Литмир - Электронная Библиотека

мына бір жағдай тура келіп тұр: ағайынды екі баланың әкесінің әкесі

бір адам, яғни екеуі бір-біреуіне немере. Бірақ екеуі екі анаданда да,

аталары бір адам. Осы екеуі бір тамға таласады: бірі сатады да,

екіншісі алады. Тәптіштеп айтсақ, сатқаны ақшасын алмадым десе,

там алғаны ақшасын бердім дейді. Дауды енді түсінген боларсыз.

Дау шыға келе, екеуі екі адвокат жалдап, соттасуға бармақшы.

Біреуінің адвокаты өз туысының (руының) адамы да, екіншісінікі ұлты

басқа. Екі адвокат та заң жолының жоғары білімдарлары.

Дауласушылардың атасы діни сауатты, үлкен молда болған адам

еді, бірақ дүниеден озған. Уақтысында дін иелері қуғынға

ұшырағанда, ескі қыстауының қасына діни кітаптарын киізге орап

көмген. Ертеректе әкесін мақтан етіп, басқа бір баласы айтушы еді.

Ол кітап туралы өз кемерінен шыққан баласы хабардар да, ол қазір

тірі де. Сол даудың бір жағын ұстап жүрген де сол. Осы ісі сотсыз

ақ,адвокатсыз-ақ елдегі ақсақалдармен шешілуі тиіс еді. Меніңше,

екі араға Ібіліс кіріп тұр.Оның араласпайтын жері кем көрінеді ғой.

Оны арадан кетіру үшін үлкен ұлама молда керек. Ондай үлкен

ұлама молда табылмаса, жаңағы кітаптарды көмген жерден алу

керек. Ол үшін бір малды сойып, Алладан кешірім сұрау керек те,

алу керек.

Дін жолында оқығандар бар, ескіше (Хадимше) оқи алады.

Соны оқытып, әруақтардан кешірім сұрау керек. Ол Ібіліс сонда ғана

екі араларынан кетеді. Егерде бұлар осылай айтыса берсе, екеуіне

де бірдей тән атасының рухы мазасызданады, әбіржиді.

Сот арқылы шешкенде де, меніңше ата рухы риза болмаса

керек. Аталары ырза болмады деген- айыптысы не екеуі де кеміс

болып қалуы мүмкін.

Осы жағдайды есіткен соң, уақытыңды бөліп, осылай жасаған

жөн ғой деп жазып отырмын.

Мен көріпкел де, молда да емеспін, үлкендіктің жолы осылай

болса керек дегенім.

Осы талас- дау елге жайылып та қалған екен, есіткен құлаққа

өте ұят. «Екі анадан туған бала екі рулы ел» дейді ғой. Сонда да

150

болса, бір- біріне жау емес қой. Жауластыру да, татуластыру да

елшіден. Онсыз да осы кезде қазағымның қырғи қабақтығы

көбеймесе, азайып бара жатқан жоқ. Кім болсаң да, ойлаңдаршы,

азаматтар!

17/02-2001 23:23

Рухани ылтипат

27/02-2001ж. Алматыдағы балама бармақшы болып, Шымкент

қаласына келгенмін. Осы қаладағы Қазақ – Түрік Университетіндегі

Сағынғали ініме барып, хал – жағдайын сұрастырғанымда, ағасы

Мырзағалидың науқастанып қалғанын айтты. Науқасы жанына қатты

батса керек. Алматыдан келісімен (9 -10/III 2001) Түркістанға баруға

бет алдым. Телефонмен байланыса алмадым, номерлері өзгеріп

кетіпті, Сағынғалиды ала алмадым. Үйіне жеткенше, қатты күдік ой

билеп алды. Үйіне жете бере, көшеде жүрген бір қарттан ол кісінің

бар – жоғын да сұрадым. Бар екен, қуанып та қалдым.

- Ассалаумаәләйкүм! Жағдайыңыз қалай?

- Жақсы. Кімсің өзің?

- Әйелі: - Жаңа ғана айтып отырған інің ғой. Сағындық қой.

- Көзәйнегімді әперші, көре алмай тұрмын.

Ой айналайын – ай, амансыңдар ма? Келін қалай? Тәуір болып кетті

ме? – деп, құшақтап, аймалап, арқамнан қағуда.

Бір аяғымның бас бармағы ауыра берген соң, дәрігерге бардық.

Дәрігер көріп, рентгенге де салды. Кеспесе болмайдыға келді. Оған

мен де көндім. Сонымен, кесті де. Келесі күні соның қасындағы төрт

саусақтың төртеуі де қарайып кетті. Аяқ ісе бастады. Осындай

ауруды емдейтін Кентау қаласында тұратын қарт кемпір бар екені

айтылды. Оны да машинамен алдырдық. Көре сала бір ыдысқа

жылы су құйып, тотыяйынды (көкдәрі H2SO4) соған ерітіп, аяғымды

20 мин. салып, алған соң, жуып, тағы да сол дәрісін сеуіп орап

тастады. Осылайша үш рет қайталауды айтты. Ашытады, шыдау

керектігін де айтты. Жанымды қоярға жер таппай барамын. Құрбақа

да, жабайы шошқаның өкпесімен де орадық. Ісігі қайта бастады –

деді ағамыз

( Мырзағали) Мырзекең.

Ағайын – туыс, жекжаттар бірінен кейін бірі келіп жатыр екен. Менің

барғаныма өте ырза болып қалды.

- Тәуір болып кетіңіз, беті қайта бастапты ғой, - деп, рұқсат алып,

ауылға қайттым.

Сау адам науқас адамның көңілін сұрау деген мұсылмандық парыз

саналады. Жеңгеміз кідіргенімді қалап еді. Мен, кісілер көңілін сұрап

үсті – үстіне келуде екен, жүргенімді дұрыс санадым. Осылар туралы

“Қанмен дарыған қасиет” деген тақырыпта жазған әңгімем бар еді,

соны айтқанымда, отанындағы баласы көшірмесін беруімді сұрады.

Оған да келістік. Атамыз Арғынбай би туралы да жазғанымды қоса

бермекші болдым.

151

Мырзағали Ұлы Отан соғысынан бұрын армияға алынады. Соғыстың

алғашқы кезінде қоршауда қалып, Мұстафа Шоқайдың легионында

болады. Францияда онымен 2 рет кездеседі. Сол үшін елге келген

соң сұраудың астына да алынады. Мұстафа дәріптеле бастағанда,

Алматыдан телестудиядан келіп түсіріп, мұны да көк экранда

халыққа жариялаған адам.

Өнегелі өмір.

Қазақ халқының басынан не бір ауыр күндер өтіп жатқанына тарих

куәлі емес пе! Кешегі халық басына түскен зобалаң заманда –

конфискация, колхоздасу – коллективизация, ашаршылық, зиялы

жандырды халық жауы деп қуғындау, жою – ату дегендерді басынан

өткізді емес пе?! Сол зобалаңның шарпуы кімге тимеді дейсіз.

Майхан әженің Орынбетінің Мырзатайына да( менің шешемнің туған

інісі) залалы тиеді. Бас сауғалап, Мырзатай қайын атасы Қалымбет

деген кісімен (Арғын) елден ауады. Әкесі сол жақта дүниеден өтеді.

Онан үш ұл бала анасымен ( балалардың шешесі) қалады, бәрі де

жас. Балалар нағашы атасы, әжесімен бірге қалады. Нағашысы

кейін елге көшіп келгенде, оларды да ала келеді. Балалардың бірі

Орынбетов болып жазылса, бірі Қалымбетов болып жазылған екен

мектепке барарда. Сонымен, шиелі ауданы, Ақтоған елді мекеніне

келіп жайғасады. Қалымбет қарт та бір жағы аурулық, бір жағы жасы

ұлғайған шағында, бір күні баласына:

-Шырағым, кімнің баласысың?-дейді. Бала:

-Қалымбетің баласымын,-дейді. –Кімнен тудың?-дегенде, бала

әжесінің атын атайды. Нағашысы баланың бетінен сүйіп, көзіне жас

алып, ауыр ойға кетеді.Бір кезде:-Балам, дұрыс айтасың, баламсың.

Мен қартайдым, әрі ауру да алқымдап қоятын емес. Мен сендерді өз

бауырларыңмен таныстырмасам, ол маған дұрыс болмайды.

Қызымнан туылдыңдар, сендер де баламсыңдар. Бар, қағаз, қалам

әкелші,-дейді. Сүйтіп өзі білгенінше баланың аталарын ретімен

жаздыртады. Білетін жиені мені де қалдырмайды. Сүйтеді де,

жоғалмасын деп, сандыққа салғызып қояды. Уақыт деген өтіп

жатады. Үлкені Қоңырат бір жесір әйелдің қызына үйленеді.

Ортаншысы Дүйсенбек ауылдағы мектепті бітіріп, өз бетінше

толпынып, оқуға кетеді. Сол кеткеннен елмен хабары да болмай

қалады.

Бір күндері ұзын құлақтан Дүйсенбек Ташкентте оқып жүр екен деген

хабар естіледі. Екі бала сол Ақтоғанда баяғы нағашыларының

шаңырағына не болып отыра береді. Бұл кезде нағашы атасы да,

әжесі де дүниеден озған-ды.

Дүйсенбек болса, Ташкент қаласындағы темір жол институтын

бітірер жылы сол қалада жұмыс істеп жүрген Арыс қаласының қызы

Құрбанкүлмен тіл табысын, қосылмақшы болады. Ресторандатып

той өткізуге шамалары жоқ, бір сол қалада тұратын өздерін

"құрама"боламыз деген Баймұрат (1921 жылы туылған) атты

азаматпен сөйлеседі. Жеке басты кісі екен, әйелі екеуі ғана тұратын

152

өздеріне лайық үйі бар-ды. Қосылу кешін сол үйде өткізеді.

Жиналғандар кілең қатар-құрбылары, студенттер. Елден келген егде

жандар жоқ. Дүйсенбектің бас көтерер туысы жоқ екен. Баймұратқа

аян болады. Той өзіне лайық өтеді. Той тарқаған соң, Баймұрат

Дүйсенбекке:

-Сенің әке-шешең жоқ па?-дейді.

-Әке-шешем ертеректе қайтыс болған,-дейді. –Біздің ықыласымыз

52
{"b":"579035","o":1}