Литмир - Электронная Библиотека

Ғейри – л – мағдуби ғалейим уа лад – д – далин.

Осы сүрені құран кәримнің кілті деп те, анасы деп те атаған

екен.

Бүгін біз ағамыз болған Мырзекеңнің дүниеден озғанына бір

жыл толғанына ас беру рәсіміне жиналып отырамыз.

Алла адамды топырақтан жасап, тәніне рухын қосқан екен. Сол

Мырзекеңнің тәнін жасалынған топырағына, әкесі Әбубәкірдің

жанына апарып жайғастырғанымызға да жыл толып отыр.

Мырзекеңнің рухы осы кезде өзі өмір сүрген үйінің үстінде,

бауырластарының бейнесін көріп, олардың рухына құран оқыту

рәсіміне риза болуда ма деп ойлаймын.

Адам баласының дүниеге келуі рас болса, ертелі – кеш сол

дүниеден өтуді де ақиқат. Алла өзі берді, өзі алды. Ол – бір Алланың

ғана ісі. Берсе қуанып, алса, ренжу деген пендешілік қана.

Қадыр Мырза Әлидің «Ой арманы» өлеңінде:

«Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.

Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап өледі, өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа сап – жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын».

Ағамыз Алланың өзіне лайықтаған өмірін сүріп, қиынщылығы

мен рақатын да көріп өткенінен хабардармын. Ағамыз өзіндігі бар, ел

құрметіне бөленіп өткен жан еді. Мұндай жандарды өлді деуге

болмайды: өзінен кейін қаншама ұрпақ қалдырды, өнегелі жандарды

тәрбиеледі, солардың ылтипатын көрді, рақаттанды. Мырзекеңнің

жұбайы болған Қызсұлу Нұркенқызы ағамызды алақанына салып

күткенін өз көзіммен көрдім.

Мына бүгін жер – жерден жиналып келіп отырғандар Мырзекең

ағамыздың қимайтын бауырларымыз. Біздердің қолымыздан келері

рухына дұға оқып, сауабын бағыштау ғана.

252

«Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай алмайды»

деген сөз бар қазақта.

Ағамызды аға тұтып – ақ өстік, соңғы сапарына шығарып та

салдық. Сол кісінің тәрбиесін көргендер аға ізін, өнегесін

жоғалтпайды.

Сіздің бастауыңыз, шығу тегіңіз бес арыс қыпшақ елінің бас биі

болған Арғынбай атамыз болса, қала берді Арғынбай тәрбиесін

көрген Балаби(Бименбет) датқамен сіздің әкелеріңіз жатырлас, бір

анадан тарағандар еді. Сол көрегендік сіз де бар – тын. Балаби

атамыздың кесенесін көтеру, ас беру, құран оқыту рәсімін көзіңіздің

тірісінде көрдіңіз, қатыстыңыз. Сандыбай атаңыздың басына тамын

орнаттыңыз, құран оқытып, кейінгі ұрпақтарыңызға өнегелі іс

көрсеттіңіз.

«Өлі ырза болмай, тірі байымайды» деген парасатты сөзді ұға

білдіңіз, насихаттадыңыз.

Өз әкеңіз Әбубәкірді де бүкіл Түркістан халқы марапат тұтып,

үлкен бір көшесінің атын сол кісінің атымен атайды. Бұл жұмысты да

сіз өз көзіңізбен атқардыңыз.

Топырағыңыз торқа, жатқан жеріңіз жайлы, жайыңыз жұмақтан

болсын деп тілейміз.

«Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим

Құл һуа Аллаһу ахад

Аллаһу – с – самад

Ләм йалид уа ләм йуләд

Уа ләм йакун ләһу куфуән ахад(3 рет) »

Оқылған дұғалардың сауабын Әбубәкірұлы Мырзағалидің рухына

бағыштадық.

«Раббана атіна фіддуня хасән

әтән уә філ – ахірәті хасан әтән

уа қына ғазабәннәр уа саллаһу

ғала хайрі халқіһи Мухаммәдін уа

ғала аліһи уә асхабіһи әж жәғин».

(қағаз бетіне түсіруші Бұлтың Текебай тармағындағы Арғынбай

әулеті, Алшынбай тегі Алтынбекұлы Сағындық)

20 сәуір, 2003 жыл.

Көшірмесін балаларына табыс етемін.

«Уақыт аузы ашық қалған спирт тәрізді,

Оны жұмыспен тығындап қою керек».

«Адам алдымен еңбектеп өседі,

Содан кейін еңбекпен өседі».

«Абырой – аса биік мұнара

Еңбек – соған көтерілетін баспалдақ».

253

№ 4 2002ж.

«Ванга Әжейдің емдері» кітапшасынан

үзінді. «Жібек жолы» баспасы.

19.09.2000 жыл.

Жүрек ауруларынан сақтандыру үшін әрбір адамға жылына

төрт рет төрт күн қатарынан долана гүлінің түнбасын ішуді ұсынады.

Инфаркт алдындағы жағдайда тәңертең ашқарынға төрт күн

қатарынан шомырттан (терновик) жасалған шай ішкен дұрыс дейді.

Бел ауруы (асқынған) – ескі үйдің қышын алып, майдалап

електен өткізеді. Содан кейін бір стакан жүзім шарабы, кептірілген

үш жұмыртқа ағы мен тартылған техникалық қара майды

араластырады. Қоспаны зығыр матасына салып, түнге қарай белге

байлап жатады.

Жарық (грыжа) – ескі қышты ұнтақтап, екі дана жұмыртқаның

ағын араластырып, оған ұнтақталған ақ ладан шөбі мен бір шағын

пиалай жүзім шарабы қосылады. Қоспаны бір жапырақ жүн матаға

жағады. Матаны өзі ажырап түсіп қалғанша белде ұстайды.

Күбіртке (тырнақ түптеріндегі) – бір ащы бұрыштың құйрық

жағын кеседі де, ұрығының жартысын алып тастау керек. Бос

орынды таза арақпен толтырамыз. Түнге қарай саусақты бұрышқа

салып байлап тастайды (арақты төгіп алмауға тырысу керек).

Простатит (ерлердің зәр сындыра алмауы) – жанған жөкенің

күлін жеті күн қатарынан бір кеседен шай орнына қолданады.

Бүйрегі ауыратын жас жігітке асқабақ дәнектерінен шай жасап

іш деген кеңес береді.

Аяқтың ісінуінен қиналған әйелге балауыздан және зәйтүн

майы мен судан тартпа жасап, сол тартпаны ісінген жерлерге таңуды

ұсынады.

Созылмалы жөтелден құтыла алмай жүргендерге Ванга зығыр

дәнінен шай жасап ішу керектігін айтады.

Аллергия – жарты литр суда бір асқасық жусанды, судың

жартысы қалғанша қайнатып, тәулігіне 2-3 рет ас қасықтан

қабылдайсыз.

Аменория (әйелдер етеккірінің кемуі немесе жоғалуы) – 2 келі

пияздың қабығын 3 литр суға қарақызыл болғанша әбден қайнатып,

тұнбасын тәңертең ашқарынға немесе бір шай кесесін ішіп тұру

керек.

Асқазан ауруы – күнде жоңышқаның бір жапырағын шайнап,

тек сөлін жұтасыз.

Асқазанның бұзылуы – жалбыздан жасалған шай ішу керек.

254

Жүрек соғуы (жүйкенің әсерінен) – жарты килограмм лимонды

қабығымен ұсақтап, 200 гр. Бал мен сары өрік дәнегінің ұнтағын

қосады. Тәңертең – кешке бір ас қасықтан ішеді.

Дененің қышып дуылдауы – наукасты қайнатылған арпа

суымен шаяды. Екінші әдіс – 50 гр. таза спиртке, 50 гр. аспиринді

араластырамыз. Тәңертең және кешке қызарған жерлерге жағады.

Беріш (цирроз, бауырдағы) – ақ ұнмен араласқан ана сүтін

ішкен абзал.

Тұз жиналу – бір бас пиязды ортасынан қақ бөліп, екі жағына

да бір шөкім қара май тамызылады. Бөліктерді түнге қарай ауырған

жерге таңып жатады.

Тұз жиналу (белде) – алма сірке суы сіңген, ұнтақталған ладан

себілген алақандай жүн тоқыма матаны белге таңады.

Демікпе – 200 гр. бал, зейтүн майы, жүзім шарабы

араластырылады. Тәулігіне үш рет ішеді.

«Өмір деген пияз сияқты. Қабығын аршисың, бірақ ең соңында

ештеңе таппай дал боласың»

Джеймс Гиббонс Хьюнекер

«Тіл сүйексіз болса да, сүйекті сындырады»

«Ат тізгінінен, адам тілден ұсталады»

«Ақиқат ащы болар, ақыры жақсы болар»

«Әйел – үйдегі ырысың, ұл – айбарлы қылышың, қыз түздегі

өрісің, келіп – кеңейген тынысың»

«Көңіл – гүл, тіл – бұлбұл, сезім – серт, нәпсі – бөрі, сабыр –

алтын, ақыл – білгір»

«Діні бір дем береді, діні басқа діңкілдетеді»

«Мәңгүрт бәрін мансұқ етеді»

«Келімсек басынса, кемдігің»

Мамытбек Қалдыбайдың «Бауыржан Момышұлы шерткен

сыр» атты газет мақаласынан үзінді.

(«Оңтүстік Қаз» 22.06.2002 ж. №78 (17394))

«... Тартыс – таласты біз теріс іс деп ойлаймыз. Бұл – табиғи,

заңды құбылыс. Тартыс – таласты жуып – шайып жүретін бір-ақ

нәрсе бар. Оны бейнелеп айтқанда, дипломатиялық қарым –

қатынас дейміз. «Адамсыз, ақ ниеттіміз, бір-бірімізді сүйеміз,

күйеміз, бір-бірімізсіз өмір сүре алмаймыз, деген секілді үйреншікті

85
{"b":"579035","o":1}