Литмир - Электронная Библиотека

«Арапша – қазақша салыстырмалы құран хатим», Алматы –

1991 ж. Кітап Имам Ж.Н. Ескі сағаттың тәржімалауымен 1982 ж.

Пекинде, 1987 ж. Үрімші шаһарында басылған. Оқылатып дұғалар

бәрі қазақшалапған. Тек соңында «Дуға хәтим әл құрән әл кәрим»

( құрап хатим дұғасы) сөзі арабша түрінде екен. Оны мен «исламның

шарттары және құранның сурелері», 1991 ж. кітаптың 74-бетінен

қазақшалағанын жазып алғанын

Толық тазарып, дәрет алып, дұғаларын оқып, тек бағыштауын

жасау қалған. Сағынбай ағамның ұл-қыздарып түгел жиып, тек

соларды қатыстырып қана, құрап хатимды бағыштадым.

Бұл ісім дұрыс па, теріс пе бір Алла кешірсін. Сондағы менің

көпшілікке жарияға бармағандығым-өсек-аяңға баспасын еді. Бірақ

ниетім түзу.

Осы жұмысты тағы қайталауға тура келді: Алматыда тұратын

туған інім Амандық 26/X – 2002 ж. Қайтыс болыпты. Оны маған 27/Х

258

– 2002 жылы түнде хабарлады. «Ертең сағат 11 00 – де шығарамыз»

- дейді. Жетуге мүмкін емес, сондағы кіші балам Нұржанға: «Ағаңды

жерлеуге қатыс, топырақ сал!» - деу ғана болды.

Жетісі 4/ХI – 2002 де өтті. Алматының Аманкелді – Комсомол

көшелерінің қиылысындағы «Кристаль» кафесінде түскі 13 00

басталды. Құда – жекжат, туыстар жүздей адам қатысты. Менің

өзімнің ұл балдарым түгел, інім Тасболат, Келін, өзінің екі ұлы келіп,

балалары болды. Жора – жолдастары т.б. тарқаған соң, өзімізге

қараған құда – жекжаттар(30 шақты адам) қалды. Отырғандарға

түсіндіріп, Құран Хатимның не екенін айтып, оқып келгенімнің

сауабын тағы да бағыштадық.

Бұл ісімді мен молда болайын дегендігім емес, Аллаға

жалбарынып, ақ ниетімді білдіру дегенім. Бұл кезде мен намаз да

оқып жүрген кезім болатын. Әке – шешеден жастай жетім

қалғандығым жайлы өзім туралы деген әңгімеде айтылған – ды.

Екі қызым(Татихан мен Пернеш) Ақтау қаласында тұрады.

Пернеш халық емшісі атағы бар бір әйелге (өзі Ақтөбелік, Ақтаудағы

қызына келіп тұрушы) көрінеді. Ол әйелдің емшілігінен басқа көріп

келдік те қасиеті бар екен. Соған Пернешке қосылып, бірде Патихан

да барады. Бірақ Патихан толық сенбей, күмәнданып барады. Соны

сол әйел бірден біліп қояды. Келсең, толық сеніммен келге басады.

Бірақ білетіндігіне көзі жеткен соң, ол да көрінеді, емделеді.

Ол әйел қыздарыма біздің арғы аталарымызда үлкен қасиет

барлығын айтып, біздің жанұяларымызда болған жағдайларға дейін

айтады екен. Сол әруақтарға барып зиянат жасауды уағыздайды

екен. Тағы бір барғанында, екі жыл болды, әлі барған жоқсыңдар

деп, тағы бізде не жағдай болғанын да көргендей – ақ айтады. Не

керек, ата – бабаларымыз жатқан жер, белгілі әулие Оқшы атаға

барып, сонда түнеп, тағзым етуге бел байладық. Ол Әулие де Жеті

Әулиенің басы қосылған жер: Оқшы ата, Асан ата, Абыз ата, Ғайып

ата, Қыш ата, Бала би, Досбол би.

Ақтаудағы екі қыз – Патихан мен Пернеш, Көкшетаудағы

Райхан, Алматыдан Бектас, Нұрғалым, Нұржан, Жаңақорғаннан

Патыма, Шиелідегі Ғалым мен Нұрлан түгелдей, Әрине мені мен

Раушан да бар, Келіндерден Әбиба, Балбыраш, немерелерден

Айдос, Абдолла болып, оларға қосыла Шиеліден Бәкір Тоқбаулин,

Балаби аулынан Тазагүл келініміз екі баласы, бір келіні, жөлектеп

балдызым Рауза – барлығы 20 адам. 17/IX – 2002 жыл. Оқшы ата

әулиесіне малымызды алып барып түнедік, зиянат жасадық.

Мен, Раушан, Бектас, Нұрғалым, Нұржан жермен машинамен

16/IX-2002 күні жеттік. Жолдағы әулиелердің бәріне (Түркібас

әулиесі, Қожа Ахмет Яссауи, Жолшыбай әулиелердің бәріне)

дұғамызды оқи өттік.

Осындай жолға бет бұрған соң, бұрын мойынұсынбай

жүргенмен 15/IX – 2002 күні памдат намазының кезінде «Дауан»

аулының имамы болып жүрген Бауыржан деген адамға ұйып, намаз

259

оқуға кірістім. Айтылатын сөздер араб тілінде болған соң, мен

олардың қазақша тәржімесі бойынша оқимын. Жаттауға ми

ұстамайды, тілдің келуі де қиын. Тек екі сүрені – Патиха, ықылас

(бұрын жаттағам) арабша айтамын.

Қазақша «Бей намаздан кей намаз жаман» деген сөзді білуші

едім. Қолға алған соң, кей намаздан аулақпын. Шамам келмей бара

жатса(инфаркт алған жағдайым бар, бір жыл бойы), отырып оқимын.

Бір Алла өзі кешірсін!

Жас та келген соң(81 жас), қиын екен, ұмытшақтық молайып

барады, инфарктың дәрілері де әсері күшті екен. Осы істегендерім

дұрыс па, бұрыс па деген ойға келген соң, ұмытпай тұрғанда қағаз

бетіне түсіргенім еді, кешіріңіз.

14/ XI – 2002 ж.

Үйге, Ванновкаға келген соң, 12/ XI – 2002 ораза күндері еді, сіз

– біз дескендерге кешкілік ауыз ашар жасап, құран оқыттым.

Уақытысында біз жаспыз, әке – шешем, әпкем Ханбибіге құран

шығарылмаған. Шанырақтың иесі кіші баланың үйі деп, 23/ II – 2003

ж. Нұржанның үйінде өзім хатим құранды оқып, соларға бағыштадық.

Ойда жүрген сауалдың жауабын журналдан оқыдым,

күдіктенсеңіз сіз де оқып көріңіз.

(«Парасат» журналы, №7, 2000 ж. 20-30 бет)

«Бір үзік сыр». Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым

академиясының корреспондент – мүшесі мемлекеттік сыйлықтың

иегері, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген

қайраткер Рымғали Нұрғалиевпен сұхбат мақаласынан: «- Заман

өзгерді. Жап – жас жігіттер мен сұлу қыздар Сейфуллин, Сайын

көшелерінің бойында тұр. Біреулер «Мерседес» мініп жүр, біреулер

қайыршы. Профессордың еңбек ақысы көше сыпырушы төлем

ақысынан кем. Осындай өмір сүріп жатқаныңызға намыстанбайсыз

ба? Өзгеріс бола ма?

- Империя құлады. Бір қазаннан ас үлестіретін заман өтті. Әркім

өз қотырын өзі қаситын болды. Көз көріп, құлақ естімеген

өзгеріс келді. Біреу гүрілдеп байып барады.

Егін өсірмей, мал бақпай, өнім өндірмей аяқ астынан бай

болып шыға келгендерге күдікпен қарау заңды нәрсе. Кеше ғана ел

қатарлы қызмет еткен, жалақы алған, табыс тапқан қоңыр төбел

бүгін темекі сатып, арақ саудалап қана миллионер болды дегенге

бала да сенбейді. Дәл қазір біз көріп жүрген мал табарлардың

(бизнесмен емес) үлкен байлығы – үлкен ұрлығы. Оның ар жағынжа

үлкен пара, бұрынғы мемлекет мүлкін талап алу, мол несиені сіңіріп

кету, сыбайласқан жемқорлық сияқты қылмыстар барлығын түсіну

үшін экономист, сот, прокурор болудың қажеті жоқ. Біз көреміз бе,

көрмейміз бе, ол Алланың қолындағы іс. Бірақ заман жақсарады,

дүние оңалады, дәулет келеді, бақ қонады. Сенімсіз өмір сүруге

260

болмайды, өйткені үмітсіз шайтан». Сұхбаттасқан Талаптан

Ахметжанов. Осы журналда (19-б) осыған орай Қадыр мырза Әли:

«Дүние – тұзды тамақ, жеген сайын шөлдейсің». «Ақша алдымен

иесін сатады». «Ақшалы адам арыстанға жол бермейді». «Сары

алтынға сайтан да қызмет етеді». «Байлық қолыңды да, жолыңды да

ұзартады». «Байда бәрі бар, иман жоқ, кедейде түк те жоқ, Құдайы

бар». «Кедеймін деп қамықпа, байлықтың тамыры - тамұқта» - деп

жұбату айтқан екен.

«Жазып отырған адамның артық айтқаннан гөрі жеткізбей

айтқаны жақсы» (Альбер Камью (1913 - 1960) – Новель сыйлығының

лауреаты, классикалық емес философияның классигі).

Бақытты болудың 4 шарты:

1. Таза ауада өмір сүру.

2. Өзіңді жақсы көретін адамдардың бар екенін сезіну.

3. Даңқұмарлықтан адалдық.

4. Пайдалы іспен айналысу.

«Ақыл – сөзде, мейір – көзде».

«Айнаға қарап емес, адамға қарап өс».

«Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе».

«Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар» (Әйтеке би(1644 – 1700))

«Билік басына жеткен дос – жоғалған дос» (Генрих Брук Адамс(1838

– 1919). Американ тарихшысы, жазшушысы).

«Татулықтың арқасында шағын мемлекеттер өсіп нығайады, ал

жанжалдың кесірінен үлкен мемлекеттер құлап ыдырайды» (Генрих

Сенкевич(1846 – 1916) поляк жазушысы).

87
{"b":"579035","o":1}