Хьюнекер. Қорытындысында: «Біз өмір сүріп отырған ғасырдың ащы
шындығы: небір қатал сындардан өтіп барып, ақырында өтірікшіге
айналамыз» депті әбден шаршаған бір жұрналист газет бетінде.
267
Осыдан барып, барлығымыз да- әділет іздеуші де, ғалым да,
діни адам да кімге айтарымызды, кімге бас ұрарымызды таппай, бір
Аллаға келіп тірелеміз де, пешенеге жазғаны дегенге келеміз.Үйткені
Алла өте ұлық, қолынан бәрі келеді. Оны ешкім де жаратқан жоқ. Ол
ешнәрсеге мұқтаж емес. Ішпейді де, жемейді де. Ол мәңгілікті. Оның
тұратын орны да белгісіз, ешкм оны көрген емес, көрмейді де деп,
тағдырымызды бір Алладан көреміз. Олай етнегенде не істейміз???
Бұл- өмірдің ақыры, тіршіліктің ақырына келіп жеткенің болып
шығады.
Бұл- сары уайымға салынғандық емес, керек десең, өмір
заңдылығына айналып та бара жатқан қағида болып барады. «
Оңтүстік қазақстан» газетінің 22.06.2002ж 78(17394) санында «Өмір
ақылдары мен көңіл нақылдары» деген мақалада белгілі ақын
Қамардин Бектұрсынұлы:
«Алғашқы қауымдық қоғамда ғана
Рас, шындық болғаны,
Онан кейінгі дәуірлердің
Ешқайсысының жоқ оңғаны!» - депті.
18.3.2003. 11-00
Фантастикалық ой.
«Соқырдың ең сорақысы – көңіл соқырлығы»
(«Адамзаттың асыл тәжі», II-том, 318-бет).
« Кешірім өтінудің ең жаманы - өлім аузында
сұралғаны» (сонда, 318-бет).
« Ең тамаша байлық – көңіл байлығы,
кеңпейілділік» (сонда, 318-бет).
«...Адамға ең бірінші білім емес,
Рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім – адамның қас жауы,
Ол келешекте оның барлық өміріне
апат әкеледі» - депті Әбу Нәсір Әл- Фараби.
Дүние жүзіндегі адам баласы ұлт болып қалыптасуынан кейін-
ақ, әр ұлттың өз өмір сүруіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты әр
қайсысының өз ерекшеліктері - әдет-ғұрып, салт-сана, тілі, діні
қалыптасып, соны сақтап өмір сүргені мәлім. Соның ішінде Түрік
тілдес халықтардың діні бір болғанымен, салт-сана, әдет-
ғұрыптарында елеулі айырмашылықтар бар. Қазақ деген халықта
үлкенге ылтипат, кішіге мейірім, жарлы-жақыбай, мүгедектерге
қамқорлық дегенге ерекше мән берген. әркім өзіне лайық сөйлеу
жолдарында да үлкен сыпайылық, әдептілікті сақтау болған. әсіресе
268
сыйласу жолына келгенде, қазақ халқындай қонақ күту рәсімі еш
халықта жоқ десек те болады. Адам тәрбиесіне, адамгершілікке
тәрбиелеуде ойларын тұжырымдап, бір ауыз сөзге сыйғыза білген
тапқыр, шешен халық болған: «Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге
бағынған. Мәртебесін – төрі деп білген, ізеттілігін – келінінен
таныған, татулығын абысынынан тапқан; Қызын – арға, ұлын – нарға
балаған; дархандығын – даласымен өлшеген; өткірлігін – қылышқа,
намысын – найзаға теңеген. Қанатты сөздерін дауға – дәру, жауға –
қару, араздыққа – араша, татулыққы – тамыр, тазалыққа – нәр,
пәктікке – пәрмен, дәстүрге – дәрмен ете білген». Осылайша
адамгершілік қасиеттерді сақтауда:
« Ізетті – ине етіп,
Иманды – түйме етіп,
Ибанатты – күйме етіп,
Жүрші балам, жамандықты күйретіп» - деп, өз болашағынан
тілеген.
Осындай қазақ халқының қанатты сөздерін оқи қалсақ, біреудің
сөйлеу барысында аузынан есіте қойсаң, өнбойың жадырап,
масайрап қаласың.
Тіпті кешегі советтік кезеңге дейін әр ауылда ауыл ақсақалдары
деген болатын. Әйелдер арасында да ерекше қадыр тұтатын аналар
болатын. Ол ауылдың азаматтары ол кісілерді сыйлайтын, өрескел
іске бармайтын – ұялатын, қаймығатын. Осындай әдептіліктерді
ойлап, армандайсың. Қазіргі кейбір жастарға осыны айтсаң, ертегі,
аңыз сияқты көреді.
Неге осындай халық сол салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрінде
жүре бермей, өзгеріске ұшыраған деген ой келеді. Оған да өзіңше
жауап бергің келеді.
Арғысын былай қойғанда күні кешеге сияқтанатын Шыңғыс
ханның бүліншілігі, қала берді Жоңғар басқыншыларының ойраны –
«Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» уақиғасы үлкен әсер еткен.
Бері келе қазақ халқын Ресейге өз еркімен қосылды деу, 70 жылдан
астам қазақ халқына жүргізген қызыл империяның саясаты халыққа
оңай тиген жоқ. Тағы бір сұрақ иығын тығып, кимелеп тұр:
- Қазақ халқы қалайша бүкіл дүние жүзіне ыдырап, босқын
болып
кеткен?
- Дүние жүзінде қазақстанның жер аймағындай бір халықтың
меншігінде жер жоқ. Сол жер үшін талай айқастар болған. Сол
ыдыраудың басты бір себебі сол болар. Бір қуанатыны – осы
қазақ жерінен, ата-бабасының кіндік қаны тамған жерден қанша
қашықта болмасын сондағы қазақтардың тілінің, дінінің, әдет-ғұрып,
салт-санасының сақталуы. Осыған орай, айтуға да ұялатын осы
қазақ жерінде тұрып, осында туып, өсіп, тілін, ділін, тіпті кейбіреулері
дінін де керексінбеуі ұшырасады. Бұған бір сөзбен ғана жауап бару
269
қиын, жоғарыдағы қазақ халқының басынан өткен жағдайлар дейміз
де, солай деп тұрып, бір сөзге тұжырымдаймыз. Ол-рухани тәрбие.
Ата-бабамыз көптен армандаған арманымыз орындалды-
егеменді ел болдық.
“Мың қосшыға бір басшы” деген ұлағатты сөзге мән
берейік.“Тарихты халық жасайды” деп те келген кезіміз болды.
Ойлап қарасаң, тарихты жеке кісі де жасайтынға ауысқан
сияқты.Халық сол бір басшының соңынан ереді. Соған сол қоғам заң
да шығарып береді. Жандай шаптар дінімізді де соған ықшамдайды.
Алланың айтқаны – парыз да, елбасының айтқаны – уәжіп,
орындауға тиістісің. Арғы дүниеге бармай-ақ, орындамаса, осы
дүниеде-ақ жазаланасың.
Қызыл империя құлады. Жаңа қоғам – қайта құру қоғамы
орнады. Бұл соңғы қоғамды да бұрынғы қоғамдағы басшы
басқарады. Саясатты бетіміз шіміркенбестен өзгерте салдық: бұрын
тапсыз қоғам құру үшін күрессек, ендігі мақсатымыз тек баю-баю.
Саясат басындағылар қайта құру қоғамында бай болып шыға келді,
яғни бұрынғы қоғам ханталапайға айналды, айналуда. Қолы
жетпеген кедей болып шыға келді. Оның барар жері – базар.
Базарда өндірушілер аз да, керек десең, жоқ. Алып сатушылар,
алып сатушылар. Заттың нарқы күн санап ұлғаюда. Базардың ұраны
– «Алдамасаң, сата алмайсың!».
«Егемендік» қолға тиген кезде, қайта құруды бастауда,
шаруашылықтарды жекелендірмейік, бөлінбейік деушілер болды,
оған біз әлі дайын емеспіз десе, бірақ есіл-дерті ханталапайлар оған
мән бермейді, өзінің ойын іске асырады. Қайта құру кезеңінде
ғылымға да ой бөлу ұмытылды: ғылыми мекемелер де ыдирады,
тоқтап қалды. Ғылымға да жеке меншік келді: Университеттер
саңырау құлақтардай көрінген жерден ашылды. Оның сапалық
жағын дәріптеуге келе бермес: соның кейбір студенттері төлем
ақшасын берсе болды, өздері саудада жүр. Емтихан кезінде
экзаменін тапсыруда, бір күндері дипломды болып шыға келеді.
Сонымен, «егемендікті» қолға алдық деп, шіркін, көп уақыт
бұғауда болған қазағымыз, енді кім қалай өмір сүрсе, солай дегенді
қағидаға айналдырып алды. Демек, ойына не келсе, соны істеуге
ауысуға ыңғайланды. Ойға келгенді істей беру деген ақылға сыя
бермесе керек.
Адамгершілік, рухани тәрбие деушілер баспасөз бетінде ғана
көрініс береді де қояды. «Ханның айтқанын Қара да айтады,
Қараның аузының дуасы жоқ» дегендей, жай ғана уағыз, тыңдаушы
да, іске асырушы да табыла бермейді. Адамгершілік, рухани тәрбие
деген сөзді азын-аулақ бас қосқан жерде бірең-сараң қарттар ғана
әңгіме етеді. Олардың қолынан келері жоқ; қартайған, қауын сияқты
пісіп жетілген, ешкім тимей-ақ, сабағынан бөлініп қалуда. Соның бірі
осы менмін. Бірақ қағаз бетіне түсіріп арманымды арттағыларға
қалдырып барамын.
270