 46
Сәлем бердің қабын ал атың Балдай,
Жүрмісің сау – саламат жайың қандай?
Бұрын барып сыртыңнан көріп едім,
Сөйлесуге болар ма бүгін жағдай?
Қазақта мен боламын орта жүзден,
Тыңдасаңыз айтайын қорыта сөзбен.
Орта жүздің ішінде Қыпшақ болам
Жолдастыққа жарардай ойладым мен.
Ішінде Қыпшақтың мен Бұлтың атты
Бәйгеқұм алқабында олар жатты.
әкем аты Алтынбек деген кісі
Сағындық көтер көңіл болар шатты.
Есіткен соң даңқыңа мен келемін,
Шаппасам да аяңдатып желгенім.
Талаптанған жұмысым бір өзіңде,
Орындалар жұмысым деп сенгенім.
Мақұл десең өмірде көңіл қоссақ,
Айрылмастай тату дос біздер болсақ.
Осы бастан жұмысты қиын етпей,
Қосылатын күндерде жолды тоссақ.
22/IV – 46
Көктемде күлімдеген жердің беті,
Көз салсаң, көрінбейді көңіл шеті,
Кей жастар пайдаланбай уақытын,
Көр болып көзін ашпай жұмып өтті.
Жиырма төрт осылайша өткенің бе?
Шығармай атыңды бір кеткенің бе?
Қазағым үйренбедің мәдениетті,
Жиырма бес асығыспен жеткенің бе?
Онсегіз жігіттерге албырт ойлы,
Іздейсің көңілің шатта күнде тойды.
Қызығып қызарғанға мәз болумен,
Білімнен басын тартып, оқуын қойды.
Сүйткенше он тоғызға келіп жеттің,
Отанға қауіп туып армия кеттің.
Басыңа күн туғанда ақылың кіріп,
Саңынды бір соқтың да жерді тептің.
287
Соғыстың зардабымен қиналғаның,
Асып – сасып аттанысқа жиналғаның.
Отанның тілегін сен орындаумен,
Төрт жылың төрт наградамен сыйланғаның.
Ұмытпадың ескілікті қазақ атын,
Келуде туысқанға жазған хатың.
Қажымай жауды жеңген асыл затым.
15/VI – 46
Қолыма қалам алдым хат жазуға,
Жүрегім балғадай соқ кен қазуға.
Асыл зат шығар жерін ойлаған соң,
Болмайды қарап жүріп азуға.
Биік тау егер қазсаң шығады кен,
Адаспай ақыл ойға болар ма тең,
Көз көрмей мақтағанмен ере берме,
Күткенің ұзақ жолдан болды ма кем.
Жастайынан білуші едім Асанды
Адамның парқын білмей мастанды.