Ол - өзіңсің.
Кім бізге тапсырма беріп еді дейікші. Ешкім де тапсырма беріп,
не зорлаған жоқ. Қараңызшы, екі жақтан екі игілікті бір тақырыптағы
мақсаттың түйісуін; бірі бастаушы да, екіншісі қостаушысы. Бұған
қуанбағанда, ырза болмағанда, неге ырза болар едің!
Түсінген ойлы адамға осы ісіміз құптарлық іс қой деп санаймын.
Мен болсам, пәлектегі исі шығып піскен қауындаймын: ұлғайған
адаммын. Сен болсаң,гүлдеп өркендеген өсу сатысындасың.
Жемісің мол, халықаа қалаулы, сүйкімді болуыңды тілеймін.
«Халықпен қоштасу» деген тақырыпта да бірдеңе жазған
болдым: осыдан кейінгі әңгіме сол.
Дүниеден өткен үш адамға қоштасу рәсімінде (намазға
жиналғандарға арнап) сөз де жазғанмын. Оның екеуін өзім
оқығанмын. Ол туралы менің «Көзбен көрген, бастан кешкен» атты
әңгімелер жиналғымда жазғаным да бар.
Маған белгісізі – қандай жағдайда, қай уақытта, қай жерде көз
жұмуым және халық алдында қалай шығарып салатыны. Бұл іс,
әрине, қалғандардың (бауырларымның) ісі. Осындай жағдай бола
қалғанда, хабарлануға тиісті жандардың тізімінде өзіңді де
жазғанмын. Хабарланып, топырақ салуға мүмкіндігің болып жатса,
өзің басқарасың ба деген үміттемін. Шілік жағын жетік білмеймін ғой,
Шиелі жағы саған онша таныс болмағанмен, маған таныс қой.
Сондықтан да бастаған ісімді өз қолыңа тапсырған едім ғой.
Мақтанатындай еңбегім де жоқ, бірақ бүкіл өмірім ой үстінде
өткен адаммын. Маған оқып, білім алғандар теріс пікірде болмас,
барымды аяған жан емеспін. Солай бола тұра, ұмыт болып бара
277
жатқан ата – бабаларымызды зерттеп, онымен бауырларымды
таныстырудағы – хабардар етудегі еңбегімді өзіме үлкен Жұбаныш
санаймын. Оны аяқтаушы, жарыққа шығарушы өзіңсің.
Менің осы жазғанымды өз балаларыма көрсетіп, тосырқамай
батыл кірісіп, бүкіл Бұлтың атаулығы басшылық, ағалық іс жасайды
деп үміттенемін. Ересектері қартайды, кейінгілері өзіңнен аспайды.
Шошаң еткізіп намаз жасап, жүзін жасыруға (көмуге)
асыққандықты үлгілі іс деп ептемеймін. Бұл дүниеден өтетін адам
қазір өтіп бара жатқан адамның кім екенін соңғы минутта тағы да
ойына алып, толғанып қоштасқанын әбзел деп санаймын.
Ағаң Сағындық Алтынбекұлы
18/IV 2003ж. 11. 50
(Көшірмесе конверттеліп, иесіне табыс етілді)
«Ұстаздың ету – уақат ұту емес,өзгенің бақытын аялау, өзіңнің
ауқытыңды аямау». Жан –Жақ Руссо.
«Жақсылықты жықсыдан тап» (Аристотель)
Ақыл мен сезім сияқты спонсоры бар сұлу ғана – нағыз сұлу.
Басқа сұлулық – сахнадағы «суық». «мис» қой...
(Нығмет Ғабдуллин).
Шар сияқты айналған өмір.
Таң атып, күн батуы күн санап қайталануы анық болса, адамның
өмірі де дәл сол сияқты: дүниеге сәби болып келеді, өседі, жеттігеді,
жұптасады, ұрпақ әкеледі, ақырында, қартаяды – дүниеден өтеді.
Бұған таң қалатын да, өкінетін де ештеңесі жоқ.
Сол кезең кезінде өмірдің ащысын да, тұшысын да көруге тиіс.
Дүниеден озған бауырына қалған ұрпағының күйінуі – азалауы
да заңды. Бірақ уақыт өте келе бәрі де ұмыт болады. Қимасым еді
деп, бірге кету жоқ, солай жасаймын деу ақылға сыйымсыз.
Қалғандардың қолынан келері – еске алу, жерлеген орнын
дұрыстау, аңсағанда басына барып, мауқын басу.Қалдырып кеткен
еңбегі болса, суреті болса, соған қарау. Бұл- тәнін көрмесең де,
рухымен пікірлесу.Осылай жасау арқылы өзің де бір жасағандай
боласың. Демек, сенің де үлкеюге бет бұрғаның. Тұла бойыңмен
толғанып, әбіржудің керегі жоқ, ол сені жасытады; жасымаған жөн.
Табиғаттың заңдылығы деп түсін.
Менен тарағандар ешқайсың да жетімдік өмірді көрген
жоқсыңдар. Бұл – сендерге үлкен бақыт. Сол бақыттылықты дамыту
өз қолдарыңда. Денсаулық, бақыттылық басты армандарың болсын!
Менің жеттіктіре, шығара алмаған биігіме жетуге тырысыңдар!
Аз жасадым демеймін, өту заңды. Қуанышым – алдыма ұрпағымды
салмай бара жатырғандығым.
13/Ш – 2004ж.
23.00
278
Мені білгіңіз келсе
Жазғандарымның ішінен, «Бастан кешкен көз көрген» әңгімелер
жинағының №2 дәптерінде 98 – 110 – беттерінен «өмір көрсеткіші»
және «Ойдың таяғына сүйеніп өткен адам» тақырыптарын
оқысаңыз тез мәлімет аласыз («Адам – заттың асыл тәжі», II том,
Алматы 2003ж. 318 – б.)
Өзгелердің халінен өзіне сабақ ала білген адам – ең бақытты адам»
(Адамзаттың асыл тәжі, II том, 318-бет)
Халықпен қоштасу
Мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» деген кітапшасын
оқып едім. Ондағы ұққаным адамда тән және жан – рух болатыны.
Сол рух адам дүниеден өтсе де, өзімен бірге болған тәнге қарайлай
беретіні айтылған.
Дүние жүзіне әйгілі болған екі адамды ұзақ сапарға аттандыру
салтында болғаным бар. Екеуі де Москвада жүргенде дүние салды.
Бірі - әйгілі әнші Күләш Байсейітова. Күләштың тәнін Абай
атындағы опера – балет театрына қойып қоштасты. Соңғы сапарға
шығаруда өзінің сүйіп орындайтын «Гакку» әні орындалды.
Қоштасушылардың көзінен еріксіз жас шығып кетті. Не деген әсер,
не деген күш!!! Ән орындалғанда, шаттық лебі емес, қайғылы леп
ескендей сезілді.
Екіншісі- Мұхтар Әуезов. Бұл да опера- балет театрынан
шығарылды. Табыттың басында Валентина да, Фатима да отырды.
Екеуі де Мұхтардың әйелі еді. Мұхтардың тірі кезінде олар бір
мезгілде осылай отырды ма екен?! Енді таласатын, қызғанатын несі
қалды! Екеуіне де аяулы болған жан еді. Енді рухымен қоштасарда
ол сезімнен аулақ болғандықтың жолы ма дедім.
Сол Мұхтар дүниеден кетуіне екі сағат қалғанда, операция
алдында, жора – жолдастарымен қоштасты емес пе! Ол кейін
«Қазақ әдебиетінде» жарияланды.
Бұлай қоштасуды мен естілік санаймын. Мұхтарға шәкірттік
жолым да болған – ды. Сондықтан да соңғы сапарға шығарып
салуда қаралы веногын біздер алып жүрдік.
Өмірімнің соңғы кезінде өзім тұратын жайымды ауыстырып едім.
Ол туралы жазғандарым да бар. Онымды себепті, орынды деп
санаймын.
Қадыр Мырза Әлидің мақал – мәтелге айналып бара жатырған
мына сөздері – «Жат жердегі мола, өзің жатсаң да, сенікі емес» ой
салды, қатты толғандырды. Өзім инфаркт алып қалғанымда, есіл –
дертім ел бола берді. «Туған жердің қыран құсы – жат елдің
бұралқысы» болды да тұрды.
Сондықтан да туған елім деп, халқым деп рухым тәнімді алып
келіп тұр.
279
Өмір деген – талас. Сол өмірде, сол таласта ешкімге қарыздар
емес сияқты едім. Айтарлықтай көңіл қалатындай жай да жоқ сияқты
еді. Ырзалық айта алмағанымыз болса, кешірерсіздер.
Мен өмір бойы оқытушылық жасап едім. Менің қатты айтқан
сөзім, ашулануым достыққа, адамгершілікке итермелеген жағдайда
болған деп санаймын. Ол болған жағдайларды шәкірттерім өздері
мойындап, уақтысында түсініп, мені аймалағандары да болған – ды.
Өзім дүниеден озсам да, мен оқытушы едім ғой. Жазып кеткен
«Бастан кешкен, көз көрген» атымен берілген сериялы әңгімелер
қалып бара жатырғанын кейінгілерге тәрбиелік мәні болар санадым.
Дүниеге жалаңаш келіп, азғана бойымды, тәнімді, жасырған
затты ғана алып барамын. Сонымен қатар, сендердің жылы
лебіздеріңді, шуақты көңіл күйлеріңді алып барамын. Тағы да
Қадыр Мырза Әлидің “Ой арманы” деп аталатын бір ауыз өлеңін ту
етіп желбіретіп алып бара жатырмын. Ол:
«Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ
күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, және
жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туа сап – Жамандар
бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.
Өзің айта алмасаң, айта білгенді де тыңдаған дұрыс сияқты.