Аскар Есенгелдин
Жоба басқару РМР Certification емтиханына дайындалу жолындағы кеңестер
Кіріспе
Жоба басқару саласында оқып жатырған мамандар, студенттер білімін сынайтын арнайы жоба басқару профессионал атағын ие болуға мүмкіншілік ашатын PMP-емтиханы бойынша білімін тексеріп соңымен қатар әлем бойынша білім сапасын анықтайтын маңызды сертификатка ие бола алатын емтиханы болып табылады. Жоба басқару жобасы ол тек қана нақты жобаларды басқару да ғана емес сондай-ақ жұмыс ұйымдастыру білімін қамтиды. Сол себептен біздің еліміздегі жоба басқару яғни толыққанды айтқанда " project management" саланы оқып жатқан мамандарға әрқашанда қолдау көрсеткен дұрыс деп есептеймін. Себебі біздің жұмыс ұйымдастыру қабілеттеріміз дамуы еліміздің өсіп өнуіне толыққанда үлес қосады. Сертификат көптеген мекемелерде әртүрлі мамандықтарда жұмыс жасап, өзің профессионал тұрғыда жетілдіреді. Емтиханға дайындалу процесі осы салада білімін жетілдіруге, адамдармен қарып қатынас ұстап, қолдау алып оны беруге көптеген мүмкіншілік ашатын іс-қимыл деп есептейміз. PMP – емтиханға дайындалу бір сөзбен айтқанда өз білім сапасын әлемдік деңгеймен салыстыра алады, қазіргі қолданылатын оқу кұралдарымен таныса алады сондай сертификат алу арқылы әртүрлі мекемеде жұмыс істеп көптеген тәжірибелер алады. Емтиханға дайындалу үшін терең білім алып қана қоймай әртүрлі сертификаттандырылған тренинг курстарна қатысу қажет менім ойымша осы базалық курстта белсенді қатыса отырып, берілген материалдар бойынша жұмысансақ өзіміз де жетіп оқи аламыз. Осындай PMP – емтиханына дайындалу барысында жасалған ішінде керекті материалдарға толы сіздерге қазір ұсынып отырған оқу құралы білімді тереңдетіп оқуға таптырмас мүмкіндік. Осы оқу құралы сізді емтихан тапсырған адамдардың тәжірибесіне толы қарапайым сөзбен жазылған мәлімттер топтамасы
1 бөлім Емтихан сұрақтары туралы қысқаша
РМР емтиханы Қазақ Елінде маңыздылығы және сұранысы көтеріліп келе жатқанына байланысты, мен қазақ тілінде мәлімет іздеген адамдарға қысқаша ақпарат бергім келеді. Әзірше, емтихан сұрақтарынан бастап көрейік. РМР емтиханына арналған сұрақтарды ең біріншірет көрген кезде сұрақтардың бәрі өте қиын, әрі түсініксіз болып көрінеді. Егер көп ойланбай сұрақтарға жауап берумен тым қатты айналысып, салынып кетсек, онда прогрессымыз жәйлап қалып, энергиямыз азайып, шаршап кетеміз. Былай қылған дұрыс – сұрақтарға жақынырақ қарап, талдап қарау керек. Сол кезде келесі заттарды байқаймыз:
РМР емтихан РМВОК-тың ішінде жазылған және оқығаннан кейін есімізде қалған мәліметті тексермейді. Бұл емтихан біздің санамызға кірген PMI менталитетін тексереді, яғни біздер әлемдік деңгейдегі Жоба басқарушысы сияқты ойлап, шешім қабылдай аламыз ба? Сол себептен бір екірет оқып, есте сақтап алғанға сүйену дұрыс болмас.Сұрақтардың көбі бір белгілі жағдай болған кезде дұрыс таңдау жасап, тиімді шешім қабылдау туралы. Ондай сұрақтардың қалай құрастырылғанын, неден тұратынын зерттеген абзал (ол туралы да жазармыз кейінірек). Жауап нұсқалары да бөлек жыр. Олардың бәрін оқып шыққанымыз дұрыс, себебі төрт нұсқаудың арасында біреуі мүлдем дұрыс емес, басқасы өте жақсы үйлесетін нұсқа, жақын нұсқа, сосын солардың арасында дұрыс нұсқа болатыны шындық. Адам асығамын деп, дұрысқа жақын, бірақ қате нұсқаны алып қоюы әбден мүмкін. Сол себептен бәрін асықпай оқу керек. Процесстерді, яғни қай процесстерде не болатынын, анықтау керек сұрақтар. Осындай сұрақтар қай процесстерде қандай құжат, қандай құрал және қандай іс әрекет жасау керектігін білетініңізді тексереді.Формуланы есіңізге түсіріп жіберіп, берілген сандарды сала қойып, есептей салатын да сұрақтар болады. Тұзақтары (ловушки) бар сұрақтар да жетеді. Олар тек білімді тексеріп қоя бермес, онымен қоса сізді аздап шатастыруға тырысады. Ол туралы да бөлек жазуымыз керек негізі.Терминдерге қатысты біліміңізді тексеретін сұрақтар да бар. Ол да бір қарағанда оңай болып көрінгенмен, шындыққа келгенде оңай шешіле қоймайды…
2 бөлім Жоба басқару саласын оқығанның құндылығы
Жоба басқару саласын оқып сауат алғанның бір пайдасы туралы айтып кетсек…
Он жылдан астам уақыт үлкен корпорацияда жасағаннан кейін біздің заманға ең қажетті қабілеттердің бірі жұмыс ұйымдастыра білу шеберлігі екенін ұқтым. Қай бағыттағы маман болсаңыз да (механика, өндірісті пайдалану, тоқ жағынан ба немесе құрылысқа қатысты жұмыстар) және қай деңгейде қызмет етсеңіз де (мысалы, инженер болуыңыз мүмкін, бөлімнің басшысы боласыз ба, немесе бір саланың координаторы болған жағдайда да), жұмыстың мақсатын анықтап, керекті мамандарды жұмылдырып, мақсаттарды және жұмыстың барысын анық етіп түсіндіріп, іс әрекеттерді жоспарлап, ресурстарды алдын ала қарастырып және соны жеткізіп, уақытымен есепті айдай анық қылып беріп, жалпы жұмысты жүргізе білу бір бөлек өнер болып табылады десек қателеспейтін сияқтымыз. Мен кезінде жас маман болып, жоспарлау кеңесшісі болып жұмыс жасап жүрген кезде, халықаралық тәжіребесі бар мамандар жұмыс ұйымдастырған кезде түрлі түрлі құралдар мен әдістерді қайдан таба қояды екен, деп көп таң қалатын едім. Сосын бірақ оқыған соң, Жоба басқару курстарын өте бастағанда неше түрлі жоспарлауға, рисктерді анықтауға және де тағы да басқа пайдалы құралдарды тауып ала бастағаным рас болатын. Тап осы жұмыс ұйымдастыру құралдары мен процесстері маған жұмысыма және жалпы сегіз қырлы бір сырлы маман болуға өте қажетті болып көрінгеннен кейін мен Жоба басқару саласын оқып көрейін деген ойға келдім.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.