ішіп жатыр. Соған түстенейік деп, әрі ағалары, әрі нағашылары
болатындарды Төлеу желіктірген – еді.
-
Ол нағашыңның жылқысы жоқ еді ғой, - деді Яссы аттас
ағасы.
-
Жоғына жоқ; менің биемді, Ақдеменің биесін алып,
сауғызып
Отыр – дегенде, - ия, - деп Қостай кетті Жүсіпназар. Осы әңгіме
үстінде ауылдас, әрі ағайын туыс Сатыбалды бар болатын. Ал, онда
барайық деп уәделесті. Бір – екі күн бұрын хабарлауға да келісті.
Уәделі күні сәске болмай – ақ жетіп келді. Төкеңнің нағашысы хабар
келген соң, тыраштанып дайындалуда. Қымыз да жиналған болып
жатыр. Үй огородтың басында, қамыстан қауқитқан лашық еді. Қонақ
келеді деген соң, жақын ағайын болатын інісінің де әйелі көмекке
келген. Келісімен дастархан жайылып, шөлдеп келгендерге
жиналған қымыз берілуде. Есік алдында мал сыйылып, ішек –
қарнын келіндер тазартып жатқан кез болатын. Үйдегілер қарқ – қарқ
күлісіп жатты.
Отырғандардың бірінен жел шығып кетсе керек, соған күлісіп жатса
керек.
-
Соған бола күлесіңдер ме? – депті Сатыбалды.
49
-
Керек болса, қырқын тауып берейін ондайдың – демесі
бар ма?
Отырғандар арасында таба алмайды деген ерегіс шығады. –
Табамын! – дейді Сатыбалды.
-
Иә, табады,-деді Наукең(Наурызбай).
Ерегіске тынып қалған Жүсекең (Жүсіпназар).
-
Сатып аласың ба соншаны? – десе, - сатып алмаймын,
кәне, қайсың санайсың, санаңдар! – дейді. Сонымен, жарыс
басталады да кетеді. Санан жатыр, санан жатыр. Оннан асысымен-
ақ, қарқ-қарқ күлкі басталады. Санды да, шығын жатқан дыбысты да
есік алдындағы келіндер де естіп, барар жер таппай жатады. Енді
күлкіге үйдегілерге қосыла сырттағылар да сылқ-сылқ етуде. Ішек-
қарын тазалау жайына қалады. Көзден жас аққан, күлкілерін тыя
алмай жатады. Санаушы: - 39, 40, 41 – деп тоқтағанда, Сатыбалды: -
санай бер, әлде де бар – деп, уәдесінен 3-4 – еуін асырып тоқтайды.
Сүйтсек, бұл кісі бұрын да аты шыққан адам болып шығады. Аты
жоқ, жөні жоқ осыру емес екен, ерегіскеңдердің жеңілгендері
жүлдегерге көйлек-көншегін беріп құтылыпты. Сүйтіп, сатыбалды
сатып алмай-ақ, алдына бұл сияқты жарыстан жан салмайтын
жүлдегер еді.
Құдағидың Құданы Қорқытуы
19 жыл өткенен кейін елге келген кезім. Бұл жылдар ішінде мен
Өзбекстан да, оңтүстік Қазақстан жерінде де, Ұлы Отан соғысы
кезінде Европа елдерінде де болдым. Бұл кез өзінше бөлек жатқан
түрлі кезеңдер еді. 1946 жылдың бас кезінде елге, кіндік қаным
тамған жерге келген кезім. Шамалы уақыт жұмыстың ыңғайы бола
қоймаған соң, жанжақтағы туыстарға барып, сәлем беріп жүрген
кезім. Елді, ағайын-туыстарды әлі толық біле бермеймін. Бір күні
№19 рзд-ге (аялдама) келіп, поезға мінбекші едім. Аялдаманың
кезекшісі, әрі бастығы Күлмахан деген кісі Шиеліге телеграмма беру
үшін морзе аппаратының кілтін ұстап тықылдатады, тықылдатады.
Лентадағы сызықтарға қарасам, Шиелі бұл кісіден телеграмманы
алғысы келмейді: кілтпен жұмыс істеуі өте нашар.
-Маған беріңізші-дедім. Ол кісі маған состиып, не істемекшісің деп,
күдіктене қалды. Мен кілтке қолым тиісімен, Шиелі қабылдауға келісе
қойды.
Лезде телеграмманы қабылдады.
Сол күннен бастап,бұл кісі мен келсем, поезға билетті
тоқтаусыз беретін болды. Бір ретте мен келген кезімде, екі бірдей
үріп ауызға салғандай қыз ба, келіншек пе біреулер келе қалды.
Билет алуларына көмектесу керектігін айтты, билет алынды. Кейін
барып білдім, екеуі де туыстастар, әрі жас мөлшері менімен қатар
кісілер болып шықты. Бұл кез екеуінің де тұл кезі.
Таршылық, жоқтық, кедейлік деген иыққа бір мініп алса, түсе
қоюы тым қиын-ақ. Сондай кезеңде елде бір Кемелбай деген кісі бар
50
екен. Бұйрықтың жолы болуы керек, баяғы екі сылқымның бірімен,
Арабымен жұптасады. Жас айырмашылықтары 15 жас шамасы.
Осылардың өмірінен кездескен бір жайды айтайын. Жаз айында
қыстың қамы дегендей малға шөп орады. Оны үйге тасу табыла
қойса тек қана өгіз арба еді. Сол табылып, жаңағы қосылған
жубайлар шөбін алып келе жатады. Жол тегіс емес, ойлы-қарлы
екен.
Бір кезде арба аударылып, үстіне мініп келе жатырған әйелі
шөптің астында қалады. Зорға тауып қосылған қосағы шөп астында
қалғанда, күйеуінде ес болмай қалады. Жерден шөпті аударып,
астында қалған келіншегін табады. Ол серейген күйінше былқ
етпестен жатыр. Ері не қыларын білмей:"Арошка, шынымен-ақ
кеткенің бе!?"-деп көзін сығып-сығып, "Арошкам-ай, жаным-ай!"-деп
дауыстан жібергенде, келіншегі:"Аһ"-деп ұшып тұрса керек. Сонда
ері:"Қорқытқанда осылай қорқытады ма екен!?-деген екен. Сүйткен
дүние өз кезегімен өтіп келеді. Жол менікі деді ме, ері 89-ға қараған
шағында дүние салды. Құдаларымның әрі жас жағынан үлкені, әрі ең
біріншісі еді. Алла иманыңызды жолдас етсін!
Көшеге лақтырылған төсек
Ел ішінде той-тұмақ, ас беру, құран оқытү сияқты халықтың
жиналуы болады.Сондай жиындардың бірінде белгілі Әлима қортық
абысын-ажындарын тағы бір дүрліктірмесі бар ма: "Кеше таңертең қу
бас балам менің төсегімді далаға шығарып, бар дауысымен
айқайлап; "Менің шешемді алатыңдарың бар ма?" – деп,-
лақтырғаны ғой. Мен болсам жалынып жүрмін: - қойсайшы, балам,
ұят емес пе? – деп. Ал, ол болса, тіпті ерегісе түсіп, лақтырылған
үстіне лақтыра түседі. Қойшы, бір уақытта шаршады білем, үйге кіріп
кетті. Мен абыл – ғұбыл шашылған төсегімді үйге тасудамын" – дей
бергенде, бір қартаң тартқан абысыны:
- Ондай бала болса, күні бүгінге қайда! – дейді Мәуленнің
шешесі. Жұрт тым – тырыс. Сол кезеңді пайдаланып, қортық сыртқа
шығып та үлгереді. Дереу шал – шабандар отырған бөлмеге барып:
- Жесірлеріңді алатыңдарың бар ма?! Еркексіңдер ме жоқ па? –
дейді. Олардың ішінен де тез жауап береуін ертіп келіп, жаңағы қарт
абысынын нұсқап:
- Мына жесіріңді неге алмайсың? Мына жұрт куә, жаңа ғана өз
арызын айтып салды – деп, жұрт алдында ду қүлкіге айналдырады.
Алдамаса, ішкені ас болмайды
Не екенін кім білсін, біреуді алдап, қызығына батпаса, көңілі
көншімеуші еді. Әлде соны кейінгіге сөз болсын деп істей ме екен
дейсің. Байболдың Жұмабайы деген алпыстан асып, жетпіске
таянған кісі болатын. Өзі сом денелі, диқан кісі. Соның бір баласы
Нұртазаның қызына үйленген-ді. Нұртаза ол жылдары колхоздың
51
қойшысы. Жұмабай құрдасы Сәдірқұл дегенмен бірігп, ел шетінен
огород егеді. Күз айы, егін піскен. Малшылар жайлаудан сырға келіп
жатқан кез. Жұмабай мен Сәдірқұл қостас, егіндерінің ішінен лашық
күрке жасап алған. Қауын аралап жүріп, қыр бетінен бір қойдың
жүгері ішіне ақсаңдап кіргенін көре сала, жерден жеті қазына
тапқандай, лашыққа кіріп, аңқау құрдасына:
- анау жаптың ар жағына бір ақбөкен жүгері ішіне кірді. Анау
мылтықты ал да, атып ал –дейді. Сәдірқұл болса тездетіп, бұқпалап
барып, оқ жетеді-ау деген жерден жүгеріні жеп жатырған қойды
басып салады. Жетіп барса, ақбөкен емес, бір ақсақ қой. Амалы жоқ,
бауыздап, сүйретіп қосқа әкеледі. Сойып, етін ыдысқа салып,
шыбынды қожылдатып, үстіне бір қапты жабады. Бір кезде қасына
ит ерткен атты біреу: "Кім бар-ау?!-деп дауыстайды. Бұлар қос
ішінен көріп отыр, үн жоқ. Екінші рет дауыстағанда, сыртқа Жүмабай
шығады.Сәлемдесіп болған соң, үйінің жанына тастап кеткен бір
ақсақ қойының ізі осылай шыққанын айтып, көрдіңдер ме деп
сұрайды.
-Жоқ, көргеніміз жоқ-дейді Жұмабай құда.
Ары жүре бергенінде, жаңағы мал сойылған жерден қарғалар ду етіп
ұшады. Барса, мал сойылған, ішек-қарны жатыр. Нұртаза таңырқап:-
Мынау не нәрсе?-дегенде,Жұмабай сасқалақтап, ақбөкен екен