28
береке» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан ойлану да керек
сияқты.
Арман деген бір нәрсе бар. Сол арманға да ынсап керек пе
деймін. «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын
сойғызар» депті ғой атамыз қазақ.
Мұны да еске ұстаған жөн бе деймін.Осының алдындағы
жазған тақырыбым «Бас қосу» деп аталып еді. Сол бас қосудан үйге
қайтып келе жатқанда, адам қорқарлықтай жағдайларды көзбен
көріп, аман-есен үйге жеткенімізге шүкіршілік жасадық: Жол тайғақ,
аударылған деген не сән, одан зардап көрген деген тағы бар. Шет
жағасын теледидардан да көрсетті.Бұл-Желтоқсан айының бас кезі.
(1998ж.)
Ұл-қыздарымның бәрі де Отан құрып, үйлі-жайлы, біреуден артық,
біреуден кейін дегендей тұрмыс құрып жатыр. Бұған да шүкіршілік
деген ойды түйдім.
Ендігі жерде ұзақ жолдың алдында, аз да болса тыныштықты
қалап отырмын: әрқайсысы өз тірліктерін өздері жасасын. Тасып
бара жатырған қуат та жоқ. Бар қуатыммен бір баладан кейін бір
балаға барып, қонып - түстеніп дегендей, құда – жекжат, жора –
жолдас, ағайын - туысқандарға аралағанды дұрыс санап отырмын.
Қартайған адамның өмірінде екі рет бала болу деген бар
көрінеді. Сол өмірді мен көре де бастадым: өкпелегіш болу, мұқалып
қалу, сәл нәрсеге шаршап қалу табылған жағдайлар. Қайталап
айтып жатпай – ақ қоятын. №1 дәптерінің 94-110, 117-133 б.б. №2
дәптерден 147-151-б. №8 дәптерден 39-40-б. Оқысаңыз өнегелі
істерді көресіз. Ал, бүкіл сегіз дәптердің ішінен өзіңнің қандай жан
екеніңді де табарсың. Өз қаруың кетіп, біреуге тәуелді сияқты болған
шағыңда, айтқаным болмай қалса, саған сөз қайтарып айтып жатса,
өкпелегіш те болады екенсің. Тіпті мұқалып та қалады екенсің.
Енді жүріп – тұруға шамаң бар, бірақ бір пайдалы жұмыс істей
салуға әлің болмаған соң, үйде отыра беруге сыймайтындай да
жағдай болады екен. Қарттардың баратын үйім таусылып барадысы
сол болады екен. Дәл ол жағдай басыма туа қойған жоқ қой. Жан –
жақта балаларым бар, жекжат, туыстар бар. Демек, соларды
аралағанды жөн көріп отырғаным осы.
Жасыратыны жоқ, аралаудың барысында жаныңа жайлы, қас –
қабағыңа қарауы оңды болып жатса, аялдауың да мол болады.
Балаларымыз да әке – шешеміздің соғатын кезі болып қалды – ау
деп, ел басқарушыларын күткен халық сияқты жинақталып, сарғайып
күту де, жауапкершілігі пайда болар деймін: бетімен ауа жайылмай,
жинақылық жолға түсуі мүмкін. Бұл жұмысты да бір ғанибет санап
отырмын. Сонда үлкен шаңырақ қай үй деген сауал туады. Әрине,
кемпірдің сандығы тұрған үй екені даусыз. Сол кемпір мен шал
тұрған үйдегі бала да, келін де енді есею жолына түседі деп
есептеймін. Үйткені үйдің қарауылы үйде емес, жолда жүр. Ертеңгі
күні олар мәңгілік барар жеріне кетіп қалғанда , өзінің үйреншікті
29
жолымен жүре береді, әбіржуі аздау болады. Өмірдің не екенін өз
мағынасында түсінеді.
Әрине, балалардың біріне керек болып жатқандай жағдай
болса, онда кідірусіз сонда баруға тура болатыны сөзсіз. Қазіргі
заманда телефон бар, күнделікті хабарласып отырамыз. Бұлай
қыдырымпаздық кез де тым ұзақ бола да бермес деймін. Уақыт
білдірмей өтуде. Таң атса, күн батуы ақиқат. Өмір де солай өтері
анық. Жүріп тұрудың да қиын болатын кезі тым қашық емес.
Қотыр тайлақ
Қызылорда қаласындағы профилакторияға(ризводстрой) алғаш
баруым. Үш путёвка(жолдама) келген екен. Соған мен, Шаззат,
Иманберді үшеуіміз бардық. Шаззат бір койкалық, біз екеуміз екі
койкалық бөлмеге орналастық. Иманберді екеуміз құрдаспыз, ол да
әңгімешіл екен, оқығанымыз бар, көрген – білгеніміз бар, әйтеуір,
жалықпаймыз. Тіпті түнгі 2-3 шамасында жатамыз. Тамақтанатын
столымыз да бір, төрт кісілік: осы үшеуміз және бір жас жігіт
комбайнер «Шіркейлі» совхозынан.
«Қотыр тайлақ» деп ат қойып отырған әңгіменің бас жағы
«Шежіре» деп жазылған №1 дәптердің 142-бетінде басталған:
тәжірибелі ел басқару шы туралы, соның бір ісі ғана. Тәжірибелі десе
дегендей бар екен. Енді ол өз мақсатын іске асыру кезі сөз болады.
Тәжірибесінің молдығы, іскерлігі болса керек, совхоздан сегіз адам
бір кезеңге путёвкамен келіп отыр. Соның ішінде ел басқарушы да
бар. Бөлмелер бір адамдық, екі адамдық. Тәжірибелі бастық бізбен
столдас отыратын баланың ауылынан. Сол профилакторияда болған
күндерімізде екеуіне «Ленин» орденімен марапатталғаны
құттықталынды. Ішінде «Социалистік еңбек ері» бар.
Бір кезде: «Қасқыр!», «Қасқыр!» деген дыбыс щықты каридор
ішінен. Не екенін түсінбей де қалдық. Дауыс онша қатты шықпайды,
қорқынышты дауыс емес, сыбырлағандай, күлкілі – кекісінді тәрізді
естіледі. Аңғарсақ, зерттесек былай екен: сол тәжірибелі бастық
өзімен қоса көңілдесін де қамти келген екен. Өз ауылынан бір сары
қарын болып қалған әйелімен екі адамдық комнатаға орналасқан. Ол
бөлмеге көңілдесі бара қалса, қасындағысы бетін басып, отыра
алмай, атып шығады екен. Білген басқа жұрт сол кезде қораға
қасқыр түсті дейді екен. Жаңағы «Қасқыр» деп жатқаны сол екен.
Қасқырдың көңілдесі 25 шамасындағы адам, ерлі зайыпты,
балалары да бар көрінеді. Біз оны столдасымыздан білдік. Оның
жұбайы Қызылордадағы есі дұрыс еместер ауруханасында екен.
Шынында, есі дұрыс емес пе десек, олай емес, әдейі жатқызып
қойған болып шықты. Қараңыз: сол аурухананың бас дәрігерінің
қарындасы қаладағы бір дүкенде сатушы болып істесе керек.
Ревизия кезінде ақшасы кем болып шығады. Соған тез түрде 2000
сом керек болады. Ол кезде ол әжептәуір ақ нәрсе. Қапелімде кімнен
30
табылсын ол. Соны табуға бас дәрігер жаңағы «Қасқырдан»
сұрайды. Тауып бермесең, мұндағы бақпаңды босатамын дейді. Ол
босанса, үйіне барады. Зайыбын іздейді, мұнда келеді. Арғы жағы не
болады?!
Ақша іздеген тәжірибелі бастық біздің Шәззатты таниды екен,
содан сұрайды. Мұнда да жоқ. Енді не істейді тәжірибелі бастық ?
Дереу үйімен сөйлесіп , әйеліне мұнша сомада ақша керек,
осындағы тәуірлерге керек дейді. Сорлы әйелі қайда
жұмсалынатынын қайдан білсін , қарастырып, тауып алып, еріне
жеткізеді. Сонда бұл қамыр илеп отырып, түзге шыққым келіп бара
жатыр, ішкі киімнің бауын шешіп жіберші деп , ісін бітіріп келіп,
қайтып өзіне байлатқанның екінші бір түрі болып отыр. Қотыр тайлақ
деп жұрттың ат қоюында да мән бар: ұқсайтын жағы «Қасқыр» -
қорасан қотыр болған, беті қотыр. Енді тайлағы несі? Қарға басасын
аппағым демекші, ботам, тайлығым деген болу керек – ау! Қышыған
жерін қасытып, яғни сүйкеніп дүрген соң, берілген аты болуы керек.
Бұл – болған, көзімізбен көрген уақиға еді. Сыпайылап беріп
отырмын. Үйренесіңіз бе, жиренесіз бе, ерік өзіңізде. Сол кезде
«Қасқыр» алпысты алқымдаған.
Бұған қатысы болмаса да, ауыз екі айтылып жүрген мына бір
сөз осы жерге иығын тығып-ақ тұрғандай: «Ақыл онға бөлінеді:тоғыз
бөлегі еркектерде, бір бөлегі төмен етектерде.Ұят онға бөлінеді:
тоғызы төмен етектілерде, бір бөлегі еркектерде».
Сенің басылған дөңгелегіңе басыламын
Әй, ақпамбет-ай! Сенің де істемегенің бар ма ? Бір
өкшелес «Қ» деген ініміз бар . Бүкіл өмірін есептеу жұмысымен
, ревизорлықпен өткізген. Әрине, ревизорға жол ашық,
кездеспейтінімен кездеседі . Барлық жерде ол сыйлы болмаса
да «Сыйлы» . Өйткені кемшіліксіз іс болмайды. Тіпті, осы соңғы
әйелін ревизор болып жүріп алған. Шамасы , оның да бір
кемшілігі болған болар , тимесе құрып кететін болған соң тиген-
ау! Ой, сабаз-ай! Ауызына тисе, тоймай қоймаушы еді.
Ешкіммен жаға ұстаспайды. Бірақ мінген машинасынан
түспейді. Сонда қайда барады дейсіз ғой? Айтатыны ылғи: -
Бәйгеқұмға тарт!Мәліктікіне барамыз. Шофер бұған қарсы тұра