- Сонда, сол қарттың бірі екенсіз, не айтпақшысыз? Сіздің
ойыңыз
не? Қайтсек рухани тәрбиені бойға сіңіреміз?
- Е, осы уақытқа дейін айтылып қойғандарымыз,
жоғалтқандарымыз жетерлік. Одан айрылуымыз бір күнде ғана
болған емес: әр кезең (қоғам) өз саясатын жасап, бойымызды
уландырып та кетті, тіпті қанымызға сіңіріп жібергендері де бар.
- Қалпына келтіруге 1986 жылғыдай жастар көтерілуі керек пе?
- Жоқ ә! Ол егемендік үшін күрес еді ғой. Ендігі мәселе – рухани
тәрбие. Тәнімізді жайлаған адам деген атқа сыйыспайтын іс-
әрекеттерден тазару.
- Оған қалай жетуге болар еді дейсіз?
- «Көңілдің құлпын тіл ашады» дей келіп, «Тілмен сойған, қан
шығармай сояды» депті де, былай етіп тілмен сойып та жіберіпті:
«Озатын елдің дұрысы билейді,
Азатын елдің ұрысы билейді!»
- Елді кім басқарып отыр?
- Елді президент, қала берді заң шығарушы халық қалаулылары
деп жүрген парламент мүшелері.
Ең алдымен, осыған көңіл бөлу керек. Екінші, жастарға рухани
тәрбие беру. Осы рухани тәрбие беруде Құран Кәрімде
адамгершілікке байланысты айтылған уағыздар да насихатталса.
Ел баскару мәселесі – ең бастысы. Қазақ халқында «Аяз би» деп
аталатын ертегі бар. Бұл – халықтың арманы. Басқаруға қолы
жеткенше, үйіп-төгіп бар жақсылықты халыққа жасаймын деп уәде
етеді де, сайланып алған соң, бірден өз мүддесіне ыңғайланып
жүргендер аз емес. Тіпті осы біздің қазақстанда да кездесті: премьер
министрлікке шейін көтеріліп, қазір АҚШ-та бой тасалап жүрген жоқ
па! Халықты бір мезгіл есінен таса жасаған ел басшысы оңды іс
жасай алмайды. Парламентке мүшелікке жету деген ақыл – ой
парасаттылығына қарай емес, кімнің ақшасы көп болса, сол жетіп
жүрген де жағдай бар. Ол не оңдырады? Соның бай болу жолында
да күдік бар: адал еңбек пе, басқа жол ма? Басқа жолмен барған
адам сол шығарған шығынын қайтаруды ғана ойлайды, оның үстіне
халықты емес, баюдың жолын қарастырады, онда парасаттылық
атымен жоқ.
- Ал жастарға рухани тәрбие қалай жасалғаны дұрыс болар еді?
- Бұл мәселе сәби дүниеге келген кезден-ақ басталғаны әбзел.
Баланы дүниеге әкелген-ана. Сол сәби ананың жұмсақ жылы
алақанындағы кезінен дұрыс тәрбиеге дағдылануы керек. Бұл үшін
сол сәбиді әкелуші ананың парасаттылығы керек. Мен мұсылманға
жататын халықтың діни кітабы деп есептеп жүрген Құран Кәрімді осы
халықтың негізгі заңы-конституциясы дер едім. Мұнда дүниеге
келгеннен, топыраққа қайта қосылғанға шейінгі өмір заңы қамтылған.
Әдепсіздікке жол жоқ. Сонымен қатар, діни деп жүр ғой, үкіметке
зияны келетін де ешнәрсе жоқ. Қайта тәртіптілік, парасаттылық,
271
бейбітшілік, достық, адам баласына қиянатқа бармау жолдары
уағыздалады. Бала тілі шыға бастағаннан ана әдептілікті үйретсе.
Бала бақшаға барғанда да жүріп – тұру, бір-бірімен сөйлесуінде де
(амандасу, кешірім сұрай білу, қоштасу т.б.) парасаттылық жолы
дағдыға келтірілсе.
Мектепке келгеннен кейінгі кезде де пән есебінде сабақ
өткізілсе, ол кем дегенде аптасына 1-2 сағат болса. Сонымен қатар,
біздің ескі мәдени мұраларымыз араб алфавитімен архивтерде
жатыр. Келешекте соны зерттеушілер де осы жастар. Қазірден
бастап сол алфавитті меңгере бастаған жөн. Мамандар табылып
жатса, араб тілін де, оқуын да жастар тез-ақ меңгеріп кете алады.
Жоғары оқу орындарында араб тілі факультеттері бар. Соған түсіп
оқимын деушілер осы бастап бейімделсе, нұр үстіне нұр болар еді-
ау!
Жоғарғы оқу орындарында эстетика, педагогика, психология
деген сабақтар жүргізіледі. Осыған арнайы пән ретінде
парасаттылық келіп қосылса.
Сана, саналылық деген сөз бар. Бұл адамға тән
адамгершіліктің басты мәселесі. Біз осыны жоғалтып барамыз,
айрылып барамыз. Бұны жоғалту деген адамға өте ауыр нәрсе, яғни
хайуанға айналу болып шығады.
Ойланатын уақыт жетті. Бұл мәселені созбалаңға, сөз
бұйдалыққа салуға болмайды. Егеменді ел болдың. Халқыңдағы
қазақ деген атыңды сақтағың елсе, жастарды парасаттылыққа
тәрбиеле. Тағы бір ойым – ертеректе түрлі өмір тәлкегіне түсіп, бүкіл
жер шарына ата-бабалары ауып кетіп, сол елдерде дүниеге келген
қандас бауырларымыз ата-баба жеріне келгісі келіп тұрғанда,
соларға бар жағдайды жасап, келтіру, орналастыруды ойластыру
керек. Олар біздің қандастарымыз, бауырларымыз. «Отанына
оралған-гүлге, оралмаған-күлге айналады» деген сөз бар. Елімізде
толып жатқан келімсектерден бұлар көп артық, бұлар - өзіміз. Бұлар
ата жұрттың қадірін алыста жүріп аңсауда, сағынуда. Олар өз
ішімізде жүріп, ана тілін білмейтіндердеп, басқа дінге ауушылардан
артық.
Келгендерін баурымызға тартайық, жатсынбалық, икемдейік.
Оларға сол тәрбие қажет-ақ. Қазақ деген атымызға таңба болып
басылатындай қазақ қыздарын көшеге шығып, ар-намысып саудаға
салды. Бұл не деген Масқара! Аштан өліп жатқап адам жоқ. Бұған
тез тыйылым салу керек!
Тағы бір сұмдықтың басы-жер жеке меншікке сатылуы. Атам
заманнан жерді екінші анамыз санадық. Сол жердің топырағынан
жаралып, соған қайта қосыламыз. Адам баласы тарихындағы
соғыстың, қан төгістің бәрі сол жер үшін болған. Енді жерді жеке
меншікке сатуымызға жол болсын!!! Сатылған нәрсені кім алса, иесі
сол болып шығады. Сатыла-сатыла келіп, жер ақшасы мол, алтыны,
қазынасы бардың иелігіне айналады. Саудада оның қай халық екені
272
ескерілмейді. Қазақстанда қазақстанның азаматтығын алып жүрген
басқа ұлт өкілдері кем бе?! Ал, солардың дені жеріңді, қазақ жерін
алды делік. Енді сенің отаның қайда?! Осыған ар-ожданың жете ме?!
Әлде алғашқы космодром бізде, космосты игерудеміз. Космостан
қолайлы жай таптық. Көшпелі қазақ емес пе едік деп, космосқа
ұшпақшысың ба?! Байып алып, Ресей президенті Горбачев
сияқтанын, шет елден дайындап қойған жайлы жайың бар ма?!
Ойлан! Сондай елге барсаң да, бүкіл қалған өмірің жалтақтау да
болар.
Тоғысқан ойлар.
«Әкенің ең үлкен
сыйлығы - әдепті
тәрбиесі»
«Ата – ана қадірін
білмеген
Халық қадірін біле алмас»
(мақал)
«.....Ислам діні кез – келген ата – анаға мынандай үш міндет
жүктейді. Біріншісі – балаға жақсы ат қою. Екіншісі – діннің әдепті
тәрбиесән сіңіру. Үшіншісі – тәрбиелі отбасымен құда болып, баланы
айттырып үйлендіру.»
«....Балаңды 5 – 7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10 – 15 ке
дейін құлша жұмса да, 15 – 17 жасынан ақылыңа ақыл қосар дос,
жолдасыңдай сыйла» деген ғибратты сөздеріндегі ұрпағына
қалдырған аманаты, өсиеті тегін емес.
...«Тәрбиені қайтіп жақсартамыз дегенде, әулие Л.Толстой
былай деген екен: әлемде болып жатқан зұлымдықтардың себебін
іздеумен күннен күнге тереңдеген үстіне тереңдей беремін. Әуелдегі
бұған кінәлі – залым адамдар деп ойладым. Сосын қате қалыптасқан
қоғамдық құрылым, сосын қисық құрылған қоғам, қолдау көрсетіп
отырған зорлық – зомбылықтар, сосын сол зорлық зомбылықтарға
қатысып, қырылып жатқан адамдар, сосын сол адамдардың
дінсіздігінен деп есептедім».
(Аманбек Нұрғабылов, Шымкент агратехник. Колледж жоғары
категориялы ұстазы).
Осы мазмұндас әңгімелерді мен мұны оқымас бұрын
жазғанмын. Мынау да сондай екен, бірақ мен газеттен үзіндісін сөзбе
– сөз аударып отырмын.
Айтарым – абайла, балам, абайла! Алдыңда талай асу қырлар
бар. Сол қырларда сенен де бұрын өмір сүргендердің іздері жатыр,
соны ой тоқтатып, санаңа сіңіре біл!
273
Отанға ұят – стыдно Родине.
Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 58 жыл да толды. Ал
Ұлы Отанды жаудан қорғауға алғаш үн тастағанына 62 жылдың
толуына да көп қалған жоқ. Сол отанды қорғауға шақырған, сол
Отанның басшысы болған И.В. Сталиннің даусын радиодан алғаш