Литмир - Электронная Библиотека

Құдайды “Алла” деп келтірген. Бұл – саналы қорқу. Сыйлаудың

төркіні – қорқу. Қорықпасаң, сыйламайсың. Ал, аты жоқ, жөні жоқ

үркек қорқу – нағыз қорқақтық болар. Біреулер айтады, өлімнен

қорық дейді. Жоқ, оған мен келісе бермеймін. Сен өлімнен

қорыққанда, сонда өлмей қаласың ба?! Олай қорқу үркектік болар.

Әдепсіздікке, санасыздыққа барма, өлесің десе, ол – бөлек. Толық

түсіне білген жөн. Дүниеге келгенің анық болса, сол дүниеден кетерің

де дәл сондай анық. Ал, өлемін деп қорқу – ақымақтық. Өлмеймін

деп, өлімнен қашу да, ақылдылыққа жатпайды. Бірақ, Алла айтыпты

дейді ғой, “ Сақтасаң, сақтаймын” деп. Сақтанусыз біле тұрып,

“Құдай сақтасын” деген бір сөзді ту қылып ұстап алып, оны бұзылмас

заң етіп ұстауды да дұрыс демеймін.

Дүниеге келген соң, адам деген атақты атқа ие болып алған соң,

адамгершілік қағиданы сақтай отырып, жарық дүниеде өзіңе жайлы

жағдайды жасауың тек қана өзіңе, тек қана өзіңе байланысты. Солай

бола тұрып, тағы да адам деген атыңа кір келтірмей, өз өмір

тәжірибеңді, ақылыңды, өзіңнен кейінгі ұрпағыңа насихаттауға

міндеттісің. Мейлі ол оны іске асыра ма, керексінбей ме, бірақ сен

айтуға міндеттісің. Менің ойым осыны жазып кет деп отыр. Сауатым

болған соң, менен кейінгілер оқыр деп жазып та отырмын. Жазуға да

шамам келмей қалатын уақыт боларын да сезінемін: ағам

Сағынбайдың соңғы өмірінің 20 шақты күнінде күзетінде отырдым.

Бір нәрсе айта ма, тапсырмасы, тілегі бар ма, не дер екен деумен

отырдым. Соңғы минуттары, соңғы демі таусылғанға дейін (11

104

апрель, 17 сағат 10 минут, Қызылордаша), яғни 81жасында

қайтқанда күттім. Ешнәрсе де айта алған жоқ. Кім біледі, сол жағдай

менде болмасына. Сондықтан да жазып отырмын.

Ағайын – туыссыз емеспін. Бұл қонысқа көшетінім туралы

ешқайсысымен де келіскенім жоқ. Маған айтқандары да болды,

көшпеуді. Қоныс аударуды өз шаруам деп санадым: Экологияның

зардабын сезіне бастадым, аз күн қалған өмірімді тазалау жерде

өткізуді мақсат санадым. Ендігі ойымның маған айтатыны – саған

кеткеніне ішпей риза болмаған туған – туысың бар ма, жекжаттарың

бар ма, уақытын тауып, әдейі арнайы барып, дүниеден қайтқанына

бата сал, дұғыңды оқып, тірісіне жүзбе – жүз кесдесіп қайт дейді.

Соны дұрыс көріп отырмын. Менің өмір тәжірибемде өткендердің

өзімен қоса жиған – тергенді алып кеткенін көргенім де жоқ, естігенім

де жоқ. Және бұл дүниеден тойдым, мәңгілік жайыма қайтайын деп

барғандарын да көріп, есіткенім жоқ. Тағы да бұл дүниеден кетіп

бара жатқанына қуанып бара жатқанын да көрген де, есіткенім де

жоқ. Сонда қалай?! Ол дүниеден өтуге қарсы ма? Жоқ. Олай болмас.

Ол – лажсыздық. Қолынан келері жоқ. Қарсы тұра алмаушылық. Сол

маған да, саған да, бәріңнің де басыңа туары сөзсіз. Бұған мен кәміл

сенемін. Ендігі тірі кезімде қолымнан келері не? Артыма із қалдыру.

Күндердің күнінде “Солай еді – ау!” дерлік бірдеңе қалдыру. Ол,

біріншіден, ұрпақ. Екіншіден, айтып жүретіндей уағыз, пікір сөз. Тіпті

болмаса, өз өмірімнің тәжірибесі, өмір сүрген кезеңімнен естелік пе,

әйтеуір бірдеңе. Соған осы бұйымтай бола ма деп отырмын.

27.04.1998ж. 15сағ.52мин.

Алматыша.

Үш толқын.

1996 жылы қыркүйек айының соңғы кездерінде елге барған

едім. Баруыма басты себеп болған 10/X – 96 ж. Тасболат үшінші

келінін алып, тойға шақырған. Дәл сол күні Райхан Асанмен бірге

Кокшетаудан бізге келмекші де болған. Сонымен, мен тойға

кешігіп, өткен соң бардым, 20 күндей жүрдім.

Қазан айының бірінші аптасында демалыс күні әдет бойынша

мұғалімдер күні деп саналатын, дәстүрлі мереке күні еді.

Туған ауылым бұрынғы «Қазақстанның XXX жылдығы» совхозы

Шиелі ауданы. Бұл жерге түстен кейінгі сағат 3:00 тегі

жолаушылар таситын автомашинамен аудан орталығынан келіп

жеттім.

Осындағы балам Нұрғалымның үйіне кіруім мұн екен, бір бала

қолыма шақыру қағазын жеткізді. Мазмұны – «Бүгінгі 16:00 да

болатын мұғалімдердің төл мереке күнінің қонағы

болыңыз.Мұғалімдер коллективі».

Бұл мектеп Абай атындағы қазақ орта мектебі еді де, мен онда

көп жыл жұмыс істеп, зейнетке кеткеніме (алдында выслуги лет,

105

соңынан жасым келгендіктен) 21 жылдан асып барады. Мұндағы

дәл қазіргі жас ұстазрдардың ұстаздарының ұстазы менің Ұлы

Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі шәкірттерім еді. Мерекелік

кештеріне де келдім. Жүзден астам кілең жастар. Барлығы да

мені таниды, ал мен болсам, танитынымнан танымайтыным көп,

кейбіреулерін түсіне қарап, ата – аналарына ұқсатамын,

шырамытамын.

Мерекенің дәстүрі бойынша алғашқы құттықтау бөлімі өтіп,

ұстаздар мен шәкірттерінің бірлескен өнер – сауық кешіне

жалғасты. Ұмытылып бара жатырған қазақ халқының ата

дәстүрлік тәрбиелік мәні зор әңгімелеріне де ойысты. Бәрі де

жарасымда орынды болып жатты.

Бір кезде мен қасымда отырған зейнеткер ұстаз

Алдабергенұлы Тұрсынбайға:"Мына менің қасымда отырған

немеремнің аты- Мөлдір, өзі биыл 3-класста өте жақсы деген

бағамен оқиды. Бұл қызым өзінен бастап, 22 ата-бабаларының

атын жатқа айта біледі",- дедім. Тұрсынбай кешті жүргізушіні

шақырып алып, сыбыр ете қалды. Бір мезгілде кешті

жүргізуші:"Алтынбекова Мөлдір сіздерге өзінің әкесінен бастап, 22

атасын айтып береді.Қол соғайық, халайық!"-деді. Мөлдір аспай-

саспай, өзін қазаққа дейін атап шықты.

Осы отырғандардың ішінде жеті атасын біле бермейтіндері де

болатын.

"Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер деген осы ғой, анау

отырған атасынан үйренген екен, "Бақытты болсын!",- деп

жатқандары болды. Кеш соңы мектепте 180 орындық (соңғы

жасақтарымен жасалған) асхана болатын. Сол асханаға қонақтар

шақырылды.

Бұрын да бұл жерде талай болып жүргенбіз. Бұл жолғы бір

ерекшелік-тентек сү деген атымен болмады. Қазақтың дастархан

жасау жолдары түгелдей бар. Қиыншылық заман демей, үш

жерден айта беретін қойдың басы тартылды. Тағы бір ерекшелік-

керсен-керсен Шұбат құйылып жатты. Ән-би, мерекені құттықтау

сөздер.

Дастархан басындағы алғашқы сөз маған берілді. Мен сөзімде:

"Құрметті ұстаздар! Мен үлкен толқудың үстінде тұрмын.

Аузыма сөз де түспей тұр ма, қалай! Өзімді-өзім билей алмай

тұрғаным. Қарап отырсам, осы қазіргі жұмыс жасап жүргендердің

ең үлкені, ақсақалы деп те айтсақ болар, 1950 жылғылардан екен.

Сендердің құрметті зейнетке шығарған устаздарың Бәкірұлы

Асанбектің демалысқа шыққанына жыл болды емес пе?! Ол-

ССРО Халық Ағарту ісінің озаты, "Еңбек Қызыл Ту"орденінің иесі

еді. Сендерге ол бір үлкен аға, ұстаз еді. Сол Асанбек менің

соғыстан кейінгі 1946 жылдардағы шәкіртім болатын. Ал сол

Асанбектің өзі екі толқын ұстаздық еткен шәкірттерін көріп отыр

екен. Қазір ол мұнда қатыса алмай отыр, емделуде екен. Ал

106

мынау менің қасымда отырған Жұмабайұлы Асан да Ұлы Отан

Соғысынан кейінгі менің шәкіртім еді.Бұл да екі толқып ұстаздық

еткен шәкірттеріне сүйсініп отыр.

Қалайша мен толқымаймын. Көзге жас қуанғанда да,

қорыққанда да келеді екен. Көзімдегі жас қуанғандықтың, өзімді-

өзім игере алмағандықтың белгісі болар. Сендерге де менің

жоламды берсін! Менен де дәрежелі бола беріңдер!"- деп, жақсы-

жақсы тілектерімді жолдадым.

"Шәкіртсіз ұстаз -тұл" деген осы екен-ау! Мен Ұлы Отан

Соғысын аяқтап келгенімде, соғыстан бұрынғы маған 3-класста

оқыған Жаңақорғандық Файзулла деген жігіт Каз ГУ-дің соңғы

курсында оқып жүр екен. Ол да мені өзі таныды. "Бесіктегі бала

бес түлейді" деген, тіпті өсіп кеткен. Кейін ол ғылым кандидаты

болған кезінде (1956 ж.) тағы мені Алматыға барып,

36
{"b":"579035","o":1}