Литмир - Электронная Библиотека

жатса, бүкіл өміріңде халқыңа еткен еңбегін де қуантатын болсын!

Бұлай жасау – адамгершілік борышың.

Көңілі соқырдың көзі көріп тұрса да соқырға тән: ой талғамына

салмайды, түсінгісі келмейді, демек көзі бар да көңілі – зағип.

Ойсыздар мұңсыз келеді, олар меланхоликтер тобына жатады,

талғамдық қабілеті кем емес, эгоистігі басым келеді.

Өз қателігін мойындаудан да кемшіл болады. Мінезі салмақты

делінеді, дене салмағы да кем болмайды.

Қарғыстың ең жаманы – «Өзің білме, білгеннің тілін алма!»

екінші бір түрі тойымсызға, жемқорларға айтылса керек: «Көзінен

шықсын». Сондықтан қанағатшыл бол!

Ең жақсы атақ иесі – ұстаздық; тек жақсылықты уағыздаушы.

Оқы да тоқы; үйрен де үйрет, бойыңда сақта да іске асыр!

2005ж. 22 Қыркүйек, бейсенбі күні.

Сезімталдықтан серіктестікке көшу – қартаю.

Таза ауа жұтқаның, талай жылды ұтқаның.

336

Сыбағаңа тигенді іше берме, жей берме. Мынау әлем дүниені мал

қора екен дей көрме.

Ылас ауа жұтқаның, өміріңді құртқаның.

Өмір деген қызық та, қиын да; қызығына малына біл қиындығынан

қорықпай, қарсы тұра біл!

Артық байлық адамды адастырады, бәсекелестік бүлдіреді.

Жетпісте сиректесең,сексенде селдірейсің, тоқсанда тоқтап, жүзде

жоқ боласың.

Осы күнге дейінгі оқығандарым, көрген – білгендерімнің

қорытындысы №5 дәптерде – «Өнеге сөз - өрісің, өнегелі іс –

ырысың» деп аталатын дәптердің 42 – 51 – беттерінде

топтастырылған екен.

Бұлардан артық айтамын деу – «әурешілік: «РУХ» аспаннан

түспейді, жерде жасалады. Ғұмыр бойы рух жасау процесі аяқталған

жерден барып , ажалдың шекарасы ашылады» делінген екен.

«Жазып отырған адамның артық айтқаннан гөрі жеткізбей айтқаны

жақсы» - депті ғой Альбер Камью-Новель сыйлығының лауреаты,

классикалық емес философияның классигі.

Демек, өмірге деген көзқарасыңды тұжырып тастамай, басқаның да

ойлауына, айтыуына, сөз калдыру, ой өрісін дамытуға шек

қоймағанды да жөн санаған дұрыс болар.

Мына қағиданы басшылыққа ал да, іске асыр:

«...Бақытты болудың 4 шарты:

1. Таза ауада өмір сүру.

2. Өзіңді жақсы көретін адамдарың бар екенін сезіну.

3. Даңқұмарлықтан адалдық артық.

4. Пайдалы іспен айналысу.»

Есею кезең – есі кететін кез;

Күлекештікке салынсаң, күлкің де тыйылуы ғажан емес:

Құндылығың жойылып, күң болып шыға келесің.

Кейінгі өмірің шешілмес жұмбаққа айналғаны: «Күндіз екеу, түнде

төртеу»

Болып шыққаны, көзің құрғақ, көңілің жылаумен өткені дей бер.

Өнім өндіру-адал еңбек

Қосымша құн-Карл Маркс тапқан ғылым

Өнім өндіруді табиғатқа зиян келтірмей дамыту – ой парасаттылығы.

Өнген өнімді алып сатудағы үш есе өсім табу – кәсіп; бес есеге өсіру

– кәсіпкерлік; Елу есе өсіру – монополия, жүз есе өсіру – қанын

шығару: Халық наразылығын тудыру.

Халық наразылығы туса, қарсылық келіп шығады, пықсиды,

өртке айналады.

337

Өнім өндірудің жолында асығыстық жасап, табиғатқа зиян

келтіріп өндіру-жауыздық жол, Экологияны бұзу жолы.

Осы жерде келіп, Мұхаммед Ғ.С. пайғамбардың 1- хадисі келіп

шығады.

Адамзатқа аса қаіпті үш нәрсе делінген

Көз – адам бойындағы ең сұлу мүше. Сонымен қатар ол

тойымсыз мүше. Оған ерік бере берсең, бәрін де өз бойына сіңіруге

тырысады, бірақ қанағатсыз болмау керек. Ақырында, көз үстіне бір

уыс топырақ түскенде ғана толады. Осыған мән берген жөн.

Парасаттылық деп соны айтса керек.

Шындықты бұрмалап, сол қоғам идеологиясына бейімдеп бөсу-

жағымпаздық.

Шындық жасырынбайды, жасырынғанмен алтындай жылтырап

тұрады.

Елдегі барлық кәсіпорнын жекешелендіріп, сауда нарқын өсіре

беру, ақша құнын төмендетіп, жалақы, пенсия қосу (бұрынғы құны

төмендеу) халық наразылығын тудыру жолы. Ақша құны төмендеу

деген – ел басының құнын төмндету.

Халық тынысын білгісі келген басшы алдын ала хабарламай-ақ

күн көрісі қиын елді өз көзімен көрсе, толық білер еді.

Дайын болған құрылыс орнының лентасын қию да керек шығар,

ал ойсырап жатқан жерге, басшыны жолатпауға тырысу – жергілікті

орындағылардың келешекті жасыру әдісі.

Кемшілікті жасыру – түзелуге кедергілік. Ондай басшыны іскер

деуге келмес. Мүндайлар уәдешіл, жылпос келеді.

Бізді құртып жүрген нәрсе - өтірік ақпар: болмағанды болады,

болды деу.

Өнім өндірушілер аз да, өнген өнімді алып сатушылар тіптен көн.

Бұл – заттың құнын кетіру жолы.

Арақ – әзәзілдік дәрі: болмасты болдырады, достастырды да,

ішіңе енді дегенше, түла бойыңды билен алуы да қиын емес. Дұрыс

пайдалана білгеннің жолы болады да; миы аталаға айналғаны ісі

оңбақ түлгіл, өз басын жойып алуы да ғажан емес, ойы осылып

тынады.

Хабарсыз кеткен бауырыңымен табысу –шырағыңның жанғаны.

Көздескенде бауырыңмен жаңа таңның атқаны, туысқанмен қауышіп,

өрісің кеңіп жатқыны бір ғанибет.

338

Қартайғанда, мүгедек халге келгенде, Алладан өзімнің

қосағымнан - әйелімнен бұрын ала көр деп тіле, әйелің қажет

жағдайда ашылған тәніңді жабады.

Инфаркт (жүрек ауруы) алып қалудың негізгі үш түрінен (қан

қысымы, астма кездейсоқ уақиға) басқа бір түрі сақнада өнерді

көрсетуші артистерде де болады. Көруші халықтың қошеметі күшті

болса, ду қолшапалақтау, немесе құрмет жасамаса да жүрек толқуы

пайда болады екен. Енді бір түрі ойнаған роліне шын беріліп

ойнамаса, роль шықпағандықтан, шын беріліп ойнаудан (жындының

ролі) кейде ол үш күн психбольница жындыханаға түсіп емделеді

екен. Бұл да оңай емес. Махаббат иесінің ролінде ойнаушы рольді

шығарамын деп жүріп, беріліп те кетсе керек. Артистердің бір

некеден екінші некеге ауысуы осыдан болса керек. Сондықтан

оларды қатты кінәлауға жата бермесе керек.

Еркелейтін атаның да болғаны немереге үлкен бақыт.

Жинақтылық – адам бойына жарасымды іс-әрекет нәтижесі.

Салғырттық – пошымды адам болғанымен іс-әрекеті қалай

болса солай шашырап, ұсқынын жиіркенішті көрсетіп тұратын

құбылыс түрі. Бұл ойсыздықтан туындаса керек.

«Күш қазандай қайнайды, - күресуге дәрмен жоқ» - ойлауы бар

да, оны іске асыруға әл-қуаты жоқтың айтқаны. Әдетте бұл қарттың

қартынан шыққан сөз болса керек.

Сондықтан да орыстар «Старость – нерадость» - деп айтады

емес пе!

«Қашып кетсең, шашып кет!» - сөзінің шын мағынасына мән

беріп қарайықшы. Бұл тәртіпсіздік іс емес. Жаугершілік кез көктемгі

егіс кезіндегі айтылған. Қашып бара жатсаң да, егіс егіп кет, қайтып

оралып, елге қайта келсең,өзіңе астық, дәм.Осының екінші бір түрі –

қартайып, ол дүниеге аттанар кезінде, бойыңда әл-қуатың барда

кейінгіге айтар өсиетің болса, айтып не жазып кет. Өнерің болса,

ұрпағыңа үйретіп кет, пасықтық жасама.

Қызғану – адам сезімінде болатын өзінен басқаға не өзінен

басқада бар болғандығын қимағандық сезім. Қызғанудың түрі алуан

түрлі.Оны басқаға сездіру не сездірмеуге тырысу жолы да түрліше.

Қызғанудың тегі қызғанатын нәрсесін өзі ұнатқаннан шығады. Адам

ұнатпаған затын еш уақытта қызғанбайды. Қызғану процесі көбіне

жасырын түрінде жүреді. «Қызғанғанның қызыл итке жем болды»

деген де қорытынды бар. Сондықтан сырттай жақсы көріп, іштей

сездірмей, не оған ие болмау өзіңді-өзің қажыту болса керек.

339

Опасыздық – адамгершілікке жатпайтын барып тұрған жаман

әрекет. Мұның да түрі көп: Отанға, жолдасына, берген уәдксіне т.б.

Тыйылымы – жазалану, ажырасу, достықтан айырылу.

Мейірімділік – адам бойында болатын ең бір нәзік сезім: бүкіл

жан сезімнің жақсы көруі, беріліп кетуі, рахаттануы десе де болады.

Мейірленуден бала көрмеген ана бала асырағанда, емшегінен сүт те

110
{"b":"579035","o":1}