Литмир - Электронная Библиотека

қарсылары да болды: бірі ашық түрде көрінсе, екіншілері жасырын

түрде жүрді. Күш иелері ашықтарын тап ретінде жау санап, түрлі

тәсілдермен жойды. Жасырындары сол қоғамда іс-әрекетін жасай

берген. “Бір қарын майды бір құмалақ ластайды” деп бекер

айтылмаған. Сол жасырын әрекетшілер ақырында СССР-ды құлатты

(қан төгіс болмады деп айтуға келе бермейді, өлім – жітім болды).

Саясаткерлер өз іс-әрекетін іске асырды. Қайта құру, қоғамы келіп

шықты. Қайта құру қоғамы Аттиль патшалығынан кейінгі хан талапай

болып шықты. Осының болатынын атақты данышпан Мишель

Настрадамус алдын ала болжаған екен. Бірақ жаңа құрылған

қоғамда кетіп бара жатқан бағытында “Темірқазық” жұлдызындай

нұсқалып тұрған, нұсқап тұрған данышпансыз келіп отыр. “2030”

деген ғана цифр бар. Хан талапай әлі толық тоқтаған жоқ,

жалғасуда. Бұл қоғамның ішінде де оған қарсылары жетерлік: Ол –

көп партиялық оппозиционерлер. Олардың өз мақсаттары бар.

Мақсаты – билік басына келу. Сонда олардың бірі билік басына келіп

жатқан күнде, оған қарсы болмай ма екен? – Жоқ, болады, болғанда

қандай! Билік басына келу оңайлықпен келмейді, жауласу жолымен

ғана болады.

Әр жаңадан орнаған қоғамның өз идиологиясы бар: “жаңа

қоғамның иесі – жастар!” деген ұран. Сол жастарымызды бірінде

дінге қарсы үгіттесе, екіншісінде жетілген ел деп, соның мәдениетіне

ұмтылу арқылы, қазақ деген ел өзін-өзі ұмыта бастады: әдет-ғұрып,

салт-сана дегенді ұмытты. Тілді де керексінбеушілер етек ала

бастады. Тілден айрылу – халықтан айрылу. Жер – ана саудаға

сатылу басталды. Бүкіл дүние жүзі космосқа ұмытылудан экология

бұзылуда. Оның зардабын халық шегуде.

247

Компьютерлік қоғам келе бастады: киноның артистері де робот

бола бастады. Сонда адамдары да өз ақыл-ойымен ойланып

істемей, роботша өмір сүруге көше ме екен?!

Мұхаммед Ғ.С. - соңғы пайғамбар делінген екен. Шет елдерде

небір ойшылдардың өздері ішінен осы дінді қабылдағандарын баспа

бетінен оқып қаламыз.

Ғылымның, өнердің дамығаны дұрыс-ау. Ғалымдардың ішінде

де адамгершілік қасиеті кемдері, жоқтары болады дегенді

“Адамзаттың асыл тәжі” кітабынан көріп едім. Ал соны ақылды

Мұхаммед Ғ. С. өзінің № 1 хадисінде айтып та кетіпті ғой: адам

баласына аса қауіпті үш нәрсе делінген. Сіз де осыны оқып,

ойланыңызшы. Жаппай қырып – жоятын қаруды ойластырған,

жасаушылар кімдер екен?! Әңгіме осында. Бұлардың жасырын

идеясы – космосты игеру. Дүниежүзін бір кісі игеру мүмкін емес. Ол

тек Алланың ғана жұмысы.

29/07 – 2005.

“Еңкейгенге еңкей –

Ол әкеңнің құлы

емес.

Шақайғанға

шалқай –

Ол Құдайдың ұлы емес”

“Ойшылдық – адамдықтың негізі. Ойсыздық – надандықтың

негізі. Ой – жанның қазынасы.

“Тән құмарлығы – тоздырады,

Жан құмарлығы – оздырады”

“Тәніңді тояттандыру – нәпсіңді қанағаттандыру да, жаныңды

қанағаттандыру – ойыңды, біліміңді, адамгершілігіңді,

кісілігіңді қанағаттандыру, биіктету.

“Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді

тербейді”. Әйел – ана, әйел – жар, әйел – отбасының

ұйытқысы. Бірақ әйелдердің қылмыс жасауын ешқашан

ақтауға болмайды. Бұл – індет.

Ізетті – ине етіп,

Иманды – түйме етіп,

Инабатты – күйме етіп,

Жүрші, балам, жамандықты

күйретіп.

Қандай асқар болса да,

Ана алдында аласа.

Жақыныңды жат көрме –

Жаман деген атқа ерме.

248

Әкесі мен шешесін түсінбейтін бала бар,

Осы болар қасірет, оңдырмай жан жаралар.

Жетелей берсең жаманды,

Талады қарың ақыры,

Тоғытсаң да ойға наданды,

Толыса қоймас ақылы

Ата жұрттың қадірін алыста жүргенде білерсің.

« Әр үйдің тірегі болады, жүрегі болады, тілегі болады: Тірегі –

ері, жүрегі – жары, тілегі – бала-шағасы».

Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Мәртебесін – төрі

деп білген, ізеттілігін – келінінен таныған, татулығын –

абысынынан тапқан; қызын – арға, ұлын – нарға балаған;

дархандығын – даласымен өлшеген; Өткірлігін – қылышқа,

намысын – найзаға теңеген.

Қанатты сөздерін дауға – дәру, жауға – қару, араздыққа –

араша, татулыққа – тамыр, тазалыққа – нәр, пәктікке – пәрмен,

дәстүрге – дәрмен ете білген.

«Елуде есін жинамаған, Алпыста ақыл тоқтата алмайды.

Алпыста ақыл тоқтата алмаған, Жетпісте желігін ноқталай

алмайды. Сірә, «Шашының ағы көбейсе де, ақылы азайған» деп,

осындайларды айтатын шығар.

«Нәпсіні тиғаның – ақылыңды жиғаның».

«Жақынын жат тұтқандарға айтқан ақылың далаға кетеді».

«Мына дүниеде жасалған қателіктердің ең ұлысы – саясы

ғылымның адамгершілік ғылымнан бөлінуі болып табылады»

(Шеллц).

«Ұры қасын жейді, саудагер досын жейді».

Бабамыз Әл – Фараби: «...Адамға ең бірінші білім емес, рухани

тәрбие беруі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы,

ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген екен.

«Тай өссе – ат тынығады,

Ұлы өссе - әке тынығады».

«Азатын елдің ұрысы билейді,

249

Озатын елдің дұрысы билейді».

«Айттырған жаманның ісі,

Қамшылатқан шабанның ісі».

«Бақыт қолыңның қимылында,

Көңілдің пиғылында».

«Тілі шолақтың ойы да шолақ».

«Көздің тимейтіні жоқ,

Сөздің имейтіні жоқ».

«Тілмен сойған, қан шығармай сояды».

«Көңілдің құлпын тіл ашады».

«Жылататын да – тіл, жұбататын да - тіл».

«Ұждансыз ұл ұйқыышл келеді,

Қытықсыз қыз күлкішіл келеді».

«Ақылды әйел ағайынның абыройын асырады,

Ақылсыз әйел құт – берекені қашырады».

«Әдепті әйел жан тазалығын қиялдайды,

Әдепсіз әйел саусағын көрсетуге ұялмайды».

«Ақша сөйлегенде,

Ақиқат күмілжіп қалады».

«Кедей әулетін ойлайды,

Бай дәулетін ойлайды».

«Тәннің жалаңаштануы – ұятсыздықтан, ал ұятсыздық – жанның

жадау жалаңаштығынан. Сусыған жамылғы жабылар, түрілген етек

түсірілер. Қандағы қазақи рух аман болсын».

«Әкеңнің қолына қарама, көңіліне қара».

«Бала жақсы болса – ажарың,

Жаман болса - ажалың».

«Жетесіз жеті ұлдан жетелі бір қыз артық».

250

«Шығармаса да ұшпаққа, бала керек

құшпаққа».

«Еркектің қайламен бұза алмағанын

Әйел айламен бұзады».

«Отанына оралған – гүлге,

Оралмаған – күлге айналады».

«Жат ел - Өгей шешеңнің өгей шешесі».

«Туған жердің қыран құсы –

Жат елдің бұралқысы».

«Жат жердегі мола, өзің жатсаң да,

Сенікі емес».

«Түйенің бәрі – атан емес,

Туған жердің бәрі – Отан емес».

«Жат жерде таяқ жеген еліне оралады,

Елінде таяқ жеген қайда барады?».

«Оймақтай болса да,

Отаның болсын!».

«Алыптан кетсең де, Халықтан кетпе».

«Жол жеті түнде,

Арақ тал түсте адастырады».

«Араққа адам тоймайды,

Тоймағасын қоймайды».

«Ішпесең – момын торысың,

Ішсең – елдің зорысын,

Отбасының сорысың».

«Арақ алдымен дәулетіңді,

Ақырында әулетіңді құртады».

«Тазда бас бар, шаш жоқ,

Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ».

«Арақ алдымен күлдіреді,

Күлдіріп отырып бүлдіреді».

251

(Қадыр Мырза Әлиден)

Ағамыз Әбубәкірұлы Мырзағалидің

асына арналған сөз

Ағузу биллаһим Нишайтан нирражим

Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим

Әл – хамду лиллаһи рабби – л - әләмин

Ар – рахмани – р – рахим

Мәлики йауми – д – дин

Иякә нағбуду уа иякә нәстәғин

Иһидина – с – сирата – л – мустақим

Сирата – л – ләзинә әнғамта ғалейһим

84
{"b":"579035","o":1}