мініп, төмен қарай шаба жө-
нелді,-деді.-Кейін айтайын дегенім осы,- деп күлді.
Жаңағы түйіншектің ішінде екі пар ішкі көйлек- ыстан бар екен.
Екеуіміздің де қуанғанымыз – көйлек-ыстан. Дереу үстіміздегі
кірлеген ішкі киімдерді шешіп, жанып жатқан орыс пешіне салдық та
жібердік. Бейнелеп айтқан адамға кешегі күндізгі орман ішінен
пулеметтен оқ жаудырған барлаушылардың оғындай, тарсылдамаса
да, тырс – тырс етіп, құлағымызға естілгендей болды. – Ол не дейсіз
ғой! Ол бірнеше айдан бері киім ауыстыруға мұршамыз болмай,
бізбен майдандас болып кеткен, бізді жеп жүрген биттер ғой,
оқушым.
Адам биттегенде ауызы көпіріп кетеді екен. Мен соның
күәгерімін. Мектеп оқушылармен, ертеректегі пионерлермен
кездескенде, осыны айтқаныма қызым Райхан намыстанып: “Папа,
осыны айтпаңысшы!” – дейтіп еді. Мен бұл жерде мақтанып
отырғанын жоқ, оқушым, өмір өткелдерімді білсін, көзімен көргендей
болсын деп жазып отырмын. Арғы жағындағы ой қорытындыңды өзің
білерсің. Кинода оны саған көрсетпейді де – Ал, енді биттен
арылдық па? – Жоқ. Сәлден кейін шпиондар (бүкіл денені
жайлаған)тағы қабырлауға басты. Кейін одан да құтылдық қой.
Сол 01- ді мен қайтып көргенім жоқ. Үш күн қоршауда болдық.
Тамақ, оқ – дәрі бізге самолетпен тасталып тұрды. Осыны білсем де,
ешкімге тіс жарып айтқаным жоқ. Айтуға болмайды. Үш күннен кеиін
шепті бұзып, өзімізге қосылып та кеттік. Бағанағы 01 – полковник
Серебряков деген кісі еді. Оның не болғанын сол күйі білмедім.
Армияда “Контр смерш” деген болушы еді. Соның қарамағына
алынды ма деймін. Сол барлаушылардың шабуылы кезінде дивизия
штабында отырған радист жігіт дуалдан өтіп келіп тиген оққа отырған
орнында қалыпты, оны кейін білдік. Енді мына әңгімем неге “43
жылдан соң” аталады.
Соған келейік.
Перзенттеріміздің қыздарының ішіндегі кішісі – Пернеш.
Пернеш өз қалауымен Құлсарылық Есентемір руынан Арыстанмен
жұптасқан. Сол Арыстанның әкесі құдалыққа екі жыл бойы шақырып,
ақырында, алыс болса да, біз – мен, Раушан және Тазагүл үшеуміз
поезбен жолға шыққанбыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын мен
Алпысбай деген жолдасымды Ақтөбе облыстық газетіне беріп,
“Қайдасың Алпысбай?” деген тақырыппен іздеу салғанмын. Мақала
газетке басылыпты. Содан кейін мен Ақтөбеліктерден көп уақытқа
дейін хат алып тұрдым. Бұл өзінше бір сала жыр. Менің газетке
78
жазған хатым бірден Мұқаев Дүйсенғалидің қолына түсіпті. Ол жігіт
майданда менімен бірге болған жігіт. Бас жағында айттым ғой: жау
барлаушылары штабқа жабуыл жасағанда, коммутаторды жұлып
алып, комроты бір байланысшының қолына ұстата салды демен пе
едім. Сол байланысшы Мұқаев Дүйсенғали екен.
Хатты ашып оқиды. Ең соңында Алтынбеков Сағындық дегенді
көргенде, көзі жарқ ете қалғандай, бүкіл майдан өмірі көз алдына
елес беріпті де, менің дәл сол кезімдегі бейнемді көз алдына
елестетіпті. Сол келіп жатқан хаттардың біреуі – Дүйсенғалидікі. Өзі
жайлы мәлімет берген. Менен де өзім туралы толық жазуымды
сұрайды. Үй адресін беріп, қонақ болуға шақырады. Дүйсенғали
Алматы Жоғары партия мектебін бітіріпті, аудандық газет редакторы
болған. Дәл сол кезде облыстық газеттің бөлім меңгерушісі екен. Екі
перзенті бар: қызы - дәрігер, тұрмыстанған, ұлы – облыста, ол да
жеке үй. Өзі әйелімен бірге бөлек тұрады екен.
Құлсарылық құдаға шақырумен келе жатқан кезіміз – 29
март(наурыз) 1988 жыл екен.
Мангышлак вагонына билет ала алмай, билетті тұра Құлсарыға
алғанмын, жүйрік поездің (№7)2- вагонына мінгенбіз. Жол – жөнекей,
тіркеме вагонда орын босатылатынын біліп, Ақтөбеге келген соң,
ауыспақшы болғанбыз. Шиеліден шығарда Дүйсенғалиға да
телеграмма жолдадым: “Едем Күлсары, поездом седьмым, можешь
встречатся. Сагиндык Алтынбеков.” – деп.
Таңертеңгілік Ақтөбеден түстік. Құдаға бара жатқанның қолы
бос болмайды ғой; екі қолымда екі чемодан, соңымнан кемпірім мен
тууға жақын келінім зорға еріп келеді. Мен Дүйсенғалиды
ойлағаныммен, есіме түсіре алмағанмын, Вокзал алдына келіп
тоқтадым, қолым да талып қалған екен. Анандай жерде үш адам тұр,
адам көп болғанмен, соның біреуі маған қарай қолын шошайтты да,
жүре бастады. Үшеуі де адымдай басып келеді. Біреуі келді де, мені
құшақтай алды. Бетімді аймалап сүйіп те, жалап та жатыр. Мен де
барынша қысып, кез келген бетін сүйемін. Бір кезде қолдарымызды
бір – бірімізден босатып, қалғандарымен қауышып жатырмыз.
Қасындағы екі жолдасы чемодандарды қолдарына алып, вокзал
ішіне, одан сыртқа тартты. Мен: “Билетті алайын”, - дедім. Оны да
жасадық. Екі жеңіл машинамен келген екен, тартып келеміз. Әйелі
есік алдында күтіп тұр екен. Үйге де ендік. Жаңағы күткеннің екеуінің
бірі жолдасы да, бірі өз баласы екен. Дайын шай да келді. Шайдан
бұрын ішке симай бара жатқан х икаялар, рет күтпей, ауыз
жаптырмай бара жатыр. Бір кездерде облыстық ветерандардың
бастығы біздің бөлімде болған артеллерист, қазір 2 – дәрежелі соғыс
мүгедегі бір жігіт те келді.
Біздің тіркелетіп вагонымыз 8 сағаттан кейінгі Ақтөбе –
Астрахань поезына тіркеледі екен. Осы үйде тұра 7 сағат отырдық.
Айтылмаған әңгіме жоқ десе де болады. Сонда да таусылатып емес.
Бір реті келіп қалды білем, жау қоршауында 3 тәулік болып, 4
79
партизан отрядын қорғап қалғанға ауысқан екенбіз. Маған атылған
оқ комроты Кузьминге тигені де айтылды. Коммутатор да айтылды.
Соны алып кеткен мен едім ғой! – деді Дүйсенғали. Екеуіміз де
күрсініп салыппыз ғолй, соған. Бір – біріміз көрмегенімізге 43 жыл
болған екен. Ақтөбе қаласында 101 – дің аллеясы, паркі және музейі
бар екен. Сол музейде мен барғанымда, майданға аттанған 9 мың
адамның 361- нің тірі екені жазылыпты. Сол музейде менің де
суретім сақтаулы. Музейдің жазу дәптеріне із қалдырдық, кемпірім,
келінімен келгенімді жаздық. Осы жолғы әңгімелесуде Алматыда
менің қарауымда болған Дүйсекенов Смағұл жайлы да айтылды.
Смағұл бір байланыс сымын тарту кезінде (қыс айы ) 12 жерден
жараланған. Өзім санбатқа шығарып салғанмын. Ол өзінше әңгіме.
Мұқаев Дүйсенғалидың жұбайы – Баршын. Соңы кездегі адресі: г.
Актюбинск. Ул. Тургенева 80/71.Баршын Мукаева. Тел. 54- 11-51.
Остановка 5 мкр. Автобус №1, траллейбус №3.
Соңғы мәлімет: 8жылдан кейін тағы жолым түсіп,
Дүйсенғалидың үйіне соқсам, ол қайтыс болыпты. Әйелі бір жаққа
кеткен екен, дұға жасап, хат жазып, соңғы адресімді тастап кеттім.
Кейін ол менімен телефон арқылы сөйлесті.
Жеңістің 55 жылдық мерекесі қарсаңында құттықтап
телеграмма да жазған екен, алдым. Дүйсенғалидың жас кезіндегі,
соғыстан кейінгі жылдар, суреті менде сақтаулы, Баршынмен бірге –
түскен екен.
48 жылдан соң.
Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери бөлімшелер үнемі
шабуылда, немесе үнемі алдыңғы шепте қорғануда (оборонда) бола
бермейді, бірі келіп, екіншілері басқа жерге аусып жатады. Мұны
әскери терминде “дислокация военных подразделений” дейді. Міне,
сондай бір жағдайда біз бұрыннан алдыңғы шепте тұрғандарды
қақақтаған қыстың күні ауыстыруымыз керек болған – ды . Әрине,
бұндай жұмыстар түн мезгілінде жасалады. Орман ішімен суыт
келеміз. Бізбен қатар келе жатқан бір жолдасымыз (Соловьев ) аты
есімде жоқ, қайта – қайта ішін басып, имиіп жүре алмай келеді. Көп
ұзамай жүруге жарамай қалды. Ат жеккен шанаға салып алынды.
Сәлден кейін –ақ жаңағынаң жан дауысы шығын, құлын да құланы
шықпасы бар ма? Соқыр ішектің қатты соқпағы екен. Келе жатқан
бағытымызда бір жол айырығынан қашық емес жерде санбатальон
бар екен. Соған зырғи жөнелді шанамен. Әлгінің дауысы әлі
құлағымда тұрғандай. Батырлар жырын оқып отырғаныңда,