Литмир - Электронная Библиотека

Қартаю деген – ұлғайғанға үлкен сын:біреулерінің есейгені көрінеді-

өнегелі,ұлағатты сөздерін тыңдасаң, екіншілерінің есінен ауысып,

жолынан адасқанын көресің. Алладан екінші түрінен сақта деп сұра.

Сексен! Жастарға ақылың болса, айтып кет.

Ақыл –ақшадан да қадірлі.Қалдырған бұйымың – ақша.

Атадан балаға ақша қалғанша, ақыл қалғаны артық. Ақша

жұмсағанға таусылады, ақыл – жұмсай білгенге, таусылмайтын

қазына.

Өтетін уақыттың жылдамдығы екі түрлі: бірі зымырап өтеді де,

екіншісі баяу жүреді.Зымырағаны –бақытты, қызықты, көңілді

құрметтелінген кез де, баяуы – кіріптарлық, көңілсіз, қорлықта болу,

әбіржушілік кез.

328

Сондықтан қарттардың жастарға айтатын алғысында «Бақытты бол,

Алла жарылқасын» сөзі айтылғаны абзал. Біреулер «Көп жаса» деп

жатады; жас беру бір Алланың ісі.

Құлақ екі түрлі болады:бірі есіту үшін жаралса, екіншісі – ұға білу

үшін жаралған. Арнайы айтарың болса, екіншісіне айт,бетің

қайтпайды.

Оның да ақпасы бар,құймасы бар. Ақпасының екінші жағы тесік,

ағызып алады, құймасы ұстап қалады.

Сағаттың да түрлері көп: уақыт сағаты, диеттік сағаты және т.б.

уақыт сағаты күн тәуліктің қай кезін білдірсе, диеттік сағаты ас

қазаныңның қоректік затының қажеттігін хабарлайды. Хабарды сездің

бе, кідіртпей сұрағанын бер. Режимін сақта, бұзсаң, әбіржисің.

Сөзге тоқтау – топтасу жолы, бірліктің негізін құруға бетбұрыс.

Партиягершілік – пікір таласы, ақыры, үстемдікке таласу.

Мафия – ұйымдасқан жемқорлық жолы, әділдігі кем топ, өз ішінен-ақ

бірін бірі осып та жібереді.

Бірлігі жоқтықтан ел тозады, ақыры, көрінгенге тәуелсіздікке душар

болуға апарады.

Жерден айрылу – елдіктен айрылу. Жер халық мүлкі болу керек те,

оны пайдалану жолы-ұйымдасқан шаруашылық болғаны жөн.

Жер-ана: жерден айрылу – анадан айырылу. Жер – асыраушы.

Жерді сату – ананы сатуға көшу.

Көреген қарттарың болсын, қарттарың ынтымақтасуды аузынан

тастамасын!

Араздасу әйелдерден басталса,

Жауласу еркектерден шығады.

Жеке меншікке бөліну жан-ұя құраудан, үйленуден басталады.

Жанұяның иесі – үйде тұрақты отырушысы, күзетшісі - әйел де,

басшысы – асыраушысы – ері.

Аналар татулығы бар жерде бірлік мықты да, араздық араласса,

ыдырау басталғаны.

Ыдыраушылық – бірліктің бұзылуы, күштің әлсіреуі. Осыдан барып,

«Бөлінгенді бөрі жеу» шығады.

329

Көз – тойымсыз мүше; көрінгенде ұмтылма, қанағатшыл бол;

жей бергеннен жетілмейсің: желкеңнен шығады.

Қарның астық сақтайтын қойма емес, қорыта алмаса, бұзылады,

ауырасың: «Ауру - астан» деген сол.

Жау сырттан келсе, ылаң іштен шығатын нәрсе.

Екеуі біріксе, алмай қоймайды.

Жіберген қателігінді мойындамағандығың – бүкіл бойыңды

жексырындылық жайлағандығы.

Қайта құру қоғамы тұсында жүйелі дамыған шаруашылықтарды

бөліп таратудан, ханталапайға айналды.

Ханталапай – ғалымдар тапқан ойын емес, залымдар тапқан ойын:

Мүлік иесі – Залым да,

бағалы қағаз «Купон» иесі – қалған халық.

Сөз барысында сөзге тоқтамағаннан жеңілу де – жеңіс жолы:

ол сөздің парқын біліп тұрған жоқ емес пе!

Қарапайым болу – сұлулықтың бір белгісі,

жасандылыққа салыну - әлпетіңді қашыру жолы.

Ой бөлісу – ізгілікті іс, әдептілікке жетектейді, көніл ашу жолы.

Ішімдегіні тап деу – ішмерездік, топастық, достасуға кедергілік.

Уәдеде тұру достықты нығайтса, алдау – алшақтату жолы.

Ойынның пайдалысы да, пайдасы кемі де бар.

Пайдалысы ой өрісіңді кеңейтеді, шынықтырады.

Пайдасызы табысыңды шашады, кейпіңді қашырады.

Күнделікті жұмысың жоспарлы болсын,

ол ұқыптылыққа дағдыландырады.

Ұқыпты болу – ұтымдылық жолы.

Ұқыпсыздық – ұтылу жолы.

Аңғарымпаздық – жақсы қасиет,

аңғармаушылық – салақтық.

Сондықтан да «Олақтан да салақ жаман» делінген.

Адамның артықшылығы киімінен-ақ байқалады:

мәселе киімінің құндылығында емес, ұқыпты киінуінде, тазалығында.

330

Ізеттілік, инабаттылық – мәдениеттілік те; көкіректік - өз қадірін өзі

қашыру жолы.

Ұйқышыл болсаң, артық ет басады,

сергек болсаң, артық етің қашады.

Тәндік сезімнен пайда болған махаббат осал болумен қатар тұрақты

да бола бермейді, ал рухани сезіммен болған махаббат әрі орнықты,

әрі тұрақты келеді.

Өмірде кездескен қисынсыздықтарға бола өз өмірін жоюға көшу

ақылдылыққа сыйыса бермесе керек. Оған борынша

шыдамдылықпен жол тауып, парасаттылыққа жеңдіргенге не жетсін!

Ондайлар табылып жатса, нағыз қайраткер деп соны айтуға болады.

(Қадыр мырза Әлидің «Жазмышын» оқығаннан туған ой)

Данышпандық – парасаттылықтың шыңы.

Қайраткерлік – барлық қиындықты жеңіп, парасаттылықты үстем ету.

Сенімді серік етесің, мақсатыңа жетерсің.

Сары уайымға салынарсың азып-тозып кетерсің.

Артық санаған ұстазың , әке-шешеңнен кем емес,

Оғанда да қайрылып сәлем, беріп тұруды ұмытпа

Көз айна көз ажарына бойынпен қарасаң,

Бәрін де байқауға болады:

Сүйінішті де, қорқынышты да,

Жеккөрушілікті де, жақсы көруді де,

Қайғыны да, тарығу-зарығуды да,

Бәрін-бәрін аңғаруға болады.

Оны білуге тек қана аңғарымпаздық, зейінділік қажет.

Қыздың сұлулығын әдептілігінен ізде.

Ажарынан іздесең, адасасың.

Жігіттің жалпостығынан сақтан,

Табанды болмаса, опық жегізеді.

Асылыңнан ақ табалдырықтан

Аттағанша айрылып қалушы болма

Некенің беріктігі екеуіңнің сыйластығыңда,

Жалғастырушы сәбилі бауларыңда.

Сәбилі болғандығың-кепілдік кілті.

Сәбидің қызығы-өмірдің қызығы, гүлі, жалғасы.

331

Ішкелікке құмар болсаң, іш майыңнан айрыласың, басыңдағы

Миың аталаға айналады: ақылғой де, уәдешіл де болып шыға

Келесің. Көрсе қызарлыққа салынсаң, сүрінесің, сүрініп жүріп

мертігесің.

Мертіккенің-мүгедек болғаның.

Өмірдің өнегелі кездерін екшеп айтатын қарияң болса,

Ол өсиеттерін тыңдау да бір ғанибет.

Айтқан өсиеттерін далаға жібермей,

Тыңдайтын жастардың болуы, екінші ғанибет.

Қарттың ақылын ұғын алып,

Қайталап айту-тіл ширату гимнастикасы.

өз ойыңнан сөз құрастырып сөйлеу-

ақыл-ой гимнастикасы.

Осыны дағдыға айналдырсаң, парасатты азаматқа айналасың.

Былапыт сөзге үйірсек болсаң, мылжың боласың,

Қадірің қашып, қылжақбас боласың.

Ондайлармен бірге болудың өзінен бойыңа жұғады,

Бір күндері сен де соның қатарына енесің.

Жолдасы жаманның өзі де жаман деген сол болады.

Халқымыз қызың өссе, қызы өскен ауылмен ауылдас бол.-

Дегенді осыдан айтқан.

Өнегелі өсиетті оқып қана қою-

Мәре емес, іске асыру - мәре.

Сұлулықтың шыңы-әдептілік.

Жексұрындықтың шыңы-әдепсіздік

Апта сайын моншаға түсіп жуыну-

Сыртқы кіріңнен арылу жолы.

Іштегі ласыңды-асқазанды тазарту,

Ішегіңді тазарту арқылы жетесің.

Әбу Әли Ибн Сина осыны өсиет етіп кеткен:

Күніне бір, аптасына бір, айына бір, жылына бір-деген.

Жоғарыдағы бірер- аптасындағы, жылындағы бірлері ғана.

Ал, сана – сезіміңдегі адамгершілікке жат қылықтардан

Құран Кәрімді байыптап оқысаң арыласың.

Адам баласының құндылығы дүниеге келіп кетумен

бағаланбайды,

кейінгі ұрпағына қалдырып кеткен өнегелі өсиетімен

бағаланады,

істеп кеткен адамгершілігімен бағаланады.

332

Айтып болмайтын, өкпелеуге жатпайтын өмірдің азабы-

Жалғыздықты өмір сүру. Мұның зардабын көбінесе әйел

жыныстылар шегеді: өзі ұнатқанына тіл қатуды ұят санайды;

Құндылығынан айырылып та қалады.

Сондықтан құрбысымен не жеңгесі арқылы сырласқаны жөн .

Әйел жыныстының ана болып , сәби сүюінен

артық бақыт бола бермес.

Көкек ана (белгісіз ) болу ақылдылықа жатпайды ,

жексұрындық әрекет .

108
{"b":"579035","o":1}