ақыл – кеңес бере алады. Меніңше, көмек сұрай барсаң, онысына
ақы сұрамаса керек. Қазіргі заман «Базар – базар; сауда, ақша,
теңге» болып кетті ғой, қалтамызда теңгеміз жоқ деп уайым жемеңіз.
Сәлем беріп, келіңіз, көңілін аулаңыз, кеңесін алыңыз.
Сізге ақыл – кеңес те беруге жарамай жатқаны болса, қамқорлыққа
алыңыз, көмектесіңіз. Бұл – барып тұрған адамгершіліктің шыңы.
Адам үлкейген сайын кейінгілердің ісіне риза болмаушылық басым
бола ма деймін. Оған да себеп бар сияқты.
Біріншіден, ол қарттың сол іске әлі келмейді, көзін таппай тұр деуі
мүмкін.
Екіншіден, ең бастысы да: әдет – ғұрып, салт – сана, мейірім
шапағат, қанағат, биязылық мінез дегендер жойылып барады.
Заманымыз өзгерген дегенді сылтау етеді. Өзіңді - өзің игере біл,
ақыл – парасатыңды, ар – ұжданыңды сақта. Сонда сен сұлусың.
Айтарым - әр кезеңдегі жастардың өз жолы болады. Сол жолдан
ауытқымай, әдеп сақтаңыз.
158
Білгеніңді іште сақтамай, кейінгіге үйретіңіз. Өмір сүріп отырған
қоғамыңыздағы өз қатарларыңызбен пікірлесіп отырыңыз. Ешкіммен
де араласпай, дара отырып өмір сүру деген адамға жараспайды.
Ондайды бақылдық өмір дейді.
27/X – 2001. Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы
Ұсыныс.
Сізге де мына кітаптарды тауып оқуыңызды ұсынамын:
1. Шәкәрім Құдайберді ұлы “Үш анық (Три истины)»
2. Мишель Настрадамус
3. Мұрад Аджи «Полынь половецкого поля (Қыпшақ даласының
жусаны)»
4. Аман Тулеев «Как будем жить дальше»
5. а) Академик И.Ю. Крачковский «Коран», Москва, 1963
ә) «Құран Кәрім» (қазақ тіліне аударылғаны)
б) «Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі» Аударған Халифа
Алтай
в) «Адамзаттың асыл тәжі», I, II том, Дамира Өмірзаққызы
Ибрагим
6. Абай Құнанбаев Қара сөздері (45 сөз)
Л. Салдадзе «Ибн Сина.Авиценна» Ташкент, 1998ж.
7. Байзақ Қожабекұлы «Қазақия» Алматы, 1998ж.
8. Мұхаммед Пайғамбардың хадстері
Долгожители
9. Мұхтар Шаханов «Космоформула Карающей памяти» (Тайна
унесенная Чингисханом)
10. Әубәкір Дастанұлы «Сегіз сыр», философиялық этюдтер,
«Жұлдыз», №9,2002ж. 111-120 беттер
11. Г.П. Малахов «Целительные силы»
I,
II
том.
2000г.Колифорническ.Междун. Академии наук. Бишкек
Тіршіліктің сыйқы мен сыры
«Шектен шыққан сезімталдық дүние мәнсіз екендігіне деген
сеніміңді күшейте түседі. Ал ойшылдық болса, бүкіл тіршілігіне
мағына береді» («Егем. Қаз.», 18 қазан, 2002 жыл.)
Тірі заттар.
I Адамзат.
Яғни Адамзат жаралмай тұрып, табиғаттағы түрлі заттардың
пайда болуы, оның түрлі өзгерістерге ауысуы ғылыми жолмен де,
діни баяндаушылардың айтуы бойынша да күмән келтірмесе керек.
Ал оның қайсы түрі бұрын не соң пайда болды деп айтуға әзірге
159
ешкандай дерек жоқ, дәлел де жоқ. Ақиқаттығы сол – адамзат кейін
пайда болған. Құран кәрімнің айтуынша, адамзатты Алла
топырақтан жаратады, жасайды. Сонда жерден бір уыс топырақ
әкелуге періштелерді жұмсағанда, “ Жер менен жасамасын,
дауласып өтетіп болады” – дейді, ырзалық білдірмейді алғашқы
барған періштелерге. Соңғы барған періште сен Алладан зор
емессің деп, ырзалығын күтпестен – ақ, қол қойып алып кетеді екен,
мен оқыған кітапта. Сол айтқандай–ақ, алғашқы жерге қосылған,
өлген де Ауана анамыздың егізден туған екінші егізінің сыңары Абыл
болса керек. Қабыл Абылды қызғаншылықпен өлтіреді. Міне,
жауласудың басы осылай басталса керек.
Осы қазақ тіліндегі айтылып жүрген сөздердің ішінде “Жер”,
“Үй” деген сөздер тауып қойылған атаулар – ау деймін. Неге десеңіз
жер жей береді, жей береді, тойдым деген онда ешбір болмаса керек
те, үйге сырттан қанша әкеліп үйе берсең де, енді кереге жоқ деген
сөз тағы болмаса керек. Алып келе бер, үйе бер. Қанағаттану деген
жоқ сияқты.
Тағы бір бәрімізге белгілі тірі заттар екі түрлі жынысты –
ұрғашы, еркек немесе аталық, аналық деп те айтуға болады.
Сонымен қатар, олардың жағымды, жағымсыз түрлері, яғни
пайдалы, зиянды түрі де бар.
Бұлардың бір – бірімен қарсы болуы тіршілік деген сөздің
төркінінен келіп шықса керек. Тіршілік - өмір. Өмір – күрес. Өмір бар
жерде күрес бар. Ешнәрсе де қарап отырмаған, аузып аспанға
ашқанның аузына келіп түсе бермейді. Ол үшін әрекет керек, әрекет
жасаудан күрес пайда болады. Сол күрестің әділеттісі де, әділетсізі
де бар. Әділетсіздігінен Қабыл Абылды өлтіреді. (Білмесеңіз, Құран
Кәрімді оқыңыз).
Бізге тиімдісі де, жағымдысы да - әділеттілігі. Адам деген сөз
бен адамгершілік деген екі сөз бар. Екеуі де адам сөзіне ортақ.
Солай бола тұрып, бір – бірінен айырмасы тағы бар. Адам мен
адамның айырмасы аспан мен жердей деп те айтуға болады.
Данышпан атамыз Абай айтқандай, “Атаның баласы болмай,
адамның баласы бол!” демекші, адамгершілігі бар адамның баласы
бол дегені деп түсінгеніміз жөн. Дүниедегі тірі заттардың ішіндегі ең
ұлық жаратылғаны адам бола тұрып, сол тірі заттардың ішіндегі ең
жаманы, яғни жауызы да сол – адам.
Адам баласы игермейтін, бағындырмайтын, пайдасына
жаратпайтыны жоқ десе де болар. Солай бола тұрып, бір – біріне
деген жауыздығы сол дүниеге алғаш келген Қабылдан басталыпты
да, келе-келе үдей берген.жер еңбек етсең беруге жомарт-ақ. Солай
бола тұрып, жеуге келгенде қанағатсыз. Адамзат баласы
қауымдасып, ел болып, мемлекет болып, тіршілік ете бастағаннан
өзіне басшы таңдаған, тағайындаған;оған қалғандары бағынған,
біріккен, отандасқан.
160
Енді осы отанның басшысы қандай адам болуы керек, оған
лайықты адам кім болуы керек дегенде келгенде, халық арманы Аяз
би ертегісіндегі Аязды ұнатады. Адамзат – Алланың жаратқан
пендесі. Пендешілік дей тұра, қолымызға билік тиса, жағдайымыз
жақсарса, кешегі күнімізді ұмытамыз. Маңайымызға жағымпаздарды
жинаймыз, қала берді жақындарымызды топтастырамыз. Халық
тынысын білмейміз, жағымпаздардың өтірік ақпарына иланамыз.
Бағытының бұрыс болып бара жатқанды айтқанды жау көреміз де,
көзін жоямыз, не істен тайдырамыз.Міне,осыдан келін,әділетсіздік
деген шыға келеді.
Халық тынысын білгің келсе, барар жеріңді алдын ала
хабарламай, халықтан қорықпай аралассаң, біле қоясың. Сол кезде
жағымпаз, жалған ақпар берушілердің кім екенін біле қоясың.
Осы соңғы ел басшылары жазушы Есенберлиннің
шығармасындағы Шыңғыс ханның төрт баласының сұрақтарына
берген ханның жауаптарын жадында жақсы сақтап қалған ба дейсің.
Халықты қалай болғанда да ұстаса уысында, жұмса жұдырығында
сақтаудың жолын жан-жақты қарастырып алған.Керек десең, солай
жасауға заң да жасап алған. Сол заңдардың ең ұлығы конституция.
Халық ел басқарушыларды, заң жобаларын талқыға салып, оны
қабылдады ел басшысы ұсынды деп уағыздасады. Солай бола
тұрып, бүкіл халық әрқайсысына жеке-жеке дауыс беріп, өзінің
қалаулылары еткен кандидаттарын ел басшысы ұнатпаса,
қабылдамай, яғни парламент мүшелерін тарқата алады. Халық
қалаулылары ел басшысына жақпаса, оны бір адам-ақ тарқата
салады. Мә, саған ! « демократия » ! Осылай болды да. Егеменді ел
болдық деп дүрлігіп жүріп, алғашқы сайланған парламент мүшелері
осылай тарқатылды. Олар тақымға бұрылмайтын, заңды білетін
заңгерлер, ішінде ел басқара алатындары да баршылық жандар еді.
Содан кейін де әлі жақсы боламыз деп уәде етумен келеді, бірақ
ілгері кетіп бара жатқаны көрінбейді, нарық өсуде, өндіріс
құлдырауда, құрылыстар бұзылуда. Қарттардың, зейнеткерлердің,
кезінде ел қорғаған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұрмыс-халі
төмендеуде. «Қарттардың жылы» деп белгіленген жылы қарттарға