деп,мына Сәкең атқан екен, ұяттымыз-дейді. Содан ыдыстағы етті
қапқа салып, қүдасына өңгертеді. Нұртаза құдасына қойдың басын,
шамалы етін қалдырып кетеді. Бұл жағдайды сөзден сөз шығып
Сәдірқұл айтып еді.Осындағы аты аталғандардың бәрі де бұл
күндері дүниеден өткен. Нұртазаның үйінің егіс маңына көшіп
келгенін құдасы білмеген екен. Алдаудың да, ойнаудың да мөлшерін
байқамаса, ұятқа кездестіруі мүмкін екен, оқушым. Бұл ақиқат болған
іс еді.
Тоғанды бұзушы болма!
1995жылдың жаз айы екен-ау. Үйдің қасында Шермағанбет (Шерман)
деген ініміз көптен бері өкпе ауруымен аурып жүретін. Соның анда-
санда көңілін сұрап тұрушы едім.Бір барғанымда:"Тәжі қатты ауырып
қалыпты,білдіңіз бе?-"-деді. –Жоқ қашан?-дедім.
-Осыдан оншақты күн бұрын, тіпті барлық туыстарын шақырып,
Біздің тұқымымыз көп ауырмаушы еді, - деп – дүниеден өтіп кетсем,
маған ренжіген уақыттарың болса, кешіңдер, менде ондай жағдай
болған болса, кештім! – деп, бала – шаға, ағайындарымен қоштасқан
көрінеді. Маған келгендер осыны айтады – деді. Күнде мұның көңілін
сұраушылар келіп жататын.
Сонымен, естісімен Тәжінікіне барсам, төсекті жақсылап тұрып
салдырған, үстіндегі киімі де, төсегі де аппақ. Азып та қалыпты,
дуалға қарап теріс айналып жатып алған.
- Ассалаумәликум! – деп, кіріп келдім. Зорға қимылдап, маған қарай
бет бұрды.
52
- Не бұл жатыс?! Қыс көтіңді!!! Тоғанды бұзушы болма! – деп, қатты
дауыс шығардым да, жайғасып отырдым. Екеуіміз де үндемей,
кішкене отырдық. Байқаймын, менің айтқан сөзіме ренжімеген.
Науқастанған адамның үні бәсең шығады ғой, жайлап отырып,
қауіптенгенін баян етті. Бұрындары дауысы шаңқ – шаңқ шығушы еді,
ол жоқ. Уақытым болғанда көңілін сұрап жүрдім. Тәуір де болып, ауыл
арасы шақырған жерлерге барып та жүруші еді.Мен қоныс аударып
көшкеннен соң, өзі айтқандай, бір күні түнде жағдайы болмай,
дүниемен қоштасып кетіпті, бата жасадық.
Қатарымыз жыл сайын сирей бастады, үлкендер дүниеден өтіп,
үлкендік бізге жетті.
Ырзалық білдіру
Дауылбайдың Әйтөресі деген құрдасымыз Ұлы Отан соғысынан
бір аяғынан жараланып, ақсақ Әйтөре атанған еді. Кісіге азары жоқ,
момым жігіт еді. Соғыс аяқталмай – ақ ерте оралған екен. Дүйсенкүл
дегенмен жұбайласқан. Бар болғаны бір ұл перзенті бар, одан немере
сүйді. Бірақ әйелі өзінен бұрын өліп, әрі жесірліктің, әрі мүгедектің
зардабын шекті. Қанның қысымы деген науқасқа шалдығып, қыбыр
ете алмай жатыр. Ары кеткенде айына бір барып, көңілін аулап
тұрушы едім. Өте ырза болып қалатын. Кейініріекте барғанымда,
әңгіме үстінде көзіне жиі жас алатынды шығарды.
- Сен келіп тұрасың – ау құрдас дегендер азайып та барады. Бірақ
осында тұрса да, келмейді, - деп, көзіне жас алды. Бір күні немересі
үйленіп, өзіне мүгедектерге тиесілі машина алған екен. Ол
барғанымда көңілі жадыраңқы, қуанышты екен. Көптен айналдырған
ауру қоя ма, тағы бір келгенде баласы: «Үш күн болды, еш нәрсені
білмейді» - деді. Шалқасынан жатыр, көзі де, аузы да ашылған. Тек
тыныс қана бар. «Кеше туған інісі келіп еді, оны да білген жоқ» - деді.
Мен: - Әйтөре, замандас құрдас едік. Рухың әлі өзіңде екен. Бетіңді
түзеп алыпсың ғой. Құлағың естімегенмен, рухың есітер. Қатар едік.
Ренжіскеніміз жоқ. Сонда да болса айтайын, қатар адамда әзіл –
қалжың болады, көңіліңе алған жерің болса, кешір, мен де кешірдім.
Ырза бол! – деп, ырзалық білдірдім. Мен кеткен күні түстен кейін
Әйтөре дүние салыпты. Бұл 1997 жылы еді.
Информбюроға телеграмма
1941 жыл. Ұлы Отан соғысы басталып кеткен кез. Неміс
басқыншыларының күн сайын ілгері жылжып, бір қаладан кейін екінші
қаланы басып алу кезені. Күн сайын, апта сайын ел азаматтары
армияға алынып, олардың бала – шағаларымен қоштасып жатқан кезі.
Әлі күнге көз алдымда тұр: поезд қимылдап жүрген кезде, қалып бара
жатырған бауырларының үні, дауыс шығарып жылаған дауыстары.
Жастайынан қыршын кеткен азаматты намаз жасап, табытын көтеріп
бара жатқандағы үйдегілер далаға шығып еңіреген үніңдей. Адам
53
баласының тұла бойы түршігеді, құйқаң шымырлайды. Осылайша
күндер өтіп жатты. Елдегілердің майдандағы бауырларына, жан –
жарына жолдаған телеграммалары күнбе – күн информ хабардан
кейін оқылып тұрушы еді. Бір күні Самков Алексей (мені телеграфист
морзистікке үйретуші ұстазым) екеуіміз қасымызда отыратын
телефонистка – коммутаторщица Досмаханова Бибрабаның атынан
телеграмма жолдауға келістік. Бибраба соғыс басталар алдында ғана
Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
Зулхарнаев Әбенге тұрмысқа шыққан. Үйленгендеріне бір ай ғана
шамасы еді, Әбенді майданға алып кетті.
«Дорогой мой Абен! Мы все здоровы.Защищай Родину! Целую
тебя,твоя Бибраба» - деп, - Москва информбюроға телеграмма
жолдағанбыз. Оны Бибраба білмейді. 2-3 күн өтер - өтпесте
таңертенгі хабарды берген соң, артынан телеграмма да оқылды.
Бибрабаның жұмысқа кегені де сол еді, телеграмма да оқылды. Біз
Алексей екеуміз Бибирабаға «Молодец!» деп, құттықтап жатырмыз.
Ол болса: «Мен телеграмма бергенім жоқ» - деп, бізге жабысып
жатыр. Сол Әбені майданда қаза тапты білем, хабарсыз кетті.
Бибраба болса, жеті жылдық мектепті орысша бітірген, сауатты,
пысық болатын. Соғыстан келген кезім. 1948 жылдың жазы
Кызылорда педучилищесіне экстерно түрде түсіп, мемлекеттік
экзаменаға келгенмін. Ұлы Отан соғысында бір қолынан айырылған
Сақов деген жігіт Қаражаты тауысылып, облыстық әлеуметтік
қамсыздандыру бөліміне көмек сұрауға барыпты. Ол да сол
училищеде экзамен тапсырушы еді. Өзі шиелілік . Арызын орысша
жазу керек болған екен, сол арызын маған жаздырған. Сақов арызын
бастыққа алып барады. Бастық толық келген, қой көзді сары келіншек
көрінеді.
-
Мынау арызды кім жазды? – деп сұрайды.
-
Өзім жаздым, - дейді Сақов.
-
Жоқ, мына жазған кісіні білемін. Шыныңды айт, көмек
беріледі, - дегенде, Сақов шынын айтыпты. Бұл бастық Досмаханова
Бибраба екен. Арада 7 жыл өткен. Әлі күнге менің қолымды
ұмытпаған. – Алдағы жұма күні сағат беске үйге келсіп осы арызыңғы
жазған кісі – деп, адресін айтыпты. Осындай да адамда ұмытпайтын
қабілет болады екен!
Адам қанша қабілетті болғанымен, тағдырдың пешенеге
жазғанынан аспайды екен деген қарытындыға тіреле береді екенсің.
Осы пысық келіншек өмірдің түрлі кезеңдерін бастан кешті. Қазір сол
жалғыз басты, баласы қайтыс болған. Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
сыны кетпестің кейпінде.
Мөрсіз анықтама
Ертеректе жаңадан некелесіп жатқандырдың некесін қиятын
молда үйленуші жігіттен “Иттің даусы жететін жерге қонасың ба?”-
деп ,сұрап жатқанын есітуші едім. Оған: “Қонбаймын,- деп, жауап
54
берілуі керек екен. “Қонамын” десе, некесін молда қимайды
екен.Солай болған болуы керек, неке қию үстінде берілген уәде-
жауап армиядағы берілетін ант сияқты заңды болса керек. Талай бірге
жүрін, қонақта болып, сол жерде жата кетсе түн ішінде оянса болды,
үйіне тайын беретін бір жақын, әрі туысым, әрі өшкелесім болды. Сол
өшкелесім бар, мен бар, тағы да замандас ініміз бар бірге болдық.
Мен болсам сол “Ақаңмен” тату болмадым: көтере алмаймын, ұшып
түсемін. Сондықтан да онымен онша дос емеспін. Дегенмен, онымен
дос болмасам да, достарымның көңіліне қарап; талй –талай қиналған
уақытым болған –ды. Түн ортасы ауын кеткен. Анау екеуі кемеліне
келген. Бірақ ақыл – есі дұрыс, қанағаттаған. Үй егесі: “ Жата
салыңдар, ертең – ақ барарсыңдар” , - деді. Ал менің өшкелесімнің
әдеті “Құс ұйқысы болатын – ды.”. Сол “ Құс ұйқысы” келін қалған.
Жатуға келістім. Төсек салынды. Ананы қозғамаңыз, оянса, жатпайды.