керек.
Бірігіп отан құрғаннан кейін, ер адам үйге үйе бер, үйе бер.
Асыраушы адам, сенің міндетің. Ал, әйелің болса, соны дұрыс
пайдаланып, бардың берекесін келтіретін жан. «От басындағы
үнемшілдік – бүкіл тіршіліктің тең жартысы» - депті пайғамбар.
Сондықтан да, осы дәптердің мұқа басында жапсырылған газет
қиындысы бар: ол – «мойындау», автоы – Қабылбек Төретайұлы.
(«Оңт. Қаз.» 29(17189), 8/III – 2001 ж.).
178
Мойындау
«Әйелің ақылды болса - өзін бақылайды ,
Ақылсыз болса – сені бақылайды»
(немесе еркектер жыры)
Әйел барда әуелейді бағамыз,
Арулардың қас-қабағын бағамыз,
Тек солардан біз қуаныш табамыз,
Тек соларға мұңымызды шағамыз.
Жан жар біздің – жан қиысар досымыз,
Тек жан достан жомарт қылық тосыңыз.
Өмір деген бес күн жалған тірлікте ,
Әйелдерсіз болмас көңіл хошыңыз.
Өмірсерік-әр үйдегі күніміз
Жан жолдассыз не болады күніміз ,
Жарымызбен жарқын шығар үніміз.
Аруларға аппақ құшақ жайыңыз,
Аруларсыз болар ма екен жайыңыз?!
Әйел барда жарығырақ шамымыз,
Әйел деген – құдай қосқан жарымыз,
Аналардан жаралғанбыз бәріміз.
Жұбай деген сүрінгенде сүйеуің,
Өмір бақи таусылмайтын нәріміз.
Асыл жарлар-аяқталмас әніміз,
Аңсар әнсіз жарасар ма сәніміз?
Қолаң шашқа құштар болып өтеміз
Қара жерге енгенінше тәніміз.
Еркектік сөз,құй нанбаңыз, наныңыз
Сұлу десе ауырады жанымыз .
Сәл нәрсеге кіналаймыз соларды,
Сәл нәрсеге жан сұраймыз тағы біз.
Лағыл көздер-алауланған шамымыз,
Дауыл көздер-арайланған таңымыз.
Жан жар десек есімізді алады
Гүлдей қызға гүл сыйлаған шағымыз.
Сұлу айтса бір тілегін жықпаймыз,
Суық соқса арланбай-ақ ықтаймыз.
Ауыздықтап алса-дағы бас білмей,
Түптің түбі айдауынан шықпаймыз.
Ер азамат, сырымды оң ұғыңдар,
179
Алғаныңа ақ гүл сыйлап тұрыңдар!
Қиғаш қастар, ақ білектер-Хауа Ана
Ана сүтін нәр етпеген кімің бар?!
Ару, Ана мейірім мен шапағат
Мінажат қыл, тәу ет, сонан шапақ ат!
Әйел, Ана айнымайтын асыл жар
Мәңгі мөлдір, кір шалмайтын махаббат!
Қабылбек ТӨРЕТАЙҰЛЫ.
Есіңізде болсын, бәрін де келістіретін біз, әйел, екенбіз деп,
астаншылыққа кетіп қалмаңыз. Осы аналар бекер айтпаса керек,
«Отыз ұлым болғанша, осырақ шалым болсын» деген сөзді қайта
сол жастайыңыздан қосылған қосағыңызды, еріңізді, күші қайтқанда,
қартайғанда күтіңіз демекпін. Ол қартайған кезде баяғыдай үйе
беретін қаруы азайған соң , бола қойса зейнетақыға ғана қарайды.
Үйден ұзап та шыға бермейді. Ер адам үйден шықпай отырып қалған
кезінде, бала – шағаға тым жағымды да бола бермейді, қадірі де
азаяды. Балаға, келіңге ана жақындау болады. Сол осырақ
шалыңды қақпайламай, қас – қабағына қара. Күші барда
пайдаландың ба, енді керегің жоқ деме. Ойлашы осы бала шаға жоқ
кезі, өзіңнің туған ата – анаңды тастап, осыған келіп қосылған жоқ па
едің? Ендеше оны өкпелетпе, аяла. Ол сенен соны керек санайды.
Екеуіңнің де екінші бала болған кезің осы кезең.
Ал, өмірге келіпсің, жар тауып қосылыпсың, бала – шаға өсіріп,
жетілдіріпсің. Қалдырып бара жатырған бала- шағаң - өміріңнің
жалғасы. Одан басқа кейінгіге не қалдырып бара жатырсың?
Бұл сұрақ кез – келген адамға оп – оңай жауап бере қоятындай
жеңіл болмаса керек. Дегенмен, өмір сүргендердің бәрі із – түссіз
кете бермегенге ұқсайды ғой, ойланарлық жай екен. Мен болсам,
зейнетке ерте шықтым да, жеті жылдай күйзелген денсаулығымды
түзеген болдым. Содан кейін - ақ қағаз бен қаламды ермек етуге
кірістім. Ерте баста естелік сияқты бірдемелерді түртпектеген болып
едім. Соны шежіре жобасына жалғастырып жүргенімде, өзім сияқты
жастау інім де табылып, соның қолына табыс еттім, сол шығарар.
Одан бөлек «Бастан кешкен, көз көрген» дегенді бірнеше бөліктерге
бөліп, біреуге ұнар, біреуге ұнамас қалдырып бара жатырмын ғой
деймін. Көлемі – төрт дәптер( екеуі 96 парақ, екеуі 48 парақ), оған
тағы да қосқандарым бар.
Мұндай да жандар бар екен – ау?!
Осы жерде Бауыржан Момышұлының бір сөзі есіме келіп
отыр: «Сен бір ауыз да сөз қоспа, мен бір де бір өтірік қоспаймын...»
дегені.
Сол сияқты мен де бір де бір жадымнан сөз қоспауға тырысып,
өмірде болған бір тарихи жағдайды кейіпкерлерінің өз аузынан
айтуынша беруге тырысып отырмын. Жер аттарын түгелдей
180
тәптіштеп жазып алмағаныма кешірерсіздер. Уақиға Ұлы Отан
соғысы жылдарында Москва қаласының төңірегіндегі бір
госпитальдан басталады. Ұлы Отан соғысына алынған қазақ
жауынгері соғыста жарадар болып, Москва түбіндегі бір госпитальға
түседі. Ауылдық жерде оқыған, қойшының баласы, орысшаға да
жетік емес, бұлдұр – бұлдыры ғана бар. Алматы облысының Балхаш
көлі маңынан. Аты – жөні Көпжасар Тәшкенбаев маған кездесуі 4 –
12/VI – 2001 ж. аралығы. Екеуміз де Алматы қаласындағы
госпитальдамыз. Көпжасар болса, соғыстың соңғы кезінде екі
аяғынан бірдей жарадар болып, Москва түбіндегі бір госпитальға
жайғасады.
Дәрігерлер ары айналдырып, бері айналдырып, бір аяғын кесу
керек десе, Көпжасар: «Кеспеңдер, кескізбеймін !» - деп көнбейді.
Аяқтың екеуі де ауыр жарадар. Әсіресе біреуі икемге келмейді. Кесе
қойса, тізеден жоғары кесу керек. Сонымен, аяқ кесілмейді. Емделу
барысында кесу керек деген аяқ созылмайды, жиырылған күйі.
Төменгі жағы сенуге де бет ала бастайды. Бұған операция жасаушы
орыс әйелі, хирург екен. Санитаркалар, медбикелер кілең жұлындай
жас орыс қыздары. Көздері жәудіреген, бар ықыласымен еңбек етеді.
Тіпті, жарадарлардың көңілін тауып, шаттандыруға шейін барады.
Ауырған жерлерін сылап - сипап, уқалап жүреді. Жандарын аямай,
коляскаға отырғызып алып, жас сәбилерді ойнатқандай да
әрекеттерге барады. Далаға да шығарып, серуіндетіп те келеді.
Бір Оля деген 16-17 жас шамасындағы қыз Көпжасарды бар
ықыласымен күтуге ала бастайды, үйіне де алып барып, тұз-дәмін де
ұсынады. Оның шешесі хирург, жаңағы Көпжасарға операция
жасаған сол әйел екен. Көпжасарға өзінше «Коля» деп те ат қойып
алады. Коля болса, күн сапап тәуірленіп келеді. Бірақ аяқ икемге
келмейді, біреуі тартылып тұр. Қос болдақпен жүргенде, екінші аяқ
жиырылып тұрады. Жүріп жаттығу барысында жерге үші, тиер-тимес
қана. Жерге тиіп кетсе, жаны шыға жаздайды, Оляның ермегі Коля
болады. Сүйретеді, жүргізеді, үйіне апарады, қайтып әкеледі. Шешесі
болса, госпитальда дежурда жүріп қалатын кезі де мол болады.
Коляның онымен еркін сөйлесіп кетуге орысшасы жете бермейді,
дегенмен, кейде ымдап та ойын білдіре бастайды. Госпитальдың
бастығы енді мұның майданға баруға мүмкіндігі жоқтығын айтып,
елге қайтару керектігін айтады. Бірақ Көпжасардың өздігімен елге,
Балхашқа, келуге мүмкіндігі жоқ. Мұны біреу үйіне әкеліп салу керек.
Соғыс кезі, ондай адам жоқ. Елінен баратын, алып қайтатын да адам
жоқ.
- Ай! Коля! Анау сені күтуші Оля деген қыз саған өте құмар ғой.
Оны өзің де білесің. Сен егер оны аламын десең, ол сені еліңе алып
барады. Ал, Көпжасар болса, ол шешімге бара қоймайды.
- Аяғым болса, мынау, икемге келмейді. Мен қалайша әрекет
жасамақшымын – деп, қамығады. Сөзбен айтылмаса да, Оля
Колясының ойын түсініп, анасы дежурда кезінде Коляны үйіне алып
181
кетеді. Амалын өзі тауып (тәптіштемей – ақ қояйық), икемдейді.
Қысқасы, Коля алмақшы да, Оля тимекші. Анасы болса, көп
ойланғанымен, жалғыз қызының көңілін қимай, келісім береді.
Коляны Оля еліне жеткізуге бел байлайды. Документтер
дайындалады. Жол азығы, талоны, билеті бәрі дайындалады.
Сонымен, поезбен бірнеше күн жүріп, Алматыға да жетеді. Бұл