аударған Бұлтыңдар «Шілік» деген жерде де бар дегенді есітуші
едім. Осы қоныс аударып келген соң, осы ағайындарды іздестіріп,
өзім сияқты шежіре жұмысымен айналысқан інім Нұрғали
Сарынбекұлын (Қызылшекпен) тауып, Сыр бойындағы Бұлтың
ағайындарымен қауышқандай болдық. Бірлесіп шежіре жобасын да
жасауға бет бұрдық. Құдай қаласа биыл Сыр бойындағы Бұлтыңдар
кестесі жарық көруі керек. Әрине, бұған күш салушы ініміз Нұрғали.
Сөйтіп бұл жақтан бес ата Бұлтың табылып, бабамыз Бала бидің
кесенесін ашу рәсіміне 5-6 жеңіл машинамен 4/VIII-2000 күні түсте
шығып та кеттік. Бардық , Оқшы ата әулиесінде болдық, құран
оқыдық. Аудан болып ат салысқан екен, жақсы өтті. Видеоға түсіріп
те алды. «Бала би», «Оқшы атадағы 7 әулие», «Қыпшақтар,
Қазақтар» деген кітапшалар және «Оқшы атадағы жеті әулие» деген
плакатын, Бала би кесенесінің екінші бетте түсірілген 2001 жылдың
календарын алып қайттық. Толық материалды сол бетке түсірілген
пленкадан тамашалауға болады. Керек етсеңіз, Шиелідегі құрылған
«Бұлтыңдар қоғамынан көруге болады. Сондағы түсірушілердің
касетасынан көшіріп, Нұрғалиға, өзіме де әкелдім, 6/I-2001ж. Видео
касета «Бала би асы" деп аталады.
Ойға келген оралымдар
Бұрынғылар айтқан екен, дүниеде
Үш орны толмас жетім бар:
«Ел басшысыз болса,
жер жаңбырсыз болса,
сөз тыңдаусыз болса жетім»-
деген екен Жетек көреген.
(«Ел аузынан»,Алм.1985,90-б.)
«Қызың бар ма көзі мөлдір,
Жарың бар ма сөзі мөлдір?
Ұлың бар ма жасқанбайтын?
Жоқ осыдан асқан байлық!»
(Қадыр Мырза Әли)
Мишель Нострадамус,Ванга көреген болса,
Мен тек көргенімді айтамын.
(Сағындық Алтынбекұлы)
Кіріспе орнына
127
Ертеректе бір жазғанымда ретсіз қасыңдағыны түрте берсең,
ашуына тиюің мүмкін. Қағазды түрткілесең, ақ қағаз саған тиісе
қоймайды дегенім бар еді. Оқыған адам өзіне керек екен десе,
бірдеңесін алар ойына, керек етпей жатса, Абайша айтқанда, өз
сөзім өзімдікі. Сонымен, қарап отырмай, өзімше, бірнәрсеге жарап
отырайын. Әңгімелесетін қасымда қатарласым да жоқ, бары алыста,
азайып та барады ғой деп, осылайша қағаз бетін шимайлауды
әдетке айналдырып отырмын. Ол ойлар да анда-санда ғана келеді
десем де болады. Сол кезде жазып тастамасам, кейін ұмыт та
болады. Сол ұмытатын жасқа жақындағаным болар. Асқар
Тоқмағамбетов айтпақшы, өзінің туындыларын перзенттерім дейді
екен ғой. Менен шығып жатқандардың шикілеулері де болуы мүмкін,
ол тарихқа жасаған (болған жағдайға) жала емес, менің жазу-сызуға
әлі жеттіге қоймағамдығымнан болар. Жан-жануар, адам баласынан
аналар да түсік тастап, не шала туып жатады ғой. Оның қатарға
қосылатыны да, өліп қалатыны да болады емес пе. Азар болса,
солай болар.
Шындыққа бергісіз өтірік
«Азатын елдің ұрысы билейді,
озатын елдің дұрысы билейді.»
Уақытты өткізу үшін бе, әлде жол жүріп келе жатқанда, жолды
қысқарту үшін бе, әйтеуір, әңгіме айту бар.Бір әңгіме бір әңгменің
шығуына ұйтқы болатыны тағы бар. Сондай әңгімеден осы әңгіме
шығып кетті емес пе. Ертеде ел басқарушылар өз төңірегіне
ақылды, ойшыл, алдын болжағыш көрегендерді жинайды екен.
Солармен кейде кеңесіп те отырады екен дегенді есітуіміз бар еді.
Ел іші алтын қазына депті ғой халық. Атағы әлі жер жара
қоймаған, өзіндігі бар, мақтаншақ та емес, кісілікке де жаны құмар
емес бір кісі бар екен. Сол отырған жерінде алдын болжайтындай
әңгіме де айтады екен. Ерекше бір қасиеті де бар ма, кім білсін, тағы
бір сезгіштігі – көргіштігі де болса керек. Бірақ оны ешкімге жария
етіп мақтанғысы келмейді екен. Осы адам тұралы мәлімет біздің ел
басшымызға да жетсе керек.
Арнайы адам жіберіп, сол кісіні өзіне алдыртады.
Осы кісі ел басының алдына барғанда, төр алдына бір
жолбарыс аяғын созып жіберіп, керіліп жатыр екен. Басқа жан оны
көрмесе керек. Сол кісімен ел басы жеке отырып , әңгімеге көшеді.
Барған кісінің әгімесі, жауабы ел басына ұнайды. Болашағы бар,
өзіндік егесі де бар екенін айтады. Төрдегі жолбарысты ел басы да
көрмесе керек. Бірақ ол соның әруағы іспеттес. Ұнаған адамын ел
басы өзінде қолдырғысы келеді. «Ішіңіз пыспайды, сіз секілді 20
шақты адамым»бар, әңгіме – дүкен құрып отырасыздар, жалақыныз
да жаман болмайды», - дейді. Бірақ бұл барған кісі: - жоқ, елде
менің бала-шағам, елім, халқым, ағайын-туысым бар. Солармен
128
үнемі бірге болуды ұнатамын. Мен қажет болып жатсам,
алдыруыңызға болады-деп, келісім бермеген екен.
Бұл жерде менің ойыма көшелерде «2030» деген жазуы бар
плакат сарт ете қалды. Көзіме сонда керіліп, аспанға атылып бара
жатқан жолбарыс та елестеді.
Кім біледі?! Болса, болар. Егесіз әруақсыз адам болмаса керек
деп ой түйдім. Пенде емеспіз бе, бірі сеніп бір сенбей, есімде
тұрғанда, қағаз бетіне де түсіріп отырмын. «2030» деген тақырыпта,
бұдан бұрын өз ойымды да жазған едім. Бірақ мен жаңағы көреген
кісідей емеспін, жолбарысты үйінен көргенім жоқ, көшеден плакатта
ғана көріп жүрмін.
Ал, қарауындағы 20-шақты кеңесшісінің кім екенін сіз
білмесеңіз мен білмеймін. Кім болса да халықты ойласа болар еді.
«Ана» деген атқа түскен дақ
«Жала – жалын емес,
жандырмайды,
жандырмаса да,
күйелейді»орысшаласа:
«Клевета – не пламя, не
загорает,а заморает»
(Халық мақалы)
2000 жылдың желтоқсан айының басында Алматы қаласына
барып едім. Әңгімелесе қоятын өз қатарым кем болған соң,
балалардың үйге әкеліп оқып тастаған. «Демалыс» деп аталатын
газеті көзіме түсті. Дем алсам, дем алайын деп, газетті қолыма
алдым. Бірінші бетінде «Маньяк әйел» деген тақарып ірі жазумен
жазылыпты. Дем аламын деп оқыған мен тұншығып қалдым. Соны
қараңыз: Рая есімді бір әйел өзі туған перзентін емізіп отырып- ақ, өз
қолымен буындырып өлтіре салады. Соған рахаттанады. Уақиға бір
емес, бірнеше рет қайталанады. Әр перзент әр еркектен. Ақырында
сол әйел соңғы еркектің қолынан (қылқындырып) қаза болады.
Дүниеде жан-жануардың бала табушы аналары өз баласын жанын
аямай қорғайтын болса, мынау Рая есімді әйел өзі өлтіреді. Не деген
жиіркеніш оқиға, не деген рақымсыз десеңші! Газеттің аты
«Демалыс». Ал осыдан сіз қалай демаласыз?! Шын болмай – ақ
қойсын, жала-ақ болсын. Не деп жазып отыр, шығарушы неге басып,
халыққа таратып отыр?! Үлгі-өнеге алсын деп отыр ма екен, онсыз
да құрып бара жатырған жоқпыз емес пе?! Осыдан жиіркенсін дегені
ме, білмегендер білсіні ме?! Мақалаға редакция жауап бермейді-міс!
Құп айтады екен, бетсіздер! Ана деген атқа дақ салып жүргендер
аздай-ақ, енді қалғаны өз перзентін өзі емізіп отырып, бар денесі
босап отырып, буындырын өлтіруі қалып еді. Аналар! Жазылған
күйеге шыдап отырасыңдар ма!? Неге шулап шықпайсыңдар!
129
Ел басы, сен қайдасың?! Саған да осы қызық па?! Осындай
басылымдарға неге жол бересің?! Халықты қайда алып бара
жатырсың?!!
Ұрлық па, зорлық па?!
Осы екі сөздің екеуі де ұнамды сөз емес. Солай бола тұра,
өздерін әжептеуір адам қатарына санап жүргендер осы жолға түсіп
те жүр. Неге олай дейсіз ғой. Біреулері олар ұсталынбаса, ұрлық
емес, табыс табудың екінші бір түрі деп. Ал ол адам мен
адамгершіліктің мағынасын жете түсіне ме екен? Мен айтар едім:
толық түсінбейді, түсінгенімен мойындамайды, түсінгісі келмейді;
біліне қойса, арсыздыққа салынады. Сонда ар-намысың болмаса,
адамгершілігің қайда дер едім.
Сол ұрлықтың түрлеріне келейік: а)мал ұрлау, тарихты ұрлау, б)
сөз ұрлау не басқаға телу, в)біреудің жазған еңбегін ұрлау т. б.
Мал ұрлағанды бір сөзбен парасатсыз дер едім. Тарихты ұрлаушы