Литмир - Электронная Библиотека

қиналмай қоштасқанды дұрыс деп санаймын.

Бұл жерде Ұлы Отан соғысына қатысқандарды тегін емдейді

деп еді. Алғашқы күндері солай басталды. «Айдың аяғы, жылдың

аяғы, қаржы таусылды» деген менің ақылыма сыймайтын

сылтауларды айтып, қымбат дәрілер бізге жоқ, өзің сатып аласыңға

шықты. Мына ой содан келіп туып отыр. Сөз бөлек, іс бөлек.

Адамдар да түрлі әдіс-айлаға көшкен. 7/XII- күні; 1 укол 2 таблетке

(кешкілік) 900 теңгеге жақынға түсті. Бұлайша емделуге менің

жағдайым көтермейтіндігін медбикелерге айттым. Одан дәрігерлер

де хабардар болды. Не керек, батып айта алмайды, әйтеуір, уақыт

өткізуге басқанын сезудемін. Бұлар өздерінен бір саты жоғарғыларға

айта алмайды ол түсінікті.Бірақ бір тәуір жері мен келіп түскеннен

бері еш приступ жоқ, жағдайым жақсы.Ендігі мақсат бір жолғы

емделу мерзімін аяқтау ғана болып тұр. Диагнозымды білген

балаларым қатты үрейленуде, оларға жағдайымның жақсы екенін

хабарладым,әбіржімеңдер дедім.

Бұлармен айтысып, заңды жасап қоюдың да нәтиже

шығармайтындығын білемін.Қазіргі кез айнала ауызжаласқан,

шындық жоғалған, сөз бөлек те, іс бөлек кез.Ішіме сыймағанды қағаз

бетіне түсірдім ғой.Енді жарылып кетпесіпін, ұйқы келер деп, мына

үзіндіні эпилог ретінде ұсынып отырмын:

“Жазыла, жазыла тәуіптерге ұят болды ғой, енді өлмесем

болмас” – депті ғой бір науқастанған адам.

8/XII – 2001. 04 сағат, 23

минут

Қадірді асыру ма, әлде қашыру ма ?!

“Бойжеткендердің ойы да жетсін десек ...”

Осы “Қадір деген бір сөз бар. Сол сөз арасында болатын

сыйластыққа, құрбы қатарлардың бір- бірімен қарым-қатынастарына

байланысты жағымды құбылыс, іс - әректке айтылса керек. Сонымен

қатар, әсіресе, үлкен мен кішінің бірін – бірі түсіне білуіне айтылса

керек. «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына

ренжимін» депті. Сонда бұл қандай жағдайда жағымды мәнді

ұғымын сақтайды деген сауал туады.

202

Қартайғанда ер кісі үйден ұзап шықпай, от басында ретсіз

нәрсеге араласып, сөйлей берсе, қадірін алдырып алады деген де

бар. Сондықтан ер адам уақтысының мол бөлігін түзде(далада)

өткізгені дұрыс сияқты.

- Ал, әйел адам ше?

- Әйел адам Отанның ұйтқысы, үйден ұзамауы керек. Үйден

шығу деген ол үйдің есігі жабулы деген болады.

- Келіні бар, кейуана болған әйел ше?

- Егер кейуана әйел үйінде отырмай, басқа үйге кете берсе,

қыдырымпаз деген атқа ие болып шыға келеді.

Ал, басқа Отан құрған балаларына барып тұрса, ол бір басқа.

Сонда да сол кейуананың тұрақты тұрған үйі бар. Басқа

баласына бара тұра, сол өзі тұратын отанына қайтып оралғысы

келеді де тұрады екен. Бұны өмір тәжірибесінен жасай – жасай

көрдік те. Ал, қайтып оралғысы келмей, жайлы жерінде жүре

берсе, кейуананың отаны саналатын үйдегі келінге сын, яғни

келіні оны сыйыстырмағаны, не күтпейтіні болып шыға келеді.

- Енді отандағы келіннің кеткен жағынан тез оралмауы қалай

бағаланады?

- Егер де ол келіннің қарауында ата – енесі болса, біле білсе,

сол ата – ене соның әке – шешесі, қартайғандай болса,

тіпті, тілі шыққан, екі аяқты емес, үш аяқты сәбиі;

еңбектеуден өткен, шыққан тістері түсіп таусылған, көру,

есіту қабілеттері де нашарлаған, ерекше күтуді керек

ететін, түсінсе – мүсәпірі, түсінбесе – алжыған албастысы.

- Ол сондай қарты бола тұра неге ұзап кетеді?

- Е, оның туған әке – шешесі бар емес пе еді? Соны сағынды,

соған кетті.

- Сонда ол сол жақта жатып алуы керек пе екен?!

- Ол сол келіннің парасаттылығына байланысты.

- Ол келіннің отаны қай отан болғаны? Келін болып түскен

отанды ол отаным деп санай ма?

- Соны түсінуге де парасаттылық керек сияқты.

- Сіз қалай түсінесіз? Осы ұзатылған қыз төркініне келгенде, сол

үйдің өз адамы ма, әлде қонағы ма?

- Әрине, қонағы. Қыз жат жұрттық емес пе еді. Барған жері өз

отаны.

- Сонда ол қандай қонаққа жатады?

- Оны толық білгіңіз келсе, «Бауыржан Шоу - дың» концертін

көріңіз. Түсінсеңіз, қайсысына жататыныңызды табасыз.

- Осы көптен көрінбей кетсе, анда – санда бір ұшырасса,

қадірменді болады демей ме?

- Оның жолы бір бөтен. Ондайлардың қадірлерінің тез өңін

жоғалтып алатындары да болып жатады.Ондайдан Алла

сақтасын!

203

- Отанның иесі әйел деп айттық қой. Сол әйел қадірімді

арттырайын деп, есіктің жанды қара құлыптарын

қалдырып, зарықтырып кеткен ше? Ол да қадірін

арттырғанға жата ма?

- Таяз ойлағанға жатса жатар да – ай!Соны кешіктіріп жатқандар

да ақылы терең жандар болмағандығы болар.

- Қашқан қадір қайткенде орнына келеді?

- Қателігін мойындаса, кешірім сұрай білсе. Ақырында, сол

қателікті қайтып қайталамағанда ғана орнына келсе керек.

- Қазақта «Балам жаман болса, бола берсін, келінім жақсы

болсын» деген сөзді неге айтқан?

- Айтқан жоқпыз ба, отанның иесі - әйел. Сол әйел сол үйдің

егесі, жұмысшысы, тамақтандырушысы; орысшалап айтсақ

– «мамулясы». Ол әйелдің жоқ болуы деген –

қалғандарының бәрі тірі жетімдікке енген деген. Сол әйел –

сол үйдің әрі күңі, әрі ұлығы. Сондықтан да қазақ келінім

жақсы болсын деп, Алладан тұрса да, жатса да тілеген

емес пе!

- Онда маңдайыңа жазғанын көресің де «жазмыштан озмыш

жоқ» депті ғой.

Қазақтың Найман тобында «Әлпеш ана» деген келін болған. Сол

Әлпеш

ақылдығымен Найман руының жойылып кетпеуіне себеп болған.

Әйелді аты жоқ, жөні жоқ ақылы кем дейтін бар. Ол – дұрыс емес.

Ақылмен жеңгенге не жетсін! Бір беттілікпен жеңу – жеңіс емес.

Сондықтан да «өзің білме, білгеннің тілін алма, қарғыстың ең

жаманы сол болар» депті ғой. 5/04 – 2002. 09 25

Іс бар жерде қателік ұшырасып отырады. Іс болмаса, қате де

болмас

еді. Енді сол кеткен қатені мойындау да бар, мойындамау да бар.

Кімде – кім қатесін мойындамайды екен, демек, ол оны

жоймайды деген сөз, өзінікін дұрыс көру болып шығады. Бұл –

бірбеттілік.

Ал, қатесін мойындаған адам – қатесін жоюға бет бұрады деген

сөз.

Қателесіп кетеді екенмін деп, жұмыс жасамай отыруды

ақылдылыққа санауға болмайды. Сондықтан іс - әрекет, жұмыс

керек. Ол - өмірдің талабы. Солай бола тұра, жан –

жағыңдағылармен санасып, ақылдасып, кеңесіп отыру –

адамгершілік қасиетің. Білсең – үйрет, білмесең – үйрен.

Түсіне білсең, осы жарық дүниедегі өміріңде пейішіңді де,

тозағыңды да жасайтын өзіңсің. Дұрыс сүрген өмірің – пейішіңнің

қалануы да, теріс істеген ісің – тозағыңның қалануы.

Ақыл – есің дұрыс болса, ойлан, өзіңе өзің есеп бере біл,

тоқтамға кел.

204

Егер олай болмай, бір күндік өмірім артық деп, ертеңгісінің

керегін жоққа салсаң, санасуды білмегенің болып шығады. «Атаңа не

істесең, алдыңа сол келеді» деген де сөз бар. Тірі болғансып,

күндердің күнінде есейген соң, осындай тағдыр басына келгеннің

айтқаны болар. 6/4 – 2002.

Осы біз 59 – жыл бірге тұрып келеміз. Алтын тойымызды да

өткіздік. «Гауһар» тойымызды (60 жылдық) шаңырақ иесі саналатын

кішкенеміздің отанында (өмір болып жатса) неге өткізбеске. Әдетте,

ата-ана қай баланың. өздігінше шаңырағын игеріп кетуіне

қарайласады емес пе. Бұл бала енді өзіне-өзі келді ғой деймін.

Бұлар ержетсін десек, солай жасайық. Біз отырғанда бұлар

үлкеймейді, бізге сене береді, сәби болады да тұрады. «Есейіп

кетсем де, мен саған сәбимін өлеңі соған айтылған.

16/II – 2005

Болған ақиқаттың растығы мен жерге оралып

қосылу немесе «БАР мен ЖОҚ»

Ешкім де күмән келтірмейтін бір жәйт бар. Оған ешкімнің де

таласы жоқ және ол солай болып жатыр. Мәңгілік болып жаралған

ешнәрсе де жоқ, барлығы да қозғалыста, өзгерісте екенін ғалымдар

69
{"b":"579035","o":1}