Литмир - Электронная Библиотека

есіткеннің бірі едім. 19 жастың алғаш сатысына аяқ басқан мендегі

Отан үшін деген намыс әлі күнге дейін басылмаған сияқты.

Отан деп қанша жан жер жастанды – қаза болды, қаншасы

мүгедек болды, мүгедектік дәрежеге жасы жетті.

Олардың да қалғандары саусақпен санарлық қана қалды.

Бүгінгі күн сол Отанды жаудан тазартамын деп, бүкіл Россияны жаяу

аралаған мен сияқтылар бүгінгі күні жаяу жүруге жарамай да қалдық,

таяқ сүйеніп, әр жерге бір дем алып, отыра қоятын да ыңғайлы орын

болмай, сол таяққа сүйеніп тұрғанымыз.

Жас кезімізде бізге рухымызды көтеріп, мақтап жібергенде,

өлімді естен шығарып, ұшып тұрып, көкірегімізді оққа төсеп,

шабуылға шықтық та. Майдан кезінде алған наградалар да,

Сталиндік алғыстар да жетерлік. Олар қаттаулы түрінде қағаз

түрінде сақтаулы.

Соғыстан кейін де 58 жыл бойына ебіне лайық сый – сыяпаттар

да болуда ғой. Оған рахмет. Ол бізге істелінбегенде кімге істелінуші

еді.

«Қарнымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің қашқанына

жылаймын» депті ғой бір әбіржіген бейбақ.

Ол біз қорғаған Советтік қоғам күйреді, өзінен өзі жоққа

айналды, қолдан жасалынды. Олай болуы мына біздер үшін түсінікті.

Бізге оның құлауын дәлелдеудің керегі жоқ. Ол дәлел біздің

құлағымызға кірмейді.

Сонда дейміз ғой, осы реніш сияқты сөзімізді кімге

айтпақшымыз.

Жүруге жарамай қалғанда, қазіргі әлділерді «Жаңа қазақ» деп

атапты ғой, соларға айтамыз ба?! Қазіргі елдің егесі солар көрінеді

ғой. Олардың балалары, өздері қос – қостап мініп жүрген

машиналар, аренда – жалға беріп қойғандары қаншама десеңізші!

Соғысқа қатысқандарға машина береді деп, күте – күте көзіміз

де көгерді, көрмеуге айналды. Сол жеңістің 58 жылдығын қарсы

алуға көшеге де шыға алмай отырмын. Екі аяғым да, қосымша

қолымдағы таяғым да маған ренжіп: «Қашанға сен шалды тасимын!»

- дегендей шиқылдайды. Тірі кезіміздегі бермеген көлігі кімге керек?!

Аяғым мен қолымдағы таяғым қай жерге жеткізсең де ерік

сенде қалып тұр. Бар сенерім де, серігім де өзіңсің бе деймін.

«Өкпелесең, көшке берген тайлағыңды ала қой!» деген Отанның

жұртында отырғандаймын. Көз көргендер, бізді пайдаланғандар

дүниеден өткен. Олар да асарын асаған, жасарын жасаған.

274

Жұртта қалған деген осы шығар. Тіріңде бейнетті көп шексең,

өлгенде рахатқа бөленесің деген де ұғым бар көрінеді. Алла

бұйырса, содан басқасы таусылғандай.

2003 ж. 9 мамыр, сағат 9:00

«Марапаттау идеясы – Қоғамдық сананың ойлап тапқан

ойыншығы» деген сөзді сол Нобель сыйлығының иегері Альбер

Камюдің өзі айтқан көрінеді. «Ойыншықтармен» ойнау сайқал

саясатпен араласып та кететін кездері аз емес.

«Оңт. Қаз.» 15/XI – 2003

Мұхтар Шахановты білу деген - қазақты білу,

алдыңғы қатарлы ел деп жүрген евро – азия алдыңғы

қатарлыларынан хабардар болу, XX – XXI ғасыр саясатынан,

идеясынан өмір шындығын түсіне білу.

7/VII – 2003 ж. 10 сағат 33 минут Алматыша.

Өз ойым.

«Аллаға өтпей парамыз,

Тамұққа кетіп барамыз.

Парамыз өтсе пейішті

Жекешелендіріп аламыз» Н.Н.

(Нұрмахан Назаров)

«Оңт. Қаз.» №102(17418), 8/VIII – 2002 ж.

«Жамандықтың үстемдік алуы үшін жақсы адамдардың

әрекетсіз отыруының өзі жеткілікті». Эдмунд Берг, ағылшын

философы әрі саясатшысы.

«Адамдар арасындағы қарым – қатынас жіңішке жіп сияқты.

Жіп үзіліп кетпеуі үшін бір – біріне деген берік сенім мен сыйластық

керек. Өйтпесе жіп үзіліп кетуі мүмкін. Оны қайта жалғауға болады.

Бірақ арасында түйін қалады.» Үнді философиясынан.

(«Оңтүстік Қаз.» №153 - №154(17630) 13.12.2003 ж. 10 – бет.

«Жұлдыз» №9, 2002 ж. Әбубәкір Дастанұлы

«Сегіз сыр» - дан 120 – б.

«Адам мінезігдегі құпия құбылыстың бірі мұң болса керек.»

.....«Адамның ішкі мұңы, сыртқы мұңы болады. Ішкі мұң сыртқы

үнмен үндестік тауып, қыран ой қанатын дүр сілкіп, сыртқа шығуға

талпынады». «Мұңды адам – ақылды адам. Ақылсыз адам мұңды

бола алмайды. Мұң – ақылдың сыңары».

275

.....«Мұңды адам – ішті адам, ішті адам – күшті адам. Ол

ешкімге жарамсақтанбайды, өз күшіне өзі сенеді».

....« Бұл күнде шындықтан жалғанның еңсесі биік. ...Талантты

тәлтіректеп жүр, талантсыз талтаңдап жүр. Әділдікті әділетсіздік

қылқындырып жатыр...Даналар аштықтан қатып жүр. Неге бұлай?

Өткен заманда ғой Сократ, Платон, Аристотель, Сенака, Әл –

Фараби, Спиноза, Кант, Гегель сияқты ұлы ойшылдар дүниеден ішер

ас, киер киімге жарымай өткен. Сол дәстүр күні бүгінге дейін неге

жалғасып келе жатыр?».

....«XXI ғасырға дүние ақыл дағдарысына тап болып келіп отыр.

Олай дейтінім, жаңа ғасырға жаңа идея, адамзат таңдай

қаларлықтай жаңалық ашып келген, қоғамдық құбылыстарды терең

түсінетін, әлемді дүр сілкіндірер даналығымен дараланған ешкім

болған жоқ қой. Оның орнына адамзатты жалпылай қырып – жоятын

сұрапыл қаруымыз бар».

Озамыз ба, Тозамыз ба?

«Ұлың өссе, ұлы өскен ауылмен ауылдас бол, қызың өссе, қызы

өскен ауылмен ауылдас бол» деп жатушы еді. Үлгіні қайдан, кімнен

аламыз деген ойға қалдым. Елбасы, ел басқарушысы деп те

жатамыз. Осы сөздердің бәрі де жақсы жандарға айтылғандай. Сәби

дүниеге келгенде, біздің түсінігімізше періште деуге болады: ол әлі

ешқандай күнәға батқан жоқ; жақсы – жаман дегеннен хабарсыз. Не

үйренсе де өзінен бұрын дүниеге келгендерден үйренеді. Олар

кімдер? Олар – ұстаз, оқытушы, тәрбиеші, ата – ана, ақырыңда,

замандасы әрине, ең әуеді білім керек. Білім аламыз деп жүріп,

қазақ халқының өзіне тән әдет-ғұрып салт – сана, тіл – діліне мән

бермеуден тәрбиеміз бұзылып бара жатыр ғой. Осының көрінісі

«Балық басынан шіриді» деп басталды. Жазушы Дүкенбай

Досжанның «Ине ұшындағы өмір» тақырыбымен берілген «Жұлдыз»

журналы, 2002ж. №8 саныңдағы хиқаятын оқып отырып, қатты

ренішке дұшар болдым. әрине, кейінкерлері өз атымен берілмеген,

бірақ өмірден алынған. Үлгіні жоғарыдан жетілгендерден,

басқарушылардан аламыз деуден ұйыққа батып та бара жатырмыз

ба, ойлайықшы. Саналы дегенмізден санасыздыққа ұрынуға барған.

Европаға еліктейміз деп, жазылмас індетке өтіп барады. Осы

журналдың 28 – бетінде берілгендерді өтірік дей аласың ба, жоқ,

бәрі солай болуда. Хиқаяның эпилогында немен тынғаны беріліпті.

Сонда осыған ұрынамыз ба?

- Жоқ. Бұған жол беру қазақ деген атымызға түсе бастаған

лаң. Дақ түсті деген тесіледі, шіриді, жоқ болады. Намысың бар қазақ

болсаң, халықтығыңды сақтаймын десең, аш көзіңді,қарсы шық!

9/ Ш 2004ж.

276

Інім Нұрғали Сарыпбекұлына арнайы сенім.

Бұл соңғы сөз іспеттес нәрсе кейінірек (қоштасар кезде) жазылу

не айтылуы керек еді, оған мүмкіндік бола ма, болмай ма, алдын ала

жазғанымды артық көрмессің деп санаймын, сондықтан да жызып

отырмын.

Бір – бірімізге алғаш жолыққанда, бірден - ақ аға – іні тапқандай

қуанышпен амандысып едік, солай да болды. менің оңтүстікке көшіп

келуіме Шиелі жақтағы бауырларым: «Қайда, кімге барасың

қартайған шағыңда?» - деген еді. Мен адаспағанымды өзіңе алғаш

жолыққанда – ақ түсіндім: сырттай ғана еміс – еміс есітіп, толық

білмей жатқан бір атадан тараған екі елді екеуіміз таныстырдық,

қостық деп есептеймін. Сонда мен адасып бара жатқан жоқ екенмін;

ағайынымның жартысын іздегендей келген екенмін, таптым да. Ол –

сен.

«Аты жоқ абыржу» деген әңгімемде абыржуым солай созылмай,

ауқымына түсті, яғни «Аты жоқ абыржудан айығу» деген

тақырыпта әңгіме туды.

«Ағасы бардың жағасы бар» болса, «Інісі бардың тынысы бар»

болып шықты. Тынышқандай болдым. Шаршаған шағымда ойлаған

ойымды жалғастырушы, тындырушыны таптым.

92
{"b":"579035","o":1}