кешірдім. Сүйтіп жүріп, осыны етек астынан таптым. Дүниеге
келгенінше тірідей өліп жүрдім. Іштен шыққан тірі жылан емес пе,
көзін жоғалтуға кимауым. Тозаққа да үйренеді дегендей, қиындықпен
өсірдім. Енді осы жолы тағы да алыс жолдан шаршап – шалдығып,
шөлдеп өле жаздайын деп жеткенімде, мені тастап кеткен жалмауыз
іші – бауыры елжірей қалғанына жыным келмейтіні бар ма! – УҺ!” , -
деп сөзін тоғарды. Тыңдап отырған құдағилардың ішінен біреуі жаңа
келген құдағидың ашуын басу үшін : - Құдағи, қиын кезең болды емес
пе? Біз де не бір қиын жағдайды бастан кештік қой. Оған ренжімеңіз.
Менің де басымнан сондай жағдай өтті ғой! Деміңізді алыңыз, шайға
қараңыз”- демесі бар ма. Екінші бір құдағи тұрып: “Менің басымнан
ондайдың екеуі болды” – деп сөзін жалғады. Енді қортық жадырап,
түсін қалыпты жағдайға келтіріп, аман – саулыққа көшті. Шай ішіліп,
емін – еркін әңгіме басталып кеткен кез. Келген қонақтарға тамақ
тартыла бастады. Қортық бәрін бақылап, әріптестерін таба алмай
отыр. Бір кезде қортық:
-
Менің әріптестерім қайда, тамақты бірге ішейік, менің
табағыма қосыңдар соларды , - дейді.
-
Әріптес пе, Әріптес емес пе, жағымпазданамын деген
құдағилар жаңа келген құдағидың қыздың анасы емес, әжесі екенін
біліп, шыдамдары кетіп, тайып тұрған екен.
Жабылған жала
“Жала – жалын емес
жандырмайды,
жандырмаса да күйелейді”.
“Клевета- не пламя, не загорает,
а заморает”.
Әмірдің Сәрсенбегі деген ағамыз бар еді. Бала – шағалы болған
жігіт ағасы кезі. Не қыласың “Сәрсенбекті біреу машинамен қағып
кетіпті!” – деген суық хабар ауылды жайлап кетті.
-
Қашан?! – қай жерде? Кім қағыпты? деген сұраулар
ауыздан - ауызға көше жөнелді.
-
Түстен кейін болса керек. Бәйгеқұмнан ауылға келер
асфальттың үстінде көрінеді.
-
Тірі қалып па?! – жоқ, қайтыс болыпты. Есіткен жан аузы
жыбырлап барып, бетін сипап жатты. Енді біреулері: «иманын
жолдас қылсын!» - деп те жатыр.
64
-
Машина біздің совхоздікі екен!- деп жатыр екінші біреуі.-
Қандай машина екен?! - дей бергенде.
-
Кабинасы сары екен! – деп, жерден жеті қоян тапқандай
біреуі сарт еткізді. Әркім әр жаққа алып кетіп жатыр.
-
Бұл совхозда мұндай машина екеу. Қайсысы болды
екен, а?! Сонымен соққан машина ақыл-кеңес тауып, қырға тайып
береді. Бұл жағдайдан еш хабары жоқ адам шақырылады, сұрауға
алынады.Ол Бәйгеқұмға бұл күні бармағанын қанша айтса да, ешбір
сенбейді. Көрген адам бар, түсі сенің машинаң. Жабылды жала,
жауап бересің болады. Акт де жасалады, қамауға да алынады.
Айыпты жолын табады, су жұқтырмайды.
Сонымен, таза адам айыпталып, неше түрлі азаптан сұрау
жолдарынан өтеді. Бұл жігіттің қорғаушысы қолға алушысы да
мықты болмайды. Ақыры сотталады. Мерзімді уақыты болып, азып-
тозып елге де келеді. Адамның қанын жүктеу өте ауыр болатынын
кейін көрдік. Сол әдейі баспаса да, әдейі қақпаса да, сол ісінің
азабын көрді-ау деген ойға келемін. Арада көп уақыт болған жоқ.
Сол жігіт аты жоқ ауруға шалдықты. Өзді өзінен ұрынуда болды.
Тыныштандыру үшін екі облыстың дәрісін де пайдаланды. Оянып
кетсе, сандырақтайтын болды. Жақындарының сасқаны сонша-
болған істі айтып қоя ма деп қатты қауыптанған болуы керек. Оянып
кетсе, ұйықтататын дәрі тағы салына берді, салына берді. Сонымен,
құпияның беті ашыла қойған жоқ. Ауру жеңді, дүние салды ұйқыда
жатып. Ал, ел іші көзге түртіп айтпаса да, іші білді.
Біреу ажалы шығар, дүние салды, екінші біреу жаладан жан
азабын шекті. Осыған айыпты болған қашақ ше? Ойласаң, адамды
алдағаныңмен, адамнан құтылғаныңмен, Алладан құтыла алмайсың
дейтін осы екен ғой? Бұл іс мұнымен ғана тынған жоқ. Кесірі тағы
біреуге тиді. Өлген адамның бала – шағасы, әйелі бар. Оған жәрдем
дайындалуы керек. Өлгенді жерлегенде акт жасалмаған. Осыны
анықтау керек. Ол әлдеқашан жерленген. Не істеу керек? Қабірді
ашу керек те, арақ ішкен, ішпегенін анықтау керек.
-
Мә саған! Бұл қалай болады?
Шариғат жолына жүгірісті. Жәрдем молданың шариғатына
берілмейді. Дәрігерлердің анықтамасын керек етеді. Ағайындарының
шешімі Сәрсенбектің немере інісі Урмаханның Кәрімшесін
(1936ж.жігіт) Қабірге түсіруді ұйғарады. Кәрімше қиналады,
дегенмен, халық бұйырса, одан асып кете алмай, лажсыз ашылған
қабірден ағасының денесін алып шығады Иістеніп кеткен. Осы
қабірге кіргеннен бастап, Кәрімшенің халі де мүшкіл тарта бастайды.
Шошынған, есінен еш шығара алмайды. Осы қасірет Кәрімшені де
алып кетті емес пе? Артында оншақты жетілмеген бала қалды, жесір
болып әйелі қалды. Мұның ақыры не болады екен?
65
Ілгерілі – кейінді . . .
Орындалған арман
Бақытына жеткен бақыт
Аты жоқ, жөні жоқ кейде біреулерді кінәлай салатын әдетіміз
бар. Оның дұрыс, бұрысымен ісіміз жоқ. Соған «өзің болсаң
қандайсың?» деген көзқараспен неге қарамайды екенбіз деген ой
келеді маған.
Ер кісінің әйелден кейіні, әйелдің ер кісіден артығын көріп те
жүрген жоқпыз ба?
Әйелдің кемдігі тек жыныстық мүшесі ме? Оған бола кеміту
дұрыс емес. Мәселе – ақыл, ой, парасаттылығында. Бақыт деген
болды. Алғашқысын тіпті білмеймін де. Ерлі – зайыптының өмірін
перзент жалғастырады. Ол болмаса, арасы үзіледі де, өмір
жалғасын табу жолын қарастырады. Мұны бұзылған деп қарауға
болмайды. Қай қайсысы болса да, үмітін үзбей, ұрыс – қағызсыз жол
іздейді. Солай болған болу керек деп ойлаймын өзім. Бақыт алғашқы
жұбайымен ажырасқан. Енді не істеу керек. Тағдырдың жазғаны
солай болған шығар. Бұл ұят үлескенде, ұяттың 9/10 ын алған емес
пе еді? Ал, алды. Кімге барып тиіспекші? Солай өмірін өткізе береді.
Бастапқы өз табалдырығын аттаған қыз бала енді өз үйіне жат
болды. Ешкімнің көзіне сүйел сияқтанбай, өзінше өмір сүріп
жүргенде, бақыты жанайын деген шығар, өмір ғой, ақылдан көп үлес
алып, ұяттан кем үлес алған ер кісі тіл қатпаса бар ма. Сонымен,
байланыс жүреді. Алла асықпайды екен ғой! Асығушы оның пендесі
екен. Құдай жарылқап , бақыт бақытына жетеді. Басқаға құпия
болғанымен, өзіне аян. Ол көкек ана болған жоқ. Бір түрлі ұялар,
бірақ ол ана деген атқа ие болды. Осының өзі үлкен қуаныш.
Күндердің күнінде баласына сырын айтар да. Ақылды аналар солай
айтып та кеткен ғой. Бақыт ұлды болған, өзі тәрбиеледі, оқытты.
Жоғары дәрежелі білім де алды. Әскери борышын да өтеді. Сөйтіп
жүріп ол Алматы қаласынан өзіне жолдас боларлық қыз да тауып
үйленді. Ал ана болса, әлі баласының тілегін сырттай тілеп, сол
бұрынғы өзінің үйінде тұрып жатырған көрінеді. Бірде мен автобус
үстінде кездесіп, жағдайларын да білдім. Шамасы, баланың қолына
баруды әлі ойластырмаған. Өздерінше тұра берер дейді. Өмір
көрсетеді. Бақыт мүгедек қалге жетіп, жүріп – тұруы қиындаса,
баласы өзі – ақ келіп алып кетуі мүмкін. Бала анасын тастап кетіп
отырған жоқ, тек анасы өзі үйренген жерінде, төркініне жақындау
отырғаны. Әңгімелесу соңында мен «Бақытына жеткен Бақыт» деген
66
әңгіме жазғанымды, бірақ жария етпегенімді айттым. Ол оған
ренжіген жоқ. Бір бағытта бір пән бойынша мамандығымыз болатын.
Баянның баяны
«Қаптың ішіне жалаң
біз жасырынбас»
Бұл әңгіменің арқауы көп жылдарды (шамасы 70 жылдай)
қамтиды десек те болады.
Совет үкіметінің алғашқы кезеңінен басталды десе де болады.
Балапан басымен, тұрымтай тұсымен болған кезде, жарлы жақыбай
ішінен еті тірі бір жігіт елден жырақ кетеді. Кеткенде ол алдына үлкен
бір мақсат қоймаса керек. Заманының ағыны қалай апарса, соған
іліссе керек. Елден, ағайыннан қашық жүріп оқиды, білім алады.