Сағындық Алтынбекұлы
Көп екен өмірдің бұралаң жолдары
«Неменеге жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне...
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр».
(Мұқағали Мұқатаев)
Мұхаммед пайғамбардың Хадистерінен.
№212. «От басындағы үнемшілдік – бүкіл тіршіліктің тең
жартысы. Адамдармен достасу – ақылыңның жартысы. Сұрау қойып,
әдепшілікті үйрену – біліміңнің жартысы».
«Ұлағат», №14 (16), тамыз, 2002ж
.
«Бүгінгі заман - өткен Заманның
баласы,
болашақ Заманның атасы» (А.
Байтұрсынов)
Тарих туралы
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің №110 (17425) 24.08.2002ж.
санында Зейнеп Рысбекованың «Бұрмаланған тарих,талқыға түскен
ел, жер, тұлғалар" мақаласын оқысаңыз қазақ халқының тарихына
280
жасалған зорлық туралы айтылады. Бұдан бұрын да Мүрад Аджи
«Қыпшақ даласының жусаны» деген кітабында Қыпшақ деп
саналатын халыққа жасаған қызыл империяның зорлығы жан жақты
баяндалған-ды.
Ел басқару жайы.
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің № 20-21 (17657) 14.02.2004 ж.
санында ел басқару жұмысында көп жылдар жұмыс істеген, қазір де
сол жобада жүрген парламент мүшесі Амалбек Тшановтың «Жиған –
тергенін о дүниеге арқалап кетіпті дегенді естігем жоқ» деген
журналиске берген сүхбатында халық сайлаған парламент мүшелері
мемлекетке жерасты байлығынан түскен қаржының қайда кетіп
жатқанынан, қанша түсіп жатқанынан хабарсыз екенін айтады.
Парламент мүшелерінің оны білуге құзыры жоқ дегенді айтады.
Жасырын түрде игерілуде дейді. Үкімет парламентті өзінен төмен
көретіндігін баяндайды. « - оның үстіне, үкімет өз мақсатын «алпауыт
партиялар арқылы жүзеге асырып жатыр ғой...», шетелге жөнелтіп
жатыр дегенді айтады. «Біз үнемі алдап – арбаудың құрбаны болып
келе жатырмыз». «Мысал үшін Парламент өз құлшынысымен бір
заңды берді делік. Егер үкімет қаламаса, қайткенде де сылтау тауып,
мынау болмайды» дейді. Бітті. Қандай керемет заң болса да, үкімет
қарсы болса, әртүрлі сылтаумен өткізбей тастайды. Ал, мәжілісте өз
көзқарасын ашық білдіре алатын 15-20 ғана депутат бар.
Қалғандары – «Отанның», Азаматтық партияның және Аграрлық
партияның сойылын соғушылар. Мәжіліс депутаттарының 60-65
пайызы – солар». «Үкіметтің іс - әрекетінің халықтың әлеуметтік
жағдайына қайшы екені анық». «Ғылым академиясын жауып
тындық». «Ал, шын мәнінде, сөз бен істің арасында алшақтық көп».
Міне, газеттің екі бетін түгел алып жатқан сухбатта сүйсінерлік жай
жоқ. Бұған қоса «Асар» партиясын құрып, оған да тиісті орын беріп
отырмыз. «Асардың» да илейтін пұшпағы түсінікті сияқты.
Сонда еліміздің заң жағын реттеуші парламент бар деп жүрміз.
Шын мәнінде, ол егінді құс жеп кетпесін деп қойған қарақшы сияқты.
Шыққан заңның бұзушылары-бұзықтардың өзі сол заңгерлер екенін
газеттен оқудамыз. Ол бұзық одан құтылудың жолын да білсе керек.
Қысқартып айтқанда, «Болатын елді дұрысы басқарады, болмайтын
елді ұрысы басқарады» деген жаңа мақал да пайда болды ғой.
«Байда бәрі бар, иман жоқ, кедейде түк те жоқ, құдайы бар». Құдай
деген халықпызғой, үмітсіз шайтан болсын, үмітімізді үзбейік!
Алғашқы ауыр күн
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен – ақ елге ерте оралған едім.
Менен майданға екі жыл кейін (1943 ж.) алынған ағамның Алға –
Серік деген баласы ол майданға алынған соң туған екен. Совет
Армиясы алға кетіп бара жатқанда туған соң, атын Алға қойған екен.
281
Мен Майданда жүріп сендерге біз барғанша Серік болсын деп
қойғанмын. Сонымен, аты – Алға – Серік еді. Мен үйге 25/XI – 45 ж.
келдім. Серігім жүрген де екен. Тілі енді шыға да бастаған. Мені
көргенде: «Шақ, аға» деп мәз болушы еді. Сол Серіктің ауырғанына
бір ай болды. Ескі күнделік дәптерімді ашып отырсам, мына жолдар
көзалдымнан шыға келді: «19/V – 46 ж. Түстен кейін Алғаның қасына
келіп қарасам, нашарлап жатыр екен. Аяғында жан жоқ. Сәлден
кейін қолынан да жан кетті. Көзі аударылып жатыр. Өзім өлімді
бұрын – соңды атқармағандықтан, Бәйгеқұмға Таумай ағама жаяу
тартып кеттім. Отырған жерімізден ара қашықтығы 7-8 км болады.
Бәйгеқұмға сағат 1655 шығып, 1740 жеттім. Кідірместен жағдайды
айтып, 1900 Таумайды ертіп келдім. Ол кісі жүргіш есегінде мен жаяу.
Артын ала Молдабек те, Палбике де, Раш та келді. Бәйгеқұмға кетер
алдында Алғаның қасына келіп, өзім қойған атым бойынша Серік
дегенімде, маған қарай қолын созды. 4 жыл Отан соғысында өлік
жастанып, тас бауыр болып кетсем де, көзімнен жас шығып кетті.
Келгенімше дүниеден кете қойсаң деп, ырзалық білдіріп,
маңдайынан бір сүйіп, жылаған бойыммен шығып кеттім. Келгенде
дәл бізді (мені) күткендей, сол қалпында жатыр екен. Көп ұзамай-ақ,
кешке 2030 да жан тапсырды. Әдепкі дауыстап жылағанда, жүрегім
дүрсілдеп соғып, көзімнен жас шықпай, соңынан барып шықты.
Сондағы ойымдағы: «Папаң келгенде, не деймін, не бетімді
айтамын. 3 жылдан бері сағынып күткен папаңды күтпей – ақ, бір
ауыз сөз қатпай – ақ кеткенің бе? Қош, Қалқам Серік! Дүниеге
келгеніңді көрмесем де, кеткеніңді көрдім.Папаңа қызық ойыныңды,
тәтті тіліңді, қылығыңды баян етіп айтайын. Сонда да өз көзімен
көргенге не жетсін. Сөйлеген сөзің әлі есімде, «Шақ, аға!» - деп,
алдымнан жүгіріп шығ ушы едің. Ұрыссам, «Папама айтамын» -
деуші едің. «Папам велосипед әкеліп береді» - деуші едің. Неге
папаңа қарамай кеттің! 3 жасқа толғаныңда, жансыз көлеңкеңді де
түсіріп алып қалмадық. Соңғы түріңді, тіліңді жеткізіп қалай айтып
беремін. Папаң жоқта Серік болады ғой деп едім, кеттің ғой. Сен
ненің қызығын көрдің? «Папа!» дегенің болмаса, папаңның қандай
кісі екенін білесің бе, білмейсің бе? Папаңның атынан қош бол,
ырзамын дегенді мен айтайын.
Арамызда кіп – кішкентай болып жүр екенсің ғой. Қарап
отырсам, адам болып қалған екенсің ғой. Анау жатқан ұзыннан
созылып жатырған денең, тоймайтын қара жер сені де бойына
сіңіреді ғой. Еш болмаса, папаңның алдына бір шығып, бір күлдіріп
айтатын өлеңіңді айтқаныңда, папаң құмарланып көріп, бетіңнен
сүйсе, армансыз болар ма еді деймін ғой. 1943 жылы 14 апрельде
сағат 02.30 – да Отанға қауыпты күн туғанда, Қызыл армия алға
басып бара жатқанда, жарық дүниеге шығып едің. 1946 жылы 19 май
20.30 – да бейбітшілік уақытта қызылша ауруына бірнеше түрлі
аурулар қосылып (делбе, ит тию, іш ауру, әспі), 18 апрельде жатқан
сені 31 күн дегенде бәрі қосылып жеңді. Осы уақытқа дейін қимастық
282
жасап күттің. Сені қимағанмен, ауызын ашқан тоймас қара жер саған
ынтық болғандай алып тынды ғой.
«Мәңгілік қош бол! Ағаң Сағындық. 20/V – 46» делінген. Денесі
19 рзд тұсы, ескі жердегі бұрынғы мектептің күн батыс жағында
150м. жердегі ақ шеңгел ішіне қойылды. Ол жерде 4 – 5 бала ғана
қойылған екен.
Таутекедей таудан тасқа секірген албырт
шақ.
Ой.
Негізінде, нәпсім – бөрім, ойым – қойым, нәпсіге ойды «Жемей»
жоқ қой тойым. Біле алмай қайсысына қарарымды, болып жүр осы
уақытта дел – сал бойым.
Тұрмағанбет Ізтілеуов(1882-
1939)
Өлеңмен өрнектелген ойлар.
(Күнделіктен)
«Оқыдым мен шырын –палдай сөзіңді,
Жасап қалдым бір көргендей өзіңді.
Бүгінгі күн мәңгі есімнен шықпайды,
Себеп, көрдім сенің қара көзіңді.
Алдым сәулем атыма атап суретіңді жолдаған,
Қара көзің Мағынамен қарайды ғой дәл маған.
Дегендей ол: - Күтесің бе жаным сәулем мені сен
Ұнайды ма мынау тұрған саған менің көлеңкем?
Бірақтағы көңілім менің тыныштығын бермейді,
Сондағы жүрек сырын менің шешкім келмейді.
Жүректегі жалын шоғы азаймайды, ұлғайяд,
Ойлама сен сөнеді деп, ол өмірде сөнбейді»