әкелгенде, кейінгі әйел үйге кіргізбеді. Ауылдағы кластас
жолдастары намысқа тырысып, ұйымдасып, бір жолдасының үйіне
алып барып, кеш өткізді. Содан оқып жатқан қаласына (Шымкент)
тайып тұрды. Ауылда асырап алған әкесі бар болатын. Алла
адамның басына салмасын, қартайғанда алған шалдың тоқалын
үйленушінің өкпе бауырынан жаратады деген сөз бар еді. Сол сөз
ақиқатқа айналды.
Әке – шешесінің басына белгі қоюға келген кездегі үйдегі әйел
осы екінші әйелі еді. Біз көрші тұрамыз, терезеден барлығы көрініп
те тұрады. Бір кезде у-шу дыбыс шыға бастады. Күн түс қайтып
бара жатқан кез. Қайту күннің ыстығы өте зор. Қарасақ, екеу – екеу
ұстасқан , жұлқыласып жатқан жай бар. Бұдан кіші – гірім уақиғалар
бұрын да болып тұратын еді.
Барып аралассаң, қара күйесін саған жағатыны сөзсіз. Мен өз
жанұяма бармауды ұсындым. Үйде бір емес, екі келінім де бар
болатын. Көршімнің әйелі өзінің туған қайнағасының жағасынан
ұстап алған, ұрмақшы, қайнағасы оған ұрғызбайды. Жағасынан
ұстаған қайнағасының әйелі жағадан ұстаушы келінді балтамен
шаппақшы. Оны осы үйдегі қайнысы кес-кестеп жібермей тұр. Неше
түрлі сөздер былапытталып айтылып жатыр өздері – ақ ұстаусыз
ажырасты. Қайнап тұрған самаурынды үй егесі, әйелі (тоқал) үйге
алып кетіп, есікті ішінен іліп алды да, өз күйеуін үйге итермелеп
кіргізіп алды. Қайнағасы, абысыны, қайнысы далада қалды. Енді
шөлдеп өліп бара жатырған ағасы біздің үйдегі келінін (менің әйелм)
айқайлап шақырып, самаурын және су сұрауда. Тілдері ауыздарына
сыймай шөлдеп барады емес пе? Әйтеуір, бір уақытта кемпірім
шығып берді – ау. Сондағы мәселе – мал сойылу керек, тағы басқа
дастарқан жағы бар. Мұны ол шүйке бас шығын санағандық. Осы
ақыры қалай болды? Біз ешкімге тіс жарып айтқанымыз жоқ. Ойға
келген соң, жазып отырғаным осы. Атын да айтып отырғаным жоқ
қой. Нағыз бетсіздер, ұятсыздар екен. Ешкім араға түспей-ақ,
136
қатынасып кеткендерін де көрдік. Сол қайнағасы дүние салған.
Жаңағы көкбет шалына тамын сатқызын, басқа облысқа көшкен. Осы
байынан ұлды да болған. Ол ер жетіп, үйлендіріпті де. Сол той
үстінде де жанжал шығарушы тағы өзі болыпты деп есіттім.
Ондайды күтуге болады. Тойына елден, ағайыдардан барғандары да
болмағандай. Мұндайлардан пайда болғандар, көрген тәрбиесі анау,
қазақ деген халық атына кір келтіргеннен басқасы болмас. Екі қызы
тұрмысқа шығып, балалы болған жерінен өзіне қайтарып алған. Ол
өзінше бір хиқая. Мұны жазғандағы мақсатым, қазағым, бұл үлгі
тұтарлық, қызығарлық іс емес. Айтуға да болмайды. Денелерің
түршіксін дегенім еді. “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп
жатады ғой қазағым. “Көршің дұрыс болмаса, көшіп
құтыласың...”дегенде, мен бұл көршімнен бұрын көшіп кеткен едім.
Ол кезде ол тамын сатқан да жоқ еді.
Астамшылықтан аулық бол !
“Ұлық болсаң,
кішік бол!"
Осы адам баласында өр көкіректік деген әдетте жас кезінен
пайда бола беретін құбылыс емес-ау деп санаймын. Десе де, ол әр
жанұяның тәрбиесіне, мінез-құлқына қарай жүре келе қосылатын
құбылыс-ау. Барлық адамдардың ауқаттылығы (тұрмысы), қызмет
орны бір деңгейде болмайтыны белгіл. Осыған орай кейбіреулер
өзін басқадан жоғары санаушылар кездеседі де. Ондайды мен тым
ақылдылардың қатарына қосалман.
Болып толықсыған кезінде де, ол бақыт басынан ауған кезде де
бір сыдырғы болатын жандар да болады. Дегенмен, ондайлар
саусақпен санарлық. Қызмет бабында отырған орындық та адамды
қоқиландырмай қоймайтыны бар. Оның өрескілдеу түрі де,
қарапайымдылауы да болады. "Семіздікті қой ғана көтереді" депті
ғой қазақ. Алған тәрбиесі мол, мәдениетті жан өзін басқалардан
бөліп алмауды ойластырып, ылғи да кішіпейіл, қарапайым болуға
тырысады. Адамның сұлулығы осы қарапайымдылығында,
кішіпейілділігінде болса керек. Тіпті асып-таспай-ақ, өзінің басқамен
қарым-қатынасында дөрекілігі бар, біреуді менсінбей, кісімсітіп
сөйлейтіндер де кездесіп қалады. Ондайларды басқалар ұрысып-
керіспей-ақ ұнатпайды. Осы жерде ойыма Бекбаулыұлы Мәден
деген(дүниеден өткен кісі) ағайымның сөзі есіме келіп
тұрғаны:"Шортанды суда тұрғанда жек көремін", деуші еді.
Өз кемшілігін өзі байқайтын да, байқамайтын да адам болады.
Бұл жағдайды пәлендей деп даттауға жатпайды. Бірақ "Халық көзі
қырағы " дегендей, ондайды халық біледі.
Бүкіл өмірін әкімгершілік жұмыста өткізген адам кісіге бұйыруға,
міндеттеуге дағдыланып та қалса керек. Сол сиақты кілең алуға ғана
дағдыланғандар да болады.
Солар сол орындарынан зейнетке шықса, немесе босап қалса,
сол дағдысына босатындары болып қалады екен. Әсіресе мына жол
137
күзетінде тұрушылар осыған қатты қалыптасса керек. Менің бір қой
баққан нағашым ұйықтап жатып-ақ, төсекте жатып қойды «Шайт»
деп қайырып жатушы еді.Сол дауысынан өзі оянып кетіп,бір
аударылып,екінші жамбасымен жататынын көрдім. «Ауру қалса да,
әдет қалмайды» деген осыған айтылса керек.
Солай десек те, күнделікті өмірде, ұйықтап жатпай-ақ,ояу
кезімізде сол әдетімізден арылуға тырысуымыз керек-ау деймін.
Мынау абайламай айтып қалып,кісінің көңіліне тию осыдан
келіп пайда болады. «Айтылған сөз – атылған оқ» дейді. Ізбе-із
қайтып алғанмен, тиген жеріне дақ салады.
Енді бір айтайын деп отырғаным – білген кісі білмегеніңді өсиет
етіп айтса, немесе ренжіскеніңмен татуластыруды көздесе,сенің
одан тартынғаның барып тұрған қателік болады. Біз әрбір жанұясы,
оның басшысы әлі мемлекеттік денгейге жете қойғанымыз жоқ қой.
Ал мемлекеттер арасында елшілер бар. Олар – бір ел мен екінші
елді түрлі қарым-қатынасқа байланыстырушылар. Ал біз болсақ,
соның кішкене көзге көрінер-көрінбес түйіршігіміз. Ойланған дұрыс
болады.
Өгізге туған күн өлмесе бұзаудың да басына келеді. Сондықтан
өзіңді екінші біреуден астам санама, көңіліне тиме демекшімін. Бір
ойшыл кісі кейде ойыңа келгенді айта салмай, үндемей қалудың да
көп пайдасы болады депті. Осы жағдай менің басымнан өтті :
- Үйіңе басқаларды шақырғанда, мені шақырмадың – демесі
бар ма. Менің жауабым дайын-ақ тұр. Мен естімеген болдым да,
жауап бермедім.
Жауап берсем, сол дастархан үстінде алапай-толапай болып кетер
еді.Соны айтқан адамның бұрын бір айтқан сөзін қайталасам, сол
кімге айтылғаны ашылады және сол кісі қатарымызда отыр еді.соны
ертеңіне басқа біреулер сіз соған неге жауап қатпадыңыз деп, мені
дұрыс көрмегенін айтты. Мен себебін айтқанымда: «Е, дұрыс екен
ғой!» демесі бар ма. Сонда сол кісі астамшылық айтып қойған еді.
Сондай жағдайға сол кісі өзі де жолықты. (Сыпайылап айтайын,
алғашқысы шешесінің жылдық асына шақырған, анау керексінбеген.
Керексінбегеннің кейін өз жолдасы дүниеден озды).
(Көзей Темірдің шешесінің асына шақырғанда ГАИ болған адамның айтқаны).
Құдайдан қорқу да ақылға сыйымды
«Құдайды ойлап табу –
адамзат
ақыл–ой
мұнарасының ең ұшар
басы»
(Данышпандық
субстанциясы.
Алматы 1990 408 б.)
138
29.01.2001ж. Осыдан екі жылдай бұрын Шоқан Әлімбаевтың
“Данышпандық субстанциясы”, Алматы 1990ж. кітабынан
“Данышпаандық альфасы” атты ғылыми – фантастикалық повесін
оқып едім. Әдіпкіде қызыққандығым соншама – тіпті жанжағымда не
болып жатқанын да сезбей қалдым. Өзім бағып отырған сиырымның
(бір мезгіл сиырды далаға шығарушы едім) кетіп қалғанын да
байқамаппын. Сонымен, осы әңгімені тауыспай, үйге келуді де
қойдым. Әңгімені оқып болып, бағанағы қызығудың бәрі де зым –
зиян естеп ғайын болды, - орнын реніш басып алды. Сол ренжуімді
екі күндей ойымнан шығара алсамшы! Жаңалық ашу да керек – ау.