Литмир - Электронная Библиотека

«

Өтіріктің үш түрі бар: өтірік, пасық өтірік және

статистика». (Бенжамин Дизрағли (1804 – 1881) Англияның премьер

министрі, жазушысы).

«Күлкі – күн: ол адам жүзінде ызғарды жылытады» (Виктор

Марко Гюго(1802 – 1881) Француз жазушысы). «Марапаттау идеясы

– қоғамдық сананың ойлап тапқан ойыншығы».

«Мольер: адамдар ізгіліктің өзін қылмысқа айқалдыра алады».

«Ақша қуған ғұмырдың қай – қайсысы болсын – ажал. Қайта

тірілу үшін қайырымдылық жасау керек».

«Мәңгілікке қайта оралу идеясы азап біткенге деген

шыдамдылыққа шақырады» (өзімше түсінігі – құран идеясы).

«Біз не жендет, не жемтік болудың бірін таңдайтын дүниеде өмір

сүріп жатырмыз. Үшінші жол жоқ».

«Әдетте біреуді жау етіп шығарғысы келгенде оның өзін емес

көлеңкесін күстаналай бастайды».

«Азаттық тарихы дегеніміз қарсыласу тарихы».

261

«Ойыңызды оқысын десеңіз, оны бір беттен асырмаңыз» (Томас

Видро Вимсон(1856 – 1924) Американын 28- президент;

«Өтіріктен тілін тыя алмаған адам арамдықтан ындынын тыя

алмас».

«Есті адам тілін тыя алады, бірақ ойын тыя алмайды».(Шәкәрім

Құдайбердиев, 1858 – 1931, ақын – философ).

«Алалық бар(теңсіздік) жерде аялы достық болмайды»

(Джавахарлау Неру,1889 – 1964, Индияның премьер – министрі).

(Қазақтың мақал – мәтелдері, 2001ж.)

«Мемлекеттің гүлденуі, халық тұрмысының жақсы болуы

міндетті түрде әдет – ғұрыптардың мейірімділігіне байланысты, ал

әдет – ғұрып мейрімділігі міндетті түрде тәлім – тәрбиеге

байланысты болады». (Николай Иванович Новиков(1744 – 1818)

орыс ағартушысы, қаламгер, журналист, баспагер).

«Қартаю дегеніміз – сезімталдықтан серіктестікке көшу».

«Басқаға залалын тигізген жан өз қасіретінің отына өртеніп

өледі».

«Әділдік дегенді ізден әурей болмай – ақ қой: ол мүлдем жоқ,

тек әлде бір шектеулер ғана бар».

«Тәжірибе және теория: сәл жаңсақтық кетсе болды, дүниенің

аяғы аспаннан келеді».

«Біз өмір сүріп отырған ғасырдың ащы шындығы: не бір қатал

сындардан өтін барып, ақыр аяғында өтірік – шіге айналамыз».

«Біз маймылдан жаралған жоқпыз, маймылға айналып бара

жатырмыз».

«Рух аспаннан түспейді, жерде жасалады. Ғұмыр бойы рух

жасау процессі аяқталған жерден барып ажалдың шеқарасы

басталады».

«Ештеңемен айналаспайтын жан бағу ажал философиясына

жатады».

«Шектен шыққан сезімталдық дүние мәнсіз екендігіне деген

сеніміңді күшейте түседі. Ал ойшылдық болса, бүкіл тіршілігіңе

мағына береді». («Егем.Қаз.» 18 қазан, 2002ж.)

Мінез – бәйтерек секілді, ал бедел – оның көлеңкесі. Біз

көлеңкенің жайын жағдаяттаймыз, ал шын мәнінде бәйтеректің

қамын ойлауымыз керек (Авраам Линкольн (1808-1865) Американың

16-президенті.

Мәшһүр Жүсіп:

« Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас.

Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш

құдырет те кірлете алмайды. Олар мәңгі-бақи таза күйінде қала

бермек. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше, Құдай ұрды дей бер.

Егер шын дос болса мал-басыңды соның жолында құрбан ет.

Досыңның кішкене сыйын көптей көр. Өйткені, ол сыйда досыңның

262

жаны, көңілі, көзі, жүрегі, саған айтпаған, өмір бойы айта алмаған

алғысы жатыр ».

(«Оңтүст. Қаз.». №18 (17494) 8.02.2003ж. 9-бет)

Достықтың екі түрі:

- Достықтың екі түрі болады – дейді шешен Әйтімбет деген кісі.

Ажыратып айтыңызшы дегенде, шешен:

- Достық – адал достық және амал достық болып екіге бөлінеді.

Адал достықтың өмірі нұсқа, амал достықтың өмірі қысқа

болады, - деп жауап берген екен. Достықты саясатқа да,

қызметке де, байлыққа да айырбастауға болмайды.

(«Оңтүст. Қаз.» №25(17501)22.02.2003ж. 5-бет.)

«Талап пен ақыл»

( Шәкәрім Құдайбердіұлынан)

«... Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,

Түбі – жүрек, болады мида басы.

Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға

Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.

Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық

Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.

Алтауының ішінде ынсап әділ

Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.

... Ойменен,талаппенен болды сегіз,

Айтылмай енді қалды неменеңіз?

Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы

Шығады осылардан түгел деңіз.

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан

Анық төмен болмай ма хайуаннан.

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан!»

« Кәрілік – шал деген бір, ат қылғандай,

Айнадай ақылыңды тат қылғандай.

Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,

Бір туысқан жақынды жат қылғандай.

Бойдағы бар қуаттың бәрін алып,

Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай.

Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу,

Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай.

Тоқтаусыз төмендетті күннен-күнге

Түрі жоқ аз ғана аял, дәт қылғандай,

Шатыраш ойнап ұтылған сықылданып,

Байқаймын, кешікпей-ақ мат қылғандай.

Ойлай берсем қайғы емес оның бәрі,

Көп жасаған қоя ма болмай кәрі».

263

«Немқұрайдылық – адам баласын жеккөрініштілікке

итеретін ұғым ұрығы» В.А. Сухомлинский

Момын тозақылар қайдан

шығады?

«Мен жауымнан қорықпаймын,

көп болса атып кетер.

Мен досымнан қорықпаймын,

көп болса сатып кетер.

Мен енжарлықтан қорқамын.

Енжарлық қатыгез жауыңнан да,

Сатқын досыңнан да қауіпті»

Шерхан Мұртаза.

- Өз ақылына салып істелінген іс пен айту арқылы орындалған

істің ара салмағы, парасатында айырма бар ма, жоқ па? Бар. Бар

болса қандай? - Атам қазақ айтып кетіпті ғой: “Айттырған жаманның

ісі, қамшылатқан шабанның ісі” деп, өзі біліп, ақыл – ойына салып

істелінген іске ол адам өзі – ақ қанағаттап, әрі рақаттанады. Ал

айтумен істелінген істі ол өз еркінен тыс, ықтыярынан тыс қабылдап,

керек десең, ренжу арқылы орындайды. Ол істі ол өз басы

мәжбүрлік іс деп есептейді. Сол істі ол айтқызбай – ақ істеуге ақылы

жетпей тұрған жоқ,оның кемшілігі парасатылығында. Міне

парасатты, парасатсыз деген екі ұғымың айырмасы осындай кішкене

нәрселерден, елей қоймайтын – ақ әректтерден сезіледі, көрінеді.

Осылайша ол ұлғая келе, керек десең, қарсылыққа да алып барады.

Ондай адам басқаның кеңесін тыңдамайды; өз ақылы өзіне жетерлік.

Өз пиғылын ішке бүгін алып, қарсылық жасамауы да мүмкін, бірақ ол

сенің айтқаныңды іске асырмайды. Енді осыған тағы қайталап айтып

көр, сен дұрыс емессің, бұзық болып шыға келесің. Бұлардың да

басқа адамдардағыдай басының сыртында құлақ бар, бірақ

айтылғанды қабылдайтын ішкі құлақ, ойға салып талғамға салу жоқ.

Ондайлар бас біткеннің бәрінде де қалқанды шеміршек бар, бірақ

ондай құлағы барлар есіткенімен ой өрістен жұрдай, ақыл-ойсыз

хайуанаттар ғой. Дегенмен, ақыл-ойсыз болса да, зоопарктерде

айтылғанды орындайтын хайуанаттарға қарап таң қаласың,

ұнатасың. Олар сол қимылдарды айтуды қайталағаннан ісін әдетке

айналдырып алған, былай қараған адамға ақылды сияқтанады. Ол

істі дағдыға, әдетке айналдыруда түрлі әдістер бар: қорқыту, мәжбүр

ету.

- Ал, адам ше? Адамды да сол хайуандарды үйреткендей,

қорқыту, мәжбүрлікке келтіру керек пе екен?

- Жоқ, адамда сөйлесетін тіл бар, ұғатын ми да бар. Бірақ оның

ішкі есебі өзінше басқа. Үндемей-ақ өз пікірін іске асыруға тырысады,

солай етеді де. Осындайдан келіп шығады: Әбден шамадан асып

264

кеткенде, ақылыңды ашу басып кетіп, сондайларға «хайуан» деп те

қаласың. Бұл сөз-шыдамың таусылғанда айтылатын сөз. Одан ол

88
{"b":"579035","o":1}