байысаң солай байы, бай бол деп те жүрміз. Сонда баюдың қандай
жолдары бар екен деген ой туады. Оқушым, мен баю жолын
санамалап көрейін, сіз де өз пікіріңізді саралап көріңізші.
1. Апта сайын бір миллионер шығып жатыр деп, жарнама беріп
те жатыр. Онысы «бингодан» ұтысқа ие болу немесе «латорея,
спорт латореядан» жолы болып, ойламаған жерден баю дейміз.
Бұлай баюды Алла жарылқады деп те айтамыз. Үйткені мұнда
зорлық, ұрлық, залымдық жолы жоқ па деймін.
2. Осы қайта құру қоғамы кезінде есебін тауып, екі асады ма,
әлде хан талапайдан үлкен үлеске ие болды ма, қалай екені құпия,
бай болып шыға келген де бар.
3. Ғалымдар арасында бірден болмаған жаңалық ашып, әрі
атағын әйгілеп, әрі бай болып, шыға келгендер, Нобель сыйлығының
иесі де бар.
4. Сауда – саттық, бизнес, жолымен баю.
5. Жерге еңбек етіп, жерді еме біліп баю.
6. Мал өсіріп, шаруашылықпен баю.
7. Жер қойнауынан кен іздеп жүріп, тума алтынға кездесіп,
білдірмей баю.
8. Ендігі бір баю жолын көздеушілер адамның ақыл-есін
жоятын наркотикпен айналысу жолымен баюды қарастыруда. Бұл
жол барып тұрған зиянды жол болумен қатар, адамгершілік
қағидасына қас жау жол. Оны көздеушілер өз өмірінің өзінде-ақ,
соның құрбаны болады, азабын шегеді, шегуде.
9. Соңғы кезде парасатсыздыққа салынып, тәнімізді,
рухымызды жоғары қою етек алуда, яғни тәнін бизнеске шығару. Бұл
жол қазақ атаулыға естуге жатпайтын қылық, жеркеніш іс. Бұған
тыйым салуға болады, қоғам болып қолға алып, асқындырмауымыз
керек, тыю керек. Әр түрлі баюдың жолдарына тәптіштеп те талдау
жасауға болар-ау, оны сіз де білерсіз. Оны қоя тұрып, сол байыған
адамдар арасындағы қарым-қатынас, парасаттылық жағына келейік.
Бай болдық дейік. Байлығың өз қажеттілігіннен артылып та жатқан
жағдайда, оны қандай қажеттілікке пайдаланасың дейік. «Кейде бай
болсам, бай Құдай болсам деп армандайды» деген де сөз бар. Бұл
топтағы адамдардың арасында бірін-бірі көре алмаушылық,
екіншісінен аса түссем екен деген бәсекелестік туады. Бәсекелестік
бар жерде бірін-бірі ығыстыру деген болады. Ығыстыру деген
екіншісін болдырмау болып шығады. Мұның сорақы түрі жауласуға
дейін алып барады. Байдың бәрін бір тарының қауызына сыйғыза
бермейікші. Парасатты, адамгершілік дегенді түсінетіндері де жоқ
319
емес, бар. Дүниеге жалаңаш келіп, дүниеден кетерде, бұйырса,
шыны киімді ғана өзімен қоса, бойын жасыруға асып кететінін
білетіндер дер едім. Сол артық байлығын кемтарларға бөлісетіндер
жоқ емес, бірақ олар мол емес қой.
Теледидардан өзін-өзі асырауға шамасы жоқ аурулар,
мүгедектер, асыраушысы жоқ жастарды көрсетуде, оның есеп шотын
көрсетіп, артық ақшасын аударуды жарнамалауда.Мұны да бір жолы
дұрыс деп айталық. Ал, еліміз солардың сондай жағдайда екенін
біле тұрып, оны көрсетіп жариялағанды артық па деп ойладым.
Адамда намыс деген бар ғой, қайыршы сияқтандырмай, еліміздің
соларды асырауға әлі келеді ғой, оларды ұйымдастырып, не сол
өздері тұрған орнында тиісті әкімгершілікке тапсырып,
қамқоршылыққа алған жөн бе деймін.
Біз мұсылман дініндегі халықпыз ғой. Басты-басты 4 діннің ең
жақсысы бізбіз дейміз. Осы атымызға осы жарнамалау мін сияқты
сезіледі. Мен мұның ел басындағы басшыларға қаратып айтып
отырмын.Ел басындағы басшылардың барлығы да бай адамдар
қатарына жатады. Сол байлық жеті атасынан мұрагерлік жолмен
келмесе керек деп ойлаймын. Қалай байығанын өз іші біледі.
Жарнамалағанша, мемлекет қарауына толық алған жөн бе деймін.
Мен мұны сыпайы ғана жазып отырмын. Күні кеше өткен соңғы
сайлауда парламентке депутаттыққа таласқандар қалай шашылды
десеңізші. Семіз сөйлеп, арық шыққан жақсы емес. Қаттырақ
айтатын болсам, сол сайлауға кеткен шығынымды толтырып алайын
демей, бас қамын қарастырмай, халыққа берген уәдені орындауға
тырысу керек емес пе!
Осы соңғы кезде бірлескен жемқорлық дегенге тыйылым толық
салынбай келеді. «Ұры ұры емес, ұсталған ұры» деген сөз бар. Сол
жемқорлар білініп қалса ғана жазғырылған болады. Онда да есебін
тауып, басқа жердегі сыбайласына барып сыйысады, жүзін
аударады.
Өзімізше бір мемлекетпіз дейміз. Мемлекеттің қаржысы
салықтан жиналады дейміз. Салық төлеушілер бұрынғы ұйымдасқан
шаруашылықтарымыз бөлшектеніп, жекешеленген.
Сонымен, салық полициясы – сол салықты жинаушы,
мемлекеттік қорға құюшы.
Тағы бір полиция – бұрынғы милиция, тәртіпсіздікке жол
бермеушілер. Сырттай байқағандарға осылардың өзі тәртіп бұзып та
жатады. Сезілгені жазаланады. Көпшілігінде «Ақша сөйлегенде,
ақиқат күмілжіп қалады»-ға барады, яғни таныс, таныс болмай-ақ
қойсын, амандасқан болып, қолына ұстатып жібереді, енді таныс
болып шыға келеді: аузына құм құйылады, осыларды да
әшкерелеушілер табылып та жұр, көп емес, дегенмен, бар. Бұлар кім
дейсіз де? – Е, өз ішінде бәсекелестікпен із кесушілер. Пара алғанын
сезе қалса, адам тауып, ақшаның номерін жазып алып ұсындырады.
Сырттай бақылап, алысымен қылмыс үстінде ұстайды. Бұл да оңай
320
олжамен баюшылардың өзара бәсекесі, бірін-бірі ығыстыру жолы
саналып жүр.
Мұндайлардың ұшынып кеткен түрі адам өлімімен аяқталуы
мүмкін.
Аллатағала адамның өз көзін өзіне жау етіп, қарауыл етіп,
орналастырыпты деген бар. Екі көздің ортасында мұрынды
орналастырмаса, бірін бірі ұнатпайды екен-ау. Соның іс жүзіндегі
көрініс жаңағы іс қой.
Жоғарыдағы қамқоршың деген сенімділерді белгілі ақын
Қамардин Бектұрсынұлы былай суреттеген екен:
«Небір зымияндықты торып,
Мемлекет ордасын қорып...
Қаншама шенқорлар жүр
Халық қазынасын сорып!
Жеме-жемге келгенде тіпті
Жібереді-ау тамағыңнан да орып!» -
Депті.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деп, дана
Абай айтқандай, таза еңбегіңмен байығанға не жетсін! Ол байлық
өзіңе жұғымды да, өзіңнің қадіріңді арттырып та тұрады ғой. Бірақ
мен саралап айтқан баюдың көп жолдарында алдау, арбау; ұрлау
болғанды да бірлескен түрдегі түрі болып келеді. Денің сау болса,
жұмыс қабілетің бар болса, әрине қарттар емес, намыстанбай еңбек
ету керек. Тағы да Абай атамыз айтқандай «Есектің артын жу да,
мал тап!» - деген ғой. Бұл мысал үшін айтылған намыстан ба,
жалқауланба! Сенің аузыңа ешкім әкеліп салмайды. Ата кәсібіміз
деп, тәжік халқы сияқтанып, есік қағып ақтағанша, еңбегіңді сат,
жұмыс істе: жер-анаң, емшегін сор, еме білсең, жер жатырқамайды,
тойынасың, байисың.
12/XI-2004.
Байлам.
Сөз соңы, түйін, пролог деп те жатамыз. Сүйтіп тұрып, тағы да
ой үстіндегі адамға тағы бір тың ой келе қояды екен де, оны да түрте
салайынға көшеді екенсің. Дегенмен, таусыншақ кезге келген кісіге
айта қоярлық күрделі мәселе келе бермесе керек. Ондай жасқа
келген адамдардың (сексеннен өткен соң) қадамының қысқа тарта
бастағанындай ойы да тереңге бара бермесе керек. Шаршауы да оп-
оңай, шабытының тарап кетуі де қапелімде екен. Сонымен, шаршап
отырып. өнеге бола бермес бірдеңеге ұрынбас бұрын қаптың аузын
байлаған да дұрыс па деген тұжырымға келдім.
29.XI.2004 1233
321
322
Асыл ойлар тұжырымдары
«Қағазға түспеген ой - жоғалған қазына»
Д.И.Менделее
в
Ақылдың кілті – сөзде, өнердің кілті қимылда, қарым-қатынастың
кілті – сыйда; бәрін ұғып, іске асырудың орны бастағы мида.
Көңілі ояу, көзі ашық тәлімгер боламын десең, кітап оқы,
жақсылармен сұхбаттас болып, бойыңа түгел жина.
Ішінде сақтап сарғайтпай, құрбыларыңа насихаттау арқылы әрі