сондайлар бар. Енді соған есеп беріп, басқа біреуді керек етпей – ақ,
табысу жағы кеміп барады. Олай істеудің орнына, отқа май құйып
жату да табылып қала ма, қайдам?
«Өзіңді - өзің сыйла, жат бойыңнан түңілсін!» деген қайда?! Жат
жұртта жүргеніңді неге ұқпайсың? Қарт кісілердің айтатыны бар еді: -
Баратын үйім таусылып барады, - деу.
Сендер ол қарттық жасқа (80-90-ға) келген жоқсыңдар ғой! Соған
келгенде, егер осы күнгі есің дұрыс күйінде болсаң, осы ой соған да
келеді. Оқушым, кешір осы жазғанымды. Атыңды нақтылап айтпасам
да, ойланшы! Осы жағдай сенің басында бар ма? Кім де кім өз
қателігін мойындаса, білсе, сезсе, ол адам түзеледі. Егер де
мойындамаса,білгісі келмесе, «Өзің білме, білгеннің тілін алма,
қарғыстың ең жаманы сол болады» - ға жолықтым дей бер.
Сонда сен «Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай
алмайдыға» душар баласың. Бұрын бірігіп бірге баратын жерлеріңе
ұнатпай қалған бұрыңғы серігіңмен баруды тоқтатып қойғандарыңды
сезесіңдер ме? Соны басқа халық біледі. Қазіргі адамның көзі –
рентген сәулесі. Ойға келгенді айтпай қоюдың да кейде пайдасы
болады екен. Оған да ерекше мән берейік те.
14/I-2001.
Сырты бүтін, іші түтіннен сақта!
«Тәні қарадан
жаны қара жаман»
(Монғол мақалы).
Бұдан бұрыңғы әңгімемнің тақырыбы «Жылтырағанның бәрі
бірдей алтын емес» деп аталынып еді.
Бұл әңгімеде сондайды қозғайды.
133
Адам баласының пайда болуы Шығыстан , оңтүстіктен
басталғанын білеміз. Сол алғашқы пайда болғандардың қатарында
қыпшақтар және қазақтар екенін «Қыпшақтар және қазақтар» (Ахас
Тажутов, «Қыпшақтар және қазақтар», Қызылорда, 2000 жыл)
кітабынан оқуыңызға болады.
Қазақтар өз жеткіншектерін үйлендіруді ата – ананың міндеті
деп санаған. Сондағы мақсаты солардың жанұялары бұзылмауын,
құдандалы жақтардың бір – бірімен тату тәтті тұруын алдын ала
ойластыруынан. Бұрындары «Үйлену оңай, үйлесу қиын» деуші еді.
Қазірде осының екі жағы да қиынға көшіп барады. Үйткені үйлену
менің өз жұмысым, өз билігім өзімде деп, тереңірек ойламаудың
салдарынан бармағын тістеушілер көбейін барады. Бұл жағдайда ұл
бала жағынан да, қыз бала жағынан да бар. Ақылдасып пішкен тон
кең де, кем де болмайдыны” түсінбегендіктен. Ертеректе, 50-60
жылдарда, Алматы қаласында жоғары оқу орындарында оқып
жүрген студент қыздар арасында бір жиын – дискуссия өтеді. Сонда
қосылғандардың ажырасып кету жайы талқылапған. Біреулері жігітті,
біреулері қыздарды даттап жатқанда, бір әлі тұрмыс құра қоймаған,
пайымды – байсалды келген қыз сөз алып айтқан екен: “ Қателік,
алдымен, біздің өз басымыздан деп санаймын. Айлап, апталап
таныс жігітімізбен жүргенде, тек қана жағымды жағымызды
көрсетеміз. Некеге тұрып алғаннан кейін, бұл енді менің жеке
меншігіміздегі зат. Қалай жасаймын десем, өз еркімдегіге шығады.
Бұл – дұрыс емес. Шын махаббатпен қосылғасып, өмір бақи тіл
табысып, махаббатқа кір келтірмеуді ойламаймыз. Содан барып,
қосылған қосағымыздың жүрегіне ақау түседі, ол ұяғая келе
пықсиды, сөнеді, ажырасып тынады демесі бар ма. Бүкіл отырған
тыңдаушы: “Ойпырмай, мына қыз неткен ақылды!” – деп, таң
қалысады.
Қателік қыз жағынан ғана бола бермейді, жігіт жағынан да
ұшырасады. Ол – ішкілікке санылу. Арақ деген тек жабық ыдыс
ішінде ғана тыныш тұратын зат екенін бәріңіз білесіз. Шамаңды
білмесең, сені ақылдап алжастырады. Ақылдан алжасу –
адамгершіліктен ажырау. Мастығың тарқаған соң, адам болдым ғой
дейсің бірақ жүрекке түскен дақ қалады. Ол ертең тағы
қайталанғанда, жараға айналады. Сонымен іс бітеді. Сонымен,
тақырыбымызға оралайық, оқушым. Қателеспейтін адам кемде –
кем. Қайта – қайта қателесу дегенді әдетке айналдыру – азғындық.
Осындай азғындыққа салынғандарды мен сыртты бүтіп, іші түтіп
дегім келіп отыр. Осы қосылып жатқандарға: “Поздравляю с
законным браком!” деп құттықтап жатқандарды есітіп жүрсіңдер. Сол
“брак” сөзіне талдау жасайықшы. Орысша –брак, қазақша брак –
ақау. Ақау түскенмен де құттықтай ма екен, ойлаңызшы. Осыны
орысшаламай – ақ, қазақшалап, заңды некелеріңмкен деуге неге
болмайды. Сол сырты бүтін, іші түтіндерге “брак” деген сөз қосылып
ақаулары мүжіліп, тозушылыққа ұшырап жүр ме екен деймін.
134
Осы жанұяның бұзылуына, көбінесе, әйел жағының осылдығынан
болады – ау деймін. Оны алдағы айтқан студент қыз айтқан жоқ па.
Жолдасыңа деген қамқорлығың, махаббатың ешбір нашарламай,
өзіңе қызықтыра білсең, ол ұзамайды. “ат айналып, қазығынан
кетпейді” неге айтылған.
Мынандай да жағдай болады: сол сенің қосылатын жігітіңнің бірнеше
“ махабатты” болады да, біреуін ғана алады. Аналарымен де
байланысып қойған жағдайлар болады.Бұл өте қиын нәрсе, тіпті
қайғылы қазаға дейін баратыны болады. Сондықтан қызға айтарым-
пәк тазылығыңды сақтай біл, көбелек болсаң, отқа түсіп күйесің, оған
айыпты өзің. Қытай халқында (бір журналдан оқып едім) қыз
баланың болашақ күйеуімен қатынасты сол қыздың анасы қызы ер
жете бастағаннан үйретеді екен. Жалпы қыз баланың тәрбиесі –
ананың жұмысы. Осыны біле бермейтін аналар да бар ғой деп
санаймын.Үйткені бұзылған аналар қазіргі қоғамымызда аз дейсіз
бе ? Оның қызы тәрбиені қайдан алмақшы? Сондықтан да қазақта
“Текті жер”дейтін сөз бар. Не ексең, соны орасың . “ Көн жібісе,
қалыбына барады”- ны ұмытпа! Сөз соңында айтырым- “
жақсы әйел жаман еркекті үй етеді, жаман әйел жақсы еркекті қор
етеді”. “Ішіме сыйған, сыртыма да сыяды” дейтін аналар да
кездеседі. Мен оларды ақылы кемдерге қосамын: табалдырығыңнан
аттап кеткен қызың – жат жұрттық.Сенің жолыңмен кеткен адам. Өзің
қайда отырсың? Осы үй әкеңнің үйі ме?!Ол қызыңа ашу айтпай, басу
айт! Әйел баласы жеңіле білсе ерінеп, ақыры жеңіс сонікі болады.
Бұл- өмірдің тәжірибесі, керек болса, заңы да!
Қазақ деуге болмайды!
“Аурудың жаманы-
диабет,
Көршінің жаманы-
қиямет.
(Қадыр Мырзаәли.)
“Сыр бойы” газетінің 23 желтоқсан, 2000 жылғы санында “Адам
азып бара ма?” деген мақаласында Қармақшы аудандық ішкі істер
бөлімінің жылжымалы полиция бекетінің бастығы қызметін атқарған
Бақыт Исаев араққа сылқия тойып, үйіне келген.Үй ішіндегі жанұя
мүшелеріне тиісіп, қуып шығады.Арашаға түскен анасының басу
айтқанын тыңдамай, жұлқылап, сабайды, жан азыбын көрсетеді,
басын жарады, қабырғасын тепкілеп сындырады. Жедел жәрдем
келгенше, анасы әлсіреп қалады. Ауруханаға жеткізгенде, анасы көз
жұмады. Б.Исаевтың 15 жылға ауыр жазамен сотталған дығын
облсоттың судьясы Н. Өміртайұлы жазған екен.
Осы іс қазақ деген атқа сыйысатын іс пе?! Және оны да адам
деп, түзеледі ме екен?! Анасын өлтіргенді адам деп айтуға да
болмас!
135
Мынаған қараңыз, бұл оқиға менің өз көзіммен көрген іс еді.
Әрине, ертеректе, бұл да сол облыста. Әкесі ертеректе дүниеден
өткен. Арасына онша көп жыл салмай-ақ, анасы да дүниеден өтті.
Бұлардың өз кемерінен 3 ұл, 1 қыз болатын-ды. Бәрі де отандары
бөлек.
Қатар қойылған әке-шешесінің басына төрт құлақ там (моласы)
салмақшы болып, жаздың ыстық күнінде балалары бас қосады.
Отанында ортаншы баласы тұратын-ды. Оның әйелі (алғашқы)
өлген, баласы болмаған соң, қарындасының 1 ұл, 1 қызын, інісінің 1
ұлын баурына салып алған болатын. Алғашқы екеуі бөлек отан
болып кеткен де еді. Жесір қалғаны зорға дегенде бір шүйке босқа
(аты ұрғашы болған соң солай айтып отырмын) қосылған. Онысы
өзінен 35 жас кіші екен. Осыған қосылғанша екі жерге барып
үлгерген екен: екеуінен екі қызы бар. Бұл келген кезде, інісінен алған
баласы оқуда болатын. Бір күні кешке сол бала болашақ келінді