Литмир - Электронная Библиотека

хайуан болып қалған жоқ, бірақ соған ұқсассың деген сөз. Хайуанның

еліктеуден жасаған қимылына сүйсінсең, адамның ұқпаған ісіне

ренжисің, іштей күйзелесің. Осыдан келіп, оны хайуанға балайсың,

ұқсатасың. Әрине, ашуланғанда осылай «хайуан» деп қалу да дұрыс

емес, соны солай деп айтпаған жөн. Шыдамдылық керек деп

жатамыз, кейде ойға келіп қалған сөзді айтпай қалудың да пайдасы

бар депті ғой.

Есітеді, түсінеді, бірақ ішкі пікірін жасырып, өз мүддесін ғана іске

асырушыларды Момын тозақылар қатарына жатқызуға болар

деймін.

Келісімсіздіктің, іш араздықтың ақыры достыққа келмейді:

қыңыржақтылық, ерегіс, қырғиқабақтық, тілге келіп қала берушілік,

ақыры, бет жыртысу, достықтан ажырасуға апарады.

- Енді осыны осылай жасамау үшін не керек?

- 2003 жылдың 8/III – күнгі «оңтүстік Қазақстан» газетінде бір

жерінде: «Ұлттың дамуы да, жоғалуы да анаға байланысты» деген

жері бар екен. Әңгіме рухани тәрбиеге әкеліп соғады: адам

атаулының бәрінің де анасы болған, бар да. Демек, сол ана баланы

туған күнінен қас-қабағына қараушы, барлық нәрседе үлгі-өнеге

беруші, тәрбиелеушісі, тілді үйретуші. Қазақ халқына тән жақсы

қасиеттерді үйретуші сол ана. Сол ана өзі тәрбиеленген болса, өзі

өнегелі болса, парасатты болса, сол қасиеттерін туған баласына да

бере алады. Сондықтан да ананың қолынан көп нәрсе келеді. Әке

керегін тауып беруші де, ана соны ұқсатушы, берекесін келтіруші,

орын-орындарына келтіруші, қалыптастырушы, жанұя ұйтқысы.

- Осыны барлық аналар біле ме екен?

- Е, білетіндері де, білмейтіндері де бар, Момын тозақылары да

жетерлік.

- Ол қалай?

- Білу, оны орындау деген үлкен ойшылдыққа келеді.

Әрбір істі жан-жақты ойланып істеушілер де, ойланбай-ақ

істеушілер де бар. Соның соңғысы көбейіп бара жатыр-ау. Адам

үнемі ой үстінде болу керек: тіпті сөйлейтін сөздің өзін ойлап сөйлеу

керек: «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледіге» бармау керек.

«Ойшылдық – адамдықтың негізі. Ойсыздық – надандықтың

негізі». Ойсыз болу деген – ол хайуандарға ғана тән нәрсе.

Маймыл мен адамның сырттай ұқсастығы бар болғанға, кейбір

«ғалымдар» біз маймылдан жаралғанбыз деп жүргендері де бар

сияқты, бірақ олай емес: ойсыздықтан, парасатсыздықтан

маймылдан жаралмаса да, маймылға айналып бара жатқандар бар

сияқты: олардың адамша сөйлегенінен не пайда, іс-әрекеті, адамға

тән қасиеті кем болып, кейде намыссыздыққа да жетіп, хайуан

істемейтін іске де кетушілер кездесіп қалып жүрген жоқ па?! «Құран

кәрімде» астамшылыққа жол жоқ. Аналар, менің қолымнан бәрі

265

келеді екен деп, астамшылыққа бармаңыз! Ой елегіне салып, ақыл-

парасаттылыққа жеңгізіп барып, болашақтың иелерін – балалардың

тәрбиесіне аса жауаптылықпен қараңыз. Ар, намыс, әдептілік,

сыпайылық, ізеттілік, татулық тәрбиесіне баланы жөргектегі кезінен

қалыптастырыңыз. Бала жастайынан осыларға дағдыланбаса,

есейіп кетіп, көше баласы дәрежесіне ауысса, оны қайтару қиынның

қиыны. Осыны есіңізден шығармаңыз. «Жан», «тән» деген екі сөз

бар «Жан құмарлығы – оздырады, тән құмарлығы – тоздырады»

депті. Жан – рух, тән – дене, тұлабайың. Ой – жанның қазынасы,

ойлау арқылы рухың өседі, жетіледі екен. Солай бола тұра «Жаным

арымның садақасы» дейміз. Арды жаннан да артық бағалаған қазақ

екенбіз. Осы біз қайда барамыз? Ар дегенді аяққа басуға да келіп

қалған жоқпыз ба! Әңгіме анаға айтылып отарған соң, келешек ана –

қазақ қыздарының тәрбиесі, ана, сіздің қолыңызда. Алдымен, қызға

жауапты ана болып саналады. Сол қазақ қыздарының көшелік болып

бара жатқанына қалайша төзесіздер, неге үнсіз жатырсыздар?!

Намыс қайда?! Ешкім аштан өліп жатқан жоқ. Неге олар тән

құмарлығына бой алдырады?! «Тән – жанның алтын сарайы» - депті.

Неге олар алтын сарайын ластайды, жанды неге жаралайды?! Қазақ

деген ұлт осылайша дами ала ма?! Атымызға неге кір келтіреміз,

сүйегімізді неге сырқыратады?! Бәріміз де ойлайықшы!! Мен осы

жазып отырғанымды ақылды болып, данышпансынудан емес.

Үлкеннің міндеті – айту, уағыздау, түсіндіру. Бірақ осыны ұғушы да,

керексінбеуші де бар болар. Тіпті ақылыңды басыңа жақ деп, кейіс

сөз айтып қалушы табылуы мүмкін. Үйткені кей сөздерім

жарадардың жарасының аузын тырнап та кетер. Ол кейіген сөзің

болса, маған жұқпайды да, тек анығы сол – айтушының өзінің

бағасы келіп шығады. Сонымен қатар, мән бермей не үндемей

қалушы да болар. «Үндемеген үйдей бәледекн құтылады» дейші

болса, оны да мен момын тозақы дер едім.

17/III 2003

20.00 ч.

ӘДІЛЕТТЕН ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ АУУ ҚАЛАЙ

БАСТАЛАДЫ?

«Әділдік дегенді іздеп,

әуре болмай – ақ қой:

Ол мүлдем жоқ, тек

Әлдебір шектеулер ғана бар».

«Әділет» деген сөз құлаққа қандай жағымды естіледі. Осы сөздің

тұп тамыры біріккен сөзге жатады мен деймін. әділ + ет - әділдік

жаса. Осы әділдік жасайтын орынға келушілер, алдымен, халықтың

қалаулы ұл – қыздары болуы керек сияқты. Бұлардың жүрегі таза,

қиянат дегенге жол бермейтін жандар болулары керек сияқты. Енді

266

осының төрешісі кім дейміз ғой. әрине, ол, ең алдымен, прокурор –

заң иесі.

Газет бетінде тәуір деген прокурормен тілші сухбатында:

«Прокурор болу үшін қандай қасиет керек?» - деп сұрақ қойыпты.

Жауабы: «Табандылық пен тазалық керек» - депті. Осының таза

болуы деген өте қиын көрінеді: өзінен жоғары отырған басшысы

төмендегісінен бірдеңе дәметеді екен. Оны ол қайдан алады?

Қазақта өзіңнен жоғары тұрғанға қажетіңді сұрап, күнде бара

бергенше: «Жаман адам бара береді, жақсы адам пара береді»

деген сөз бар. Кімнің жұмысы орындалатыны, әрине, белгілі болып

тұр. « берсең, аласың;ексең, орасың» деген тағы бар. Сол әділет

басшысы бірдеңе сұрамайды – ау, соны есебін тауып, өзіміз,

өткіземіз, яғни ауыздандырамыз. Осылайша қаттыны жібітуге

кірісеміз.

Әдетте, дау мәселесі кемінде екі адам арасында болады да,

соған әділет иесінен төрелік іздейміз. Осыған байланысты қазақта

мынадай сөз бар: «Қырқа – қырқа айтпайсыз ба?» - дегенде, әділет

иесі: «Жүзін көрген соң, айта алмайды екенсің» - депті.

Бұл – көріністің бір ғана түрі. Бұдан басқа осы қазақта туыстық,

жек – жаттық, тамыр – таныстық т.б. жайлар жетерлік. Бүкіл қазақ

халқына әйгілі атақты үш би – Төле би, Қазыбек, Әйтеке билердің де

кезінде өз құпиялары болған екен. Оны білгіңіз келсе, Қазыбек бек

Тауасарұлының “Түп тұқиянымнан өзіме шейін” Кітабын оқыңыз.

Енді ауызданған төреші дәніге келе, бергенді түрлі жолмен ала

бастайды. әрине, бұл тәуір әрекет емес. «Ұры ұры емес, ұсталған

ұры» деген тағы бар сөз бар. «Жылан көп жүрсе, аяғын көрсетіп

алады» деген де сөз бар. Жыланның аяғын көрген адам болды ма,

болмады ма, бұл сөзде бекер айтылмаған. Екі адамның білгенін

күндердің күнінде үшінші адам біліп қояды. Енді құпия дегеніміз

осылайша жариялыққа айналады. Бұл туралы «Өз ойымен

сөйлескен адам» деген тақырыпта бір әңгіме жазғанмын, толығын

одан оқырсыз. Ұрлық ұсталса, пара жарияланып кетсе, ол талқыға

түседі, ақыры анығы шешіледі. Сонымен, бұл әрекет сыбайластыққа

айналған болса, бір сылтауы табылып, қызмет орны ауыстырылады,

орнына тағы басқа жақтан осы типтес жаңа жемқор пайда болады.

Ол қашан әйгіленгенше жұмысын жалғастыра береді. Егерде

ұшыққандай жағдай болса, оны да қылмыскер түрінде жазалаған

болады. Соңғы кезде айыпты ақшамен де өтеу деген шықты. Яғни

көп суммада айыбы төленсе, жазықты ақтала салатынды шығарды.

«Ақша сөйлегенде, ақиқат күмілжіп қалады» болып шығады.

Сонымен, «өмір деген пияз секілді. Қабығын аршисың, бірақ ең

соңында ештеңе таппай да қаласыңыз»- деген екен Джеймс Гибсон

89
{"b":"579035","o":1}