Литмир - Электронная Библиотека

ұмытпас үшін қайталай берсең, бойыңа сіңеді, жаттап та аласың.

Өзің тәрбиеші, тыңдаушың өнегелі шәкірт болады, халыққа қария

атанасың.

Көп жасап, шалқайып жатқан шал атанғанша, қария болғаның артық.

Сөйлеген сөзіңде әрі қысқа, әрі нұсқа боларлық тіркестерді

пайдалану, қолдану - сөйлеу шеберлігіңді арттырады.

«Ақыл - парасат күші – адамның

ойлауына,

пайымдауына, ғылым мен өнерді

ұғынуына

және жақсы қылық пен жаман қылықты

айыруына көмектесетін күш»

Әл-Фараби.

ОЙҒА КЕЛГЕН ОРАЛЫМДАР

Парасаттылық- адамгершілік негізі.

Сыйлаудың төркіні – қорқу.

Қорқа білмегендік – санасыздық.

Жақсы қөру – тән сезімі.

Ақыл-ой түйсігі – парасаттылық.

Дені саудың қайыршы болуы – ұятсыздық.

Арыңды сатсаң, айуандыққа айналасың;

323

күшіңді сатсаң, байлыққа кенелесің.

Өз ойын тілмен бере білмеу – білімсіздік, мортықтық.

Білімсіздік – талпынысы кемдік, құштарсыздық, ойсыздық.

Ойсыздық – хайуанға ғана тән категория.

Көз – ерекше сезім құралы: тілмен жеткізе алмағанды жеткізеді.

Көзі жаманның өзі де жаман.

Жалданып кісі өлтіру - өзін құрбандыққа шалу,

ақырында, тарихқа жексұрын атын қалдыру.

Кек алу – ақымақтың ісі, есеңді мойындатып өндіру – ақылдының ісі.

Тіл – күшті құрал: өлтіре де алады, тірілте де алады.

Патшаның бас уәзiрін ауыстыра беруі – кадрларды молайту емес,

дұшпанын көбейту.

Қартаю – бүкіл организмнің шаршауы, қажуы.

Шамадан тыс мадақтау – сүріндіру құралы.

Сапасыз жарнама – қадірді қашыру.

Өзімшілдік – жеке бастың мүддесін ғана ойлау – эгоистік.

Қагілездік – тез сезінушілік.

Ауыр дегенше, ауру де.

Мейірімсіздік – жауыздық сезім.

Мейірімділік – тәннің иуі.

Әдептілікті істеп үйрет, күштеп үйретпе!

Қайырымдылық – барды бөлісудегі парасаттылық.

Сұмнан сұрқиялық туындайды;

Сұрқия қолтығыңа кірсе, ішіңе енеді .

Пара қалтаңа кірсе, денеңді бойлап, басыңа өрмелейді,

324

басқа шыққаны - сені жыққаны.

Көру көзінен, көңіл көзінің жүйріктігі- ақылдылық, ойшылдық.

Сезімсіздік – жансыздық, өлік.

Білуге ұмтылу –ойшылдық белгісі, ақыл – парасат жолы.

Жағымпаздық – жасырын жау.

Туралығын айтқан туғанына жақпайды.

Ұзақ жыл сүрінбей өткен ел басқарған Д.А. Қонаевты «Человек

гибкой политики» деген екен.

Қайырымсыз байлық жексұрындыққа жетелейді.

Жасаған қайырымына мақтанбаған - адамның адамы.

Бар болғанға асып-таспау, иығын көтермеу әдептілікке жатады:

ондайлардың мәртебесі айтпаса да биік.

Асқа аузы тиер-тимес дандайсу – надандықтың белгісі.

Бәйтеректің көлеңкесінде тұрып, көлеңкеге дандайсу – жарыместік.

Үлгі алмасқа таңырқап қарау да әдепсіздік болады:

ондағы ылас қылық бойыңа жұғады.

Бастаған істі аяқтау – ұқыптылық,

ұқыпсыз бастайды да тастайды.

Көзің көрмесе де, көңіліңді ояу сақта,

басқа сезім мүшеңмен түйсіктей білуге тырыс.

Мүгедектігің ешкімге міндет емес, биязы болсаң,

барлық адамның қамқорлығына кенелесің.

Қартайғанда өз жолыңмен жүрмей, аузыңнан ақ ит кіріп,

қара ит шығып жатса, сені ешкім де құрметтемейді,

айналып өтеді, ыласыңнан жиіркенеді.

Алыстағы әке-шешеңді сағынтып сарғайтпай,алдына келіп,

сәби бейнеңді көрсетіп тұр, тым болмаса, сым тетікпен

хабарласып тұр. Ол – оған қуат, қуаныш.

325

- Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?!- көңіл жүйрік;

жүруге жарамай жатқан қарттың көңілі тұлпардан да жүйрік;

оның көргені, тоқығаны мол. Соның шабысынан, көргенінен

тәлімдерін бойыңа жина, іске асыра біл!

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман: ол – ешнәрсеге де түсінгісі

келмейді де. Алла осындайдан сақтасын де.

Алла – жаратушы, білгенге ата- ана – жасаушы.

Ата-ананың көңіліне тию – Аллаға жармасқанмен бірдей.

Ата-ана бар жақсылығын баласынан аямайды;

Ата-анаға жасаған қызметің Аллаға жалбарынғандай.

Сәби біткеннің бәрі гүл сияқты, сәбиді жәбірлеуге ешкімге

де ерік берілмеген. Сәбиді жәбірлегенің - өмірін үзгенің.

Әдептілік майда нәрседен-ақ басталады: жүрген жолыңды

тазартып жүру де әдептілік - өзіңнен кейінгі сүрінбесін

дегенің, ізеттілігің.

Ата-анасын аяған өз сынығын сылтауратпайды, сергек жүреді.

Баланың басы ауырса, ананың жүрегі ауырады; анаңның жүрегі

ауырмасын десең, ауырғаныңды сездірмеуге тырыс.

Көз ашық отырғанда ,көру объектісі ұлғайып, ойлау да шашыранды

келеді; көз жұмылғанда, көру объектісі тоқтап, ой нүктесі бір

орталыққа ықшамдалады, әсіресе, шабыт осы кезде келеді: ой өрісі

кеңейеді, үдей түседі.

Жасы толса да, зейнетке шықпай, орнын босатпай отырғандарға:

сүрініп құлағанша орын босатпау сыпайылықтың тайыздығы, билік

құмарлық, түптеп келгенде, өзін-өзі қадірлемеу, қиналу.

Ол –даналық емес.

Сыйластықтың ортасына тосыннан іріткі түссе, бірі күйреуі мүмкін.

Сондықтан адам Алладан «Досымды қас қылмасын патша құдай»

деп тілеген.

Сондықтан да досыңның қимасына сұғыңды қадама: оны да

ренжітесің, өзіңнің де көңілің қалады екен.

326

Дүние-мүлікке қызығу – ақылдының ісі емес: оның түбі ренішке

айналады.

Өзімде ғана болсын деу - көзсіздік: көзсіздік көзіңді жойып тынады.

Дүниедегі ең қадірлі нәрсе – татулық.

Татулық таусылған жерден жауласу басталады.

Өмірдің биік шыңы – тату өмір сүру.

Табиғаттың бермесін тартып аламын деу ақылдылыққа жатпайды.

Табиғат жомарт: ол өзі-ақ сыйлайды; оған асығу - өміріңді жоюға

асығу.

Санасыздық- балық та емес, ет те емес, хайуан да емес:адамдық

қасиеті кем тұлға ғана; өзін адаммын деп санайды, өзіне - өзі есеп

бере білмеудің барып тұрғаны –құр кеуде: жаны бар да, сезінуден

мақрұм қалған жан.

Дандайсу –сезімсіздіктің алғашқы сатысы; асқынып кетсе,әкесін де

танығысы келмейді; өзін болдым-толдым санаудан қисық жолға

түскенін де сезбей қалады; қарғысқа ұшыраған деп осыларды айтуға

болады.

Кішіпейілділік- жағымпаздық емес, әдептілік.

Кішіпейілділік- ұлылықтың алғашқы сатысы. Солай бола тұрып-ақ,

сені өзіне игеріп алады,үлгілі өнегесімен марапаттауға ие болады.

Түсінген адам сол құрметке бір жасап қалады.

Тырнақ астынан кір іздеу – ұрысқақтың белгісі , жауласуға жол іздеу.

Бітпей жатқан іске қолғабыс тигізу –адамгершілік жолы, сыйлас

болуға ұмтылу.

Қатені қайталау –тексіздік.

Тексіздік – тұқым тазасыздығы, есі түгелдей дұрыс еместік, түптеп

келгенде , парасаттылық кемдігі.

Сауданың да өз құпиясы бар : алған –берегеніңді шын айтсаң

,табыс көзі молаймайды. Оған өкпелеуге болмайды.

Арың- асылың , жөнсіз айрылсаң ,

Өмірбақи жарымессің.

Жастық шақты естінiң естісі ғана дұрыс алып жүре алады .

327

Есері ұрынудан опық жейді.

Қателіктің де қатесі бар:

Кешірімдісі , кешіруге келмесі де болады . Ауырына ұшырағаның –

айығудан айрылғаның: не тәнің мүгедек , не жаның мүгедек болып

өткені.

Көзі зағиптың көру сезімі басқа сезіну мүшесінде, олар сұлулықты

руханилығынан іздейді.

Бойдың сұлулығы адастыруы мүмкін, ойдың сұлулығы ондайдан

аулақ жүреді.

Әдемілікті сыртынан іздеме, табиғатынан ізде, ішінен –

адамгершілігінен ізде, қателеспейсің

Ашуың қысқанда , аузынды жап та, басынды бұқ: жарылғалы тұрған

бомбаның жарықшағынан аман қаласың.

Тарығып, зарығып, жәбірленіп жылағың келгенде, дауысыңды

шығарып, жылап-жылап ал; ешкімге соқтықпа; одан соң өзіңнің

бойыңның жеңілдеп қалғанын сезінесің, шерің тарқайды. Бұл –

жүйкені қажыта бермеудің тәсілі.

Албырт шақта алданудан аулақ бола біл!

Есіңде болсын: есею кезеңі- есі кететін кезең.

Арсыз деген-ауыр сөз. Қазақ арын артық санаған: «Жаным –

арымның садақасы» деген.

107
{"b":"579035","o":1}