Литмир - Электронная Библиотека

сыр бермеген болады да қояды.

Енді ерінің әрбір қадамы есепке алына бастайды. Жол-жөнекей

ол үйге бұрыла қалса, дереу жетіп келеді. Ол үйге шөп пе, отын

ба,әлде жем бе түсе қойса, ол күні үйде шатақтың басы білінеді:

ыдыс-аяқ сылдырлайды, болмаса, сөйлеген сөзден тоңқылдаған

дыбыс шығады. Бұрынғы еріне деген күтімі тап-тұйнақтай болса,

енді ол жоқ. Кір-қоңы да жуыла қоймайды. Мұны көршілері де сезе

бастайды. Әдетте, біреу басу айтып жатса, үрлеп тұтандырғысы

келетіндер де табылады. Табылғанда алыстан емес, дәл іргесінен.

Мұндайда жанына батырып айтқан дұшпан көрінеді де, ығын есіп,

қолтығына кіре сөйлеген "дос" есептелінеді. Сондай

"достың"ақылымен "Шалдарды шақырмақшымын" туған екен. Бәрін

көріп, біліп жүрміз. Қатынасып қойған ештеңе де жоқ. Осының

алдында бірнеше күндей бұрын, кешкі 5-тен кейін "Қ" маған

келіп:"Біздің үйдегі мен келсем жоқ. Балалар улап-шулап жылап

отыр. Қағаз жазып тастап кетіпті-"дейді,-мазмұны поезға

басыламын".

-Маған не дейсің? - жүр, вокзалға барайық, іздейік,- дейді. Жоқ

деуге көңілі қалады. Сонымен іздедік. Барады-ау деген қайнаға,

абысындарын жағаладық. Жоқ.Көрдім-білдім демейді. Бір келіннің

үйінен телефонмен сұрадық. Ол да келген жоқ дейді. Ауданның

ортылығына барайыққа басты. Оған мен келісім бермедім. Осы да

37

жетеді. Ол бізді сырттай бақылауда. Іздемедің деген жаладан

құтылдық. Жүр, үйге қайтамызға бастым. Амалы жоқ, "Қ" көнді.

Дегендей, ертеңіне үйге өзі келіпті. Сонда телефонмен сөйлескен

үйде екен де, айтпа, келмеді деп айт деп тұрған соң, көзінше,

осында деп айта алмапты келін. Ал, енді бүгін шалдар

шақырылмақшы. Бұл күндізгі әңгіме. Шақырылуы-ертең. Күн батты.

Шешініп жатырмын. Бір кезде осы жай есіме түспесі бар ма? Ұшып

тұрып, қайта киіне бастадым. Жұбайым болса:"Қайда барасың?-

дейді. –Қазір келемін,-дедім де, айдап отырып, сол үйге келдім.

Келсем, үйде екен. Балалар жастау кезі. Үлкейгендері тұрмыс та

құрған. Мені карта ойнайын деп келген екен деп, жапырлап отырыса

қалды. Балаларды басқа бөлмеге айдап салып, тікелей күн тәртібіне

көштік. Басқарушы да өзім, баяндамашы да өзім, шығып сөйлеуші де

өзім. Екеуіне де сөз бермедім. Ажырасқанда қалай болады?

Үлкендірдің ортасына салғанда қалай болады? Мұның ағасына,

сенің төркініңе хабарлағанда, шақырғанда қандай болатынын

түгелдей алдарына жайып салдым. Үйткені кімі барын түгел білуші

едім. Бибісіне:"Егерде сен осы қыңырлығыңды қоймасаң, бұған ерім

деп қарамасаң, жағдай қиындап барып, әшкереленесің де,

ақырында, жексұрын боласыңдар. Шалдар тамағыңды жеп отырып-

ақ, әжуаның астына алады. Яғни, асыңды ішіп, текеметіңді тіліп

кетеді. Ал, мұны қойып, дұрыс қалыпқа түссеңдер, бәрі де ұмыт

болады. Оның ақыры, замандастарыңның бірі сөз қата қойса,соның

өзін мазақтайтын боласыңдар"-дедім. Сол айтқандай да болды. Осы

отырыста бибісінің аяғынан келгені (бұрын тұрмыс көргені) екенін

бірінші рет білдім. Оны да айтқан өзі болды.

"Дос десең, досыңмын, қас десең, қасыңмын. Ауырмаған

жақтарыңмен жатыңдар!"-деп, шығып кеттім. 2-3 күннен кейін,

бірдеңені сылтау қылып, түс кезінде бардым. Барсам, арқа-жарқа,

балалар да мәз. Жағаның кірі де кеткен. Әлі солай тұрып жатыр. Ал

мен болсам, сол үйге бара да бермейтін болдым. Олар да мені

керексінбейді. Жеттігіп кетті. Қазір менен ақылды. Сонымен, шалдар

шақырмай қелды.

Шалдар неге шақырылмай қалды?

"Ашу-араз, ақыл-

дос, ақылыңа ақыл қос".

(халық мақалы)

Бұдан бұрынғы бір әңгіменің тақырыбы "Шалдарды

шақырмақшымын" деп аталынған-ды. Соны оқысаңыз, болған жайды

түсінесіз."Адасқанның алды жөн, арты соқпақ"-дейді қазағым. Бір

нәрсеге бет алып, өзің ашуыңды ішіңе сыйғыза алмай, айтып та

қалсаң, сенің ығыңды ескісі келген адам адал досың, жанашырың

болып шыға келеді. Мына жағдай солай болған екен де, пықсып

жана алмай жатқан оттың тұтанып кетуіне айналған кез екен.

38

Қазақта "Ойнап сұрағанға, шындап жауап бер" деген де сөз бар.

Олай жауап беру-сенің адамгершілік борышың.

Күндіз болған әңгіме жатарда есіме түсіп кетіп, еріксіз ұшып

тұрып, киіне бастадым. Ерінсем, ертең күлкіге қалайын деп тұрмыз.

Әжуаға ұшырайтындар жақын туысымыз; бірі маған іні, екіншісі келін

болып келеді. Келдім. Уқытты алдырмай, сөзді өзім бастап кеттім.

Інім суға түсіп кеткен тауық сияқты, сілкінеиін де демейді. Бұлардың

туыстарын да, төркіп жағын да түгел білемін. Ал келін, сенің төркінің

қайнысының қолына қарап отыр, жалғыз басты, бала да жоқ,

бауырына салғаны қайнысының баласы. Жеме-жемге келгенде, бет

ашылады, сені қорғамақ түгіл, басқайғы болады.

Мынаның ағасына сен бұдан жақын емессің, ол-мұның бауыры;

бүйрек бауырға бұрмай тұрмайды.

Ал, ажыраса қойыңдар. 4қыз бен жалғыз бала бар. Бәрі де

есейген. Олар дәл қазір бұл жайды біліп тұрған жоқ. Көңілге суық

кіреді, берекеттерің қашады. Түптеп келгенде, саған бай табылар,

балаларға әке жоқ, жатқан әбіржүлер. Інім, саған да бір тесік моншақ

табылар-ау! Мына перзенттерінді ойласайшы. Бұл- ашу,

қызғаншақтық. Басқа ешнәрсе де емес. Қызғанғаның- заңды. Бірақ

соны жария ету – мазаққа айналу. Тіпті ажыраса алмайсыңдар.

Бүлініп қалған ешнәрсе де жоқ. Шалдарды шақырарсыңдар – ау ,

түбінде солардан күлкілі сөз естисіңдер. Келін, байыңды жеңемін

десең, қас - қабығана дұрыс қара, көйлегі кірлемесін, тамағы тоқ

болсын. Қосылған кездегі махабатыңды қайтадан жаңғырт. Бұл –

менің сендерге берген достық пікірім.

Келін, сіз де інісіне жақтасып отыр деп санасаң, онда мені де

дұшпаныңа санай ғой. Екеуің де ауырмаған жақтарыңмен жатыңдар.

Жетелеріне жеткен болуы керек. Шалдар шақырылмай қалды.

Бір малдың (сойылатын)өмірі әлі бар екен, сойылған жоқ. “Ет

жемесек жемейік, етегің жап құдағи” деген екен, әбүйірсіздікке дұшар

болмадық. Бұлар қазір жеттіккен, сен кімсің де демейді. “Басқадан

көрген жақсылығыңды мазаққа айналдырма” – депті ғой Хакім

Ұлықпан, соны түсінсе болар да.

Тауып айтты ма, ауып айты ма?!

1996 жылдың қыркүйек айының орта кезі. Елден ұзаңқырап

шыққаныма біршама уақыт болған. Сол мезгіл аралығында

ағайындардың ішінен өмірден өткендердің ішінде жастары да

кәрілері де болатын. Мақсатым - өліге бата, тіріге көңіл білдіру еді.

Осылайша, алдымен, дүние салғандардың бірінен кейін екіншісін

жағалап жүргенімде, суыт хабар келіп жетті. “ Сарыбай жаңа кешкі

сағат 5 шамасында қайтыс болды” – деп, үйге кіре бере бір бала

хабарлады.

Сарыбай деп отырғанымыз менімен құрдас әрі туыс. Бұрын

әйелі қайтқан, енді көптен төсек тартып жатқан бұған да кезек келген

39

екен ғой. Иманын жолдас етсін деп, бет сипастық. Естісімен дайын

көлікпен Сарыбайдың үйіне де келіп жеттік. Ағайын – туысқандарына

көңіл айтыстық. Ертеректе Сарыбай совхоздың алдыңғы қатарлы

шопаны болатын. Мадақтауды жаны жақсы көретін. Сарыбаймен ата

жолы менен қарағанда жақын саналатын туысы әрі құрдасы Әзімхан

Смайлов аудандық атқару комитетінің төрағасы кезі еді.

Малшыларды аралап жүргенде, қасына фотокорреспондент

Хутаевты ерте шығыпты. Сарыбайға мал баққан жерінде кездесіп,

суретке түсіріп ала кеткен екен. Кейін ауданға алдыңғы қатарлы

шопандарды шақырғанда, түсіріп алған суретін құрдасына ұсынады.

Сырттында бір ауыз өлең бар:

“Қой бағын жүрген Сарыбай,

Жүрген жерінің аты – Онбай.

Серік қылып жүрсің итіңді,

Ұқсап – ақ қалыпсың сондай”.

Бір маған кездескеніңде Сарыбай жаңағы газет материялдары

ішінен осы суретін де көрсеткені бартын-ды. Сол Сарыбайы дүние

13
{"b":"579035","o":1}