Литмир - Электронная Библиотека

шығады, жан-жануарларда бірінің сәбиін екіншісі асырау да бар.

Мейірімсіздік – жексұрындык, түгелдей мейірімділікке қарсы жол.

«Айғақтаған айбының аталардың,

Тұлғаларын тұрғанда табалар кім?

Келер ұрпақ кешпейді мәңгілікке,

Тірілтпесең рухын бабалардың!»

Нұрғали Сарыпбекұлы.

Жасандылыққа көше бастағандығың – жарыместілікке бет

бұрғандығың.

Алла жауып – жасырып жүруге ыңғайлаған мүшеңді көрсетіп

қызықтырамын деуің – ар-ұятыңнан айрылуға асығуың.

Мода куғанның дода – додасының шыққаны дей бер.

2006 ж.

Орталарыңда отырған тірі тарихтың көргендері де мол, жазып

айтқандарынан әлі де айтары мол, бір ғасырға жуық өмірі кейінгі

ұрпаққа сабақ болса керек.

Үзіліп кеткен үміттің қалпына қайта оралуы – ол дүниеден бұл

дүниеге (тірі жарық дүниеге) келуімен пара-пар қүбылыс; Алладан

ендігі ұрпағымыз жалғасын тапсын деп тіле, аналар осыны ұксату

сендердің қолдарыңда екенін біліндер!

Арман – ойлы адамның ізгілікті жақсылыққа ұмтылудағы

мүддесі. Оның шегі жоқ: Үлкенді-кішілі түрі өте мол болады. Арман –

ақыл парасаттылықтың қозғаушысы.

Налаға қалу – екінші біреудің шын ықласын орындамау, опық

жеу.

Ғалым – жаңалық табушы.

Залым – білген ілімін теріс жолға жасырын пайдаланушы.

СҰМ – ішкі ой-пікірін тісінен шығармай жасырушы.

340

Сұрқия – теріс әрекетті білдіртпей орындауға әрекет етуші.

Ұйқымшылдық – тәннің рақатына бөленуді қолдаушылық,

жанның (рухтың) қажеттілігіне мән бермеушілік.

Пасықтық

– білгенін басқаға білдірмеуге, үйретпеуге

тырысушылық.

Ақжарқындлық – ойындағысын жасырмай, екінші біреумен

ақтарыла ой бөлісу.

Ішмерездік – ақжарқындылыққа қарама-қарсы әрекет.

Адасу – іс әрекетке жол таба алмау біліктінің көмегін қажет етуге

мажбүрлік.

Сергектік – білген үстіне біле беруге ұмтылушылық.

Жалғыздық – айтып болмайтын рухани жетімдік. Бұл процесс

жесірлерде, баласыздарда, туысы жоқтарда, ақырында, өз қатары

дүниеден озған қарттарда да болады. Сондықтан да жалғыздық «Бір

аллаға ғана жарасады».

Қанағатшылдық - өзіне нақтылы керегіне ғана бой ұрып, артық

иеленуді керек етпеу.

Қанағатсыз – осының кері түрі.

Мақсат. Мақсатсыз адам тұйыққа тіріледі. Өздігінше ары қарай

жол табуы екіталай.

Мақсат – жетуге көздеген ең соңғы нүктең.

Сезімталдық – қоршаған ортаға нем құрайды қарамай, болып

жатқан тіршілік атаулыға жан-жақты ойланып, өз лабораториясынан

өткізу, ой қорыту.

Серіктестік – жеке даралана бермей, өзіне де ақылдасар, ой

бөлісушіні сағалау, іздеу.

13/III-2006 600

Рух – Идея – Пікір - Елес

Әдетте дүниеге келген ойдан (мүліктен) қолға ұстап көруге

келмегенімен ойлай білгенде сөз етіп айтатындай, яғни сол

ойлаушының бұйымтайындай зат пайда болады екен. Оның

341

адамдағыдай тәні де, жаны да (рухы), болмаса керек. Бұл жағдай

творчествомен айналатындарда болса керек. Соны дүниеге әкелген

адам өзіне сәби санайды екен, ол затының өзі ойлау – толғану

арқылы, сәби туғандай қиналыстармен келсе керек. Әйгілі ақын

сатирик Асқар Тоқмағанбетов бір кітап оқушыларымен

кездескенінде, өзінің 72 кітап шығарғанып, оны дүниеге келтіргенін

балаға санап, сол сәбилердің дүниеге келерде ана толғағындай

болатынын айтып еді.

Адамзат сәбиі 9 ай, 9 күнде-ақ дүниеге келіп жатса, ой толғағынан

пайда болатын творчестволық Сәбидің дүниеге келуі тез де, ұзақ

уақыт алатыны да болады екен. Соған ылайық өзіне байланысты

оның аты да әркилы аталса керек. Менің бұйымтайымның дүниеге

келуі бүкіл өмірімді дерлік қамтығандай болды да, оның аты да соны

меңзеп тұр – «Бастан кешкен, көз көрген»: оның рухы – жаны жоқ,

жанын меңзейтін идеясы бар; ойшыл оқушысына өз жалғасын бере

де алса керек. Оның аты-Пікір. Сол пікірдің жалғасының атын Елес

деп айтуға тура келе ме деймін. «Атадан бала батпан кем туады»

дегендей, бірте-бірте аты жойылып, аяқсыз да қалуы мүмкін. Карл

маркстың тапқан ғылымы қосымша құн емес пе еді. Содан үлкен

дүние – Марксизм деген ғылым пайда болған жоқ па!

Ақын Асқар Тоқмағанбетов бірнеше сәби әкелсе, ол жас кезінен-ақ

творчествомен айналысты ғой. Мен болсам, оң жақта отырып қалған

бойжеткендердей, әрі оны ішіме көп сақтап, түйенің етіне жерік

болған аналардай жасағандығым да бар. Кешіріңіздер, тастап

қоймай, не, іште шірітіп алмай, әйтеуір, қиыншылықпен жарық

дүниеге әкелгеніме.

МАЗМҰНЫ

беті

Дұрысы мен бұрысы

1.

Қарттың көзі қазына

3-4

2.

Алтын мен күміс және мыс

4-11

3.

Намыс соты

12

4.

Махаббат, ақыл және есеп

13

5.

Рухы бойынан шыққандарды күзету

13-16

6.

Табыстырушылар

16-20

7.

Бірліктің негізі - әділдікте

20-21

8.

Түсінік орнына

21

9.

«Керек тастың ауырлығы жоқ»

22-23

10.

Өзіңе өзің есеп бере аласың ба?

23-24

11.

Салмақсыз ауырлықтан айығуым

24-25

12.

Семья (жанұя) өміріндегі әдеп және психология

25-26

13.

Сақтан, қазақ!

26

14.

Сөзбен жауап қайтарудың керегі жоқ істер

27-28

15.

Қотыр тайлақ

28-29

342

16.

Сенің басылған дөңгелегіңе басыламын

29-30

17.

Сухой қайнаға

31

18.

Күбі құшақтаған уәкіл

31-32

19.

Кімге кім ???

32

20.

Шалдарды шақырмақшымын

32-34

21.

Шалдар неге шақырылмай қалды?

36-37

22.

Тауып айтты ма, ауып айтты ма?

37-38

23.

Үмітті үзуші

38-40

24.

Іріту

40-42

25.

Бөлтіріктер бөрі болған

42-43

26.

Құрдастардың қылығы

27.

Лып ботқа

43-44

28.

Арақтың алжастыруы

45

29.

Құрдастарға

46

30.

Жүлдегер осырақшы

46-47

31.

Құдағидың құданы қорқытуы

47-48

32.

Алдамаса, ішкені ас болмайды

48-49

33.

Тоғанды бұзушы болма!

49

34.

Ырзалық білдіру

50

35.

Информбюроға телеграмма

50-51

36.

Мөрсіз анықтама

51-52

37.

Қылкөпірден құлау

52-53

Ойланарлық жайлар

38.

Отан

53-55

39.

Ең, ең, ең қымбаттым не екен?

55-57

40.

Адамға ат қоюдың жауапкершілігі

57

Өмірде не болмайды?

41.

Күзетілген күзеткендерден кейін…

58

42.

Сын сағатта ашылған сыр

59-60

43.

Жабылған жала

60-61

Ілгерінді-кейінді…Орындалған арман

44.

Бақытына жеткен Бақыт

62

45.

Баянның баяны.

63-66

Отты жылдар елесі.

46.

Жатқан жерің жайлы болсын, Алпысбай!

66-70

47.

43 жылдан соң

70-75

48.

48 жылдан соң

75-79

49.

Жараланған жаунгер жолдасыммен майданда кездесуім

79-80

Өзім туралы.

50.

Жіберіп алған қателігім

81

51.

Дұрыс деп тапқан жұмысым

82

52.

Қоныс аудару

83

53.

Биіктік №75 пен 68

84-85

54.

Шайқалып түзелген шаңырақ

85-86

55.

Өзіме тәжірибе

86-87

56.

Уақыт солай деп тұрса

88-89

57.

Айтылмаған сыр еді

88-89

58.

20 жылдан кейінгі кездесу

90-94

59.

Өмір көрсеткіші

94-95

Ой көлеңкісі

60.

Ойдың таяғына сүйеніп өткен адам

95-98

61.

Үш толқын

98-100

111
{"b":"579035","o":1}