адам біле бере ме екен дегенге келейікші осыны білетіні де,
білмейтіні де бар ма деймін. Білмейтіні – ақыл-есі ертелеу бұзылып
қалғандары ма деймін. Білетіні ол топқа жатпайтындары – ау деймін.
Ол неге тоқырайды деген сауал туады. Осыған өз шамамша қалам
тартып көрейін. Қартаю – екінші бала болу. Бірақ бұл бала есер
емес, есті; әлді емес, әлсіз; алдай алмайсың, шыныңды айтуың
керек. Даусыңды көтергеніңде қорықпайды, қайта жүрегіне дық-
таңба пайда болады. Өзінен кішінің көп істеріне көңілі толмайды; дер
кезінде орындалмаған іске кешірім сұрауды керек етеді. Өзім білемін
дегенді ұнатпайды, келісіп отыруды ұнатады. Бар ықыласыңмен
аялауды, қамқорлық жасауыңды қажет етеді. Ақырында, айтқан
сөзіңе тез жауап беру, қарсы келуді тіпті ұнатпайды. Оның заңы
Аллаға қарсы келуге болмайды дейміз ғой, әке – шешеге де қарсы
келуге болмайды. Ол – сенің екінші жаратушың, құдайың іспеттес
екенін түсінуің керек. Және де үйіңдегі қарт әке – шешең – сенің
қонағың. Қазақ деген халық қонағын бала – шағасынан артық күткен,
қас қабағына қараған халық.
Осылайша, қартайып, кейде тоқырап та отырған қартың болса,
азды-көпті дүниеден ырза өтуіне қамқоршы бола біл! Ол саған
борыш. Ұмытшақтық пайда болғанына көп болған осы соңғы кезде
намаз оқып тұрып-ақ не оқығанымды да ұмытуға көше бастадым.
Бұл жағымды құбылыс емес. Осы ойымды да жаза алмай қаламын
ба деп, қағаз бетіне түсіргенім.
1/ VIII
2004
Не анық!
«Білесің бе? Білмесең ойланшы!»
1.
Дүниеге адам болып келуің анық (ата-анаңның
денсаулығы дұрыс болып жатса).
2.
Дүниеге жаңа келген кезіңде жан тазалығың анық,
салыстырмалы түрде періште дерліксің.
3.
Дүниеге келгенде ішсем, жесем, білсем дегенің анық.
4.
Тәніңе қажет үш нәрсенің-ұйқы, күлкі, ләпсінің керектігі
анық.
5.
Өмір сүрген ортаңа қарай мінез-құлқыңның қалыптасуы
анық.
6.
Өмір бойына жиған-тергеніңнен заттай ол дүниеге
ешнәрсе алып кетпейтінің анық.
307
7.
Ең соңында, ертелі-кеш дүниеден өтетінің анық.
8.
Өз қатесін мойындамаған адам түзу жолға түспейді,
өзінікін жөн көреді. Керісінше, өз кемшілігін білген адам
үш кісіге ақыл-кеңес бере алады.
9.
Табиғат үнемі даму-өзгеру үстінде, оның жаратушысы
бар дейміз. Ол жаратушы-бір Алла ғана.
Екі құбылыс.
Оқушым, не болса соны жаза берген екен деп айыптамаңыз. Бұл
Қолжазбамның атына қараңыз: «Бастан кешкен, көз көрген.» Олай
болса, бұл да болған жағдай. Мүмкін бұл сияқты оқиға сіздің де
өміріңізде ұшырауы мүмкін. Ол не десеңіз, тыңдаңыз.
1. Кезінде инфаркқа берілген дәрілерді мүлтіксіз дер кезінде ішіп
жүргенімде, демалып жатып, ұйқылы-ояу кезім екен ау деймін, бір
рақаттанып жатырмын. Денеде болатын сырқырау, сыздаудан
мүлдем хабарсыз.Мамырақан ойсыз да, армансыз да рақаттанып
жатырмын. Бұл сонда қалай деп, Қол-аяғымды қимылдатсам,
денемде жаным бар екен. Сондағы түйген ойым-дәрігерлердің
берген дәрілері өте күшті әсер беруінен, мидың хабарлау қабілеті
төмендеп, кетуге бет бұрғаны ма дедім. Бүкіл организм тынышталуға
бет алған екен ғой деген ойға келдім. Науқас адам тынышталып,
шағым жасамаса, дәрігерге керегі де сол ғой. Өзі қарттық жасқа
келген адам, оны қызметке қосу дәрежесіне жеткізу мақсат емес, тек
тынышталдыруға. Дәріні сол уақыттан ішуді тоқтата қойдым: ойсыз
болу деген хайуанға тән нәрсе. Дәрігерге осы жағдайды айтқанымда,
ол еш нәрсе қарсы айта алмады. Менің медицинадан хабарым бар
екенін білетін еді. Тек қана айтқаны мүлде тоқтатпаңыз, жүрегіңізге
дәрі әл беріп тұрады дейді. Шамалы күннен кейін дәрінің
осалдауын (предуктал) қайта ішуді бастадым. Оның да көмегін екі
күнде-ақ сездім.
Қартайғандықтың, организмнің тозу белгілерін күн санап
сезінудемін, ол заңды да. Енді екінші бір өзгеріс арада айлар өткен
соң, тағы бірден пайда болды. Бұл 6/IX 2004ж. күні таңертеңгіліктен
соң асқазанымда қышқыл (кислотность) кем екені мені көптен
мазалайтын. Ертеңгіліктен кейін аз да болса, ішкенімді жайғасқанша
сезінетінмін, оған не жасауды да орындайтынмын. Бұл жолы
бұрыңғыдай әрекеттер жоқ, тыныш. Қанағаттанған соң, қисайып
жатырмын. Бірақ әлсіздік пайда болды: еш жерім де ауырмайды. Тек
тыныштықты қалайды. Таза ауа керек пе деп, сыртқа шықтым. Жоқ,
ол да әсер етпейді, жатқанды, қимылдамағанды қалайтындай. Қой,
әлім, есім барда осы екі құбылысты жазып тастайын деп, қолыма
қалам алдым. Бұл сағат 11-ден өте бастаған кез. Бір уақытта денем
серги бастады, қарасам сағат 11.20 екен. Бұл қауіптенгендік,
қорыққандық емес. Ойыма келгені – жарық дүниеден өтетіндер
осылай өте салады – ау екен деген. Қиналмай кеткенге не жетсін!
308
Әрине, Алла соны бұйыртсын деп ойымды түйіндедім. Жоқ, қалпыма
келіп, бұл құбылысты да қағаз бетіне түсіріп отырғаным ғой.
Соңғы сөз – түйін.
Күнделікті іс әрекетке жарамай, жасыңның үлкейіп қартаюың,
қатарыңның азайып, қадіріңнің қашуы күн санап молаюы деген
өкпелеуге жата бермейтін нәрсе болса керек. Үйткені сен жасарыңды
жасадың, үй шаруасына да жарамсызсың. Тек қана айтуға қарияң
бар ма болғаны. Бұл жас тек қана жылы жұмсақты қажет ететін
кезеңің. Әліңнің кеткені – о дүниеге жеткенің дей бер.
Шамаң келсе, өмірден түйгеніңді уағыздау ғана. Сол
уағызыңды тыңдайтындай перзенттерің жанұя мүшелерің табылып
жатса, қартайған кезіңдегі бақыттылығым деп есепте.
Бар болып жатса, жастай қосылған қосағың серігің де, ой
бөлісерің де сол ғана. Егерде ол болмаса, онда сенің күнің қараң
болғаны. Оған еш айла жоқ, орысшалап айтса, «конец фильма»
болғаны.
Осыған жалғас есебінде «өмірде кездескен ерекше кезеңдер»,
«Ең қызық деген кезеңіңіз қай кез болды?», «Уақыт өткізу» деген
тақырыптарға да бірдеңе түрткен болдым. Ол қосымша дәптерде. Ал
«Қартайғандарға» деген пікірімді басқа бір кішкене блакнотта, «Өмір
мазмұнының көрсеткіші» деп аталатын блокнотта жаздым.
№6 дәптерге қосымшада (16-24-беттері) «Қиялдан туған
хикая. Баю»деген тақырыпқа да бір пайда болған ойымды қостым.
Бір тақырыпқа екі эпиграф
Жар таңдау
«Өзің сүйгенді алғанша,
өзіңді сүйгенді ал!»
«Сүймесімді сүйемін,
сүйгенімнің арқасында».
Табиғатқа келген адамзатта да, хайуанатта да жұптасу деген
бар. Бірақ хайуанатта да жаппай жұптасу жоқ, тек кейбіреулері ғана:
аққу, кептер, маймыл, қасқыр т.б.
№4 қолжазбамда «Махабат» тақырыбымен таныссаңыз
болады. Қазақ халқында жұптасу жайы бұрындары ата – ананың
қалауында болушы еді, қазірде де осы жай сақталып жүрген жерлер
бар. Ертеректе, клуб, театр, кино деген жоқ кезде, қазақ ауылында
өзіне жұп іздегендерге «Қыз көру» деген болатын. Ал «Қызды қырық
үйден тыю» кезі болатын. Ал «Қыз көруге» тыйылым жоқ, қайта
дәстүрлі тұрде ел аралап, қызы бар ауылға бару, байқау, сынау
дегенге жол ашық болатын. Жеке тігілген үйге қыз да, көруші жігіт
309
жолдасымен барады. Оған жеке оңаша (үлкендер қатыспай) қыз
жігіттерді күтеді, дәм – тұзын береді, сөзге де тарту жағы болады.
Сонда екі жақты сыннан өту сайысы сияқты отырыс жүреді.Мен Ұлы
Отан соғысынан келсем, өз жағым да , жездем жағы да өздерінше
бір тұжырым жасаған екен:сүйек жаңғырту.
Бірақ онысын маған айтқан жоқ.Жездем: «Мен бала кезімде
маған алатын қызың жеңілтек болып жүрмесін.Мінезінің ауыр екенін
білуің үшін қалай да шай құйып отырған қыздың мінезін байқауың
керек.Ол үшін саған қараған кезде,көзіңді қысып қал.Қарамаса,
кесені беріп жатқанда, жібермей ұстап қал, сол кезде еріксіз
қарайды.Сол уақытты пайдаланып, аузыңды қисайта қой.Сонда ол