көре бересің. Сол қарттың
көргендері кейінгілерге
ертек сияқты».
«Алпыста ақылың тоқтайды,
Сексенде селдірейсің,
тоқсанға
аяқ басқандығың
тоңқалаң асуға бет
бұрғаның»
238
Міне, кешегі елімізге тұтқиылдан жау тигеніне, Ұлы Отан
соғысының басталғанына, 65 жылдан асып та кетті. Сол соғыстың
аяқталып, Ұлы жеңіс мерекесіне жеткен күнімізге де 60 жыл толайын
деп келеді. Осы соғыстың басталуының да, жеңіспен аяқталуының
да халыққа радиомен хабарлануының ең алғашқы есітушілерінің бірі
екендігім есіме келіп, кейінгі жастарға айтқым келіп отыр.
Қарап отырсам, сол кезде мен 18 – ден 19 – ға аяқ басқан кезім
екен - ау!
Бұл – 1941 жыл. Еліміздің қарулы күштерінің Шығыстан батысқа
қарай ауыса бастауы алғашқыда елеусіздеу жүре бастаған. Мен
аудандық байланыс бөлімінде телеграфист – морзист болып жұмыс
істеймін.
21/ VI – 1941 жылы кешкі сменаға жұмысқа келгенмін. Түн бойы
облыстық байланыс бөлімімен байланыста отырмын: телеграмма
беремін, олардан қабылдаймын. 22/VI – не қараған түн; таңғы ұйқы
маужыратып та отырған кез. Таңғы сағат 6 00 кезі. Москвадан
радиодан И.В. Сталиннің өз даусы саңқ ете қалды. Жай үн емес,
халықты Отан қорғауға шақырған үн. Тұтқиылдан Неміс
басқыншыларының тыныш жатқан елімізге шабуыл жасағанын
хабарлап, бүкіл халықты ел қорғауға шақырған үн. Бұл уақытта
Қазақстанда ояу отырған адам кем де кем – ау. Ал мен болсам,
жұмыстамын, байланыс торабында отырмын. Денем дір ете қалды.
Қасымда ешкім де жоқ. Маужыратып отырған ұйқының қайда ғайып
болғанын да білмей қалдым. Бірден ширығып сала бердім. Қабақ
өзінен өзі түйіліп те сала берген - ау. Суық хабарды біреу біліп, біреу
әлі білмейді де. Смена ауыстыруға кезекші телеграфист Самков
Алексей де келді. Сменамды өткізіп, үйге қабағым түйіліп кірсем
керек. Қарт әжем менің реңкімнің қатып кеткенін байқап:
- Балам, бір жерің ауырып келді ме?! – деп, үсті – үстіне сұрап
жатыр; Мен де үн жоқ. Айтуға тілім келмей тұрғандай.
- Әже – ау! Неміс басқыншылары бізге соғыс ашып жіберді ғой! –
дедім. Әжем не дерін де білмей қалды.
Міне, алғашқы суық хабар осылай естіліп еді.
Сол кезден бастап, әскери комиссардың шақыру қағазымен
күнде майданға адамдар алынуда. Аудандық байланыс торабының
канторы темір жол вокзалына жақын жерде болатын. Жұмыс кезінде
– ақ майданға аттанып жатқандарды көріп отырамын. Алғашқы
алынып жатқандар бұрын әскер қатарында болғандар, бала –
шағалы болғандар, ересектер болатын. Поезд қимылдаған кезде,
бауырлары, біріне әке, біріне жар саналғандар соғысқа аттанып бара
жатқанда, қалып бара жатқандардың жылаған даусы күңіреніп кетеді.
Дәл қайтқан адамның мәйітін көтеріп, машинаға салар кездегі үйдегі
әйелдердің өре шығып жылаған даусынан да бетер шығады. Төбе
шашың тік тұрады, тұла бойың мұздап сала береді. Бұлай
аттанушылар күнде, күн ара деуге болады.
239
Мен сол баяғы байланыс торабында телеграфистік, жұмыс
жетерлік. Барлық құпия хабарлар біз арқылы өтеді. Оны шашпауға –
айтпауға берген жазбаша антымыз бар. Кезек жастарға да келе
бастаған кез. Келіп жатқан телеграммалардың сериялары неше
түрге бөлінеді: «Серия - Г», «оперативная», тіпті, «Воздух» деген де
түрі бар.
Бірақ «Воздух» түрі келгенде, ол территория әскери қалыпқа
көшкен деген сөз. Елдің басқаруы әскери комиссардың қарауына
көшеді, қалғандары соның жарлығымен орындалады деген сөз. Сол
«Воздух» хабарының телеграммасы дайын түрінде, біз отырған
жерде сейфте пломбамен жабулы да тұр. Оны ашуға арнайы бұйрық
болады. Ол телеграмма үш мекемеге 5 минуттың ішінде жеткізілуі
керек: Әскери комиссариатқа, райкомның 1 – хатшысына және
банкке. Күнде сменаны өткізерде, пломбасының бұзылмағанын
көрсетіп, арнайы журналмен тапсырамыз.
9/XII – 1941 ж. Күнделікті жұмысқа кешкі сменаға келгенмін. Түн
мезгілі, сағат 11 – лер шамасы. Телеграф аппараты “морзянка ”
“Янк...” деп тықылдай бастады. Мен дереу жауап бердім. “я Янк”-
деп. - “я Крд. 1 пп, серия “Г” – деп, тақылдай қалды. Дереу мен:
“ПД”- деп жауап қаттым.
Ол кезде айтуға болмайды. Қазір соның мазмұнын айтайын:
1921 – 22 жылы туылғандардан, орта дәрежелі білімі бар 40
адамды Ақтөбе облвоенкомының қарауына, 40 атты Жамбыл
облвоенкомының қарауына жібересің делінген. Телеграмманы
қабылдап алдым да, есікті ашпасын деп, өзім жазған телеграмманы
конвертке салып, аудандық әскери комиссариатқа қарай жүгіре
басып келемін. Келдім де. Әскери комиссар конверті ашып, оқып
болғанша күтуім керек. Оқыды да. Кетуге рұқсат етті. Мен: - Ертең
келе берейін бе? – дедім. Бетіме бір қарады да, үн қатқан жоқ.
Үйткені сол телеграммадағыға мен тура келіп тұрмын. Келесі күні
шақыру қағаз да (повестка) келіп жетті. 42 адам шақырған екен.
Бәріміз де жарадық. Стройға тұрғызып; “Кім осы жолғы шақырудан
қалғысы келеді?” деп, әскери комиссар сұрады. Ешқандай үн жоқ,
тым – тырыс. «Тараңдар» - деп, команда береді. Тарап жатқанда
военкомда істейтін ағам:
- Осы жолғыдан қаласың ба? – деді. Мен:
- Қалмаймын. Бүгін болмаса, ертең тағы шақырады. Мына таныс
жолдастарымнан қалмаймын! – дедім.
Сол күннен бастап, майданға баратын жолдастарымыз кезек-
кезек үйлеріне шақырысу да. Барған жерде оларға: «Ертең біз
вагонға мініп, жүріп бара жатқанда бірде-біріңнің туысың дауыс
шығарып жылайтын болмасын! Жылап шығару деген жаман ырым,
онда біз елге тірі оралмаймыз. Вагон қимылдағанда әндетіп, өлең
айтайық!» - дедім. Солай да болды. Кетіп бара жатқандар ішінен
бірден майданға барамыз ба деп, өзді өзі талқыға салуда. Мен
білсем де, айтпадым. Менің берген антым бар. Сонымен Ақтөбе
240
облысында құрылып жатырған 101 ОСБ-ның (отдельно стрелковая
национальная бригада) қарауынан бір-ақ шықтық. Күн суық, түкірік
жерге қатып түседі. Армияда да штаб бригаданың телеграфисімін,
байланыс батальонында телеграфист станциясының бастығы,
командир телеграфной отделениемін. Жұмыс орным – облыстық
телеграф станциясы, Чкалов қаласымен (ЮЖУРВО) Оңтүстік Орал
әскери округімен байланыс жасаймын. Шамалы дайындықтан кейін,
қару-жарақ алып, Москва түбіне жақын жерден (Калинин майданы)
соғысқа түсіп те кеттік. Беларус жері, Балтық жағалауындағы елдер,
Польшаны тазартып, Кенингсберг қаласын алумен тоқтадық. Бізді
қаланы ұстауға «Оккупационный войск» ретінде қалдырды.
... Берлин алыпған. Май айының басы. 7/V 1945 Әскери
бөлімдердегі телеграфистермен байланысып отырамыз. Біздің
сөзіміз точка, тире «азбука морземен». Оны басқалар түсінбейді. 7/V
– дан бастап, Германияны оккупацияға берілуіне келіс сөздер жүре
бастаған. Одан телеграфист – біздер хабардармыз. Тек жоғарғы
жақтан «Соңғы хабарды» жібермей тыңдаңдар! делінеді.
8/V – 1945ж. тағыда түнгі сменада телеграф аппаратында
кезекте отырған кезім. 9/V – 1945ж. түнгі сағат 1:10 (Кенигсберг
уақыты бойынша) телефон шар ете қалды. Тағы таныс дауыс, И.В.
Сталин Совет Халқын жеңіспен құттықтаған даусы. Бүкіл Кенигсберг
бойынша түн ішінде барлық қарудан аспанға салют берілуде,
«Уралаған» дауыстар. Мәз – майрам күлкіге кенелдік те қалдық.
Міне, сол мерекенің 60-жылдығын тойлағалы отырмыз.Жастарға
ертек сияқты да болар. Соның бәрін бастан кешкен біздер қазір
тірсегіміз майысып, беліміз бүкірейіп, өкпеміз сырылдап зорға
жүреміз. Майданнан келіп, 60 жылдық мерекені көре алмай, ол
дүниелік болып кеткендер қаншама дерсің. Жеңіс оңайлықпен келген
жоқ. Қаншама жандардың өмірін қиып кетті. Кейінгі жастарға оны
бермесін, көрмесін де
20/I – 2005 12:55
Алғысымды білдіремін.