мағынасындағы қызметі де тамаша: Шаршаған қанымызды
тазартып, денемізге қайта жұмсайды, біздің өміріміздің тоқтап
қалмауын қамдастырады. Адам адамға дос, бауыр деп жатамыз.
Демек, адам баласы бір – біріне қастандық әрекеттерге жол
бермейді деген келіп шығады.
Бауырмашылдық деген ұғым өз туысыңа, ағайын – жекжатыңа,
адам баласына деген қамқорлығыңды, жақсылық іс - әрекетіңді
175
білдірсе керек. Хайуанаттар дүниесінде бір тектес жануарлар адам
сияқтанып ұлт, ру болып бөлінбегендіктен бе деймін. Бір
тектестердің арасында адамдардағыдай бәсекелестік те,
қызғаншақтық та жоқ деп айтуға боларлық: қатар өмір сүреді, бір –
біріне қастандық жолын қарастырмайды, демек, бір–бірімен
бауырлас. Бұл жағынан қарағанда, адам баласындағы жауыздықты
ойластырушы, бәсекелестікті тудырушыларды, кім де болса адам
деген атқа лайықты санамас едім.
Бүйрек пен безбүйрек
“Бүйрек бауырына бұрып
тұру үшін керек”
(Қ. Мырзалиев)
Бүйректің ауыспалы мағынада қолдануы адамдардың туыстық
жағынан бір – біріне жақындығы мағынасында көп қолданылады.
Бүйректің ауруға шалдығуынан операциямен алып тастауға болады.
Бірақ алынған бүйректің қызметін екіншісі атқарады да екен. Көпке
дейін екіншісі біреуін іздеу кезінде, адам әбіржіп, кемсеңдеп те
қалады екен. Үйрене келе ол қойылса керек. Сонда бүйрек өзіне
жақынын іздейді екен. Ал, адам баласында бүйрегі сап – сау
адамдар арасынан туысым, жақыным екен – ау деп ойламайтындар
табылып қалып та жүр. Бұл – қазақ баласына жат қылық. Осы біз
“Мәдениетті ел” деп, көрінген елге еліктеушілікті де шығарып алып
жүрміз. Солардың тілін үйренеміз деп, ділімізден де айрылып
жүргендеріміз бар. Ол, демек, ұлтын да жоғалтудың жолы. Салт-
сана,тілін, діліңді жоғалтуың безбүйрек болғаның дей бер. Дүние
жүзінде қонақжайлы халық-қазақ халық екен. Безбүйрек болу –
туысқанды керек етпеу. Сонымен қатар, тілін, ділін жоғалтпай-ақ,
қазақшылықты керек етпей бауырын да керексінбейтіндер бірлі
жарымды табылып қалып жүр. Бұл дұрыс тәрбие алмаушылықтан
теріс жолға түсушіліктің салдарынан болса керек. Көпшіліктің ішінен
табылады: тастанды балалар сияқтылар, ата анасын баласын
керексінбейтіндер, маскүнемдер, арасынан өмірлік армия қатарында
жүретіндер де бар. Олар робот сияқты тек бұрықты орындаушылар
көрінеді. Онда жаны ашу деген болмаса керек. Ондайларды
наразылық білдірушілерді басуға пайдаланады екен. Соның көрінісі
1986 жылы желтоқсан оқиғасында, жаңа өзен қаласында балған
жағдайда кездесті емес пе!
Алла безбүректілерден сақтасын!
Ерлі-зайыпты өмір сүру кезеңі
(Үйлену оңай, - үйлесу қиын)
Өмірдің ең жауапты кезеңінде, мазмұнды уақыты да, қиын
мезгілі де, оны дұыс игеру де енді басталғалы тұр. Бұған жан-жақты
176
ойланып, ақылдасып шешкен абзал болады. “Келісіп пішкен тон кең
де, кем де балмайды” дейді қазағым. Жар таңдау болашақ
жұптаспақшы екі адамның жұмысы болғанмен, алдымен, ата –
ананың келісімін, ақыл кеңесін тыңдаған жөн. Ата – ана сендерді
ешуақытта да жаман болсын демейді. Тек жақсы болуларыңды
ойлайды, олардың өмірден алған тәжірбиесі мол. Ойлаңдаршы,
үйлену тойларыңда орысшалап айтқанда, “Поздарвляю законным
браком!” деп жатады. Осы сөзге мән берейікші: “заңды ақау түсуімен
құттықтаймын” шығады екен. “Ақау” cөзі мақтанарлық сөз емес.
Демек, екеуің де осы сөздің иесі болып тұрсыңдар. Үйлеспей
қалғанда, қайта үйлену деген екеуіңнің де ақауың бар деген болып
шығады. Абайлаңдар, түсінген шығарсыңдар. “күндіз екеу, түнде
төртеу” деген жұмбақ бар. Бұл – ақауы барларды жұмбақтаған сөз.
Сондықтан да жас жұбайларды құттықтағанда, орысшаламай –
ақ, «Заңды некелеріңмен, қосағыңмен қоса ағарыңдар!» деген дұрыс
па деймін.
Қазақта «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген сөз бар.
Келін болатын бала сен басқа елге келіп отырсың, яғни жақсы
болсаң, түпкілікті өмір сүретін өз еліңе келіп отырсың. «Қыз жат
жұрттық» деген осыдан шыққан, өз жұртың – осы келін болып түскен
елің. Енді сен үлкен болсын, кіші болсын, сол елдің
бақылауындасың. Әрбір сенің жүрген қадымың бақылануда.
Сондықтан да қазағым «Табалдырықтан биік тау жоқ» деп оны киелі
деп санаған. Табалдырықтан оң аяғыңмен аттауды ұмытпа. Сен
алғашқы айда халыққа жағымды болсаң, сол баға – саған берілген
баға, оны да жадыңда сақта.
Кісі отырған үйге кіргенде ізет жасауды, сәлем жасауды
қиынсынба. Ол сенің әдептілігіңді білдіреді, саған берілетін бағаң да
артады. Үйден шығарда үйдегілерге бөксеңді көрсетіп шықпай,
бетіңді үйге қаратып шық. Бұл да әдептіліктің үлгісі. Келе жатқанда
кісінің алдын кеспей, оны өткізіп барып жүр, барар жеріңнен
кешікпейсің, «Рахмет» деген алғысын аласың. Осылайша, қазақтың
әдет – ғұрып, салт – санасын сақтай біл. Одан сен ұтылмайсың,
қайта ұта түсесің, сыйлы боласың. Келген жеріңдегі атаңды «Ата»
дегің келмесе, «Көке» дей сал, енеңді, «Апа» дей сал. Қайнағаңды
«Аға», қайныңды «Кішкенем, тентек» немесе тағы басқа жағымды
сөзбен айта сал. Сол сияқты әпке, сіңлі, абысын – ажындарды да
атымен айтпай, бұрып айтсаң, олар оған мәз болады. Бұлай айтып
отырғаным – жеңіле біл, ақырыңда, жеңіс, алғыс сенікі. «Келіннің
қалауы білсін» деген құрметке ие болып шыға келесің. Мен сені
қараңғы қазақтың түк білмес өміріне итермелеп отырғаным жоқ,
түсіне біл.
Үлкенге де, кішіге де «Сіз» сөзін пайдалан, сыпайы сөйлесуге
көш. Тіліңнен ащы сөз шығарып алушы болма. Ащы да, тәтті де –
тіл. Тілің тәтті болса, онда сен де тәттісің.
177
Ал, жігітім! Сен басқа бір ұядан біреудің балапанын әкеліп
отырғаныңды біл. Оны мәпелеп өсір, қас – қабағына қара, дөрекі
сөйлеме. Сен де ұят сақта: үлкендердің көзінше әдепсіздікке барма.
Сенің жақсы көретініңді барлығы да біледі. Аймамаудың да уақыты
бар, асықпа! Сен де қайын жұртыңа барғанда күйеу балаға лайықты
ізеттілікті сақтай біл. Ол ел білесің бе, «Сүймесімді сүйемін,
сүйгенімнің арқасында» дейтін ел. Сондықтан ата - енеңе
баласындай болуға тырыс. Сонда сенің кейбір кемшілігің де
ескерусіз қалады. Сенен аяры болмайды: саған аяулы қызын да
беріп отырғанын білесің бе?!
Сендердің екі жаққа да ұнамды болуларың екі жақтағы құда,
құдағидың қызығы, татулығы осыған байланысты. Жақсы сыйласқан
жекжаттар ағайыннан да артық болмағы осындайдан.
Бір күндері дүниеге жас нәресте де келіп қалатын күні болады.
Ол - өмірдің жалғасы, біріңе бала, не қыз болса, екіншілеріңе
немере не жиен. Өзім таптым демей, атасының, әжесінің бөпесі деп
жатсаңдар, үлкендер оған мәз – мейрам болады, оны да ойлаған
жөн.
Келін, өзің біліп тұрсаң да, үй шаруасындағы кейбір басты
жұмастарды енеңнен сұрай сал, ақылдас. Енең – сенің бірінші
қамқоршың, ақылшың, анаң.
Енді сендер бірге өмір сүрудің алғашқы баспалдағынан да
өткен болып саналасыңдар. Дегенмен алда әлі кездесетін талай
асулар, соқтықпалы – соқпақты жолдар бар. Сол жолдардың
асулардың не бір қырлары мен сырларын да біліп, меңгеру деген
үлкен жұмыс, сабырлықты, ақылға салып ойлауды керек етсе керек.
«Қосағыңмен тату бол - өзгермесін ол адам.
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан», - депті М.
Кашкари. Бұл сөз әсіресе, жігіт, саған айтылса керек. «Бастан
кешкен, көз көрген» деп айтылатын қол жазбамда «Дұрысы мен
бұрысы» тарауының «Отан» деген тақырыбын оқысаң, өмірдің не бір
бұралаң жолдарын көз алдыңа елестетсең керек. Сендер әлі оны
білмеулерің де керек, ол - өмірдің тәжірибесі. Бұл жердегі идея – жан
тазалығы мен тән тазалығы. Үйлесе алмаушылардың бірнеше
түрлері көрсетілген. Сондықтан сол қателіктерден сақ болуға тырысу