Литмир - Электронная Библиотека

сол шұқырына жата-жата қалды, мен де қолымда винтовкам

(карабин) бар, үстеріне құлай кеттім. Бір мезгіл саябырлады, тұрдық.

Минометчиктердің козел жасап қойған винтовкаларына осколка тиіп,

құлап қалыпты, кейбірінің стволдарын осколка қырқып кеткен. Тұра

сала, телефон сымын қуалай жөндеуге тарттым. Үзілген жерін тауып,

жалғап та келемін. Бағана мен жүгіріп бара жатырғанымда, майдан

өткен далада бір солдат етпеттінен винтовкасын көздеп жатқан

сияқты еді, әлі жатыр. Сүйтсем, ол жауынгерге оқ тиген екен.

Жарадар болғандарды жинап жүрген атшаналы санитар келіп,

аударды да, қалтасынан құжаттарын алды. Өлгендерді жинайтындар

олардан басқа, сол алып кетуге тиіс. Тағы жау артиллериясы оқ

жаудырды. Ат шанадағы жауынгердің, санитардың, бір аяғына оқ

тиіп, тізеден төмен сәл ғана ілініп, аяғы салбырап қалыпты. Көпті

көрген санитар дереу балтасын алды да, салбыраған аяғын етігімен

қоса шананың жақтауына қойып, шауып тастады. Дереу жуан сан

жағын бинтпен байлап, тізе жағын плащ-палаткасымен орап,

шанасын санбатқа қарай айдап, шаба жөнелді. Снаряд ату

тоқталысымен, НП-ға жетіп келсем, комдив есік алдында құлап

жатыр. Сөйтсем, мені келе жатыр ма екен деп қараған кезде, аңдып

отырған жау снайпері маңдайынан тигізген екен. Енді ол снайпер

дереу өз орнын ауыстырады: мақсатына жетті, ол жер енді өзіне

қауіпті болады. Ол жерде комдив бар екенін біліп, мысықша аңдып

отырған екен. Маған оқ шығармай, біліп қояды деп, комдивті

аңдыған екен. Сол комдивтің әйелін Москвадан алдырды.

М.Маметова жерленген қорымға жерленді. Мен құрметті

қарауылында 15 минут тұрдым. Бұлай тұру деген өте қиын екен.

313

Екінші бір жағдай Беларуссия жерінде болды. Бұл кезде 101

ОСБ тарап, 51 СВКОСД (стрелковая Витебская Краснознаменная

ордена Суворова дивизии) қарауындамыз. Бұл кезде Комдив

полковник Серебряков деген болатын. Начальник штаб – Коновалов.

Менің комротам – капитан Кузьмин (украинец), комвзводом старший

лейтенант Матошин (Гурьевтік). Мен дивизияда штабта

нач.телеграфной станции, ком. отделениемін. Қарауымда бір-ақ

телеграфист – Антипов, кәрі кісі. Жоғарғы қолбасшыдан Беларуссия

жерінде жау тылында соғысып жүрген төрт партизан отрядын жау

қоршап, құрту қаупі төнген кезде, біздің дивизияға жау шебін

(оборонын) бұзып кіріп, партизандарды алып қалу тапсырылған. Жау

шебін бұзып (ені 800 м.) өтісімен, жау бізді де қоршап алды. Мезгіл,

қалайда, кіші бесін кезі. Штабты «Триполье» деген елді мекенге

орналыстыруға бұйырған (40 шақты үй). Бұл туралы «Ойға келген

оралымдар» бөлімінде «4 партизан отрядын ажалдан құтқару»

тақырыбында жазғаным бар-ды. Осы жолы да маған атылған оқ мені

ажалға жұмсаған адам комрота Кузьминнің өз аяғына дуалдан өтіп

келіп тиді.

Ұмытылмайтын үшінші бір жағдай Беларуссия жерінде

оборонда тұрған бір бөлімді түн ішінде ауыстыру керек болды. Қыс

айы, күн суық. Қалың орман іші. Түн ішінде полкқа байланыс тарту

керек болды. Бұл туралы «Ойға келген оралымдар» бөлімінде

«Полкқа байланыс сымдарын тарту» тақырыбында айтылған еді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында үнемі майданда алдыңғы шепте

жүрдім. Бірақ менің міндетім әскери бөлімдерді байланыспен

қамтамасыз ету болды. Керек десеңіз, винтовканы арбаға қалдырып,

өзіміз кабель арқалаймыз да, шегініс кезінде жұрт бұғып жүрсе, біз

кабелімізді жинаймыз, ол біздің басты құралымыз. Майдан, соғыс

жайлы әңгімелескенде, мен: «Жарадар болған жоқпын, жауға қарсы

оқ та шығарғаным жоқ» - десем, «Сен бұғып жатқансың ғой»

дейтіндер бар. Байланыс үзілсе, оның зиянын айтып болмайды: тіпті

өз зеңбірегің өзіңді қырып та жібереді.

Сол қиындықтың зардабы мені 53 жасымда-ақ жұмысты

тастауға мәжбүр етті емес пе!

Ендігі бір ұмытылмас жағдай тек менің басымдағы ғана емес,

бүкіл қазаққа келген ылаң жылдары: қызыл империяның қорқау

қасқыры Голощекиннің жалған ақпары жылдары және қазақтың өзі

өзіне жау болып тиісу кезі- ашыршылық. Әкем 1930 жылдары

дүниеден озған. Шешем ағайындар арасында да, мені жездем жетім

балалар үйіне орналастырған кез, 1932 жылғы ашаршылық уақыт.

Аштық пен індет қосыла келіп, балалар үйіндегі өлгендерді күнде

топ-тобымен жерлеуде. Осы жолы мен «Құрқұлақ-цынга» ауруына

шалдығып, орнымнан тұра алмаймын, тізеден ұстаған, аяқ илікпейді.

Әпкем Қалбибі Дәулетқызы, оның үлкен баласы Зайыр мені балалар

үйінен шығарып алып, Тәуіпке көрсетіп емдетті. Бұлар болмағанда,

күн басқаша еді.

314

Ендігі бір тарыққан кезім үйленген кезімде болды: ерлі-

зайыптымыз, бірақ немере-ағамның жанұясындамыз. Жазғытұрым.

Ағамыз бала-шағасын алып, сыртқа еккен қауынының басына көшті.

Біз зайыбымыз екеуміз қыстауда бір көрпе, бір көрпеше, бір

жастықпен ғана қалдық,. Бұл 1947 жылғы қөқтем. Жинаған қорымыз

жоқ, мұғаліммін; тек айлығымызбен күн көреміз. 1кг жүгері 65 сом.

Раушанның анасынның сауынға берген бір ешкісі бар, ол болса, егіз

лақтаған. Айлық уақтылы тимей қалып, бір күн үнемсіз отырдық,

көршімізге де білдірмедік. Қарыз алуға намыстандық, сонда да

мойымадық, ешкімге сыр білдірмедік, жеттігіп кеттік.

Барлығын да жеңдік деп жүргенде, қартайғанда, табан астынан

кездейсоқ жағдайда кездестік. Бұл 2001 жыл. Ғалым аварияға

ұшырады: өзі жарадар болды, қасындағы әйел өлді. 5 ай ауруханада

ұстадым, операция да жасалынды, істің бір жағы сотта. Мен болсам

Алматыда әскери госпитальда едім. Госпиталь жайына қалды. Сот

болатын күні сотқа әрең жеттім, содан кейін де 3-4 күн үйде жаттым.

Бұрын асқазанымда кемшілік болатын еді, сол екен деп жүрсем,

дәрігерлерің қойған диагнозы – крутоочаговый инфаркт миакарда

левой стенки, острая стадия – делінген. Сотқа жете алмай отырған

жерімде үйдің касында тұратын адай кемпіріне: «Мені іздей қалса,

осы көрген жеріңді айтыңыз» ғана болды. Жүріп кетсем, қайда

екенімді білсін деген ойым еді. Осылардың бәрін де жеңіп, әлі

қиыншылықпен алысып-ақ келемін.

Кілең қиындықты айтыпсыз, қызықтайтын кезіңіз болмаған ба

деуің мүмкін. Қуанған, қөнілденген кезім де болған ғой.

Ең қызықты өмір санаған кездерім

Ұлы Отан соғысы аяқталып, сол жылы ноябрьдің 20 күні болу

керек, отпуск алып елге келе жатырмын. Көзім үйықтағысы келеді,

көңілім ояу, үш күн ұйықысыз, ауылға жеттім-ау. Поездан түскенде,

қай жақтан келгенімді де (түнгі сағат 12 еді) білмеймін, мең-зеңмін.

Поезд жүріп кетуін күттім, сонда ғана қай жақтан келгенімді білдім.

Ойлаймын, куаныштан ұйықтамадым-ау деймін. Елге келсем, ел аш

емес-ау, түнде жарық етуге шам да, керосин де жоқ, кесенің түбіне

май қойып, соны білтемен жағып, жарық етеді екен: Бірақ халықтың

парасаттылығы қазіргіден көп ілгері.

Әрине, жас емеспіз бе, сөз айтып жүріп, үйлендік те ғой.Бұл да

өзіне лайық қызық сияқты болды. Бірақ той дегеннің салтанаты

қазіргідей емес қой. Тағы да айтамын, халықтың қызықтауы

қазіргіден артық: бірнеше жыл тойды ұмытқан кез екен – ау! Өмірдің

жалғасы – бала көрдік. Алдымызда тұрған әке-шеше жоқ, оның егесі

өзіміз. Алғашқы қызығымыз да, ермегіміз де, кинотеатрымыз да сол

сәбиіміз сияқты. Күлсе, күлеміз; науқастанып қалса, әрине,

әбіржиміз. Мақау екенбіз-ау, күні-түні жылайды, ембейді. Денесі

ыстық (1947 ж. аяғы, 1948 ж. басы). Мектепке кетіп бара жатып,

Раушанға айтқаным: «Каналдан (суы лай) бір шелек су әкеліп,

315

шылапшынға салып денесін жу!» - деппін. Ол оны істепті де. Түсте

келсем, Райханымыз тым-тырыс ұйықтап жатыр. Денесінің сау жері

жоқ қып – қызыл. Сүйтсек, Қызылша шыға алмай (тыстай алмай)

жылаған екен-ау. Сол жылы қызылшадан жас балалар қырылып

қалды: бір күнде бір үйден екі бала да қайтты. Қызылшадан жел

104
{"b":"579035","o":1}