Литмир - Электронная Библиотека

жатыр. Бізбен де байланысып тұрады. 29/VII – 2000 ж. біз Алтын

тойымызды өткіздік, оған алдын ала хабарладык. Әйелімен келді.

Әйелінің екі ағасы бар болатын–ды. Соның біреуі дүниеден озған

екен. Бірақ оны бізге хабарламапты. Жетісін өткізген екен. Көңіл

айтып жатырмыз. Ол ағасы Қазақстан жерінде тұрса керек. Қазір

Серігінен 3 немере сүйіп отыр. Қазақстанға келгісі келеді. Олар

Өзбекстанның азаматы болып саналады. Екеуі де жұмыста.

Дуйсенбек зейнетке шықса да, белгілі маман болған соң, әлі сол

инженерлік жұмысына қайта шақырып алыпты. Қазіргі заманда бір

155

елден екінші елге келу, жұмысқа орналасу деген оңайға соқпай

қалды. Әсіресе, Өзбекстанның заңы бұл жөнінде тіпті басқаша.

Үйіңді сатпайсың, азаматтықтан шығу үшін долларлап ақша төлейсің,

яғни 8*120 доллар=960 доллар төлеу керек. Одан кейін азаматтық

алу, жұмысқа тұру тағы проблема.

Аңсаған Әбдіғани.

Құрбан айттың үшінші күні болатын Түс кезінде Төлебай деген құдам

(кіші келіннің ағасы) жеміс ағаштарымды көріп, ұлайтынын ұлап

берші деп жүретін. Соған барып едім. Ұлатамын деген ағаштарын

ешкілері кеміріп тастапты. Әйелін бір үй шақырып кеткен екен, мен

алдыртпадым: бастары қосылып қалған екен, ырқын бұзбайын

дедім. Үйге келсем, немерем бір шал келіп отыр демесі бар ма?

- Ассалаумағалейкум! - Әләйкумуссалам! Кел, құшақтасып көрісейік.

Сағындым ғой сені! – деп, бет–ауызымды аймалап жатыр Әбдіғани

құрдасым (Әлиханов Ә.). Кемпірім де мені жоқтатпай, әңгіме – дүкен

құрып жатыр екен. Әбдіғани Сарыағаш ауданының “Атамекен” деген

жерінде тұрады екен. Менің адресімді елден алдырып,балаларының

адасып кетесініне қарамай, аңсап келген екен. Көзіне операция

жасаған, нашар көреді екен. Өткен – кеткенді айтып, әбден ішті

босатыстық. Екі күн бірге болдық. Шақырған жерге де бірге бардық.

Бірақ жаяу жүріске жоқ, скорость біріншіден басқа жоқ, қолынды

таяқ. Кемпіріне, бала–шағасына сәлем айтысып машинаға міңгізіп

салдық. Сол Әбдіғани мен инфаркт болып жатқанымда да келіпті.

9/III 2001ж. Әйелінің қырқы 28/III 2002ж. өтпекші.

Қатарыңды қай кезде іздейсің?

Кім де болса өз қатарын іздемей тұрмаса керек. Қараңызшы,

көпшілік қауым жиналған жерде бірауық тыныштық сақталып, тым–

тырыс уақыт бола қойса, жас шамасына қарай адамдар бөлек–бөлек

ұйлығыса бастайды: Жастар жағы қимылдамаса, зерігеді; ойын–

сауыққа қарай бейімделеді. Сол сияқты одан жоғарғы буындар да

топтаса бастайды. Әңгіме – дүкенге, ауысады. Яғни осылайша жас

шамасына қарай топтастырсақ, былай бола ма деймін:

1) Жастар

2) Орта буындағылар

3) Ағалық құра бастағандар

4) Қарттар.

Жастар. Бұлардың өзін оқу жасына дейінгі топтар, орта дәрежелі

мектепте оқитындар, мамандықтар бойынша оқитындар деп шартты

түрде бөлуге болады.

Бұлардың барлығы да аз ғана бос уақыты болса, қарап отыра

алмайды. Бұлар үнемі қимыл кезеңіндегілер деуге болады. Адамның

қуаты жас кезінде аяғында, одан кеуденің орта тұсына, ақырында

дененің жоғарғы жағына ауысатын көрінеді ғой. Сондықтан да соған

лайық іс - әрекеттерге ауысатын сияқты.

156

Енді осыларды зеріктірмей, уақыттың көңілді әрі әдепті, мәдени

түрде өткізуін қарастырған жөн бе деймін. Оның түрлері алуан түрлі

болып келеді. Тек қана соны басқара, ұйымдастыра білу керек.

Пайдалы еңбекті ойын түрінде жүргізіп – ақ, саналы өмір сүруді

үйреткенге не жетсін. Бір қалыпқа, ізгілікке келтіріп алған соң,

олардан басқа іс - әрекетке уақыты болмай да қалады. Ондай істі

керек етпейді де. Ұйымшылдыққа дағдыланғандығы соншалықты –

қатарын іздеп, жалғыз отыруға дәті шыдамаса керек.

Орта буындағылар. Енді бұлар, жастар сияқты үнемі қимылдай

бермей, бір мезгіл еңбекпен де айналыса бастайды. Яғни күн көріс

әрекеттерге көшеді. Ата – аналарына, қала берді туыстарына көмегі

тиетін кезең деген уақыт туғанын сезсе керек. Солай бола тұра,

бұлардың ішінде ауыспалы кезеңнің де ауытқуына ұшырайтындар

болады. “Ат та дөненінде бір керіледі” депті ғой. Қуат дененің орта

шеніне ауысқан кез болса керек. Бұл кезде өз басын жігіттің жігіті

дұрыс меңгере алса керек. Жігітшіліктен бөтен де мінез – құлыққа

салынушылар да шығады; ішікілік, зиянды іс, нашақорлық

сияқтылар, тіпті оңай пайда деп, сумақайлық суық қолды істерге де

көшуші де болады. Бұл жастағыларға бүкіл қауым болып, бөтен

жолға түспеуіне ерекше көңіл бөлу керек. Қазіргі кезеңдегі ең ауыр

қылмыстар осындайлардан басталған. Сондықтан да рухани тәрбие

осы жасқа келгенге дейін беріліп, қалыптасқан болуы керек.

Қазақ халқы некесіз туған баланы өте жек көреді екен: оның әкесі

белгісіз, тәрбиесі жоқ, тіпті өлген адамның кебінін де ұрлайды

дейтіндер солар дейді. Қазір де некесіз пайда болушылар табылып -

ақ жатыр.

Орта буындағылар – нағыз еңбектің адамдары. Соны пайдалы

еңбекпен ұштастыру керек, күшім бар екен деп, күшіңді ретсіз

жұмсап, денсаулығыңа зиян келтіріп алмауды да ойлау керек.

«Әдепкі байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, содан

кейінгі байлық – оң саулық» депті ғой. Ақ жаулық мәселесіне де

қатты ойлану керек. Ол сенің өмір бойғы жолдасың, серігің,

берекеңнің басы. Әке – шешең бар болса, солармен ақылдас, кеңес;

олар сені отқа итермейді. Қатты ескеретін нәрсе – бұл кезде

қатарларың дұрыс болсын, сенің бағаң жолдасыңмен өлшенеді.

Жақсы болса, жақсысың, жаман болса сорлайсың.

Ағалық құра бастағандар. Кешіріңіздер, осыны жазып отырған мен

ел басқарып, ағалық құрған адам емеспін. Бірақ өмірден көргенім,

білгенім болған соң, біреуге болмаса, біреуге қажет болар

дегенімнен жазып отырмын. Ағалық жасқа келгендердің ішінен де

көңілге толмайтындар кездесіп те жүр. Көптің ішінен кездесті деп,

барлығын бір тарының қауызына сыйғызудан аулақпын.

Ағалық деп өзі – ақ айтып тұр емес пе! «Өз ағасын ағалай алмаған,

кісі ағасын жағалай алмайды» деген мақал бар. Демек, ағаң – сенен

үлкен, тәжірибесі мол. Өмірдің ащы – тұщысын байқаған жандар.

157

Бұл жастағылардың ел басқарғандары да бар, қазіргі кезеңде

зейнетте отырғандары да жетерлік.

Ел басқару кезінде айтқанын жөнді – жөнсіз болса да

мақұлдатқандары болып қалуы да мүмкін. Меніңше, әділеттісі

ағалыққа жатса керек.

Ағалық жасау үшін, алдымен, әділеттілік керек. Әлі ағалық жаста

жүріп, ел басқару ісімен айналысып жүргендерінің уақыты бола

бермес, болып жатса, араласса да құба – құп. Ал зейнетке

шыққандарыңыз өздеріңіз топтасып, «ауыл ағасы – ақсақалы» деген

ұйым құрғандарыңыз жөн бе деймін. Үй тірлігімен де

айналысқаныңыз дұрыс қой, кейінгі ұрпақ тәрбиесіне де көңіл

бөлсеңіздер деймін. Сіздер біріксеңіздер, қолға алсаңыздар, көңілге

ұнамсыз іс - әрекеттерге жол берілмес еді деймін.

Кейде осы жастағылар қатарынан лайықсыз іс - әрекеттер, мінездер

көрсетушілер табылып та қалады. Алдымен осыларға тойтарыс

берген жөн болар. Өз қатарыңды жөнге салып ал деп жатса, оларға

не айтасыз. Ондайлардың ішінен көнбей де жататыны болады.

Сондай жағдайда ұйымдасып барып әсер етуге көшу керек. Бетім

қайтып қалды демеңіз.

«Бір құмалақ бір қарын майды бұзады болып жүрмесін, ұятына

сіздер де ортақсыздар».

Қарттар. Міне, «Мен баратын үй таусылып қалды» дейтіндер –

қарттар. Олардың жүріп – тұратындары - қуаттылары, үйден шыға

алмай, торғай адымға түсіп қалғандары да бар.

Дегенмен, бұлардың көпшілігінің бастағы екі көзі алысты көре

алмағаны мен, көңіл көздері ұзақты көреді, көрген де.

Бұлардың күш – қуаты кеуденің ең жоғарғы бөлігіне көшкендер. Өмір

– тәжірибесі, білім дәрежесіне қарай әлі сөзбен – ақ көп нәрсеге

54
{"b":"579035","o":1}